Жанр: Ертегі


өтірікке жұмсайды. Жаман ханның жылқысынан бір семіз атты тандап мініп, жолға шығады. Қырық уәзір үш күншілік жерге шығарып салып



бет10/13
Дата11.12.2023
өлшемі35,58 Kb.
#137256
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
аяз би

өтірікке жұмсайды. Жаман ханның жылқысынан бір семіз атты тандап мініп, жолға шығады. Қырық уәзір үш күншілік жерге шығарып салып қайтады. Уәзірлердің артынша Жаман да кейін қайтып, Қаратоғай дейтін орманға апарып, атын сойып үйінен көлік әкеліп, етті тасып, тұздап алады. Төсегінің астынан адам бойы жер қазып, күндіз сонда, түнде әйелінің қасында жата береді. Ай өтеді, жыл өтеді. Бір күні Жаманның үйіне, жеңгесіне көңіл айтуға хан келеді. Қонағасы жеп болған соң, хан сөз бастап:
— Адамның, шөптің, құстың жаманын әкел дегенде, уәзірлерімнің алып келген Жаманы еді. Жаман болса да, ақылына риза болып, тағымды да беріп едім. Ақылының арқасында, сені де алып еді. Сол ақылынан үміт етіп, бір жұмысқа жұмсай қойып едім, келер уақыты өтіп кетті. Құдайдың әмірі болды ма, деймін... Сені қор қылып, жалғыз тастамаспын, «Аға өлсе, ініге жеңге - мұра» деген, қолыма алып бағармын, – деп үгіт айтады. Әйел отырып:
— Е, құдайдың әмірі болса не шара? Ол келгенше, сенің қолында бір қадірлі тас бар еді, соның тілімен сен оны жарып едің, жарылған соң ол тас пайдаға аспады ғой. Сол секілді әр заттың пайдалы уақыты бар еді. Кешегі қыз күнімде болса, бірсәрі, енді мен сол жарылған тас сияқтымын. Саған қызмет етіп жаға алмаспын, әуре болма, – дейді. Хан әйелден жеңіліп үйіне қайтады. Хан шығып кеткен соң, қатын байын шақырып алып:
— Бар, енді ханның жауабын өзің бер, – деп қоя береді. Хан да барып тағына отырады, Жаман да сәлем беріп, кіріп барады. Хан сасып қалып:
— Уа, қашан келіп қалдың? Ал енді әңгімеңді айта бер! – дейді.
Жаман тұрып:
— Әңгіме ұзақ емес. Уәзірлер шығарып салған соң, бір аш арыстан соңымнан қалмады. Мен: «Барсакелмеске», барып жауды мұқатқанша, мына жауды мұқатайын!» – деп, қылышымды суырып алып, қуып кеттім. Өз ауылыма апарып, қамап едім, онан шығып кетті. Осы сіздің ордаға кірді ме деп отырмын, – дейді. Хан не дерін білмейді, бір қызарады, бір бозарады, жерге кіріп кеткендей болады, ақырында:
— Мен айыптымын, менде бір қате болды, шайтанның азғырғанына ердім, оған себеп мына уәзірлер. Бұлар енді иә саған, иә маған бір қатер қылар,

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет