Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 9-сынып Қазақ тілі



бет23/83
Дата21.04.2022
өлшемі2,03 Mb.
#31812
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   83
Байланысты:
9 сынып қазақ тілі

______________________________________________


Оқу мақсаты:

9.2.4.1 Әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын,қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау;

9.3.1.1 Жинақталған материалдар негізінде көзделген мақсатқа сәйкес ауызша және жазбаша мәтіндер үшін күрделі жоспар құру.



Бағалау критерийі:

Білім алушы

  • Түрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстырады.

  • Мәтінге күрделі жоспар құрастырады.

Ойлау дағдысының деңгейлері:

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары



Орындау уақыты:

15-20 минут


1-тапсырма

Мәтіндерді түсініп оқыңыз. Тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстырыңыз.



А мәтіні

Қытай ғалымдары адам мүшелерін өсіріп шығарудың жаңа технологиясын сынақтан өткізіп, есту мүшелері кем балаларға көмектесті. Бұл зерттеу туралы «EBioMedicine» журналында жарияланған.

Пациенттер – микротия ауруымен туған бес бала: олардың құлақ қалқаны дұрыс дамымаған немесе құлақ қалқаны мүлдем жоқ. Әдетте мұндай жағдай құлақта жиі кездеседі. Ғалымдар пациенттердің сау құлағының пішінін негізге ала отырып, 3D-принтерлі төсемеде басып шығарып, оған пациенттің жасушаларын сеуіп тастаған. Жасушалар үш ай ішінде өсіп шыққан соң, құлақ қалқанын балаларға отырғызады.

Операциядан кейін екі жыл өткенде бес пациенттің төртеуінің отырғызылған құлақтарында шеміршек пайда бола бастады, ал үшеуінің құлақ қалқаны сау пішінге айналды, екі баланың құлағы біршама қисық болып қалады. Бірақ та мүшені қабылдамау бірде-бір балада байқалмады.

Адам мүшелерін өсіріп шығарудың бұл тәсілі айтарлықтай қымбат болғанымен, ғалымдар одан әрі дамытуды және оны қолданудың жаңа амал-тәсілдерін іздестіруді жоспарлап отыр. Олар: «Бұл жұмыс құлақ пен басқа да шеміршектен тұратын мүшелерді ұлпалық инженерия негізінде қайта қалпына келтіруге қатысты амалдардың өте жақын арада медициналық практикаға енетінін айқын дәлелдеді»,–дейді.

(165 сөз)



Ә мәтіні

Әдетте денесі қатты күйген адамның терісін қалпына келтіру ұзақ уақытқа созылады. Оның үстіне жарақатты таңатын медициналық жабдықтарды жиі ауыстыру қажет. Емдеу процесінің ұзаққа созылатындығы да сондықтан. Жасанды тері арқылы осы қиындықтардан құтылуrа болады. Ғалымдар ең әуелі жануарларrа тәжірибе жүргізген.



ҚасымМұқанов,ҚРБҒМ Ұлттық биотехнология орталығы бас директорының орынбасары:

- Жасанды тері жасау бойынша жүргізілген медициналық зерттеу жұмыстары оң нәтиже көрсетті. Бірнеше клетканың жасанды штамдарын (ағзаның таза даyылы) алып, клиникалық сынақтан өткізіп, әрі қарай медициналық тәжірибеде қолдануға болады. Алғашқы тәжірибені сәтті өткізген орталық мамандары енді клиникалық сынаққа дайындалып жатыр. Бұл жолы сынақ адамның өзіне жyргізілуі мүмкін. Ол үшін ерікті донордан немесе науқастың өзінен тері жасушалары алынады.Сосын оны арнайы зертханада қажетінше үлкейтіп, күйік шалған немесе басқа жарақаттың үстіне жабыстырады. Бұл ең әуелі зақымданған терінің жылдам қалпына келуіне көмектеседі.Астыңғы жараның беті қатқаннан кейін он шақты күннің ішінде жасанды тері өздігінен түсіп қалады.



Ерлан Раманyyлов, ҚРБҒМ Ұлттық биотехнология орталығының бас директоры:

- Біз дені сау ересек адамдардың тері жасушаларымен жұмыс істейміз. Сол қарапайым жасушаларды керегінше түрлендіріп, қажетімізге жарататын боламыз. Жасанды теріні науқас адамдарға нақты қашан пайдалануға болады? Ол үшін ғалымдар екі жылдай уақыт керек екенін айтады. Осындай ғылыми жұмысты тоқтатпай жүргізу үшін биылғы жылға қаражат жеткілікті. Ал енді Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының талаптарына сәйкестендіру үшін келесі жылы қыруар қаржы керек. (150 сөз)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет