Автор бұл мақаласында қазақ тілінің өркен жайып, ұлт тіліне айналатынын айтады. «Тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт болып жасай алмақ емес, ондай ұлт құрымақ. Ұлтының ұлт болуы үшін бірінші шарт — тілі болуы. Күндердің бір күні түрік балаларының тілі біріксе, ол біріккен тілдің негізі қазақ тілі болса, сөз жоқ, түрік елінің келешек тарихында қазақ ұлты төрден орын алмақшы. Келешектің осылай болуына біздің иманымыз берік.» деп автор қазақ тілінің өркендеп дамитынына кәміл сенеді.
1.Алаш зиялыларының көздеген мақсаты бүгінде жүзеге аста ма? Сіздің пікіріңізді растайтын аргументтер мен дәлелдер келтіре отырып, эссе жазыңыз.
2.Латын графикасына көшу жолында қандай қиындықтар кездесуі мүмкін?
Мектеп газетіне осы мәселе төңірегінде мақала жазыңыз.
бөлім. «Əлем жаңалықтары: өнер және мәдениет. Сөз мәдениеті»
3.Қазіргі жаһандану дәуірінде әлемнің түкпір-түкпірінде болып жатқан жаңалықтар дүниежүзі тұрғындарының назарына бірден ілінеді. Әлем жаңалығы тек өз елінің ғана емес, өзге елдердің пікіріне, тұрмыс-тіршілігіне, тіпті, дамуына да өз ықпалын тигізуі мүмкін.
Жаһандану кезіндегі ғаламтор қолданушыларының артуы мен тәуелсіз блогерлердің көбеюінің қандай артықшылықтары мен кемшіліктері бар? Пікіріңізді дәлелдеп, эссе жазыңыз.
4. Қазақ өнерін және мәдениетін насихаттап, жергілікті газет бетіне жастарға арнап, «Мен сүйетін өнер» деген тақырыпта мақала жазыңыз.