Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 6-сынып Қазақ тілі



бет82/98
Дата22.09.2022
өлшемі1,53 Mb.
#39811
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   98
Байланысты:
6-сынып қазақ тілі

Қысқы спорт ойындарының түрлері
Қысқы спорт ойындарының түрлері мұз айдынындағы коньки тебу және мәнерлеп сырғанау. Конькимен жүгіру – бұл дене жаттығуының түрі, бұл жаттығуды адам мұз бетінде арнайы дайындалған құралда, аяқ киімге бекітілген конькимен сырғиды. Белсенді демалу, денсаулықты күшейту мақсатындағы аздаған жылдамдықпен конькимен жүгіру ойын-сауығы жәй сырғанау деп аталады. Жәй сырғанаудың ішіне – жеке, жұптық және топтық жылжу, сонымен қатар мұз үстіндегі ойындар кіреді. Сонымен конькидің әр түрлі үлгілері қолданылады. Жәй сырғанау ереже бойынша конькимен спорттық жаттығудың барлық түрлерінің мамандандырылған сабақтарының алдында тұрады: конькимен жаттығулар, шапшаң сырғанау, мәнерлеп сырғанау (жеке және жүппен), мұз үстіндегі спорттық би, хоккей, шайба және доппен ойындар.
Конькимен шапшаң сырғанау – бұл спорттық жаттығудың түрі, бұл жаттығуды орындағанда коньки тебуші жарыс шартында барынша мүмкіндігі бар өз жылдамдығымен ереже бойынша регламенттелген ара-қашықтықты жеңіп алуға тырысады. Шапшаң сырғанауда жәй және арнайы конькилер қолданылады. Сонымен қатар спорттың қысқы түрі, спортшылар конькимен мұз үстінде қосымша элементтер жасайды, әсіресе музыкамен бірге. Ресми жарыстарда ереже бойынша медальдардың төрт топтамасы ойнатылады: әйелдердің дара сырғанауы, ерлердің дара сырғанауы, жұппен сырғанау және сонымен қатар мұздағы спорттық би. Мәнерлеп сырғанау Қысқы Олимпиядалық Ойындарының бағдарламасына енгізілген. Сырғанаушылар әр-түрлі шоуларға жие қатысады, олардың шеберліктерін төрешілер емес, көрермендер бағалайды. (183 сөз)
https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/Qazaqstanym/2779


Балл қою кестесі
Тыңдалым және айтылым

Балл

Грамматика мен лексиканы дұрыс қолдануы

Сұрақты түсіну мен толық жауап беру қабілеті

9-10



Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аяларын өте жақсы түсінеді.
Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді жібереді.

Тақырыпты жақсы түсінеді.
Мәтін мазмұны негізінде күтпеген сұрақтарға жауабы тез, өз ойын толық әрі орынды жеткізе алады.



7-8



Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аяларын жақсы түсінеді.
Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді.

Тақырыпты жақсы түсінеді.
Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып, әрі орынды жеткізеді.
Талқылау кезінде өз ойын түсінікті жеткізе алады, бірақ кейде сырттан қолдауды қажет етеді.

5-6



Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын орташа түсінеді.
Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсінуге кедергі тудырмайды.

Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады.
Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады.
Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, жауаптарын алдын ала дайындап келгендей көрінеді.

3-4



Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын аздап түсінеді.
Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілікті тудырады.

Тақырыпты түсінуде ойы шашыраңқы.
Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, ойын шашыраңқы жеткізеді.
Талқылау кезінде қолдаусыз өзін жақсы көрсете алмайды.

1-2



Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аясын аз түсінеді.
Түсініспеушілікті тудыратын, қайталанып келетін қателер жиі кездеседі.

Тақырыпты түсінуде ойы шашыраңқы.
Күтпеген сұрақтарға жауап беруде тақырыпты ашуды дамыта алмайды.
Талқылау кезінде аз қатысады.



Оқылым
Тапсырма
Берілген тапсырманы орындаңыз.
[10]

А мәтіні.



  • Сөйле жырау!

Зерлі қызыл ала түрікпен кілемінің үстінде малдасын құрып, алтын тақтың қарсысында отырған Кет-Бұға қобызына таянған қалпы алға қарай сәл еміне түсті. Әміршісінің бетіне бажайлап қараған.
Тоғыз қанат ақ орданың іші қоңыр салқын еді. Топырақпен көміп бастырып тастаған іргеден қарашаның ызғарлы лебі білінеді. Қабағы қатыңқы Шыңғыс хан иығына жамылған бұлғын ішігінің жағасына тұмсығын тыққан күйі, мана таңертең Кет-Бұға табалдырықтан аттағандағы қалпында мүлгіп отыр. Көзі жұмулы. Ұйықтап отыр ма, әлде жан көрмеген жат елдерді ат тұяғына таптатар, өзінің нөкерлері мен қызметшілерін олжаға бөктірер жаңа жорықтардың жайын ойлап отыр ма, белгісіз. Селт етпеді. Қимылсыз, бір қалыпта отыра бергеннен аяғы талған Кет-Бұға қаһан ұйықтап кеттіме деп ойлай бастаған еді, ұйықтамаған екен.
«Жырла» деді хан.
Жырды аяғына дейін тыңдай да қоймас. Кенеттен «Жощыдан не хабар бар?» салса қайтпекпін? Алдын алу керек... Бұл сұрақты қоймайтын болсын...

  • Қайда барсаң Қорқыттың көрі! – деді қарт жырау күбірлеп.

  • Не дейсің? – Қаһан көзін ашып алды.

Кет-Бұға бойын жазыңқырады да, өзінен жоғары да отырған әміршісінің көзіне көзін қадап сәл тұрып, кенет:
Теңіз бастан бұлғанды, кім тындырар, а ханым,
Терек түптен жығылды, кім тұрғызар, а ханым? - деді. (190 сөз)
5-сынып. Алматы «Рауан» 1996, Әдебиеті.
Ә мәтіні.


Бір адам жас баласын жанына алды,
Екеуі сайран етіп кетіп қалды.
Қыдырып әрлі-берлі жүрді дағы,
Егінші егін еккен жерге барды.

Аралап әр егінді қарап жүрді,


Кезі еді пісіп болған егін түрлі.
Бастарын дәнге толған төмен салып,
Бидайлар бейне тағзым етіп тұрды.

Жалғыз-ақ бір бидай тұр көкке қарап,


Бейне бір жалғыз өзін көпке балап.
Баланың сол бидайға көзі түсіп,
Білмекке кетті көңіл жөнін сұрап.

«Құбылып бидайлар тұр басын салып,


Жіберген мырза құдай нұрға қанып.
Әке, әке! Мұның мәнін түсіндірші,
Бір іске тұрмын өзім қайран қалып!

Бір бидай көтеріп тұр басын көкке


Қарайды шекірейіп өзге көпке.
Өзіне ешбірі де теңгермейтін,

Соншама бұл бидайдың дәні көп пе?»

«Айтайын мұның мәнін, балам, саған:


Шырағым, түрін көріп таңданба оған.
Өзгесі төмен қарап бүгілгенге,
Ойлама, кем екен деп бәрі сонан.

Және де әкесі айтты баласына:


«Сұқтанба құр сорайған қарасына!
Құдайым өзгесіне дән бергенде,
Бұл бидай дәнсіз қапты арасында.

Бірнешеуінің басы толық иіліп тұр,


Ән берген қожасына сиынып тұр.
Басында бұл бидайдың дәні болмай,
Кекірейіп, көкке қарап, бүлініп тұр.

Елде көп бұл бидайдай адам, - деді, -


Тәкаппар, оны халық жаман, - дейді, -
Қалпы емес тәкәппарлық данышпанның,
Тұтынба бұл мінезді, балам», - деді.

(186 сөз)

5-сынып. Алматы «Рауан» 1996, Әдебиеті.

А) Төмендегі көрсетілген сызба арқылы ауызекі сөйлеу этикеттері мен көркем сөйлеудің құрылымдық және жанрлық ерекшеліктерін мәтіндерден табыңыз.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет