Жанғара Дәдебаев



Pdf көрінісі
бет12/13
Дата15.11.2023
өлшемі0,93 Mb.
#123700
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Тәуелсіздік-поэзиясы

Биліктің, байлықтың тізгінін ұстау, жер 


36 
кіндігін ұстау
ұғымдары дүние билігін, дүние байлығын ұстау деген 
мағынаны тұспалдап жеткізеді. Билікқұмарлық, дүниеқұмарлық сияқты 
құмарлықтардың құрсауында қалған жағдайда, ойдың дербестігі, сананың 
еркіндігі ғайып болатыны, ой да, сана да сол құмарлықтарға құл болып қызмет 
ететіні түсінікті. Дүниедегі игілікті, ізгі деген істердің бәрі де адамның ақыл-
ой еркіндігі нәтижесінде жасалады. Кісі өз ойының еркіндігімен ғана кісі 
болып қалмақ. 
Рубаятта қарапайым ғана ой айтылғандай көрінуі мүмкін. Байыптап 
қараған адамға оның мәнісі тереңде екенін аңғару да қиын емес. Тіршілікте 
істер ісін, жасар билігін өз ойының, өз ақылының таразысына салмай, нәпсінің 
айдап салуымен, өзгенің айтуымен, өзгенің дегені бойынша іс қылатындар 
болады. Бұлар – өз алдына тұтас бір қауым. Олар істер істің мәнісіне мән беріп 
жатпайды, мән беруге мүмкіншілігі жетпейді. Шап десе, шабады, ат десе, 
атады, ас десе, асады. Оған ой, ойдың еркіндігі, ойдың жасампаз қызметі 
керексіз. Онда ой, ойдың еркіндігі деген болуға тиісті емес. Оның билігі 
немесе оған нәпсінің билігі қандай зор болса, ол айналасына сондай қауіпті, 
қатерлі. Ақылмен, еркін ойдың еркімен жасалмаған билік - адам баласын 
аздыруға, тоздыруға алып келетін билік. Кісінің ақыл-ойының еркіндігін оның 
қолындағы немесе бойындағы күштің билігінен жоғары қоюда 
А.Бекбосынның ақындық танымы мен азаматтық ұстанымы қатар көрініс 
тапқан. 
Ақынның рубаяттарына оның өзі көзімен көрген, жүрегімен сезген 
шындық құбылыстар негіз болған. Осындай құбылыстардың қатарында тіл, 
ана тілі жайы Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ поэзиясында басты 
тақырыптардың қатарынан орын алды. Тіл тағдыры Арғынбай Бекбосынның 
рубаяттарында философиялық, әлеуметтік ойлардың түйіні түрінде 
пайымдалды. 
Ел «тілім» деп тіріле бастағанда
Кәрі сайқал Сатқындық басты амалға: 
Өзге тілде сөйлетіп өз баласын, 
Қазақ тілін үйретпек басқа адамға!..
Ой анық, ойға арқау болған шындық оқиға нақты. Қазақ тілін үйренбек, 
қазақ тілін өзгелерге үйретпек болып құлшынғандардың қалың шоғыры ақын 
«кәрі сайқал Сатқындық» деп ат қойғандардың қатарынан шықты. Осылар 
мемлекет қаржысы есебінен қазақ тілін үйрететін оқу орталықтарын ашты, 
осылар қазақ тілін үйрететін оқулықтар мен оқу құралдарын жазды. Осылар 
қазақ тілін жақсы үйретпек үшін екі тілде оқытты, одан кейін үш тілде оқытты, 
келе-келе қазақ тілін ағылшынша оқытуға көшті. Осының бәрі жаңалық, жаңа 
табыс қатарында насихатталды. Арғынбай Бекбосын мына рубаятында 
Қазақстандағы қазақ тілінің жайын бір қырынан ғана көрсетті. Сол бір 
қырынан көрінген шындық болмыстың өзінде сұрапыл күштің сойқанды ісінің 
ізі анық бедерленген.


37 
Намыстың құны – бізде қара бақыр! 
Сенбесең, серт те берем, қара да тұр. 
Өз тілін өзге тілмен буындырып, 
Қарашы, мына ел қайда бара жатыр?! – 
төрттағанында да бір ғана ой бар: 
өз тілін өзге тілмен буындырып
. Осы бір 
жол-біртаған ойдың өзінде бірнеше ғасырдың белін майыстырып, қабырғасын 
қайыстырғандай ауыр салмақ жатыр. Ақын өзінің оқырмандарына осы 
салмақтың зардабын сездіргісі келеді. Қазақ тілін ағылшын тілінде оқыту – 
қазақ тілін өзге тілмен буындырудың өрескел, надандықпен бүркемеленген 
оңбаған үлгісі. Бұл ақын ойдан шығарып айтып отырған нәрсе емес. Мұны 
болмыстағы шындықтың көрінісі екендігіне біреу сенсе, біреу сенбейді. 
Сенбегендер қазақ тілін ағылшынша оқытудың мүмкін еместігін ақылға салып 
біледі. Ақын рубаяты қазақ тілін ағылшынша оқыту туралы емес, қазақ тілін 
өзге тілмен буындыру туралы. Қазақ тілін өзге тілмен буындырудың амал-
айлалары, тәсілдері алуан түрлі. Қазақ тілін ағылшынша оқыту – сол алуан 
түрлі амал-айла, тәсілдердің бірі.
Болмыстың түрлі қырлары мен сырларына бойлаған ақын бір 
рубаятында мынадай ой ұсынады: 
Ел азып, кеміп кетсе келеден іс, 
Жалғандық шындығыңа бере ме дес?.. 
Шындық деп шырылдар тек бейшаралар, 
Күштіге шындық мүлде керек емес! 
Шындық пен жалғандықтың тартысы, күшті мен әлсіздің қайшылығы 
атам заманынан бері бір тоқтаған емес. Оны тоқтату мүмкін емес. Күштінің 
шындығы – оның күштілігі. Күштінің күштілігі – дүние байлығында. Дүние 
байлығы адамдардың бәрінде бірдей бола алмайды. Күшті шындықтың 
өлшемін өзінің күшіне салып анықтайды. Күшті шындықты өзінің күшіне 
салғанда, шындық шырылдайды, шырқырайды.
Шындықтың халықтық өлшеуі – ақыл таразысы, жүректің рақымы. 
Ақыл таразысы бұзылған жағдайда, жүректен рақым қашқан жағдайда 
шындыққа көз жетпейтін болады. Бірақ халықтың ақыл таразысы 
бұзылмайды, халықтың жүрегінен рақым нұры өшпейді. Ақын осыдан үміт 
етеді, осыған сенеді. 
Қайғырма, ит қапты деп налыма да! 
Сұрашы ақсақалдан барып ана: 
Адамы аз, иттері көп дүниеде 
Жанында жарасы жоқ табыла ма? – 
дейді ақын. 


38 
Арғынбай Бекбосынның әр рубаятындағы әр ойдың айналасында 
оқырман жұрттың көңілін тербеп, толқытатын, толғандыратын сырлар бар. 
Арғынбай Бекбосын толайым түр, орайлы ойлар жүйесімен, сындарлы 
сырымен Тәуелсіздік кезеңі поэзиясының дамуына өрнекті үлес қосты.
Тәуелсіздік кезеңінің поэзиясын төрттағандап тартып, 
орынды сөздің орайын тауып, ғазал үлгісінде 
ойланып айтып, толғанып толғап келе жатқан ақын 
бар. Ол – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет