Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 6-сынып Қазақ тілі



бет72/98
Дата22.09.2022
өлшемі1,53 Mb.
#39811
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   98
Байланысты:
6-сынып қазақ тілі

Биікті бағындырған білім ордасы
Ұлт өнерінің үлкен шаңырағын көтеру әрі оны бас шаһардың мәр­те­бесіне сай әлемдік оқу орны дең­гейіне жеткізу – ауыз толтырып ай­тар­лықтай ауқымды іс. Әрі ол кез келгеннің қолынан келе бер­мейді. Осы істі Айман Мұсақожаеваның өзі бір министр­ліктің жұмысына татитын істі ойдағыдай алып шықты. Талантты жастардың дарынын ұштауға ден қойған ол мақсатын жүзеге асыру жолында аянбай тер төкті.
Гастрольдік сапарлармен көп­те­ген мемлекеттерді аралаған кезде, олардың музыкалық білім жүйесіне ерек­ше қызығушылық танытатын едім. Өз елімізде де осындай үлкен өнер ордасын құру – көптен көкейімде жүрген жоба болатын. Бір кездесуде осы ойымды Елбасына жеткіздім. Маған бірден қолдау білдірген Елбасымызға алғысым шексіз. Бірақ жаныма жай тап­қыз­ба­ған ойымның осы шаһарда жүзеге асуға тиіс екендігіне іштей өзімді дайындап жүрдім, – дейді Айман Қожабекқызы.
Сөйтіп, қазіргі Өнер универси­теті – бұрынғы Чайковский атын­дағы №1 музыка мектебi мен Ақмо­ла­ның музыка колледжiнiң база­сында құ­рыл­ды. Қиындықтар болды. Білікті мамандар­дың тапшылығын былай қой­ғанда, олардың әлеу­меттік мәселе­ле­рін шешу оңайға соқпады. Мұ­ның сыртында құрал-жаб­дықтар мен музы­калық аспап­тардың жетіс­пеу­шілігі, оқу ауди­тория­­лары­ның аздығы, қара­жат тапшылығы тағы бар.
1998 жылы Астананың халық­аралық тұсаукесерімен бірге, Қазақ Ұлттық Өнер универси­тетінің де тұсауы кесілді. Бұл салтанатты жиынға Елбасымыздың өзі қатысты.
Шет мемлекеттердікі сияқ­­ты, білім берудің барлық түрі бі­рың­ғай оқыту жүйесіне бірік­ті­­рілген. Яғни оқу ордасы табалды­рығын аттаған жеткіншек дипломын қолға ұстап, бір-ақ шығады. (197 сөз)
https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/teatr/382


Балл қою кестесі

Тыңдалым және айтылым



Балл

Грамматика мен лексиканы дұрыс қолдануы

Сұрақты түсіну мен толық жауап беру қабілеті

9-10



Коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен дайын тіркестер және терминдерді орынды қолданып, диалогқа қатысып, ойын анық жеткізеді.
Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді жібереді.

Тақырыпты жақсы түсінеді.
Мәтін мазмұны негізінде термин сөздер мен дайын тіркестерді толық әрі орынды жеткізеді.



7-8



Коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен дайын тіркестер және терминдерді орынды қолданып, диалогқа қатысып, ойын анық жеткізеді.
Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателерді жібереді.

Тақырыпты жақсы түсінеді.
Диалогқа түскенде ойланып термин сөздер мен дайын тіркестерді әрі орынды жеткізеді.
Өз ойын түсінікті жеткізе алады, бірақ кейде сырттан қолдауды қажет етеді.

5-6



Коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен дайын тіркестер және терминдерді орынды қолданып, диалогқа қатысу барысында ойы шашыраңқы.
Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсінуге кедергі тудырмайды.

Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, термин сөздер мен дайын тіркестерді орынды қолданады, бірақ диалогқа түскенде өз ойын түсінікті жеткізуге қиналады.
Сырттан көмек қажет етеді.

3-4



Коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен дайын тіркестер және терминдерді аздап қолданады. Диалогқа қатысу барысында ойы нақты емес, түсініспеушілік тудырады.

Сырттан көмек қажет етеді.
Тақырыпты түсінуде ойы шашыраңқы.
Диалогқа түскенде термин сөздер мен дайын тіркестерді қолдануда қиналады, қолдаусыз өзін көрсете алмайды.

1-2



Коммуникативтік жағдаятқа сай дайын тіркестер және терминдердің қолдану аясын аз түсінеді. Диалогқа қатысу барысында ойы нақты емес, қайталанып келетін қателер жиі кездеседі.

Тақырыпты түсінуде ойы шашыраңқы.
Диалогқа түсуде термин сөздер мен дайын тіркестерді қолданып тақырыпты ашуды дамыта алмайды, аз қатысады.

Оқылым
Тапсырма
Берілген тапсырманы орындаңыз. А мәтінін жұбымен іріктеп, рөлге бөліп оқыңыз. Мәтінге ауызша коментарий жасаңыз.
[10]

1. Оқылым стратегияларын қолдану: коментарий жасап, іріктеп, рөлге бөліп оқыңыз.


2. Көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздерді ажырата біліңіз.

А мәтіні.


Дастан: Асқар, тарихи тұлғалар дегенді қалай түсінесің?
Асқар: Тарихи тұлғаларға менің ойымша қоғам қайраткерлері мен көрнекті ақын-жазушылар, хан билер деп ойлаймын. Ал сен қалай түсінесің?
Дастан: Дұрыс. Менің де ойым осылар. Сен тарихи тұлғаларға кімдерді жатқызасың?
Асқар: Тарихқа үңілсек, Асанқайғы жерұйығымен таныс, Ахмет Байтұрсынұлы, Ақан серілерді және тағы да басқалар.
Дастан: Сен Асанқайғы жерұйығымен таныс дедің, бұл кісі бойынша толық ақпарат бере аласың ба?
Асқар: Асанқайғы (Сәбитұлы Асан – ХҮ ғ.) – ұлы философ, ақын. Еділ бойында туған. Әкесі саятшы болған. Алтын Орда ханы Ұлұғ – Мұхамедтің, Қазақ хандығы құрылған тұста – Жәнібек ханның кеңесшісі болған. Оның «Жерұйық» іздеу идеясы – баршаға жайлы һәм әділетті қоғам орнату жөніндегі адамзаттық аңсарымен үндес әлеуметтік-саяси әрі философиялық ұлы идея. Асанқайғы ойларының енді бір өзегі – адам мен қоғам, табиғат пен тіршілік тақырыбы. Ел билеушіге қарата айтылған сөздерінде өмірдің ащы шындығын ашық жайып салады.
Дастан: Өте керемет. Сен жаттап та алғансың ба?
Асқар: Иә, себебі мен осы кісі бойынша ғылыми жоба жазып зерттегенмін.
Дастан: Өте жақсы. Айтпақшы Асқар автобусым келді сау бол, көріскенше.
Асқар: Сау бол. (166 сөз)
alashainasy.kz/.../kanday-hobbi-densaulyikka-pay...
Ә мәтіні.
1846 жылы ақпан айында казіргі Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының бөктерінде дүниеге келген. Ол жайында ақынның өзі “Менің өмірім" - деген өлеңінде: Қақаған қар аралас соғып боран, ел үрей — көк найзамен жау торыған. Әкесі Жапа мүсәпір кедей болғанмен, ат үстіне мығым, найзагер кісі екен. Шешесі Ұлдан мінезі байсалды, абысын-ажын арасында беделді, орайы келгенде өз жанынан қиыстырып өлең шығара беретін, әдемі дауысты бұлбұл әнші екен. Жамбыл өмірге келген кезде Қазақстанның оңтүстігі, оның ішінде ақынның туған өлкесі – Жетісу өңірі Қоқан хандығына бағынышты болатын. Ал қоқандықтардың халыққа жасаған зорлық-зомбылығы айтып жеткізгісіз ауыр еді. 1864 жылға дейін Қоқан хандығы, онан соң Ресей империясы билеген замандағы халықтың мүшкіл тірлігі, өз отбасының жұтаң тұрмысы, намыскер Жамбылдың ішіне қайғы болып байланады. Ақын жыр, айтыстарының уыттылығы, адамдықты, әділдікті, батырлықты көксеген аңсары, кедейді жақтап, қайырымсыз бай, төрелерді ызалы шенеуі бастау алып жатқан-ды. Жамбыл дүмше молдадан оқығанша, "домбыраны қолға алам" деп, әкесінен рұқсат сұрайды. Жас талаптың Жетісу өңірінің даңқты ақыны Сүйінбаймен (Сүйекең) кездесіп, батасын алуы оның ақындық бағын ашқан айтулы оқиға болады. (161 сөз)
https://massaget.kz/layfstayl/bilim/gumanitarly-ylymdar/51205/
А) А мәтінін іріктеп, рөлге бөліп, ауызша коментарий жасаңыз.
[6]
Ә) Ә мәтініндегі көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздерді ажыратып сәйкестендіріңіз.



Мәтін

Шартты белгі

Мысал

Көнерген сөз








Сүйекең


Эвфемизм




Мүсәпір кедей



Дисфемизм





Найзамен


Табу




Бұлбұл әнші



[4]




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет