Берілген уақытта оқушылар оқулықтағы мәтінді оқып бітірулері керек. Мұғалім оқыған материал бойынша білімді тексеру мақсатында оқушылардан сұралатынын ескертеді.
2-тапсырма «Сұрақты ұстап ал» әдісі
Көшбасшы оқушы шығып, оқушыларға шығарма желісімен сұрақтар қояды.
1.Шығарманы жазған кім? (Ыбырай Алтынсарин)
2.Шығарманың тақырыбы қандай?( Өнер-білім бар жұрттар)
3.Қандай жұрттар жетістікке жеткен? (Өнер-білімге жақын адамдар)
4.Адамдар құстың ұшуына қарап нені ойлап тапқан? (Ұшақты)
5.Неден сарай салғызды? (Тастан)
6.Қандай жерден хабар алғызды? (Айшылық)
7.Хабарды қалай алғызды? (жылдам)
8.Қандай арбаны қолданды? (аты жоқ құр)
9.Аты жоқ құр арбаны қанша шақырым жерге барғызды? (мың)
10.Адамды қалай ұшырды? (құстай)
11.Кімді құстай ұшырды? (адамды)
12.От пен суға нені түсірді? (тамақты)
13.Несіз тамақ пісірді? (отынсыз)
14.Отынсыз не пісірді? (тамақ)
15.Несіз сусын ішкізді? (сусыздан)
16.Қайда балықтай жүзді? (теңізде)
17.Теңізде қалай жүзді? (балықтай)
18.Нені жалықпай кезді? (дүниені)
19.Дүниені қалай кезді? (жалықпай)
20.От пен суға нені түсірді? (тамақты)
Дескриптор:
1.Шығарманы түсініп оқиды.
2.Сұрақтарға жауап береді.
ҚБ «Отшашу » әдісі
3-тапсырма «Балалар философиясы» Топтық жұмыс
БФ балаларды (немесе ересектерді) сыни, байыппен, шығармашыл және бірлесіп ойлауға ынталандыруға бағытталған. Бұл мұғалімге қатысушылар сұрақтарды өздері құрастырып және өздері қоятын және «қалай оқу керектігін үйренетін» «сұраныстар қоғамын» құруға көмектеседі.
Ұйымдастыру:Орындықтарды шеңбер етіп қойыңыздар, (егер қажет болса) сөйлеушіні білдіретін бір затты алыңыз (мысалы, доп). Бөлме ішінде оқушыларға арналған ынталандыру материалдарын орналастырыңыз.
Жаттығудың сипаттамасы: Оқушыларға ынталандыру материалдарын толығымен қарауға бірнеше минут беру керек. Оқушылар шеңберге оралғанда, жауап беруі тиіс тақырыпқа/пәнге қатысты сұрақтарды ойластыру үшін, оларға бір-екі минут беріледі. Оқушылар пікір алмасып, мәселені талқылап, бір тоқтамға келу үшін дауыс береді. Мұғалім сұрақтарды дұрыс құра отырып, дамытатын сұрақтар қойып немесе әр оқушының қатысуын қамтамасыз ету үшін топпен бірге әрекет ете отырып, үйлестіруші ретінде қатысады.
Ынталандыратын материалдар: адам ойынан шыққан заттар
Оқушылар сол заттар туралы неден, не үшін жасалғанын не үшін қолданылатынын дәлелмен келтіреді.
Дескриптор:
1.Адам қолынан шыққан заттар туралы ойланады.
2.Өз тұжырымдарын айтады.
ҚБ: «Температураны өлшеу» әдісі
Бұл әдіс оқушылар тапсырманы қаншалықты дұрыс орындап жатқанын анықтау үшін қолданылады. Ол үшін оқушы қызметін тоқтатып, мұғалім оқушылардан: «Біз не істеп жатырмыз?» деп сұрайды. Оқушы жауаптарынан мұғалім олар қаншалықты тапсырманың мәнісін немесе оны орындау ретін түсінгенін анықтай алады.
|