Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 6-сынып Қазақ тілі


-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР



бет19/98
Дата22.09.2022
өлшемі1,53 Mb.
#39811
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   98
Байланысты:
6-сынып қазақ тілі

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР


Тақырыбы: «Астана – мәдениет пен өнер ордасы» бөлімі бойынша
жиынтық бағалау
І нұсқа



Оқу мақсаты:

6.1.6.1 Коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысу, ойын анық жеткізу;
6.4.3.1 неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу.

Бағалау критерийі:

  • Коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысу, ойын анық жеткізеді;

  • Неологизм, термин, кәсіби сөз, диалект сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата біледі.

Ойлау дағдысының деңгейлері:

Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты:

15-20 минут

1-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдап, коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысып, ойыңызды анық жеткізіңіз.


Таланттар тоғысқан шаңырақ
Бүгінгі күні Қазақ Ұлттық Өнер университетінде оқыған да, оқымаған да арманда болып тұр. Есілдің сол жағалауындағы «Шабыт» шығармашылық сарайына қоныс тепкен білім мен өнер ордасында оқушылар мектептен кейін колледжде, колледжден кейін университетке түсуге мүмкіндігі бар. Тіпті бакалавриат, магистратура сатыларын бітіргенше оқуын жалғастыра алады. Оған университеттің материалдық-техникалық базасы толығымен жеткілікті. «Шабытта» екі балет залы, екі театр залы, аэробика залы және әр буынның өзіне лайық студиялары жұмыс істейді. Орган залының өзі iрi орталыққа айналды. Орталық Азия бойынша сирек кездесетiн үздiк орган залында небiр iрi жарыстар мен фестивальдер өткiзiлiп, атақты органшылар өнер көрсетедi.
Қазіргі күні университет дамудың жаңа жолына түскен. Білім ордасында мектеп-колледж кешенінде 5 бағдарлама, бакалавриатта 19 және магистратурада 15 бағдарлама бойынша мамандар әзiрлейді.
Оқу орнында тек 2010 жылдың өзінде жаңа өнер мамандықтары ашылды: мәдениеттану, өнертану, хореография, кескiндеме, мүсiн, режиссура (көркем және деректі кино), операторлық өнер, сценог­рафия (киiм дизайны, грим-визаж), кiтапхана iсі. Сонымен қатар, 6 фа­куль­тет жұмыс істейді: музыка; театр, кино және ТВ; дәстүрлi музы­ка­лық өнер; хореография; бейнелеу өне­рi; әлеуметтiк-гуманитарлық ғылым.
Университет шәкірттері жыл сайын Австрияда, Венада, Ватиканда, Сан-Бартоломеода өтетiн халықаралық конкурстарда топ жарып, жүлдегер атанып, ел мерейін асқақтатып жүр. Бүгінгі күнге дейін жастар 500 халықаралық байқау­дың, 400-ден астам респуб­ликалық сайыстың лауреаттары атанып үл­герген.
ҚазҰӨУ-де сабақ беріп, шәкірттер тәрбиелеп жүрген оқытушылар да осал емес. Олардың басым көпшілі­гі елімізге танымал тұлғалар. Атап айт­қанда, Е.Рахмадиев, К.Дүй­се­кеев, С.Еркімбеков, С.Әбді­нұров, Қ.Байбосынов, Ә.Сы­ғай, Б.Нөгербек, Ә.Тарази, Р.Мұқа­нова, Т.Әліпбаев сынды өз кәсі­бінің білікті мамандары өз шеберлік­терінің қыр-сырын шәкірттерге үйретіп келеді.
Бұл бұл ма, мұнда сырт мемлекеттерден де келіп сабақ беретін Ресей мен Еуропаның білікті музыканттары да баршылық. Мысалы, Мәскеу, Петербург, Киев, Минск, Вена мен Лондон консерваториясымен жасалған келісім-шарттар бар. Жыл сайын университетімізге Италияның өнер шеберлері де келіп, дәріс оқиды. (270 сөз)
https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/Qazaqstanym/374


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет