Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №1 / 2015



Pdf көрінісі
бет17/29
Дата01.01.2017
өлшемі3,66 Mb.
#894
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29

ӘОК 343.2/.7 
ҚР-НЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНАМАСЫ БОЙЫНША МЕНШІККЕ ҚАРСЫ 
ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ  АЛДЫН АЛУДЫҢ ШАРАЛАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ 
МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 Бекежанов Д.Н., магистр 
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ., 
bek_dauren@mail.ru
 
 
Қазақстан    Республикасында    ең    көп    кездесетін  қылмыстар      қатарына  
«Меншікке  қарсы  қылмыстар»  жатады.    Оның    ішіндегі  ең    қауіптілерінің      бірі  
«тонау,  қарақшылық,  ұрлық»    қылмысы  болып  табылады.    Өйткені    «тонау, 
қарақшылық,  ұрлық»  қылмысы    өзінің  жасалу    әдісімен,    яғни  ашық  түрде  
жасалатындығымен  ерекшеленеді. 
«Тонау  қарақшылық,  ұрлық»  қылмысын    ғылыми  мақала      ретінде    зерттеу   
барысында    оның    қылмыстық    құрамын,    саралану    ерекшеліктерін,    басқа   
меншікке  қарсы  қылмыстардан    өзгешеліктерін,    субьектісінің    ерекшеліктерін  
толық  түрде қарастырдым. 
В  Республике  Казахстан  часто  встречающимися  преступлениями  являются 
«Преступления  против  собственности».  Среди  них  одним  из  общественно-опасных 
является  «грабеж,
   
кража,
  разбой».  Потому  что,  «грабеж,
   
кража,
  разбой» 
совершается открытым путем, особенность ее заключается в методе совершения
Рассматривая как отдельную тема научной статьи, исследуя преступление как 
«грабеж, 
 
кража,
  разбой»,  я  рассматривал  состав,  особенности  квалификации, 
отличие от других преступлений собственности, особенности субъекта грабежа. 
In  the  Republic  of  Kazakhstan  frequent  crimes  are  "  crimes  against  property  ". 
Among them, one of the socially dangerous is "robbery, theft, robbery." Because, "robbery, 
theft, robbery" committed by the open, a feature of it is the method of execution. 
Considering  as  a  separate  topic  of  scientific  articles  investigating  the  crime  as 
"robbery,  theft,  robbery,"  I  considered  the  composition,  especially  qualifications, 
difference between the other property crimes, especially the subject of a robbery. 
Кілт  сөздер:  тонау  ,қарақшылық,  ұрлық,  меншік,қылмыс,  заң,  құқықтық 
саясат. 
 
Бүгінгі    күні    қоғамда    болып    жатқан    өзгерістер,    әртүрлі    меншік  
нысандарының  пайда  болуы  қылмыстық  заңның  да  өзгеруіне  ықпал  етеді.  1997 
жылғы    Қылмыстық  кодекс  қазіргі  қоғамға  қажет,  бұрын  бізге  таныс  емес  жаңа 
қылмыс  құрамдарын  ұсынады.  Бірақ  заңның  жаңалығы  оның  толық  жетілгендігін 
білдірмейді. Кейбір авторлар пікірінше қылмыстық заң күшіне енген соң  көптеген 
қоғамдық қажеттіліктерге жауап бере алмады. Қылмыстық-құқықтық новеллаларды 
жасау  және  өзгерту  негізінде  олардың  мазмұнын  анықтайтын  теориялық 
қылмыстық-құқықтық  концепциялар  жатыр.  Сондықтан  зерттеушілер  зерттеу 
деңгейі толық емес делінген құқықтық идеяларға көңіл бөледі. 
Қазіргі  уақытта  криминогендік  жағдайдың  шиеленісу  факторы  болып 
экономиканың  тұрақсыздығы,  өндіріс  пен  тұтынушылық  нарық  мүмкіндігінің 
қысқаруы, ақшаның құнсыздануы, бағаның үнемі өсуі, көптеген азаматтардың өмір 
сүру деңгейінің төмендеуіне әкеп соқты. Бұл жағдайдан Қазақстан да тыс қалмады. 
Қазақстанда  қылмыстылық  деңгейі  90  жылдардың  соңында  жедел  өсіп,  жоғары 

     
 
 
143 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2015     
 
күйінде  қала  берді,  соңғы  жылдардағы  криминалдық  өзгеріс,  қылмыстылықтың 
санының  ғана  өсуі  емес,  сонымен  бірге  қылмыстылықтың  сапасының  өзгеруі 
болады. 
Мемлекеттің қылмыстылыққа бақылау жасап, оның алдын алуға қабілетсіздігі 
–  қоғамның  саяси,  заңдық,  әлеуметтік-экономикалық  тұрақсыздығы  екені  белгілі.  
Осындай  жағдайға  байланысты  криминологиялық  және  қылмыстық  құқықтың 
зерттеу шегіне кіретін ұрлықпен күрес жүргізу мәселесі ерекше маңызға ие болды.  
Қазақстан  Республикасының тәуелсіз мемлекет болып жарияланғанына 
жиырма  екі  жылдан  асты.    Жиырма  үш  жылдардың  ішінде  еліміз  әлем 
сахынасы  төрінде  беделді  орынға  ие  болып,  көптеген  жетістіктерге  қол 
жеткізгені  белгілі.  Қазіргі  жағдайда  сот-құқықтық  реформасын  іске  асыруда 
құқықтық  мемлекеттің  негізгі  қағидасын  жүзеге  асыруды  қамтамасыз  ету 
саласында  қылмысты  ашу  мен  тергеу  процестерін  жетілдіру  мәселесі  ерекше 
маңызға ие болып отыр.  
 Меншікті  реттеу  Қазақстан  Республикасының  Конституциясынан  бастау 
алып,    еліміздің    азаматтық    кодексімен,  мемлекет  иелігінен  алу    және  
жекешелендіру,    тағы    басқа    заңдармен,    нормативтік    құқықтық    актілермен  
жалғасын    тапқан.        Өкінішке    орай,    меншікті    реттейтін    заңдардың    арасында  
өзара    қайшылықтары,    шешімін    таппаған    қиындықтары  да    бар.  Қазақстан 
Республикасының  Конституциясының  6-бабында  “Қазақстан  Республикасында 
мемлекеттiк  меншiк  пен  жеке  меншiк  танылады  және  бiрдей  қорғалады. 
Конституцияның    26  бабында  көрсетілгендей,    Қазақстан    Республикасының  
азаматтары заңды  түрде  алған  қандай да  болсын  мүлкін  жеке  меншікте  ұстай  
алады  делінген [1].   
Біздің  елімізде  адам  бостандығы  мен  жеке  басына  қол  сұғылмаушылық 
құқығына  қол  сұғуға  жауаптылықты  белгілейтін  қылмыстық  заңнама  елдегі 
жүргізіліп  отырған  қылмыстылыққа  қарсы  саясатқа  сәйкес  дамытылып,  жетілдіріп 
отырылуға  тиіс.  Қазақстан  Республикасының  құқықтық  саясаты  концепциясында 
көрсетіліп  кеткендей  қылмыстық  заңнамада  бастама  заңмен  қорғалатын  ең  қымбат 
әлеуметтік  құндылық  болып  табылатын  адам  құқықтары  мен  бостандықтарын 
алынуы керек [2].  
Қазақстан  Республикасы  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына 
Жолдауы  Қазақстан  жолы  –  2050:  Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ  атты 
жолдауынның  жетінші    бағытында    Мемлекеттік  институттар  жұмысын  жетілдіру. 
Әлемнің  дамыған  30  елінің  қатарына  ұмтылыс  кезінде  бізге  адал  бәсекелестік, 
әділеттілік,  заңның  үстемдігі  және  жоғары  құқықтық  мәдениет  ахуалы  қажет. 
Мемлекеттің  үкіметтік  емес  сектормен  және  бизнеспен  өзара  іс-қимылының 
жаңартылған тәсілдері керек.   
Заң  алдындағы  теңдік  құқық  тәртібінің  шынайы  негізі  болуға  тиіс. 
Сот  жүйесі  іс  жүзінде  ашық  және  қолжетімді,  қарапайым  және  барлық  дауды  тез 
шеше  алатындай  болуға  тиіс.  Барлық  құқық  қорғау  жүйесі  жұмысының  сапасын 
арттыру қажет. Зор өкілеттілік пен құқық иеленген шенділер мінсіз мінез-құлқымен 
және жоғары кәсіби деңгейімен ерекшеленуге тиіс [3]. 
Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 6 тарауында меншікке қарсы 
қылмыстық құқық бұзушылықтар бөлімінде 188-бабы ұрлық, 191-бабы тонау, 192 –
бабы  қарақшылық  қылмыстарын  сараланушы  белгілерінің  екі  тобын  көрсеткен: 
адамдар  тобының  алдын  ала  сөз  байласуы  бойынша  немесе  бірнеше  рет  немесе 
тұрғын,  қызметтік  не  өндірістік  үй  жайға,  қоймаға  заңсыз  кірумен  жасалынған 
ұрлық; ұйымдасқан топ немесе талан-тараж не қорқытып алушылық үшін бұрын екі 
немесе одан көп рет сотталған адам жасаған ұрлық [4].     

     
 
 
144 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2015     
 
Сонымен  қатар,  қарақшылық  аса  кауіпті  рецидивиспен  жасалған  және 
қайталап  жасалынған  қарақшылық,  мүлікті  ірі  мөлшерде  ұрлау  жатады. 
Қарақшылық  пен  ұрлықтың  Объектісіне  қатысты  ұқсастығы  екеуінде  де  біреудің 
мүлкіне  қатысты  іс-әрекет  болып  келеді.  Ал  айырмашылығына  келетін  болсақ 
біріншіден  ұрлықта  жасырын  түрде,  ал  тонау  ашық  түрде  жасалады.  Екінші 
айырмашылығы  ол  обьектісінде,  яғни  ұрлықта  ол  көлік,  коммерциялық  не 
коммерциялық  емес  ұйымдардың  меншігі  т.б.  кез-келген  меншік  бола  алады. 
Объективтік  жағына  келетін  болсақ  екі  қылмыс  та  іс-әрекет  пен  жасалады. 
Субъективтік жағы ол екі іс-әрекеттеде тікелей-қасақаналықпен жасалады. Қылмыс 
пайдакүнемдік ниет және сондай максатпен жүзеге асырылады.Ұрлық пен тонаудың 
субъектісі  болып  14-ке  толған  есі    дұрыс  кез-келген    адамдар  танылады.Тонау 
ұрлықтан қарағанда ауыр қылмыс болып келеді. Үйткені тонуда денсаулығына зиян 
келтіремін деп қорқытып жасайды [5, 154б.]. 
А.И.Гуров жазғандай:  “Ерте заманнан бастап Орта Азия халықтарында, 
сол  сияқты  басқа  да  халықтарда  жылқы  ұрлау  кең  тараған  еді.    Жылқы 
ұрлаушыларды    “отырғыштылар”    (скамеечники)      деп  атаған.  Бұлар 
ұрылардың  ішіндегі  ең  мықтылары  болды,  әрі  олардың  ғасырларға  созылған 
қылмыстық  дәстүрлері,  әдейі  өздеріне  ғана  белгілі  жаргондары,  губерния 
аралық  қылмыстық  байланыстары,  ұрланған  малды  жасыруға  қалыптасқан 
айла-тәсілдері  болған.  Тәжірибелі  жылқы  ұрлаушылар              “кәсіби”   
шеберліктерін  мұра  қылып  қалдырып  отырған.  Жылқы  ұрлау  ұйымдасқан 
қылмыстың  түрі  болған  және  арнаулы  кәсіби  қарақшы    топтардан  тұрған. 
Кейде  мұндай  топтар  бірнеше  жүздеген  адамды  қамтыған,  сондықтан,  бұл 
қылмысты ұйымдасқан қылмыс санатына жатқызуға болады”   [6,72б.].  
Шабуыл  жасап  тонаудың  алдында  қылмыскерлер  өзінің  залал  келтіретін 
адамын  белгілеп  алады,  яғни  оның  жұмыстық  мәртебесін,  күнделікті  істейтін  ісін, 
осыған қарап, оның материалдық жағдайын анықтайды. Әдетте шабуыл жасап тонау 
мен  тонаудың  жәбірленушілері  қылмыскерге,  өздерінің  жас  немесе  басқа  факторға 
сәйкес  ешқандай  қарсы  әрекет  жасай  алмайтын  адамдар  болады.  Көбінесе  шабуыл 
жасап  тонау  мен  тонауға  алкогольдік  ішімдіктер  ішетін,  сондай-ақ  жеңіл  жүрісті 
әйелдерге қызуғышылығы бар адамдар ұшырайды деп тұжырымдайды. [7,56б.].   
Н.М. Коржанскийдің пікірі бойынша  ұрлық өзінің объективтік белгісіне орай 
мүлікті  меншік  иесінің  иелігіне  немесе  қорғауға  берілген  тұлғаның  қол  астынан 
құқыққа  қайшы  күш  қолданусыз  жасырын  алуда  көрініс  табады.  Ұрлық  ұрының 
меншік  иесінің  билігіндегі  бөтен  мүлікті  алуда  белгілі  тәсілімен  әрекетпен  ғана 
жүзеге  асырылады,  ұрлық  әрекетсіздікпен  жасалмайды.  Осыған  орай  ұрлықтың 
объективтік  жағын  әрекет,  зардап  және  әрекет  пен  зардаптын  арасындағы  тікелей 
себепті байланыс деп көрсетуге болады [8,211б.].   
Мемлекетіміздің  нарықтық  экономикаға  өтуіне  байланысты  тұрғындардың 
әлеуметтік-экономикалық өмірінде өзгерістер болды. Бұл өзгерістер қылмыстардың 
өсуіне  себеп  болып  отыр.  Қазіргі  кезде  ұрлық  ,  қарақшылық,  адам  өлтіру 
қылмыстары  кеңінен құлаш жайып отыр.Аталған қылмыстарды ашуды оқиға болған 
жердің тергеу әрекеті ретінде маңызы өте зор. Қылмыстық заңның осы нормасының 
өзі адамды қылмыстық жауапқа тарту үшін және осы қылмыс жасағаны үшін кінәлі 
деп  табу  үшін  оның  жасаған  іс  әретінде  белгілі  бір  қылмыс  құрамының  белгілері 
болуы  керек  екендігін  және  қылмыстық  заңда  көрсетілген  қылмыс  құрамының 
барлық белгілері бар іс әрекетті істеу қылмыстық жауаптылықтың бірден бір негізі 
болып табылатынын айқындайды.  
Сондықтан  да,  Қазақстан  Республикасы  қылмыстық  заңдарының  ең  басты 
мiндеттерi  адам,  адамның  өмiрi,  олардың  құқықтары  мен  бостандықтары,  жеке 
меншiк мүлiктерi, қоғамның, мемлекеттiң мүдделерiн қорғау болып табылады. 

     
 
 
145 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2015     
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995жылы 30 тамыз Алматы: 
Юрист 2015-61 б 
2.
 
Қазақстан  Республикасы  Президенті.  Қазақстан  Республикасының 
құқықтық саясат тұжырымдамасы: Жарлық, 2002 жыл, 20 қыркүйек, №949// Егемен 
Қазақстан. – 2012. – 25 қыркүйек. 
3.
 
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 
Жолдауы Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты жолдауы  
Астана, 2014 жылғы 17 қаңтар.  
4.
 
Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық    кодексі.  –  Алматы:  «ЮРИСТ». 
2015.- 204б. 
5.
 
А.Н.  Ағыбаев  Қылмыстық  құқық:  Оқулық.  Толықтырылған,  екінші 
басылымы. – А.: «Жеті жарғы». 1999. - 320 б. 
6.
 
Гуров А.И. Порфессиональная преступность: прошлое и современность М., 
1990. -241 с. 
7.
 
С.Рахметов, 
А.Н.Ағыбаев, 
С.Умбеталиев 
Қылмыс 
құрамының 
ерекшеліктері бойынша саралау : Практикалық оқу құралы.  - Алматы:    «Дәнекер»,  
2009. - 320 б. 
8.
 
Коржанский Н.М. Объект и предмет  уголовно-правовой охраны. -Москва, 
2001. - 401 с. 
 
 
ОӘД 342.7 
ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТІРЕГІ - АТА ЗАҢ! 
 
Байжуманова Айгерим Мажибековна, аға оқытушы, магистр 
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ., 
Nurai310707@mail.ru
 
 
Бұл мақалада Қазақстан Республикасының Конституциясының қабылданған 
кезден бастап, қазіргі кезге дейінгі Конституцияның қоғамдағы рөлі мен маңызын, 
өзгерту  мен  толықтырулар  енгізу  тәртібі  мен  құқықтық  негіздерін,    тәуелсіз 
Қазақстанның  тарихи  дамуы  мен  кезеңдерін  бекітіп,  сондай-ақ  Негізгі  заңның 
дұрыс  жұмыс  істеуіне  бйланысты  азаматтық  қоғамның  және  республика 
қызметінің негізгі бағыттары мен қағидаларының  қызметтері қарастырылған. 
В  данной  статье  раскрываются  основные  и  правовые  направления 
Конституции  Республики  Казахстан  как  основного  закона  государства,  его  роль, 
сущность  и  порядок  внесения  изменений  и  дополнений  в  Конституцию,  а  также 
принципы деятельности государства, которые указаны в Конституции.  
This  article  covers  basic  and  legal  areas  of  the  Constitution  of  the  Republic  of 
Kazakhstan  as  the  Basic  Law  of  the  State,  its  role,  the  essence  and  the  procedure  for 
introducing amendments and additions to the Constitution, as well as the principles of the 
activity of the State, which are specified in the Constitution. 
Кілт  сөздер:  Конституция,  қоғам,  мемлекет,  мемлекеттік  құрылыс, 
конституциялық принцип, республика, референдум, демократия. 
 
 
 
 
 
 

     
 
 
146 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2015     
 
                                                      «Көндіре алатын күші  
болмаса заң заң болудан қалады». 
Дж.Гарфиллд 
 
Осыдан  жиырма  жыл  бұрын  бүкілхалықтық референдумда  қабылданған  Ата 
заң  Қазақстан  азаматтарының  күнделікті  өміріне  қажетті  сұрақтардан  бастап, 
стратегиялық  маңызы  бар  мәселелерді  шешуге  негізделген  құжат.  Оның  басты 
көздейтін  нысаны  –  адам  және  оның  өмірі,  құқықтары  мен  бостандықтары. 
Конституция осы жылдар ішінде жас мемлекеттің, билік пен басқару  жүйесін жан-
жақты  нығайтып  қана  қоймай,  ел  экономикасын  түбегейлі  реформалауға,  сыртқы 
және  ішкі  саясаттың  оң  нәтижелі  жүзеге  асуына  ықпал  жасады.  Қоғамда 
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын орнатты. Бір сөзбен айтқанда, Ата заң 
–  қоғам  дамуының  түпқазығына  айналды.  Біздің  заң  әлемдегі  ең  жас  Конституция. 
Қазір  толысу  мен  толығу  сәтінде.  Кейде,  оған  өзгерістер  енгізуге  ұсыныс  болады. 
Алайда, Конституцияны өзгерте беру қоғам үшін, әр азамат үшін тиімсіз. Даму мен 
өркениеттің  жолына  түскен  еліміздің  қазіргі  Ата  заңы  қазақстандық  азаматтардың 
құқығын  қорғауда  көпке  дейін  қызмет  жасары  сөзсіз.  Кез  келген  өркениетті 
мемлекеттің өз конституциясы болады. Елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік 
тұрақтылығы көп жағдайда сол Конституцияның, яғни Негізгі заңның дұрыс жұмыс 
істеуіне  байланысты  болмақ.  Қазақстан  Республикасының  қазіргі  Конституциясы 
1995  жылы  30  тамызда  бүкілхалықтық  референдумда  қабылданды.  Иә,  Қазақстан 
халқы  осыдан  жиырма  жыл  бұрын  жаңа  Конституцияның  қабылдануына  дауыс 
беріп,  өзінің  тарихи  таңдауын  жасаған  еді.  Негізгі  заң  тәуелсіз  Қазақстанның 
қоғамдық  және  мемлекеттік  құрылысының  іргелі  қағидаттарын  бекітіп, 
демократиялық институттардың дамуына мықты қуат берді. Қоғамдық татулық пен 
саяси  тұрақтылық,  бүкіл  халықтың  игілігін  көздейтін  экономикалық  даму, 
қазақстандық  патриотизм  және  мемлекет  өмірінің  аса  маңызды  мәселелерін 
демократиялық  әдістермен  шешу  республика  қызметінің  түбегейлі  принциптері 
болып  бекітілді.  Мемлекетіміздің  Конституциясы  —  бұл  біздің  бірлігіміздің, 
татулығымыздың  кепілдігі,  биліктің  барлық  буынының  жолға  қойылған,  тиімді 
жұмысы,  еңбек  ету,  лайықты  өмір  сүру  және  жан-жақты  үйлесімді  даму  үшін 
адамның  құқықтары  мен  бостандықтарын  бекіту,  ұлтаралық  келісім  мен  елдің 
гүлденуі  болып  табылады.  Конституция  Қазақстан  азаматының  өмір  сүруге,  сөз 
еркіндігіне,  шығармашылық  еркіндігіне  сонымен  қатар  дін  ұстанымы  еркіндігіне, 
еңбекке,  демалысқа,  денсаулық  қорғауына,  ақысыз  орта  білім  алуына  және  жеке 
адамның  қадір-қасиетіне  қол  сұғылмау  құқығына  кепіл  болады  [1].  Әрбір 
қазақстандық  азамат  біздің  Конституциямызда  жария  етілген  демократиялы 
құндылықтардың  сақталуына  жауапты.  Әрбір  азаматы  өзін  тең  сезінетін,  татулығы 
жарасқан  қазақ  елінің,  Қазақстан  халқының  қарымды  істері  бүгінде  әлем 
жұртшылығы  үшін  үлгі-өнегеге  айналды.  Мұның  өзі  біздің  Ата  Заңымызда 
бүкіладамзаттық  құндылықтар  мен  өркениеттік  игіліктердің  қамтылғанын 
айғақтайды. Біз ұлан-ғайыр байтақ даланы ақ білектің күшімен қорғап қалған батыр 
бабаларымыздың  асқақ  аманатына  адал  болуымыз  керек.  Олар  елі  азат,  жері  тұтас 
қуатты мемлекет құруды, Жерұйықта ғұмыр кешуді аңсады. Осы арманды ақиқатқа 
айналдыру  бақыты  біздің  ұрпаққа  бұйырды.  Елімізді  қарқынды  дамытып,  әлемнің 
маңдай  алды  мемлекеттерінің  қатарына  қосу  —  біздің  қастерлі  де  қасиетті 
борышымыз.  Конституция  күніне  орай  еліміздің  барлық  қалалары  мен  елді 
мекендеріндегі  мемлекеттік  және  мемлекеттік  емес  ұйымдар  секілді,  Сәтбаев 
қалалық  сотында  да  кең  көлемде  мерекелік  шара  өткізілмек.  Қол  жеткен  табыстар 
Ата  Заңымыздың  мықты  әлеуетінің  дәлелі  десек  артық  айтқандық  емес. 
Тұрақтылыққа,  Отанымыздың  басты  байлығы  –  тыныштық  пен  бейбіт  өмірге 

     
 
 
147 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2015     
 
Конституцияның негізінде қол жеткіздік. Осыны түсіне білуіміз қажет.  Ата Заңмен 
өмір сүру – демократияның жарқын көрінісі. 
 Жақында  республикамыздың  Конституциясы  тарихымен  танысып,  оның  әр 
кезең-кездегі  ел-жұртымыздың  саяси-қоғамдық  әрі  экономикалық  өміріндегі  алған 
орнын  саралағаным  бар.  Бір  қызығы,  оның  өзінің  жасампаздық  танытқан 
мезгілдерінде, ел-жұрт және мемлекет, сосын, қоғам тыныс-тіршілігін жан-жақты әрі 
нақты  көрсеткенінің  куәсі  болдым.  Ал,  кеңестік  кезеңіндегі  әр  жылдары 
қабылданған  Ата  Заңымыздың  негізін  салушылар  коммунистік  идеялар  мен 
идеологияның  жемісі  –  утопистер  екен  де,  мемлекеттің  төлқұжаты  саналатын 
конституция  утопиялық  бағыт-бағдарды  негізге  алған  басты  құжат  екенін  осы 
ізденісте аңғардым.  
Кез  келген  мемлекеттің,  елдің  тәуелсіздігін,  демократиялық  құндылықтарын 
айқындайтын  негізгі  құжат  -  Конституция.  Онда  мемлекеттің  барлық 
құрылымдарының,  жеке  азаматтардың,  ұлт  пен  ұлыстардың,  әлеуметтік  топтардың 
мақсаттары, міндеттері, құқықтары көрсетіледі. 
Осыдан  жиырма  жыл  бұрын,  30-  тамызда  Қазақстан  халқы  тарихи  шешім 
қабылдап,  еліміздің құқықтық  өміріндегі  жасампаз  жаңа  дәуіріне  қадам  басқан  еді. 
Содан бері қарай тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған Ата заң - мемлекет пен қоғамда 
орын  алып  отырған  барлық  саяси-экономикалық,  әлеуметтік  реформалардың  ілгері 
басуына, дамудың қайнар бастауына айналды. Өткен 19 жылдан бері мемлекет пен 
қоғамның  дамуындағы  өзгерістер  -  демократиялық,  зайырлы,  құқықтық  және 
әлеуметтік  мемлекет  ретінде  орнығу  талпыныстарының  бәрі  -  Ата  заң  қағидалары 
негізінде жүзеге асырылып келеді. 
Тоқтала  кететін  тағы  бір  жайт,  Қазақстанның  Ата  заңы  әлемдегі  ең  жас 
Конституциялардың бірі болып саналатынын айтқанбыз. Расында, бүкіл мемлекеттік 
құрылымды айғақтайтын, елдіктің бастауы болып табылатын құжат 20 жасқа толып 
отыр. Әрине, тарих ауқымымен айтқанда, бұл азғантай ғана мерзім. Десе де, осындай 
алмағайып заманда Қазақстанның Ата заңы уақыттың сынынан сүрінбей өтті, өзінің 
заман  талабына  лайықтығын  жан-жақты  дәлелдеді.  Ал  көптеген  зерттеушілердің 
пікірінше, 
Қазақстанның 
Конституциясы 
әлемдегі 
жалпыадамзаттық 
құндылықтарды дәріптейтін ең үздік 50 конституцияның бірі болып саналады екен. 
Бұның өзі Ата заңымыздың үлкен әлеуетін білдірсе керек. 
Тарихқа  кері  шегінетін  болсақ,  тәуелсіздікке  ие  болған  Қазақстанның  ең 
басты  қадамы  Конституцияны  қабылдаумен  тұтастай  байланысты.  Бұл  туралы: 
«Тәуелсіздігімізді  алғаннан  кейін  бізге  бүгінгі  өмір  шындығымен  және  алдағы 
уақытпен  бірге  қадам  басып,  өткен  ұрпақтың  іс-тәжірибесі  мен  жарқын  болашаққа 
деген  сенімді  жинақтаған  Негізгі  Заң  қажет  болды.  Тәуелсіз  Қазақстанның 
Конституциясы  ашық  және  демократиялық  қоғам  орнатудың  негізгі  принциптерін 
баянды етуге тиіс болатын», - деп жазады Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 
өзінің  «Қазақстан  жолы»  атты  кітабында.  Осылайша,  ел  егемендігінен  кейінгі  1993 
жылы  қабылданған Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясы егемендік 
тарихындағы  ең  демократияшыл  құжат  болып  табылған  еді.  Алғаш  қабылданған 
1993 жылғы Конституцияның мәні мен маңызына  келетін болсақ, бұл Негізгі құжат 
Президенттің  көрсеткен  мақсаты  бойынша  төрт  басты  мәселеге  жауап  беруі  және 
соған жағдай жасауы тиіс болатын. Оның біріншісі - мемлекеттік билікті басқарудың 
барлық  жүйесін  нығайту,  екіншіден  -  экономикалық  реформаны  жүргізе  отырып, 
елді  сол  кездегі  терең  дағдарыстан  шығару,  үшіншіден  -  жас  мемлекеттің  сыртқы 
саясатын қалыптастыру, төртіншіден  - ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ететін 
заңдық  негіздерді  Ата  заңда  көрсету.  Елбасы  Н.  Назарбаевтың  «Қазақстан  жолы» 
кітабында  жазуына  қарағанда,  жоғарыда  қамтылған  төрт  мақсатты  шешіп  беретін 
баптар  әуелгі  Конституцияның  жобасында  барынша  қамтылмады.  Президент  бұл 

     
 
 
148 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2015     
 
ретте  тұңғыш  Конституция  жобасы  әуелден-ақ  еліміздегі  саяси,  әлеуметтік-
экономикалық  үдерістен  алшақ  қалғанын  жазады.  Сөйтіп,  уақыт  өте  келе  заман 
ағымы мен сұранысына қарай, Бас заңымыздың кейбір тұстары нарықтық қоғамдағы 
өзгерістерге сәйкес болмай шыққаны байқалды. Сондықтан да арада екі жыл өткенде 
1995  жылы  қазіргі  Негізгі  заң  -  Конституция  қабылданды.  Осылайша,  тәуелсіздік 
жылдары  Қазақстанның  мемлекеттігін  айқындаған  Ата  заң  екі  қайтара  түледі. 
Өйткені  90-шы  жылдардың  басында  Қазақстанның  саяси-экономикалық  жағдайы 
мүлдем басқаша болатын [2, 6б.]. 
Күні  кешегі  тарихи  оқиғаларқа  жүгінсек,  жаңа  Конституцияны  қабылдау 
қарсаңында  ұзақ  мерзімді  қызу  жұмыстар  атқарылды.  Президенттің  бастамасымен 
құрылған  сарапшылар  көптеген  әлем  елдерінің  Конституцияларын,  әсіресе  ХХ 
ғасырдың  екінші  жартысында  қабылданғандарын  мұқият  сараптаудан  өткізді.  «Біз 
үшін  дамудың  әртүрлі  сатыларында  тұрған,  сан  алуан  әлеуметтік-мәдени,  ұлттық 
және басқа да ерекшеліктері, әр түрлі құқықтық жүйесі бар елдердің Конституциясы 
басты  мәселені  -  тұрақтылықты  нығайтудағы,  халықтың  әл-ауқатын  жақсартудағы 
және  демократияны  дамытудағы  қол  жеткен  табыстарын  ұғыну  маңызды  болды. 
Ізденіс  географиясы  да  ауқымды  болатын  -  ол  Еуропаны,  Азияны,  Солтүстік  және 
Латын  Америкасын  қамтыды.  Мен  өз  басым  тікелей  әлемдегі  жиырма  елдің 
конституциясын  талдап,  олардан  конспекті  жасап  алдым.  Нәтижесінде,  жаңа 
Конституцияның  қажеттігі  туралы  шешім  қабылдамас  бұрын  бізде  бес  жылдық 
жинақталған  тәжірибе  болды.  Біз  содан  негізгі  басымдықтарды,  мақсаттарды 
ажыратып,  оларға  жетудің  құралдарын  үйрендік.  Конституцияны  қабылдау 
қарсаңында  ондаған  жылдар  бойы  азаматтарымыздың  ой-санасында  қордаланып 
қалған  стереотиптерді  жою  үшін,  мемлекет  пен  қоғамды  түбегейлі  реформалау 
барысында  пайда  болатын  көптеген  объективті  және  субъективті  проблемаларды 
шешу  үшін  бірнеше  жылға  созылған  табанды  жұмыстар  атқаруға  тура  келді.  Иә, 
кейде біздің шешімдеріміз жартыкеш, ымырашыл сипатта да болды. Кез келген жаңа 
істе  болатыны  сияқты,  қателіктер  де  жіберілетін.  Осының  бәрі  сол  кездерде  анық 
өтпелі  сипатта  болған  мемлекеттік  институттар  мен  заңнамалық  қызметтерден 
көрініс тауып отырды [3, 44б.]. Бірақ, сол бір қиын-қыстау жылдарды еске алғанда, 
елімізді  күрделі  әлеуметтік  катаклизмдерге  соқтырмай,  аман  сақтап,  әлемдік 
қауымдастықтың тең құқықты мүшесі ретіндегі осы заманғы мемлекет  құру үшін не 
керектің бәрін істегеніме, мемлекетті  құруға  қызмет  жасағаныма сенімдімін»,  - деп 
жазады Елбасы кітабында. Сөйтіп, Тұңғыш Президенттің өзі ынталылық жасап, сол 
кездері  Еуропа  мен  Азияның,    Солтүстік  Латын  Америкасының  барлығы  20-дан 
астам дамыған және дамушы елдерінің конституцияларын зерттеп, саралап шықты. 
Сосын 1994 жылы өз қолымен Әділет министрлігіне жаңа конституцияның жобасын 
тапсырған болатын. Нақ осы үлгі-жоба бүгінгі Ата заңымыздың негізін қалаған еді. 
Ендеше  1995  жылы  қабылданған  Конституцияның  да  басты  авторы    -  Тұңғыш 
Президент - Елбасы Н. Назарбаев деп толық сеніммен айтуға да болады. 
Шындығында,  1995  жылғы  Конституцияны  талқылау  кезеңінде  еліміздегі 
беделді  заңгерлерден  бөлек,  Францияның  Конституциялық  кеңесінің  өкілдері,  осы 
елдің  Мемлекеттік  Кеңесінің  мүшелері,  Ресей  зерттеу  орталығының  ең  беделді 
заңгерлері  жобалық  жұмыстың  жоғары  талқылау  шараларына  атсалысты.  Айта 
кетейік, тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет бүкілхалықтық талқылауға салынған да, 
елдің  көптеген  пікірі  ескерілген    Негізгі  заң  да  осы  -  1995  жылы  қабылданған 
Конституция.  Қазір  келтіріліп  жүрген  ресми  мәліметтерге  қарасақ,  құжатты 
талқылауға 3 млн. 345 мың адам қатысыпты. Жұртшылық тарапынан сарапталған 31 
мың  886  ұсыныс  түссе,  соның  1  мың  100-і  конституция  жобасына  енгізілген.  Бұл 
жөнінде  Елбасы  «Қазақстандық  жол»  атты  кітабында:  «1995  жылғы  Конституция 
тақыр  жерде  пайда  болған  жоқ.  Ол  егемен  Қазақстанда  конституциялық  құрылыс 

     
 
 
149 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2015     
 
орнату  үшін  бұрыннан  жинақталған  тәжірибелерді,  сондай-ақ  біздің  жағдайымызға 
сәйкес  келетін  ең  прогресшіл  шетелдік  тәжірибелерді  барынша  толық  пайдаланған 
еді.  Сондықтан  да,  кімде-кім  еліміздің  Негізгі  заңының  рухы  мен  маңызын  терең 
түсінгісі  келсе,  оны  жасаудың,  қалыптастырудың  тарихын  жақсы  білуі  керек»,  - 
деген болатын [4, 75]. 
Егер, біз халықтар достығын мәңгілік сақтаймыз деген ұстанымда жергілікті 
халықтың,  яғни,  мемлекеттің  діңгегі  саналатын  ұлттың  мақсат-мүддесі,  тыныс-
тіршілігі,  әдет-ғұрпы,  салт-дәстүрінен  тыс  конституция  мен  заңдар  қабылдаймыз 
десек,  онда  өзімізді-өзіміз  қатты  алдағанымыз.  Оның  ең  озық  үлгісі  сол  бағыт-
бағдарды  жалған,  жасанды  жасампаздандырып  мәңгілік  бірлік,  достық, 
бауырмалдықты  қалыптастырып,  бір  тіл  мен  ділді  мемлекет  жасаймыз  деген  – 
КСРО.  Оның  басты  кемшілігі  жергілікті  ұлт мүддесін  аяқасты  етуі  еді.  Ақыры  сол 
түбіне жетті. Сондықтан, біз КСРО кезіндегі қателіктерді мемлекет ретінде жасанды 
достыққа  құрып,  оны  іштей  ірітіп-шірітсек  өсіп-өнбейміз.  Тарих  –  сабақ  алатын 
басты құндылық. Ол – уақыт тудырып жүргізген оқиғалар жиынтығы. Ендеше, содан 
қорытынды шығара білуге тиіспіз [5, 40б.]. 
Сонымен  биыл  20  жасқа  толатын  Конституция  тәуелсіз  мемлекет  ретінде 
дамуымызға даңғыл  болып, елдің бетке алған бағдарының тұтастай бөлігін қамтып 
отыр  десе  де  болады.  Алайда,  заман  ағымына  қарай  Негізгі  заңымыздың  өзгеріске 
ұшырауын да ешкім жоққа шығара алмасы анық. Дегенмен, қазіргі һәм өмір бойғы 
басты  міндетіміз  Қазақстан  Тәуелсіздігінің  тірегіне  айналған  Конституцияны  қатаң 
ұстану.  Яғни,  басты  талап  -  Ата  Заңымыз,  Конституцияны  құрметтеп  қорғау,  ал 
оның  маңыздылығын  жоғалтпай  сақтау  республикамыздың  әрбір  азаматының 
міндеті мен парызы болуы тиіс. Ең бастысы, Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жыл бойғы 
дамуындағы  бүгінгі  жетістіктерінің  баршасы  Ата  заңымыздың  тиімділігін  анық 
айқындап  отыр.  Конституция  20  жылдық  тәуелсіз  дамуға  сеп  болып  қана  қойған 
жоқ,  Құжаттың  нормативтік  әлеуеттері  де  халыққа  талай  қызмет  етіп,  
демократиялық,  құқықтық  мемлекеттіліктің  одан  әрі  беки  түсуіндегі  прогресс 
жолында  мығым  заңдық  негіз  болып  қала  бермек.  Осы  тұрғыдағы  ойымызды 
Елбасының сөзімен аяқтасақ: «Конституцияны қатаң ұстану  - бұл мемлекеттіліктің 
табысты  дамуының  және  қоғамдағы  азаматтық  келісімнің  негізі.  Ол  бойынша  өмір 
сүру  -  бұл  демократияның  ең  жоғарғы  мектебі  [6,  40].  Бұл  мектептен  барлығымыз 
өтуге  тиіспіз.  Біздің  міндет  -  Конституцияға  аса  ұқыптылықпен  қарау.  Өзіміздің 
елімізді, өзіміздің тарихымызды, өзіміздің жетістіктерімізді қалай құрметтесек, оны 
да  солай  аялауымыз  керек.  Конституцияны  сыйлай  білмесек,  оның  талаптарын 
мүлтіксіз  орындай  алмасақ,  онда  қоғамдық  келісімге,  тәртіпке,  бейбітшілікке  және 
тыныштыққа жету мүмкін болмайды, яғни мұндай жағдайда Отанның ырыс-берекелі 
болашағы туралы айтудың да қажеті жоқ». 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.  Қазақстан  Республикасының  Конституциясы  1995  жылы  30  тамызда 
қабылданған // «Параграф» ақпараттық жүйесі. 
2. Байжұманова А.М. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. 
Оқу құралы, –Талдықорған: «Жетісу» баспасы, 2013. -356 б. 
 3. Сапарғалиев Ғ.С. Қазақстан Республикасының конституциялық 
құқығы.Оқулық,  –Алматы: «Жеті жарғы», 2009. -423 б. 
4. Қопабаев Ө.Қ. Шетелдердің конституциялық құқығы. –Алматы: Жеті 
жарғы, 2000. -188 б. 
5.  Кенжалиев  З.Ж.,  Ким  В.А.  Қазақстан  Республикасында  конституциялық 
заңнаманың дамуы. –Алматы: Жеті жарғы, 2008. -120 б. 

     
 
 
150 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2015     
 
6. Сартаев С.С. и др. Конституционное право Республики Казахстан. Учебное 
пособие. –Алматы, 2008. -360 с. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет