Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 5-сынып «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет23/76
Дата20.09.2023
өлшемі2,31 Mb.
#109001
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   76
Байланысты:
5 класс Құралай Т2

Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мазмұнға бағытталған сұрақтарға жауап береді.

1

Сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша 1 сөйлеммен жауап береді:
1-сөйлем;
2-сөйлем;
3-сөйлем.

1
1
1



2

Мәтін мазмұнына сай тест сұрақтарына жауап береді:
1-жауап;
2-жауап.

1
1

Шағын диалогке қатысу арқылы сұрақты түсінгендігін көрсетеді.

3

Тақырыпқа қатысты жұбына сұрақтар қояды;

1

жұбының қойған сұрақтарына жауап береді;

1

орфоэпиялық норманы сақтайды.

1

Барлығы

8






«Қазақстандағы ұлттар достастығы»бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні __________________________________________________________________________________________



Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Мазмұнға бағытталған сұрақтарға жауап береді.

Сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша 1 сөйлеммен жауап беруде қиналады.



С ұрақтарға (бірінші, екінші, үшінші) мәтін мазмұны бойынша 1 сөйлеммен жауап беруде қате жібереді.

С ұрақтарға мәтін мазмұны бойынша 1 сөйлеммен жауап береді.

Шағын диалогке қатысу арқылы сұрақты түсінгендігін көрсетеді.



Т ақырыпқа қатысты жұбына сұрақ қоюда, жұбының қойған сұрақтарына жауап беруде қиналады.

Тақырыпқа қатысты жұбына сұрақ қоюда, жұбының қойған сұрақтарына жауап беруде қате жібереді.



Т ақырыпқа қатысты жұбына сұрақ қояды, жұбының қойған сұрақтарына жауап береді.

Ата-ананың қолы _________________



«Қазақстандағы ұлттар достастығы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
ІІ нұсқа

Оқу мақсаты:

5.1.6.1 тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру;
5.2.5.1 берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу.




Бағалау критерийі:

Білім алушы
• мазмұнға бағытталған сұрақтарға жауап береді;
• шағын диалогке қатысу арқылы сұрақты түсінгендігін көрсетеді.




Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну
Қолдану




Орындау уақыты:

15-20 минут






1-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Төмендегі қиықшаға 2 негізгі ақпаратты орналастырыңыз.

Ән – халықтың мұрасы. Ән – өнер. Ән – адамның көңіл күйі, қуанышы, сезімі.


Менің ұлтым – орыс. Маған қазақ әндері ұнайды. Менің анам қазақша әндерді жақсы айтады. Мен де анаммен қосылып ән айтамын. Мен «Атамекен» әнін жақсы көремін. Ол – патриоттық ән. «Атамекен» - туған жерге арналған ән. Бұл ән 1970 жылы жазылған. «Атамекен» әнін Қазақстан Республикасының Халық әртісі Ескендір Хасанғалиев орындайды. Ескендір Хасанғалиев шетелде жүрген кезінде Қазақстанды сағынады. Әннің сөзін Қадыр Мырза-Әлі жазған.
«Атамекен» әнін халық жақсы көреді. Бұл әнді Ескендір Хасанғалиев айтқан кезде халық орнынан тұрып, бірге айтады.
1970 жылы Ескендір Хасанғалиев Швеция елінде осы әнді айтады. Стокгольм қаласының адамдары «Атамекен» әнін айтқан Ескендір Хасанғалиевке үлкен қошемет көрсетеді. Қазіргі кезге дейін бұл әнді бәрі айтады.
«Атамекен» - Қазақстан халқы сүйіп тыңдайтын ән. Өйткені Қазақстан – бәріміздің ортақ мекеніміз.
(125 сөз)

«Қазақ тілі мен әдебиеті оқулығы», 5 сынып




2- тапсырма. Мәтін мазмұнына сай берілген сұрақтарға 1 сөйлеммен жауап беріңіз.

  1. «Атамекен» қандай ән?

______________________________________________________________________



  1. Әннің сөзін жазған кім?

______________________________________________________________________



  1. Қай қаланың тұрғындары «Атамекен» әнін айтқан Ескендір Хасанғалиевке үлкен қошемет көрсеткен?

______________________________________________________________________


3-тапсырма. Жұпта «Қазақстанда тойланатын мерекелер» деген тақырыпта диалогке түсіңіз.






















































Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет