ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Рамазанов Н. Валютные вклады обесцениваются // Деловая неделя, 9 июля 2008.
- б. 3.
2.
Баишев Б. О моделях банковской системы // Банки Казахстана - № 2 - авг.
2007. -б. 9.
3.
Бондарь Т. Что происходит в банковской системе Казахстана (Становление
банковской системы Казахстана обошлось без кризисов) Финансист, - №10 -
2001
166
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 / 2015
ӘОК336:1
БАНКТЕРДІ ЛИЦЕНЗИЯЛАУ ЖӘНЕ ТІРКЕУ КЕЗІНДЕ
КАПИТАЛДЫ ҚАДАҒАЛАУ
Абдибеков С.У. э.ғ.к., доцент, Сейдахметова А.А. 2 курс магистранты
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ.
Saken_Abdibekov@mail.ru, aiym.seidahmetova@mail.ru
Бұл мақалада Қазақстан Рееспубликасының екінші деңгейлі банктердің
лицензиялау және тіркеу капиталды қадағалау мәселелері қарастырылған.
In this article the main stages of registration of licensing, supervision and regulation
of banks of the second level in the Republic of Kazakhstan are considered.
В этой статье рассматриваются основные этапы регистрации
лицензирования, надзора и регулирования банков второго уровня в Республике
Казахстан.
Кілт сөздері: капитал, лицензия, банктік операциялар, акционер, қаржылық
қадағалау.
Банктердің қызметінің тұрақытылығын қамтамасыз ету мақсатында банктік
қадағалау ұйымдарының тарапынан несие мекемелерінің меншігінің құрылымын
бақылау қажет. Қазақстан Республикаысының Ұлттық Банкі банктік қадағалау
органы ретінде несие мекемесінің тікелей немесе жанама иелерінің репутациясы таза
екендігіне көз жеткізуі керек. Ұлттық банктің жаңадан құрылу және лицензия беру
сатысындағы баға беруі өте маңызды. Ол несие мекемесінің әрі қарай қаржылай
қадағалауға негіз болады.
Банктік, сондай-ақ ҚР-ң «Банктер және банктік қызмет туралы» заңына сәйкес
белгіленген өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияларды осы Заңның
талаптарына сәйкес уәкілетті орган немесе Ұлттық банк береді.
Банк операцияларын жүргізуге лицензиялар Ұлттық Банк белгілеген тәртіп
бойынша беріледі [1,64б.].
Ұлттық Банк немесе уәкілетті орган лицензия берген кезде Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес банктердің жүзеге асыруына рұқсат берілген
операциялардың атауларын нақтылауға құқылы.
Банк операцияларын жүргізуге лицензия алу үшін өтініш беруші мемлекеттік
тіркелген күннен бастап бір жыл ішінде:
а)
барлық ұйымдық - техникалық шараларды орындауға, оның ішінде уәкілетті
органның немесе Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына
сәйкес келетін үй-жай мен жабдықтар әзірлеуге, сондай-ақ тиісті біліктілігі бар
қызметкерлер жалдауға;
б)
жарғылық капиталға төлем жасауға тиіс.
Жұмыс істеп тұрған банк қосымша банк операцияларын жүргізуге лицензия
алу үшін:
1. Банк операцияларын жүргізуге лицензия алу үшін өтініш берген айдың
алдындағы қатарынан үш ай ішінде пруденциялық нормативтердің және сақтауға
міндетті басқа нормалар мен лимиттердің;
2. Тәуекелдер мен ішкі бақылау жүйелері бар бөлікте уәкілетті орган
белгілеген талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге тиіс.
3.
Банк операцияларын жүргізуге лицензия беру жөніндегі өтінішті уәкілетті
орган немесе Ұлттық Банк өтініш қабылданған күннен бастап бір ай ішінде қарауға
тиіс.
167
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 / 2015
4.
Ұлттық және (немесе) шетелдік валютамен банк операцияларын жүргізуге
лицензия шектеусіз мерзімге беріледі.
5.
Банк операцияларын жүргізуге берілген лицензия үшінші адамдарға
берілмеуіге тиіс.
6.
Банк операцияларының барлық түрлері оны жүргізу құқығы лицензияда
тікелей көрсетілген жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
7.
Банк операцияларын жүргізуге лицензия беру жөніндегі шешімді уәкілетті
органның немесе Ұлттық Банктің ресми басылымдарында жариялайды.
8.
Банк операцияларын жүргізуге берілген лицензияның тиісті дәрежеде
куәландырылған көшірмесі банк клиенттері көруіне оңтайлы жерге
орналастырылуы тиіс.
ҚР-ң «Банктер және банктік қызмет туралы» заңына сәйкес банктік
операцияларды жүзеге асыруға лицензия беруге мынадай жағдайларда рұқсат
етілмейді:
а)
осы жоғарыда белгіленген талаптардың кез келгені сақталмаған ретте;
б)
егер банк мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап бір жыл ішінде
лицензия алу жөнінде өтініш жасамаған ретте жүргізіледі.
Осы орайда банктің жарғылық, жалпы меншікті капиталының көлемі мен
оның қалыптасуы өте маңызды екендігін айта кету керек. Банкті құру сатысында
жарғылық капиталы акцияларды сату не құрылтайшылардың жарналары есебінен
Қазақстан
Республикасының
ұлттық
валютасымен
көрсетіледі
және
қалыптастырылады [2,50б.].
Бакнкінің құрылтайшылары мен акционерлері сатып алынатын акцияларға
ақшамен ғана төлем жасауға құқылы.
Банктің құрылтайшылары және акционерлері - заңды тұлғалар акцияларға
орналастырылған активтерді және басқа тұлғалардың капиталына қатысу үлесін
шегере отырып, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына
сәйкес есептелген өз капиталы шегінде банк акцияларын сатып алады.
Банктің құрылтайшылары мен қатысушылары - жеке тұлғалар жарғылық
капиталға ақша қосуға, салық заңдарының табыстары мен мүлік туралы декларация
беру бөлігінде белгіленген талаптарын ескере отырып, банк акцияларын төлеуге
құқылы.
Банк акцияларын алғашқы сату барлық құрылтайшылар (акционерлер) үшін
бірыңғай орналастыру бағасымен жүргізіледі.
Жаңадан құрылған банкінің жарғылық капиталына оның акционерлері Әділет
министрлігі банкіні тіркейтін кезге қарай елу процент мөлшерінде және тіркеген
күннен бастап бір күнтізбелік жыл ішінде толық төлем жасауға тиіс.
Банктің өз меншігіндегі капиталы (бұдан әрі - Банк капиталы) оның
міндеттемелерінің сомасы шегерілген банк активтердің құны банк активтерінің
бастапқы құнынан берілген қарыздар мен басқа да активтер бойынша қажетті
резервтер (провизиялар) сомасын шегеру жолымен есептеледі. Банк капиталын,
активтерінің құнын, берілген қарыздар мен басқа да активтер бойынша резервтердің
(провизиялардың) мөлшерін есептеу әдістемесін уәкілетті орган белгілейді.
Банк міндеттемелерінің сомасы оның активтерінің құнынан асып кеткен
жағдайда банк капиталы теріс болады.
Банк капиталының теріс мөлшері келесі үш күнтізбелік ай бойы анықталған
жағдайда уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісім бойынша
оның акционерлерінің банктің жарғылық капиталындағы үлестерін (акцияларын)
мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылдауға және оларды банк капиталының
ұлғаюына, инвестор алған міндеттемелерді ескереотырып оның қалыпты жұмыс
168
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 / 2015
істеуіне кепілдік беретін шарттармен жаңа инвесторға сатып алынған баға бойынша
дереу құқылы.
Банк акцияларын уәкілетті органның мәжбүрлеп сатып алуы банк акцияларын
(акционерлердің үлесін) кейіннен жаңа инвесторға сату мақсатында мәжбүрлеп
сатып алу туралы ол шешім қабылдаған күнгі оның нақты капиталының мөлшерін
негізге ала отырып белгіленетін баға бойынша жүзеге асырылады. Банктің сатып
алынған акцияларын олар сатып алынған баға бойынша дереу сатыды. Банктің
мәжбүрлеп сатып алынған барлық акциялары иелерінің құқықтары мен міндеттері
жаңа инвесторға көшеді.
Банкке талаптар қойылуы мүмкін міндеттемелерді орындау мерзімі басталған
жағдайда, бірақ ол талаптар банктің акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы
шешім қабылдағанға дейін қойылмасы, жеке және заңды тұлғалардың депозиттері
бойынша талаптарды қоспағанда, мұндай талаптар өтелген болып есептеледі.
Банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алудың және оларды кейіннен
инвесторларға міндетті түрде сатудың тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
Екінші деңгейлі банктердің жарғылық капиталының минималды мөлшері
белгіленген және банктер сол деңгейде өз жарғылық қорын қалыптастыруы тиіс.
Сонымен қатар жұмыс барысында капиталының теріс мөлшері анықталмауы тиіс.
Ғылыми әдебиеттерде тиімді қаржы қадағалау жүйесін зерттеу терең көрініс
таппады деуге болады. Демек банктермен өзара байланысы аспектісінде қаржы
қадағалау органдарының мәніне терең талдау жүргізілмеген. Сонымен қатар қаржы
қадағалау жүйесінің жұмысын зерттеуде талдау қажетті элемент болып табылады.
Банктердің қаржы қадағалау органдарымен байланысы бұл органдардың
құзыреті мен қызметі арқылы көрініс табады. Осыған байланысты жұмыс барысында
аталмыш органдардың қызметіне көңіл бөлінеді.
Банктердің қаржы қадағалау органдарымен өзара байланысының мінезін
объективті түрде анықтайтын алғышарттардың бірі ретінде мемлекеттің
ұйымдастыру негіздері, биліктің жалпы құрылымы, мемлекеттік экономикалық
саясаттың мақсаттарын жүзеге асыру бойынша функцияларды бөлу принципі
табылады. Аталған мінездемелер мемлекеттің ата заңы - конституциямен
анықталады. Қазақстанның дамушы нарықтық ел ретіндегі экономикалық жүйесінің
сипаты оның ұлттық валютасының салыстырмалы түрдегі әлсіздігімен, яғни сыртқы
және ішкі жағымсыз факторлардың әсеріне икемділігімен сиптталады.
Экономиканың дамуының дәстүрлі және ықпалы жоғары аспектілерінің бірі болып
тікелей және портфельді инвестиция түріндегі капиталдың трансшекаралық ағымы
табылады. Бұл қаражаттардың елімізге келуіне банк жүйесінің тұрақтылығы да
үлкен әсерін тигізеді. Осыған байланысты банктік органдар қаржы қадағалау
органдарымен тығыз байланыста болуы тиіс. Себебі қаржылық қадағалау банк
жүйесінің жағдайын алдын-ала жобалауға, белгілі бір шаралар қолдануға мүмкіндік
береді [3,90б.].
Жоғарыда аталғандай, берілген тақыыптағы жұмыс, банктік және қаржылық
қадағалау түсініктерін тығыз байланыстырады. Қазақстанның банк жүйесін
қаржылық қадағалауды Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі жүзеге асырады.
Бұл агенттік Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен біріге жұмыс
істейді. Аталмыш агенттік банктік қадағалау органы ретінде банк қызметін
қаржылай қадағалау тиімді жүргізілуін қамтамасыз етуге қатысады. ҚРҰБ
қаржылық-қадағалау агенті ролін мынадай мақсатта орындайды:
1)
Агенттіктің банктермен табысты жұмыс істеуін ұйымдастыру (банктерді
қадағалау тәжірибесінің болуына байланысты);
169
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 / 2015
2)
Банктік ұйымдар мен агенттіктің қызметкерлерінің өз құзыретін аса
сілтеушілікпен пайдалануына жол бермеу.
Осылайша ҚРҰБ еліміздің заңнамаларының орындалуын бақылаушы ролін
атқарады. Сонымен қатар банктердің өзінің құқытары мен еріктілігін қорғаудың
кепілшісі болады. Мұндай серіктестік әлемдік тәжірибе көрсеткендей оптималды
шешім болып табылады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
С.В. Сорвин. О банковском надзоре за деятельностью и развитием
кредитных организаций//Деньги и кредит.№4.2011ж.-64б.
2.
М.И.Сухов. Банковский надзор: общеэкономические аспекты//Деньги и
кредит.№8.2010ж.-50б.
3.
М.В.Степанова. Правовое регулирование банковской деятельности:
международно-правовой аспект//Банковское право.№4.2012ж.-90б.
УДК 657.012
ХҚЕС НЕГІЗІНДЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕП БЕРУ МЕН
ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
Адетбекова Д.Е.-магистрант
І.Жансүгуров атындағы Жетысу мемлекеттік университеті
Ғылыми жетекші: С.К.Байдыбекова-э.ғ.к., доцент
Кәсіпорындардың қағаздарын жүргізу, кадрлық, өндірістік және есепке алу,
т.б. мәселесін шешуге бір тиімді жолы барлық бағыттар бойынша кәсіпорынның
кешенді автоматтандыру болып табылады Бұл жағдайда, барлық бизнес-процестері
(және пайдаланушы аттары, сондай-ақ) сапалы бастапқы есебiн ұйымдастыру
деңгейін арттыру, ол автоматтандырылған жүйесін іске асыру үшін техникалық
сипаттамаларын белгілеу, және өзін-өзі енгізу сатысында сөзсіз, рәсімделген
стандартталған және стандартталған болады сатысында.
Одним из эффективных способов решения данной проблемы является
комплексная автоматизация предприятия во всех направлениях: делопроизводство,
кадры, производственный и бухгалтерский учёт и т.д. В этом случае все бизнес
процессы (и учётные в том числе) на стадии постановки технического задания на
внедрение автоматизированной системы и на стадии собственного внедрения
неизбежно будут формализованы, унифицированы и стандартизированы, что
качественно повысит уровень организации первичного учёта.
One effective way of solving this problem is complex automation of enterprises in
all directions: record keeping, personnel, production and accounting, etc. In this case, all
the business processes (and usernames as well) at the stage of setting technical
specifications for the implementation of an automated system, and at the stage of self-
introduction will inevitably be formalized, standardized and standardized, which
qualitatively increase the level of organization of the primary accounting.
Түйінді сөздер: Іс қағаздар, бухгалтерлік жазбалар, біріздендіру, есептеу,
бастауыш шот.
170
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 / 2015
Халықаралық қаржылық есеп стандартының берген анықтамасына қарай
бухгалтерлік есепке тән концептуалды негіз деп - қаржылық есеп пен
қорытындының табиғатын, оның атқаратын міндетін, бұлардың аражігін
анықтайтын, стандарттар жасау процесіне қайшы келмейтін, өзара байланыстағы
мақсаттар мен принциптердің келісілген жүйесін айтады.
Негізінен концептуалды негіз:
Қаржылық қорытынды есеп қүру мен мұның мазмұнын тануға;
Бухгалтерлік есеп жүргізу ме ұйымдастыру жөніндегі жалпы амалдармен
бухгалтерлік есеп ақпараттарын пайдаланушы мамандарды қамтамасыз етуге;
бухгалтерлік есеп жөніндегі жаңа нормативтік актілерді әр кезеңдерде жасау
мен қайта қараудың негізін қамтамасыз етуге;
нормативтік актілермен реттелмеген мәселелер жөнінде шешім
қабылдаудың базалық негізін салуға;
бухгалтерлік қорытынды есеп құрамындағы мэліметтерді пайдаланушы
жақтарға түсінікті тәсілдермен беруге арналған[1].
Қаржылық қорытынды есеп жасаудың негізгі мақсаты: - қажетті
ақпараттармен сыртқы және ішкі пайдаланушыларды қамтамасыз теу болып
табылады.
Пайдаланушылардың
мақсаты
қажетті
экономикалық
шешім
қабылдаумен тығыз байланыста болады. Шешім қабылдаудың бірінші кезектегі ең
негізгі мақсаты - ұйымдардың қызмет өрісіндегі экономикалық ресурстардың
тиімділігін арттыру, сондай-ақ осы ұйымға салынған инвестициялар, несиелер және
алынған қарыздар жөнінде нәтижелі шешімдер қабылдау.
Қазақстандық ұйымдардағы қаржылық қорытынды есеп жасаудың түпкі
мақсаты - ақша қозғалысын, табыстар мен шығындарды, инвестициялар мен
несиелерді және меншікті капитал өрісіндегі ақпараттарды қалыптастыру болып
табылады.
Қаржылық қорытынды есеп қалыптастыру төмендегі өзара байланысқан
баланстық жинақтаулардан тұрады.
- Ұйымдар активі = меншікті капитал + міндеттемелер теңдеуі әрқашанда
бухгалтерлік және қаржылық қорытынды есеп жүйесінде міндетті түрде сақталады.
- Табыстар=жұмсалған
ресурстар
сомасы+еңбек
ақы шығындары
+міндеттемелер жөніндегі пайыздар+салық төлеу шығындары+бөлінбеген табыс
теңдігі сақталады.
- Бөлінбеген табыс=дивиденттер+мақсаттық қорлар құру резерві +бөлінбей
қалған табыс (таза пайда) сабақтастығы сақталуы керек.
- Операциялық қызметтен түскен ақша түсімі+инвестициялық қызметтен
түскен ақша+қаржылық қызметтен түскен ақша (жал төлемі, зайымдар т.б.)
=міндеттемелерді төлеу+ бюджет сыртындағы қорларға төлеу + еңбеккерлер
алдындағы міндеттемелерді төлеу+меншік иелері алдындағы міндеттемелерді
төлеу+өтеушілік дэрежесінің өсімін төлеу.
Қаржылық қорытынды есепке тән меншікті капитал ұғымы меншік иесінің,
басқа да қатысушылардың, құрылтайшылардың, бастапқы кезеңдегі қалыптастырған
капиталының базасын құрайды. Сондай-ақ қаржылық қорытынды есепке тән
міндеттемелер ұғымы әріптестердің, мемлекеттің (өкілетті органдар
арқылы), жеке адамдардың берген, табыс келтіруге арналған қаржы көздерін
көрсетеді. Ұйымдар меншігіндегі ~активтер ұғымы экономикалық айналысқа түскен
және ұйымдар қызметіне қатыстырылған, бақыланатын барлық активтік сомалар
жиынтығынан тұрады.
Ұйымдардың қаржылық қорытындысы жөніндегі қызметінің нәтижесі және
ұйымның, тапқан таза пайдасының көлемі жөніндегі мэліметтер экономикалықи
ресурстардың потенциалды өзгеріске түсуі мен көбеюін сипаттап отырады[2].
171
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 / 2015
Қаржылық қорытындының құрамы мен құрамдас бөлігі бірімен-бірі тығыз
байланыста болады. Қаржылық қорытынды есеп жасау арқылы меншік иелерінің
экономикалық мүддесін сипаттауға да болады.
Қаржылық қорытынды есеп беру және осы арқылы пайдаланушылар талабын
қанағаттандыру жөніндегі қаржылық қорытынды есептің жалпы принциптеріне
мыналар жатады:
-Ұйымдардың қаржылық жағдайы, қаржы рерурстары, меншікті және қарызға
алынған капиталдың жекелеген түрлері мен көлемін айналысқа түсіру;
- Есепті кезең ішіндегі ұйымдардың қаржылық нәтижесін шығару,
экономикалық ұтымдылықтың түрі мен мөлшері;
-Ұйымдардың қаржылық жағдайының өзгерісі, қаржыландыру көздерінің
өзгерісі, есепті кезең ішіндегі негізгі құралдардың, басқа да активтердің өзгерісі.
Мұндай бағыт пен принциптер қаржылық қорытынды жөніндегі ақпараттар
мазмұнын ашып көрсету жөніндегі ХҚЕС талабына сәйкес келеді.
Есептік кезеңдегі түгендеу санын, оның жүргізілетін күнін, оның әрбіреуін
тексеретін мүлік тізбесін субьект белгілейді. Субьект түгендеуді жүргізу міндетті
мына жағдайларда қалыс қалады:
Жылдық бухгалтерлік есеп беруді жасау алдында, алайда есептік жылдың
қараша айынан бұрын бастамауы керек.
Субьект мүлікті жалға, сатуға, сатып алуға, сондай-ақ шаруашылық
жүргізуші субьектінің қайта құрылуына тапсырғанда;
- Материалды-жауапты тұлға ауысқанда (істі қабылдау-тапсыру күні);
Талан-тараж және қаскүнемдік фактілерін белгілегенде, сондай-ақ
қүндылықтар бүлдірілгенде - мүндай фактілерде деру түгендеу;
Төтенше жағдайдан болатын өрт немесе стихиялық (дүлей) апат кезінде, бүл
апаттар басылғаннан кейін түтендеуді дереу қолға алу;
Тарату (бөліністік) балансы жасалмастан бұрын субьектіні таратуда (қайта
ұйымдастыруда);
Негізгі құралды және тауарлы-материалдық қорларын қайта бағалауда -
субьектінің есептік саясатымен белгіленген мерзімде және Қазақстан Республикасы
заңында қарастырылған басқа жағдайлар.
Аяқталмаған құрылысты түгендеу барысында оның бар-жоқтығын және
заттай көлемі тексеріледі, сонымен бірге оның құрамына құрал-сайман,
құрастырылмай есептен шығарылған монтаж кіретінін немесе кірмейтінін анықтау;
құрылыс-монтаж жұмыстарының құрамында - жорпарсыз жұмыстың бар-жоғы
анықталуы керек; тоқтатылған және уақытша тоқтатылған құрылыс обьектілерінің
жағдайын анықтайды[3].
Аяқталмаған күрделі жөндеулерді түгендеу нақты өндірістің заттай
жұмысын, оның көлемін және құнын белгілеуді білдіреді.
Кассадағы ақша қаражатын кассадағы қолда бар ақшаны белгілеу жолымен
және қатаң есеп берумен бланктерді полистік (сақтандыру куәлігі) қайта есептеумен
түгендейді. Түгендеу нәтижесін жеке „Қолда бар ақшаны түгендеу актісімен"
ресімдейді.
Кассаны түгендеу шаруашылық жүргізуші субьектінің басшылығымен
әзірленген және бекітілген кассалық операция жүргізу Ережесіне сәйкес жүзеге
асырылады. Кассаны түгендеу, қатаң есеп берумен құжаттар жэне бланкілерді (әуе-
және теміржол билеттері, жанар-жағар май ( бензин) талондарын және т.б.) түгендеу
әдетте бас бухгалтер мен кассирдің қахысумен кенеттен болады. Түгендеу кезінде
қолда бар ақша полистік қайта есептеліп, кассада сақтаулы басқа да құндылықтар
тексеріледі. Түгендеу басталғанша оларға сүргі салынады, яғни мөрленеді. Кассир
түгендеу сэтінде кассалық есеп беруді жасау керек және кассалық кітап бойынша
172
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 / 2015
ақша қаражатының қалдығын шығаруы керек. Кассирден барлық кіріс және шығыс
құжаттары есеп беруге кірді және кассада кірістелінбеген, есептен шығарылмаған
сома қалған жоқ, деген қолхат алынады. Ақша қайта есептелінгеннен кейін
кассадағы ақша қаражатын түгендеу актісі жасалады. Түгендеу нэтижесі кассалық
кітапша бойынша бухгалтерлік есеп деректерімен салыстырылады.-Актіге
анықталған жолсыздықтар туралы кассирдің түсініктемесі және түгендеу нэтижесі
бойынша ары қарай шешім туралы субьект басшысының қарары жазылады [4].
Банктегі шот, несие бойынша, салық бойынша банкпен есеп айырысу,
бюджетпен,
қызметкерлермен
еңбекақы
бойынша,
жабдықтаушылармен,
мердігерлермен және басқадай кредит берушілермен бастапқы құжаттардың
негізінде түгенделеді, мұнда қалдықтардың нақтылығы белгіленіп, бұл шотқа
жататын соманы мұқият тексереді. Берешектің пайда болған мерзімін, оның
нақтылығын, талап мерзімін өткізіп алған кінәліні айықтайды. Барлық
дебиторлармен және кредиторлармен кәсіпорын қағаздық шоттан үзінді көшірме
алмасуы керек және оларға түгендеу комиссиясын ұсыну керек .
Баланстан берешектің есептеп шығаруын тексеріп, 3 жылдың ішінде
өндіріп алу мүмкіндігін бақылауды жүзеге асыру аса қажет.
Егер айырысуларды түгендеу дебиторлық және кредиторлық берешектер
сомасын негіздеу және қысқарту, айыппұл төлеуге, тұрақсыздық төлеміне (айыбы)
және күмәнді қарыз бойынша резерв пайда болуына жол бермеу үшін төлем
тәртібінің сақталуын қадағалау, бекітілген келірмшарт бойынша өзара есеп айырысу,
төлем мерзімін нақтылау мақсатында жүргізіледі.
Есеп беруші тұлғалармен есеп айырысу - Қазақстан Республикасы заңында
белгіленген іс-сапар және өкілдік шығындардың орнын толтыру нормасына,
субьектінің кассалық операцияларды жүргізу Ережесіне сәйкес шаруашылық,
өкілдік және іссапар шығындырына арналған ақшалай қаражатты беру
негіздемесінің дұрыстығын тексереді[5].
Кредиттерді алу жэне өтеу бойынша банкпен есеп айырысу - тексеру
барысында ағымдық, корреспонденттік немесе жинақ шоттары мен оларға тіркелген
қосымша ақтау құжаттарына қатысты банк жазулары салыстырылады. Ақшалай
кредит сомасының есептелу мерзіміне және процент төлеміне сәйкес тексеріледі;
Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу - жолдағы тауарлар
сомасының бір бөлігі жэне фактурасы жоқ жеткізілім бойынша.
Инвестицияны түгендеуде құнды қағаздарға жұмсалған шығынды растайтын
құжаттар, олардың дұрыс ресімделуі, құнды қағаз балансында ескерілген құнның
нақтылығы, уақтылығы және құнды қағаз бойынша алынған табыстардың
бухгалтерлік есепте толық көрініс табуы тексеріледі.
Материалды емес активтерді түгендеуде олардың есепте дұрыс әрі уақтылы
көрініс табуы, субьектінің оны пайдалану құқын растайтын (патент, лицензия,
тауарлық таңба және т.б.) құжаттардың қолда бар болуы тексеріледі [6].
Халықаралық қаржылық есеп стандартына сай қаржылық қорытынды есеп
дайындау принциптері екі топқа бөлінеді.
Бірінші - негізін салушы жорамал, екінші - қаржылық қорытынды есеп
сапасын сипаттау. Қаржылық қорытынды есептің негізін салушы принциптер -
есептеу және үздіксіздік принциптерінен тұрады.
Қорытынды есеп құрамындағы бухгалтерлік баланстың мэні өте жоғары. Осы
құжат арқылы ұйымның қаржылық жағдайы жөнінде анық және бұрмаланбаған
көрсеткіштер жинақтылып , мұның өзі пайдаланушылардың сұранысын
қанағаттандырады. Баланс активтер, пассивтер және капитал қозғалысының есебін
жүргізуші синтетикалық счеттардың қалдығынан туындайды. Бухгалтерлік есептің
жекелеген счеттарынан жинакталған ақпараттардың барлығы пайдаланушылар үшін
173
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 / 2015
әрқашанда қажет бола бермейді. Сондықтан бухгалтерлік баланс көрсеткіштерін
оқып түсінудің жолдарын жеңілдету үшін жекелеген счеттарды топтастыру әдісі
қолданылған.
Топтастырудың
нәтижесінде
қаржы
салымшы
инвесторлар,
несиелендірушілер,
қаржылық
қорытындыны
басқа
да
пайдаланушылар
топтастырылған счеттардағы мәліметтерді өзара байланыстыра отырып, зерттеу
және бағалау шараларын белгілейді. Мұның үшін жалпы бағыттағы қаржылық
қортынды есеп бухгалтерлік есеп шоттары бойынша топтастырылған мәліметтер
негізінде жасалынып, мұның өзін - жүйеленген қаржьшык қортынды есеп деп те
атауға болады. Баланс бухгалтерлік есеп жүргізудің әдістері мен арнайы сабақтастық
ережелерді анық және дұрыс қолданған жағдайда ғана сақталады.
Баланстың атқаратын міндеттерінің негізгісі - есепті жыл ішіндегі ұйымның
қаржылық жағдайы жөніндегі өзгерістерді сипаттау болғандықтан, баланс екі
бағаналы кестеден + жылдың басындағы және аяғындағы көрсеткіштерді ажыратып
тұрады. Есепті екі жылдың көрсеткіштері жазылған баланста осы жылдың
аяғындағы баланстың арнайы тараулары мен баптарына жазылған көрсеткіштер
келесі жылдың балансын жасау үшін жылдың басындағы көрсеткіштер болып,
баланс бағанасына жазылып отырады[7].
Ұйымдар өз қызметін алғашқы кезеңнен бастап жүргізуі үшін бұлардың
бастапқы
капиталы
болуы
керек.
Бастапқы
капитал
ұйым
құрушы
құрылтайшылардың қосқан үлестік жарнасынан түрады. Құрылтайшылардың қосқан
жарнасы - жарғылық капитал деп аталынады. Жарғылық капитал қалыптастыруға
салынған жарналар: материалды және материалды емес қаражаттардан тұрады.
Материалды және материалды емес қаражаттар ақшалай бірлікке
айналдырылып бағаланады және бағаланған сомалар капитал түрінде көрсетіліп,
ұйым жарғысында жарияланады. Жарғылық капитал активтер қалыптастырудың
белгілі бір қаржылық көзін құрайды. Мұның мөлшері меншікті капитал түрінде
құралтайшылық құжатқа жазылып жарияланады. Басқаша айтқанда меншікті
капитал жаңадан құрылған ұйымның өз құрылтайшыларының алдындағы берешегі
болып есептелінеді.
Әр түрлі көздерден алынған қаржылық қаражаттар екі тұрады: ұзақ мерзімді
және ағымдағы активтерге салынады. Өндірістік процесте бір жылдан , артық уақыт
пайдаланылатын активтерді ұзақ мерзімді, ал бір жыл ішінде пайдаланылатын және
ақшаға айналатын активтерді ағымдағы активтер деп атайды.
Есеп жүргізудің әлемдік тәжірибесінде бухгалтерлік баланстың екі үлгісі:
көлденең және тігінен жасалынған үлгі қолданылады. Көлденең жасалған үлгіде
активтер баланстың сол жагында, пассивтер оң жағында орналасқан. Тігінен
жасалған үлгіде баланстың тараулары мен баптары белгіленген сабақтастықпен әуелі
активтерді сипаттаушы баптарға, бұдан соң пассивтерді сипаттаушы баптар
бойынша орналасқан[8].
Достарыңызбен бөлісу: |