1. Алғашқы қазақ басылымдары және



бет1/6
Дата17.10.2023
өлшемі34,73 Kb.
#117554
  1   2   3   4   5   6

1. Алғашқы қазақ басылымдары және әдеби процесс.

  1. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ баспасөзінде («Түркістан уәлаятының газеті» (1870-1882), «Дала уәлаятының газеті» (1888- 1902), «Қазақ» (1913-1918), «Алаш» (1916-1917), «Сарыарқа» (1917-1918) газеттерінде, «Айқап» журналында) жарияланған мақалалардың әдеби- эстетикалық талап-тілектердің өсіп-толысуы үшін атқарған қызметі.

  2. Баспасөздің әдеби процестегі орны. Қазақ басылымдарындағы әдебиет пен тіл мәселелері.

  3. «Қазақ әдебиеті» газетінің шығуы, әдеби процестегі өзіндік орны, қоғамдық сипаты. Әдеби сын, теориялық мәселелердің көтерілуі.

  4. Қазақ әдебиеті сынының туу процесі. Әдебиеттің даму процесі өзіне тән ерекшеліктері. мен көрінеді де, соған орай сыни пікірлерін тудырып отырады, жазба.

1. Түркістан Уәлаятының Газеті– Ташкентте Туркестанские ведомости газетіне қосымша ретінде тұңғыш қазақ тілінде шыққан аударма газет (1870 – 82). Түркістан генерал-губернаторының ресми органы. Бұл тек қазақ тілінде емес, жалпы Ресей империясының қол астындағы барша түркі халықтары тілінде шыққан алғашқы мерзімді басылым болды. “Түркістан Уәлаятының Газеті” белгілі мақсатта патша үкіметінің шешімі бойынша жергілікті әкімшіліктің бақылауымен және қаржыландырумен шыққан ресми газет. Оның пайда болуының және мерзімді басылым ретінде қалыптасуының негізгі обьективті алғышарты қазақ жерін отарлаудың одан әрі күшеюі болды.


Газет патшаның отаршылдық саясатына көмектесу, Ресейге жаңадан қосылған өлкенің табиғат байлығын орыс капиталының талабына сай жан-жақты зерттеу мақсатында 12 жыл бойы шығып тұрды. Сонымен қатар газет бұқараның санасын уландыру, жергілікті мұсылман халықтарын өздерінің дінінен, тілінен, ділінен айыру, түптеп келгенде орыстандыру мақсатында пайдаланылды. “Түркістан Уәлаятының Газетінің” алғашқы редакторы шығыстанушы Ш.М. Ибрагимов болды.
Газет алғашында “Туркестанские ведомости” газетінің қосымшасы ретінде айына төрт рет, екі саны қазақша, екі саны өзбекше, 200 – 250 таралыммен шығып тұрды. өлкеде болып жатқан саяси-экономикалық, әлеуметтік, мәдени, т.б. сипаттағы үрдістер газет бетінде белгілі бір дәрежеде бейнеленді. “Түркістан Уәлаятының Газеті” шығып тұрған кезең қазақ халқының тарихында оларды толық және түпкілікті отарлау мақсатында жүргізілген кең көлемді шаралардың басталуымен ерекшеленеді. Сондықтан “Түркістан Уәлаятының Газеті”, ең алдымен Ресей империясының Түркістан жерін отарлау тарихының дерек көзі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет