саңырауқұлақ бүгін тағы да түсіме кірді» - дейтін ең. Сонда әжең жарықтық: «О,
қарғатайым-ау! Сен де, құдай жеткізсе
сол саңырауқұлақ сияқты, жұрттың көзінің жауын
алып, лаулап тұратын боласың», - деп мейірленіп, маңдайыңнан сүюші еді. «Қазір
қайдасың? Қайда кетіп қалғансың?» Сай ішіндегі дауыс әлсіреп сөніп, Ай көтеріліп, биіктеп
бара жатқандай болды. Сол қалпы, терең сайдағы әр тобылғының түбінен
Ләйлә-қызды
іздеп, кезіп барады. Бірақ бұл жолы Ай бетіне еміреніп қарайтын терең сайдағы қыз бейнесі
көрінбеді. Адамдар қара-құрым болып, көп жиналған жерден бойын аулақ салып, көзге
түспеуге тырысып жүруші еді.
Р.Мұқанова «Мәңгілік бала бейне»
Достарыңызбен бөлісу: