Егер де бұл өсім бүгінгі қарқынынан таймаса, 2018 жылы аймақтағы балалардың үлесі 30 пайызға жететін болады. Бұл – өте жақсы көрсеткіш. Демографтардың айтуынша, қазір өңірде туу көрсеткіштері өсіп, халықтың негізгі дені жастардың үлесінде. Осылайша, өткен ғасырдың 80 жылдарындағы қалыпты дамыған демографиялық көрсеткіштердің деңгейіне жеттік деп сеніммен айта аламын.
(185 сөз)
https://kazakh-tv.kz/kg/view/society/page_190635_
2-тапсырма. Берілген салалас құрмалас сөйлемдерді түрлеріне қарай «+» «-» белгісі арқылы ажыратыңыз.
Сөйлемдер
Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем
Талғаулы салалас құрмалас сөйлем
Кезектес салалас құрмалас
Адамды екі нәрсе қартайтпайды: бірі – жақсы мінез, екіншісі – жақсы сөз.
Не қазан-ошаққа араласа алмайды, не серуенге шығар серік таппай селтиіп жалғыз жүреді.
Қалың жұрт екіге бөлінеді: ұқпаған өлік, түсінген тірі.
(Ж. Баласағұн)
Сөз бен қылық суық көңілді жылытады немесе жылы көңілді суытады.
Үш нәрсе тұрақтамайды: бірі – саудаға түспеген мал, екіншісі – таласқа түспеген ғалым, үшіншісі - саясаты жоқ патша.