Тақырыбы: Әдебиеттанушы ғалым Ю. Борев эстетика жайында айтйлған ойларын талдау, әдеби сын мақала жазу. Орындаған



Дата05.05.2023
өлшемі14,13 Kb.
#90229
Байланысты:
Әт. Ю.Борев


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ АКАДЕМИК С.ҚИРАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ КАФЕДРАСЫ ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ

СӨЖ



Тақырыбы: Әдебиеттанушы ғалым Ю.Борев эстетика жайында айтйлған ойларын талдау, әдеби сын мақала жазу.


Орындаған: Еркешқызы Марфуға
Тексеретін: Қабатай Б.Т

2022-2023


Эстетика сөзі грек тілінен алғанда сезімтал, сезімді қабылдау деген мағынаны білдіреді. Эстетиканың басты мәселелері философия,құдайға құлшылық,әдебиет,өнертану,адамзаттың рухани мәдениетінен пайда бола бастады. «Эстетика», «эстетика» пәні туралы сөз қозғалса Ю.Боревтің: «эстетика пәні адамзат үшін оның құбылыстарының маңыздылығы мен құндылығы тұрғысынан қарастырылатын бүкіл әлем болып табылады», - деген пікірін негізге алсақ болады.Эстетика пәніне бүкіл әлем кірмейді,тек зерттеу объектісі болып қалады. Пәннің зерттеу саласына адам мен әлем арасында болатын белгілі бір қатынастарды қарастырады. Ғылымның негізі сонау Аристотельден бастау алып, әсемдіктің ерекшелігі туралы мәселе қозғалған.Мысалы: Ю.Боревтің: Эстетика табиғаттың, әр түрлі құбылыстардың, адам өмірінің,өнерінің сезімтал бейнесін, айқындылығын,сұлулығын ашумен байланысты адамның шынайылыққа көркемдік көзқарасын білдіретін сала»,-деп айтқан пікірімен дәлелдей аламыз. Қазіргі кезде «эстетика» ұғымы ғылымда ғана емес, күнделікті өмірде де жиі қолданылатын сөздердің қатарына кірді.Қазақстандағы эстетика саласының негізін қалаушы философия ғылымдарының докторы, профессор Бәтіш Қазыханова « біздің бүгінгі бақытты өміріміздің өзі бір ұлы мұхит тәрізді үлкен әсемдік әлемі десек жараспай ма? Бізде бәрі де әсем. Әңгіме жақсыға ұмтылу,жақсыны көре білу, содан сезініп,ләззат ала білуде. Адамдарымыздың қоғамдық қызметі, күнделікті жұмысы, жеке өмірі бәрі де эстетикамен тығыз астасқан. Онсыз әрбір адамның, тіпті бүкіл қоғамның мәдени жағынан өсіп дамуы мүмкін емес»,-деп айтып кеткен болатын.«Эстетика» термині философиялық ғылым аясынан тыс мазмұны терең, мәні толыққанды көрініс беретінін аңғаруға болады. Осы тұста Ю.Боревтің тағы бір сипаттамасын қарастырсақ болады: Оларға тоқталатын болсақ:1. Әсемдік және пайдалылық; 2. Әсемдік және симметрия;3. Әсемдік және адам қызметі; 4. Өлшем; 5. Табиғаттағы әсемдік; 6. Қоғамдағы әсемдік; 7. Өнердегі әсемдік.
Өнер – әсемдік заңы бойынша әлемді игерудің жоғары түрі. Ол болмыстың барлық әсерлерін әсемдікке өңдейді. Суретші не туралы айтса да, ол мейлі қайғылы азап болсын, жоғары ерлік жырлансын, ұсқынсыздық немесе комизм болсын, оның туындысы эстетикалық ләззат береді. Демек, зерттеушінің пайымдауынша әсемдік – адам өмірі мен өнерінің ажырамас бөлігі болып табылады. Қазіргі уақытта «эстетика» ұғымы тек ғылыми тілде ғана емес, күнделікті өмірде де жиі қолданылатын сөздердің біріне айналды: бүгінгі күні тұрмыс эстетикасы, интерьер және дизайн эстетикасы, киім эстетикасы, мінез-құлық эстетикасы туралы айту орынды. Осы ретте, Қазақстандағы философияның эстетика саласының негізін қалаушы деп айтуға болатын, философия ғылымдарының докторы, профессор Бәтіш Қазыханова «біздің бүгінгі бақытты өміріміздің өзі бір ұлы мұхит тәрізді үлкен әсемдік әлемі десек жараспай ма? Бізде бәрі де әсем. Әңгіме жақсыға ұмтылу, жақсыны көре білу, содан сезініп, ләззат ала білуде. Адамдарымыздың қоғамдық қызметі, күнделікті жұмысы, жеке өмірі бәрі де эстетикамен тығыз астасқан. Онсыз әрбір адамның, тіпті бүкіл қоғамның мәдени жағынан өсіп дамуы мүмкін емес» деп атап өтеді. «Эстетика» терминін философиялық ғылым аясынан тысқары пайдаланудың алуан түрлілігі оның мазмұнының тереңдігі мен мәнінің толыққандылығының көрінісі болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет