Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Талас ауданы білім бөлімінің


КІРІСПЕ Жоба жұмысының жалпы сипаттамасы



бет2/6
Дата03.12.2023
өлшемі43,56 Kb.
#134189
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
жоба сымбат

КІРІСПЕ
Жоба жұмысының жалпы сипаттамасы. Әр ұлттың болмыс-бітімі ертеден сақталған әдет-ғұрпы мен тұрмысында, салт-дәстүрі мен мәдениетінде, көркем әдебиетінде көрініс табады. «Архетип» (грек тілінде «үлгі», «бастапқы сұлба») термині – адам санасында қалыптасқан бастапқы образдар жүйесі, тізбегі. «Архетип» ұғымын ғылымға енгізген — К.Г. Юнг. Юнгтің айтуынша адамның есінде еленбей сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан бейнелер мен символдар архетип ұғымымен сабақтасады. Қазақ халқындағы «жеті ата», ру мен текті білу ұрпақтан-ұрпаққа қанмен берілетін гендер сияқты ұлттық архетиптер менталдық деңгейде санамызда сақталып қалады. Ертеден салт-дәстүрімізде қалыптасқан ұғымдардың болуы: қазақ үшін шаңырақ киелі саналады, ұлттық ою-өрнектегі бейнелер мен төрт түлік малға қатысты ұғымдардың ата-бабамыздың тұрмыс-салтының бір көрінісі, мүшел жас, ас атасы - нан мен сүтті – ақ деп қастерлеуі сияқты архетип символдар жадымызда сақталған. К.Г. Юнг жеке тұлғаның қалыптасуында да ұлттық архетип бағыт-бағдар беруші, адамның ішкі діңі ретінде түсіндіреді.[7] Өз кезегінде, адам санасында сақталған архетиптер шығармашылық ізденіс барысында, мысалы, ақын-жазушыларда бейсаналы түрде жаңғырып, шығармаларында көрініс табады. Мәселен, қазақ әдебиетінде М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, Ж. Аймауытов, М. Әуезовтердің көркем туындыларында ұлттық архетиптерді кездестіреміз.
Жобаның өзектілігі: Әрбір халық өз әдебиетін еркін дамытуға мүмкіндік алған кезде архетиптеріне жиі оралады. Мысалы, соңғы кездегі мәдениет пен өнердің әр саласындағы ұлттық құндылықтарды жаңғырту осыған дәлел. Бұл, әсіресе, тәуелсіздікке қолымыз жеткеннен кейін елімізде өтіп жатқан заңды құбылыс. Академик С.А. Қасқабасов «... адамның жан түкпірінде жатқан, сондай-ақ мінез-құлқындағы, сырт пішініндегі кейбір қасиет-белгілер – біздің бабаларымыз өткен әр дәуірдегі, әр сипаттың көрінісі» [1] – деп түйіндейді. Бұл – қазақ әдебиетіндегі архетип ұғымының мазмұнын ашатын құнды пікірлердің бірі деп ойлаймын. Себебі, архетип – адамзаттың жүріп өткен жолының психикадағы ізі. Академик Д. Қамзабекұлы: «...кез келген халықтың ықылым замандардан бергi рухани тәжiрибесiн саралап-салмақтау үшiн мол мағлұмат беретiн басты байлығы – оның сөз өнерi» [2] – дейді. Яғни, архетипті тек мифке ғана емес, сөз өнерінің барлық үлгілеріне талдау жасау арқылы анықтауға болады. Сөз өнерінің ішінде әсіресе проза жанрында архетиптік образдар анық көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет