«Адам құқығы мен бостандығы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ІІ нұсқа
Оқу мақсаты:
9.2.5.1 Мәтінде көтерілген мәселеге оқырманның қарым-қатынасын анықтауға арналған талқылау сұрақтарын құрастыру;
9.3.4.1 Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, көтерілген мәселе бойынша екіжақты пікірді немесе жағдаятты талқылау, біреуіне таңдау жасап, өз ойын дәлелдеп жазу(аргументативті эссе);
9.4.4.2 Салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіру.
Бағалау критерийі:
Білім алушы
Мәтінде көтерілген мәселеге қатысты сұрақтар құрастырады;
Көтерілген мәселе бойынша аргументативті эссе жазады;
Салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажыратып, түрлендіре қолданады.
Ойлау дағдысының деңгейлері:
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты:
15-20 минут
Тапсырма. Мәтінде көтерілген мәселені анықтауға бағытталған талқылау сұрақтарын құрастырыңыз. Көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп («келісу, келіспеу») эссесін жазыңыз. Эссе жазу барысында оқылым мәтінінің ақпаратын және себеп-салдар мен қарсылықты салалас сөйлемдерді қолданыңыз.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 38-бабына сәйкес мыналар:
жұмыскер жұмысының (еңбек функциясының) өзгеруі, яғни жұмысты басқа лауазым, мамандық, кәсіп, біліктілік бойынша орындауы;
еңбек шартында келісілген еңбек жағдайлары (жалақы мөлшері, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі, жеңілдіктер мен басқа да жағдайлар) оны орындау кезінде өзгеретін өзге жұмысты тапсыру;
жұмыс берушінің оқшауланған құрылымдық бөлімшесіне ауыстыру;
жұмыс берушімен бірге басқа жерге ауыстыру жұмыскерді басқа жұмысқа ауыстыру болып табылады.
Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыскерді басқа жұмысқа ауыстыруға жұмыскердің келісімімен жол беріледі, ол еңбек шартына тиісті өзгерістер енгізумен және жұмыс берушінің актісімен ресімделеді.
Осыған байланысты, егер ұйымда қызмет атқарып отырған жұмыскердің жұмысының ауыстыруы Кодекстің жоғарыда көрсетілген талаптарына сәйкес келетін жағдайда ол еңбек шартына тиісті өзгерістер енгізумен және жұмыс берушінің актісімен ресімделуі тиіс.
Керісінше жағдайда, Сізге Кодекстің 159-бабында көрсетілген жағдайларды ескере отырып, аталған жеке еңбек дауын шешу үшін мекеменің келісу комиссиясында қарауды ұсынамыз.
Осымен бірге, егерде жұмыскер өзінің еңбек құқығы бұзылды деп санаған жағдайда, ол кәсіпорынның орналасқан мекен жайы бойынша облыс әкімдігі жанындағы Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына шағымдануына құқығы бар.
(168 сөз)
hibridge.kz/find/...