Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 9-сынып Қазақ тілі


«Биотехнология және гендік инженерия келешегі», «Бұқаралық ақпарат құралдары» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау



бет25/80
Дата19.10.2023
өлшемі462,72 Kb.
#119448
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   80
Байланысты:
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабин-emirsaba.org

«Биотехнология және гендік инженерия келешегі», «Бұқаралық ақпарат құралдары» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау

ІІ нұсқа


Оқу мақсаты:

9.2.4.1 Әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын,қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау;


9.3.1.1 Жинақталған материалдар негізінде көзделген мақсатқа сәйкес ауызша және жазбаша мәтіндер үшін күрделі жоспар құру.






Бағалау критерийі:


Білім алушы
  • Түрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстырады.


  • Мәтінге күрделі жоспар құрастырады.




Ойлау дағдысының деңгейлері:

Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары






Орындау уақыты:

15-20 минут




1-тапсырма
Мәтіндерді түсініп оқыңыз. Тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстырыңыз.


А мәтіні
Ғалымдар көне замандарда өмір сүрген, бүгінде жер жүзінен жойылған алғашқы адам түрлері мен мамонттардың археологиялық қазбалардан табылған ДНҚ-сын пайдалану арқылы оларды қайта тірілту мүмкіндігін теориялық тұрғыдан дәлелдеп отыр. Сондай-ақ дәл осыған ұқсас жолдармен адам көзінің көру мүмкіндігін бірнеше есе ұлғайтатын, физикалық қуатын еселейтін, ақыл-ойын тереңдететін, өмір сүру жасын қолдан ұзартатын сәт те жақын қалғаны айтылуда. Болашақта ғылымның мүмкіндігімен адамдар жаңа дүниеге келетін шарананың қандай қасиеті үстем, неге икемді болуына алдын ала ықпал ете алады. Тіпті, ғалымдар көлемді ақпаратты адам миына сырттай енгізу мүмкіндігін де зерделеп келеді.
Негізі мақсат – кибернетика, нанотехнология, биоинженерия, генетика сынды ғылым салаларының жетістіктерін пайдалана отырып, бүгінгі адамның басқа ғаламшарда өмір сүруіне кедергі келтіретін «табиғи олқылықтарды» қолдан реттеу, ғаламның болашақ қожайынына айналу.
(114 сөз)
Сәкен Есіркеп, Астана \Егеменді Қазақстан\ газеті



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет