Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Талас ауданы білім бөлімінің



бет3/6
Дата03.12.2023
өлшемі43,56 Kb.
#134189
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
жоба сымбат

Жобаның мақсаты: Ғалымдардың ғылыми ой-пікірлерін негізге ала отырып, «архетип» терминіне талдау жасау, оның ерте замандардан адам санасында ұлттық код ретінде сақталып, уақыт өте әдебиетте қайта жаңғыруын зерделеу.
Міндеттері:
1) Көркем прозадағы архетип сюжеттер мен символдарға, образдарға талдау жасау;
2) Қазақ әдебиетіндегі архетип символдар мен образдар, сюжеттердің көркем шығармаларда қайта жаңғыруын мысалдармен дәлелдеу.
3)Көркем шығармалардағы архетиптерді табу арқылы, ұлттық дүниетаным мен рухани құндылықтарды көрсету
Ғылыми жобаның әдіс-тәсілдері: Ғылыми жобада Дулат Исабековтің «Қара шаңырақ», Төкен Әбдіктің «Қонақтар», Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармаларына талдау жасауға тырыстым. Көркем шығарманы талдаған кезде ғылыми еңбектермен салыстыру арқылы саралау, анализ жасау әдістері қолданылды.
Жобаның жаңалығы: Архетиптік көріністердің санада жаңғыруының себебі талданды. Көркем туындыларда архетиптің бар екендігі және оның орны туралы ақпарат берілді. Архетипке қатысты тұжырымдар мен ғылыми-теориялық алғышарттар жасаған С.А. Қасқабасов, Е. Тұрсынов, Б. Майтанов, Ж.Аймұхамбет, Ә.С. Әбілқасымұлы еңбектеріне сүйене отырып жинақталды.
Жұмыстың құрылымы: Ғылыми жоба кіріспеден, екі тараудан (әр тарау 2 тараушадан) тұратын негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады

ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ:

  1. АРХЕТИП ҰҒЫМЫ, ЗЕРТТЕЛУІ



    1. Архетип ұғымының аспектілері

Бүгінгі жаһандану ғасырында әр ұлттың өзіндік болмыс-бітімін сақтап қалу үшін ұлттық кодты дамытудың маңызы зор. Себебі әлемде ұлттық болмыс пен елдікті сақтап қалуда, алпауыт мемлекеттердің арасында жойылып кетпеу үшін мыңдаған жылдардан жеткен, санамызда қалыптасқан ұлттық болмысымызға тән мәдениет пен әдебиетті, соның ішінде, архетиптерді қайта жаңғыртудың маңызы күннен-күнге арта түсуде. Қазіргі таңда ұлттық ерекшелік, ұлттың шығу тегі мен тарихы туралы сөз еткенде әдебиеттану саласында «архетип» ұғымы жиі қолданысқа ие болуда. Архетипті термин ретінде ғылымға әкелген психология ғылымының белді өкілі, швецариялық ғалым К.Г. Юнг. «Архетип» (грек тілінде «үлгі», «бастапқы сұлба», «прообраз») термині – адам санасында қалыптасқан бастапқы образдар жүйесі, тізбегі.[7] Ғалымның архетиптерді топтастыруы тұлғаның туғаннан бастап қарттыққа дейінгі өсу жолын тізбектейді, архетиптерді күрделендіре образдардың жиынтығынан архетип сюжет қалыптасады. Әр ұлттың болмыс-бітімі ертеден сақталған әдет-ғұрпы мен тұрмысында, салт-дәстүрі мен мәдениетінде, ауыз әдебиетінде көрініс табатыны белгілі. Түсінікті болу үшін мына дәлелді келтіргім келеді. Архетипке қатысты алғашқы образдар мен ұғымдар аспан денелеріне қатысты пайда болғанын көптеген ғалымдар жазып кеткен. Адамзаттың көз алдында күнделікті қайталанатын құбылыстардың архетипке айналып кететінін біз елей бермейміз. Мысалы адам баласы әлмисақтан бері күннің көкжиектен атып, ұясына батуын көріп келеді. Бұл құбылыс адамзат санасында ең алғашқы образ бен мотивті сіңірді. Күн – тұлға, оның шығыстан батысқа қарай жолы – сапары. Күннің дүниеге келуі – таңның атуы. Ол сағаттап өседі. Кешкісін тылсым күшпен күресуге жер астына түседі. Түні бойы кедергілерге ұшырап, қаһарман таңертең жеңімпаз болып жер астынан шығады. Түнгі жұлдыздар жаулары мен дұшпандары, т.б. Ғасырлар бойы қайталанған осынау табиғат құбылысы адам санасына сіңіп, мифтердегі тұрақты желіге айналып кеткен деген тұжырымдар шетел ғалымдарының еңбектерінде көп кезлеседі. Ал қазақ ертегілері мен кез-келген қазақ жазушысының шығармалары да осындай оқиғалардың желісінде құрылған.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет