Жаназар батыр ескерткіші



бет1/2
Дата08.11.2022
өлшемі264,31 Kb.
#48320
  1   2
Байланысты:
ЖАНАЗАР БАТЫР ЕСКЕРТКІШІ

ЖАНАЗАР БАТЫР ЕСКЕРТКІШІ

Жаназар батыр

Жаназар батыр

Әр елдің өзінің қиян-кесті сәттерде халқын қорғайтын батырлары болған. Шиелі өңіріндегі сондай батырлардың бірі Жаназар батыр екен. Жаназар Досқанұлы 1818 жылы дүниеге келген. Қыпшақтың шашты атасына жатады. Сыр бойы қазақтарының Қоқан басқыншыларына қарсы күресіне белсене қатысқан. Қыпшақ жасағының жүзбасы болып, Жөлек, Жаңақорған, Созақ бекіністерін азат етуге қатысқан. Жаназар батыр аз уақыт Кенесары қозғалысының құрамында болған. Иман батыр бастаған қыпшақ қолына қосылып, көтерілісшілермен бірге Әулиеатаға дейін ілесіп барған. Ағасы Бекназар Кенесарының қасында қалып, 1847 ж. Кекіліктауда болған айқаста қаза тапқан. Сыр бойын патшалық Ресей отарлай бастаған кезде қоқандықтар жағына шығып, орыстарға қарсы күрескен.

Бабамыздың көзін көрген кәрі құлақтардан ауыз-екі жеткен аңыздардың айтуынша, ол екі иығына екі кісі мінгендей ірі денелі, қапсағай бойлы, қараторы жүзді, сұсты қабақты, өткір көзді, қыр мұрынды, келісті кісі болыпты. Жауға шапқанда, төбесіне бұлт көшіп, төңірегін тұман тұмшалап тастайды екен. Қарсы келген дұшпаны осыдан-ақ қарға адым жерді көре алмай, табан асты тал қармап, қапыда қалатын болған. Жекпе-жекке шыққанда, атының мойнындағы қыл шылбырды әдейі бос жіберетін көрінеді. Сол кезде ауада қылқып, жер сызып шұбатылып келе жатқан шәлкес алабөтен үн шығарып, қарсыласының құтын қашыра түсетінге ұқсайды.

Жаназар батыр Шиелі өңірінде ұлғайып қартайғанша өмір сүріп, 1885 жылы дүние салғанға дейін ел арасында өте қадірлі, беделді азаматтардың бірі болған. Ол кісі бай болмаған, елге әдептілігімен, адамгершілігімен, шыншылдығымен, қасиетті тіршіліктерімен өте қадірлі кісі болғанын өткен уақыттағы қариялардан естіген көне көзді қарттар: «Шіркін, Жаназардай әділ болу керек» - деп айтады да мақтан етеді.

Батырдың бүгінгі ұрпақтары оның әруағына арнап кесене тұрғызды. Ол Сұлутөбе қыстағының теріскей бетіндегі үлкен жолдың бойынан бой көтерген.

«Маржаны Сырдың – Шиелі» демекші, бұл өлке – Сыр өңіріндегі тарихы терең, жері құнарлы, қойнауы қазба байлықтарға толы киелі мекен. Бақыт құсы келіп қонған мекенге биыл торқалы 90 жыл толып отыр. Бұл топырақ – жеті әулие мен бес ғасыр адамын, жезтаңдай әншілер мен елдің мұңын жоқтаған ақындарды мәпелеген бесік. Сонымен қатар, талай тарландарды түлеткен орда. Сондай-ақ, қолына қару ұстап, елін жаудан қорғаған батырлары да аз емес. Солардың бірі – Жаназар Досқанаұлы. Батыр Жаназар бұрынғы Ақмешіт уезі, Шиелі болысына қарасты «Сұлутөбе» елді мекенінде 1818 жылы туылған. Яғни, Сыр бойында билік-өктемдігін жүргізген қоқандықтар мен батыстағы Ресейдің отаршылдық саясаты мен барымташылардың озбырлық әрекеттерді көрсеткен тарихи кезеңмен тұспа-тұс өмір сүрген. Осындай қиын-қыстау заманда өмір есігін ашқан Жаназар Досқанаұлы ерте есейіп, қолына қару алды.Атадан балаға ауызба-ауыз жетіп келген әңгімелердің бірінде Жаназар ірі денелі, екі иығына екі кісі мінгендей, қапсағай бойлы, сұсты, өткір көзді, қыр мұрынды, қараторы жүзді кісі болыпты. Оның батырлық мінезін халық бала күнінен-ақ байқапты. Кей деректерде он жеті жасында-ақ топ жарған делінеді.Ол туралы мына бір деректе: «Ертеректе батыр ауылына бір топ қарулы барымташылар келіп, Жаңабай қарттың түйелерін айдап әкетеді. Жаназар жалғыз өзі барымташыларды қуып жетіп, оларды қас-қағым сәтте қағып түсіп, қолды болған түйелерді барымташылармен бірге айдап, Жаңабай қартқа қайтарған екен. Сонда, барымташылар: «Әкең Жаназар!» деп айқай салғанда біздің көз алдымыз тұманданып, көрмей қалды» деп он жеті жастағы Жаназардың батырлығын мойындайды», – делінеді.Жоғарыдағы оқиғада айтып өткендей Әбілмансұрдың «Абылайлап» жауға қарсы шапқаны секілді, Жаназар да жауға шапқанда «Әкең Жаназар» деп айғай салады екен. Айғайды естіген жау әскері тұмшаланған тұманнан қарға адым жерді көре алмай, сасқалақтап, Жаназардың айғайы тізе бүктіреді екен. Жаназар батыр қайда жүрсе де аспанда бұлт айналып, егер жауға шапса, ол бұлт төне тұмандата түсіп, жаудың құтын қашырып, бірін-бірі көрмей де қалатындай болған деушілер бар.Ел аузындағы әңгімелердің бірінде: «Кенесары Қасымұлы жалғыз Қоқан хандығы емес, орта Азиядағы көршілес Қырғыз елін шабар алдындағы дайындықта қосынын толықтыру мақсатында мал-мүлік жинау жөнінде жарлық береді. Бұл жарлыққа наразы болған Сыр бойындағы қыпшақтар ауылын шабуға келген Наурызбай батыр, Жаназар батырмен кездескеннен кейін, тұлпарының басын кері бұрған екен. Бұл істің түбін түсінбеген сарбаздары: «Бір адамнан қорқып, неге кейін қайттық?» – деген сауалына Наурызбай батыр: «Жаназардың үстіндегі аспанда төніп тұрған қара бұлтты көрдіңдер ме? Жаназардың екі иығынан екі үлек мойнын созып, аузын арандай ашып, маған тап беріп, атылып қарап тұрды. Жаназардың пірі – үлек екен. Менің пірім – қабан. Үлектен қорыққаннан қабаным да атымның астына кіріп кетті. Кейін бір реті келер» – деп жауап берген екен.Ол қандай қиыншылық кездессе де, ағайынның қамын ойлап, ауылдарды ішінара отырықшылыққа да баулып, құдық қаздырып, диқаншылықпен айналысуды үйреткен. Жаназар Досқанаұлы 1881 жылы дүниеден өткен. Сол ауыл қазір «Бірлестік» деп аталады. Ал, құдық болса, бүгінгі күнге дейін халық игілігіне жарап тұр. Оны тұрғындар «Жаназар құдығы» деп атайды.Батырдың ұрпақтары Жаназар батырдың өскен және жерленген жеріндегі, яғни, Сұлутөбе тұсындағы ұлы Жібек жолы бойында, 2001 жылы арнайы үлкен кесене-ескерткіш тұрғызып, ел-жұрты жиналып, үлкен ас берді. Ал, 2017 жылы тағы күрделі жөндеуден өткізді.Батырдың елі үшін еңбегі елеулі. Бүгінгі жас ұрпақ Жаназар батыр, оның өмір жолы, ерліктері жайында біле бермесі анық. Батырдың туып-өскен Бірлестік ауылына Жаназар батырдың есімі берілетіндігі жөнінде аудандық мәслихаттың шешімі көпшіліктің көңілінен шыққаны анық. Ендігі жерде Сыр бойында туып, елі үшін күрескен батыр есімі өскелең ұрпаққа үлгі болары анық.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет