«Айнымалы ток» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары 11.4.3.3 - синусоидалы айнымалы ток немесе кернеуді
гармоникалық функция түрінде көрсете алу;
11.4.3.4-айнымалы ток тізбегінде тек активті жүктеме
кезінде (резистор) фаза ығысуын сипаттау;
11.4.3.9-резонанс шартын түсіндіру және оның
қолданылуына мысал келтіру;
11.4.3.13-трансформатор орамасындағы орам санын
эксперимент арқылы анықтау;
Бағалау критерийі Білім алушы:
физикалық шамаларды анықтайды және айнымалы
ток немесе кернеуді гармоникалық функция түрінде
көрсете алады;
айнымалы ток тізбегіндегі актив кедергінің ролін, ток күші мен кернеудің теңдеулерін және тек активті жүктеме кезінде (резистор) фаза ығысуын сипаттайды;
білу, резонанс шартын түсіндіру және кернеу резонансының қолданылуына мысал келтіреді;
трансформатордың сұлбасын пайдалана отырып, түрін ажыратады, бірінші және екінші ретті орамдағы кернеулерді және трансформатор формуласын
қолдана отырып, орам санын анықтайды;
Ойлау дағдыларының деңгейлері Білу және түсіну
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырмалар
Суретте осциллограф арқылы алынған айнымалы кернеудің-уақытқа тәуелділік графигі бейнеленген.
Осциллографтың бір бөлігі уақытқа қатысты 20 мс, ал кернеуі 1.5 В.
(а) толық бір тербеліске кеткен уақытты анықтаңыз.
[1]
(b) тербелістің бұрыштық жиілігін анықтаңыз.
[1]
(с) айнымалы кернеудің максимал шамасын анықтаңыз.
[1]
(d) айнымалы кернеудің-уақытқа тәуелді теңдеуін жазыңыз.
[1]
2.(а) Актив кедергі дегеніміз не?
..............................................................................................................................................................
..............................................................................................................................................................
[1]
(b) Актив кедергісі 20 Ом болатын және кернеуі u =308cos314t заңдылығы бойынша өзгеретін тізбектің ток күшінің теңдеуін жазыңыз.
i =
[2]
(с) Актив кедергідегі кернеу мен ток күшінің тербеліс фазалар айырымы
А) 𝜋 − ге артта қалады
В) − ге озады
С) 0
D) − ге артта қалады
[1]
(а) Электр тізбегіндегі резонансқа анықтама беріңіз.
..............................................................................................................................................
..............................................................................................................................................
[1]
(b) Резонанстың байқалу шартын сипаттаңыз.
.............................................................................................................................................
.............................................................................................................................................
[1]
(с) Кернеулер резонансының қолдану аясын бір мысал жазыңыз.
.............................................................................................................................................
.............................................................................................................................................
[1]
Оқушының зерттеу жұмысында қолданылған трансформатордың сұлбасы төменде берілген.
(а) берілген сұлбаны пайдаланып, трансформатордың түрін ажыратыңыз.
............................................................................................................................................
............................................................................................................................................
[1]
(b) Оқушы зерттеу жұмысына пайдаланылған трансформатор мәндерін қолдана отырып, төмендегі шамаларды анықтаңыз.
(і) екінші ретті орамдағы кернеудің мәнін
[1]
(іі) бірінші ретті орамдағы кернеу мәнін
[2]
(ііі) егер трансформатордың бірінші ретті орам саны 400-ге тең болса, екінші
ретті орам саны қанша болатындығын анықтаңыз.
[1]
Достарыңызбен бөлісу: