Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 5-сынып «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет22/76
Дата20.09.2023
өлшемі2,31 Mb.
#109001
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   76
Байланысты:
5 класс Құралай Т2

Бағалау критерийі:

Білім алушы
• мазмұнға бағытталған сұрақтарға жауап береді;
• шағын диалогке қатысу арқылы сұрақты түсінгендігін көрсетеді.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну
Қолдану

Орындау уақыты:

15-20 минут

Мәтінді 2 рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.


1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Бұл - Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі. Аталған мерекенің мақсаты, ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау. Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Қазақ халқы елімізде тұрып жатқан жүзден астам ұлт өкілдерін құшақ жая қарсы алады. Олардың қазақ жеріне қоныстанып, өмір сүруіне жағдай жасады.
Еліміздегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыру үшін бүкіл Қазақстанда жаппай патриоттық шерулер өтеді. Бүгінде «Достық» атты бір шаңырақ астына шоғырланған әрбір ұлттық-мәдени орталықтар мерекеде ән айтып, би билеп, жалпыхалықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністер көрсетіледі. Халықтың көңіл-күйін көтеру үшін түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылады.
(127 сөз)
https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/Qazaqstanym/1718


1-тапсырма. Мәтін мазмұнына сай берілген сұрақтарға 1 сөйлеммен жауап беріңіз.

  1. 1-мамыр күні Қазақстан Республикасында қандай мереке тойланады?

______________________________________________________________________



  1. Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?

______________________________________________________________________



  1. Қазақ халқы өзге ұлт өкілдеріне қандай жағдай жасады?

______________________________________________________________________


2-тапсырма. Мәтін мазмұнына сай тест сұрақтарына жауап беріңіз.

  1. Түрлі спорттық ойындар не үшін ұйымдастырылады?

А) Халықтың көңіл-күйін көтеру
В) Халықтың әлеуетін көтеру
С) Халықтың денсаулығын көтеру
D) Халықтың тұрмысын көтеру



  1. Елімізде тұрып жатқан жүзден астам ұлт өкілдерін қазақ халқы қалай қарсы алады?

А) асыға
В) қуана
С) құшақ жая
D) сағына


3-тапсырма. Жұпта «Қазақстанда 1 мамыр мерекесі қалай тойланады?» деген тақырыпта шағын диалогке түсіңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет