Мәтін үзінділері бойынша болжам жасайды, тақырыпты жалғастырады;
Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, эссе жазады.
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты
15-20 минут
Тапсырма 1.Мәтін үзіндісін оқып, сұхбаттың не туралы өрбуі мүмкіндігі туралы болжам жасаңыз
Адамзат баласының ғасырлар бойы қалыптасқан өзіндік төл мәдениетімен ұштасып, ұлт болмысының тікелей көрінісі болп табылатын қымбат дүниесі – оның тілі. Қазақ тілі туралы айтқанда, істі алдымен өзімізден бастауымыз керектігі ұмыт алады. Ұлттық мүддеге қызмет ету үшін әркім өзгені емес, алдымен өзін қамшылауы тиіс. Тіл – халықтың сан ғасырлар бойы қалыптасқан асыл қазынасы. Тіл – ынтымақтастықтың негізгі көзі, еліміздегі бірлік пен ынтыматастықтың тірегі. «Қазақ тілі - біздің рухани негізіміз, біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдала отырып дамыту. Ұлттық мүддеге қызмет ету үшін әркім өзгені емес, алдымен өзін қамышалуы тиіс. Тілге деген көзқарас, шындап келгенде, елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан тілге ешқашан бей-жай қарамайық. Болашаққа деген сенім болмаса, толыққанды мемлекет құруға болмайды. Демек, тіл мен мәдениет – ұлтымыздың бет бейнесі, рухани болмысы, ақыл-ойы мен парасаты екендігін естен шығармайық, достар. Тіл мәдениетіне тәрбиелеуде қойылатын басты мақсат – ана тілінің мәні, тарихы мен бүгінгі, шешендік өнердің алуан түрлі сипаттары туралы мағлұматтар бере отырып, адамдардың сөз мәдениетін жетілдіру, тілді әлеуметтік қызметіне сай орынды жұмсай білуге үйрету, интеллектуалдық қабілеттерін арттыру. Біз қазақпыз, өз тіліміз бен мәдениетімізді аялайық, құрметтейік, келешек ұрпаққа. Біз қазақпыз, өз тіліміз бен мәдениетімізді аялайық, құрметтейік, келешек ұрпаққа бағалы етіп жеткізейік. (184 сөз)
https://massaget.kz/blogs/14033
1-тапсырма.Мәтіннен 3 негізгі ақпаратты іріктеп, оған комментарий жазыңыз.