Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының


-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ



бет67/74
Дата26.09.2023
өлшемі419,39 Kb.
#110247
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   74
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ


Жиынтық бағалауға шолу Ұзақтығы: 40 минут
Оқылым – 15 минут Жазылым – 25 минут
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі Балл саны: 30


Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар Толық жауапты қажет ететін сұрақтар


Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: Біріншісі – тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормаларын, екіншісі – оқылым және әдеби тіл нормаларын, үшіншісі – жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.


Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы


*Тапсырма


Қамтылатын мақсаттар


Тапсырмал ар түрлері


*Тапсырмалар сипаттамасы


*Орындау уақыты,
мин


Балл

1

10.1.5.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу.

Толық жауапты


қажет ететін сұрақтар

Тапсырма жұппен орындалады. Оқушыларға 263-287 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты мәтіндер беріледі, оқушы жеке отырып оқиды (немесе аудио арқылы тыңдатуға болады). Оқушылар айтылым барысында коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеуді назарда ұстайды. Тыңдаушы жұбы мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қояды, көтерілген мәселені талдайды. Дәл осылай екінші оқушы тапсырманы қайталайды. Бағалау екі оқушыға жеке-жеке қойылады. Коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеуі бағаланады..


Тыңдалым мен айтылым


сабақтан тыс, қосымша уақытта
өткізіледі (әр білім алушыға 3-5 минут
беріледі)

10

2-4

10.2.3.1 көпшілікке арналған мақаланың құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау


Көп таңдауы


бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін сұрақтар

300 сөзге жуық мәтін беріледі. Мәтінді оқып, мазмұны негізінде берілген сұрақтарға жауап береді және мәтінге қатысты өз пікірін, көзқарасын білдіріп жазады, мәтіннің құрылымы мен рәсімделуін біледі, жанрлық ерекшеліктеріне талдау жасайды.


15

10

5

10.3.1.1 ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала жазу; 10.4.5.1 сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу.

Жазбаша
толық жауапты қажет ететін сұрақтар


Оқушылар ұсынылған екі тақырыптың бірін таңдап, мақала жазады. Жазылым жұмысында ғылыми көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды дұрыс пайдалануы, сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерін орынды қолдана білуі бағаланады.




25



10






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет