Жанр: Ертегі


таудың етегін қырау шалғалы



бет12/13
Дата11.12.2023
өлшемі35,58 Kb.
#137256
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
аяз би

таудың етегін қырау шалғалы неше жыл болды?
— Он бес жыл болды.
— Бұл таудың басынан бұлақ аққалы неше жыл болды?
— Оған да бір он жыл болған шығар. Хан ойланып тұрып тағы да:
— Ата, өзіңіз нешеусіз? – дейді.
— Ой шырағым-ай, жатқанда екеумін, тұрғанда төртеумін.
— Баба, менің қырық асыранды қазым бар, соны білдірмей жүнін жұлып, күйдірмей пісіріп, қан шығармай сойып беретін кісі бар ма? – деп сұрайды хан. Сонда шал:
— Адамына тап болсаң, айтқаныңнан да артық етер, – дейді. Хан шалдың сөзіне қанағат етіп, атының басын бұрып, үйіне қайтады. Хан үйіне келген соң, уәзірлеріне:
Мен не дедім, шал не деді? Соны айырыңдар, оны айыруға бір ай уақыт берем. Айыра алмасаңдар, қырқың да өлесіңдер, – дейді. Уәзірлер сасып, өздері таба алмайтын болған соң, бәрі де баяғы Жаманға барып, ханның айтқанын айтады. Сонда Жаман:
— Бұл оңай жұмыс емес. Бастарың өлімге байланған екен. Жақсы енді болмас, тағы да бір амал табайын. Сендер бір ат қалдырып, басқа аттарыңды сойыңдар, киімдеріңді өртеп, сонымен бір аттың етін пісіріңдер, мен мына қалған атқа мініп сендерді ханға жалаңаш айдап барам. Егерде сендер, арланып, қастық етпейтін болсаңдар, мен сендерді хан алдында құтқарып алам, – дейді.
Уәзірлер бір ауыздан:
— Ойбай, тақсыр, арланбаймыз! Жанымыз қалса болады, ханымыз бізге мықты өкпелеп жүр, – деп, риза болып, сол жерде отыз тоғыз атты сойып, бір атты қалдырып, сойған аттардың біреуінің етін өздерінің киімін жағып пісіріп, етін жеп алады. Етті жеп болған соң, соймай қалдырған ала шолақ атқа Жаман мінеді, қолына құрық алып, жалаң аяқ, жалаң бас уәзірлерді ханға айдап жөнеледі. Жаман келе жатыр дегенді естіп, хан қырық жігіт ертіп, жібек кілем, жібек шатыр алып, түстік жерден алдынан шығып, Жаманды жер бастырмай құрметтеп, жібек кілемге түсіріп алады.
Хан уәзірлерді үмытып кетеді. Отыз күн ойын, қырық күн тойын жасап жата береді. Бір күні уәзірлердің арасында: «Бұл хан өз қызығы өзінде жата берді. Түнеугі сөзін ұмытып кетті білем», – деген күңкіл шығады. Жаман оны естіп, уәзірлерді шақыртып алып, жиылған халық алдында:
— Ол шал жұрттан асқан дана еді. Хан оның даналығын сезіп, «Қырық уәзірімді жөнге салып, ақыл айтпас па екен?» – деп, сәлем беріп, тілдесіп еді. Ханның: «Бұл таудың басын қырау шалғалы неше жыл болды?» дегені:

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет