Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 7-сынып



Pdf көрінісі
бет28/71
Дата14.10.2023
өлшемі2,07 Mb.
#114143
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   71
Барлығы 
40 минут 
30 


46 
«Қазақ тілі» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 
 
Ауа райы және климаттық өзгерістер. Фонетика 
Көшпенділер мәдениеті. Орфография 
Денсаулық – зор байлық. Лексика 
 
1-НҰСҚА 
Тыңдалым мен айтылым 
Тапсырма 
1. Мәтінді оқып шығыңыз. Мәтіндегі көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті 
сөздерді тұрақты тіркестерді жазып алыңыз.
2. Мәтіндегі көтерілген басты мәселеге өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, 
мысалдар арқылы дәлелдеңіз. Пікір білдіруде жазып алған көркем бейнелеуіш, 
эмоционалды-экспрессивті сөздерді тұрақты тіркестерді қолданыңыз. 
[10] 
Мәтіндер 
1-мәтін 
Соңғы кезде сарапшылар жер бетіндегі климат өзгерісінің адам денсаулығына әсері 
күшейіп отырғанын жиі айтып жүр. Ғаламдық өзгерістердің салдары Қазақстанда да анық 
сезіле бастады. «Табиғаттың тосын сыйларына» қалай дайындалу қажет және қайткенде 
денсаулығымызды сақтап қаламыз? «Үкімет қоршаған ортадағы өзгерістерді ескере ме және 
осы бағытта қандай шаралар қолға алынып жатыр?» деген сауал әркімді толғандыруда. 
Климат өзгерісінің Қазақстанға әсері қандай деген мәселеге нақты тоқталар болсақ, 
мәселен, соңғы он жылда орташа ауа температурасы жоғарылады. Ғалымдардың 
болжамынша, алдағы бірнеше он жылдықта температура жоғарылап отырады. Яғни, 
климаттағы өзгерістер алдағы уақытта да тоқтамайды. Сонымен қатар, соңғы жылдары 
толқынды немесе «аптап толқыны» деп аталатын күндер көбейіп кетті. Яғни, бірнеше күн 
бойы күн қатты ысиды. Жылдың жаз мезгілдерінде осындай ыстық күндердің көбейгенін 
биыл да анық байқалды. 
Оған табиғаттағы экстремалды құбылыстарды қосыңыз. Бұл дегеніңіз сел мен көшкін 
тудыратын нөсер жауындар, су тасқыны. Аталған табиғат құбылыстарының бәрі адам 
денсаулығы мен өміріне айтарлықтай қауіп төндіреді, экономикалық шығынға батырады. 
Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, жылдың жылы маусымында күннің бір градусқа ысуы 
цереброваскулярлық аурулардың артуына түрткі болады. Бұл жерде ми аурулары туралы 
айтылып отыр. Медициналық тілмен айтсақ, мидағы қан айналысы бұзылып, церебралдық 
қан тамырлары патологиялық өзгерістерге ұшырайды. Ал мидағы қан айналысының 
бұзылуынан болатын аурулардан көз жұму көрсеткіші жүректің ишемиялық сырқатынан 
кейін екінші орында тұр. 


47 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет