ІІ ТОҚСАН
«Толқындық қозғалыс» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары 11.5.1.1 - ауадағы тұрғын дыбыс толқындарының
пайда болуын зерттеу;
11.5.1.2 - графикалық әдісті қолданып түйіндер мен
шоғырларды анықтау және тұрғын толқындардың
пайда болуын түсіндіру;
11.5.1.3- судың бетінде екі көзде пайда болған
интерференцияны зерттеу
11.5.1.4 - Гюйгенс принципін және механикалық
толқындарда дифракциялық көріністі бақылаудың
шарттарын түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
Ауада пайда болған тұрғын дыбыс толқындарының сұлбасын пайдалана отырып, неліктен тұрғын толқын пайда болатындығын, оның толқын ұзындығы мен жиілігін және таратушы көзден шыққан микротолқының жазық поляризацияланатындығы қалай анықтауға болатындығын сипаттайды;
Дифракция құбылысын Гюйгенс принципіне сүйене отырып сипаттайды, суретін сызады;
Аспап ішегінің қозғалысы кезіндегі тұрғын толқынның пайда болуын түсіндіреді, графикалық әдісті қолдана отырып, түйіндер мен шоғырларды анықтайды және тұрғын толқынның ұзындығы мен фазаларын анықтай алады;
судың бетінде екі көзде пайда болған интерференцияны зерттей отырып, қажетті
шамаларды сипаттайды;
Оқу дағдыларының деңгейлері Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырмалар
Төмендегі суретте микротолқынның толқын ұзындығын анықтау үшін қолданылатын құрылғы сұлбасы бейнеленген.
Таратушы көзден шыққан микротолқын ТР бағытында металл пластинаға қарай перпендикуляр қозғалады. Тұрғын толқын ТР аралығында пайда болады.
(і) неліктен бұл аралықта тұрғын толқын пайда болатындығын түсіндіріп жазыңыз.
...............................................................................................................................................
...............................................................................................................................................
[2]
(іі) микротолқынды қабылдайтын D детекторды Т мен Р аралығында ақырындап қозғаса, сигнал біресе күшейеді, біресе әлсірейді. Екі жақын жатқан әлсіз сигналдардың арасы 1.4 см.
Микротолқынның келесі шамаларын анықтаңыз:
толқын ұзындығын
толқын ұзындығы = ...........................cм [1]
жиілігін
жиілік =...............................................Гц [2]
(а) Келесі физикалық құбылысқа анықтама беріңіз.
Дифракция
......................................................................................................................................
.....................................................................................................................................[1]
(b) Су бетіндегі толқынның дифракция суретін аяқтаңыз.
[2]
(с) Гюйгенс принципіне сүйене отырып, дифракция құбылысын сипаттаңыз
..........................................................................................................................................
..........................................................................................................................................
.......................................................................................................................................... [2]
(а) Аспап ішегінің қозғалысы кезіндегі тұрғын толқынның пайда болуын түсіндіріп, жазыңыз.
............................................................................................................................................
............................................................................................................................................
............................................................................................................................................ [2]
(b) Суретте скрипканың ішегінің қозғалысы нәтижесінде пайда болған тұрғын толқын графигі бейнеленген.
(і) жоғарыда көрсетілген суреттегі қандай әріп шоғырды көрсетеді?
[1]
(іі) берілген суретті пайдалана отырып, тұрғын толқын ұзындығын анықтаңыз.
[2]
(ііі) көрсетілген нүктелердің фаза айырымын жазыңыз
Достарыңызбен бөлісу: