Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №1 / 2015



Pdf көрінісі
бет8/29
Дата01.01.2017
өлшемі3,66 Mb.
#894
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29

 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Жолжақсынова К.Ш.  Орақова А.Ш  Білім беру технологиялары 
оқыту үрдісінде .Алматы, 2009  5 бет 
2.
 
Журнал Мектепке дейінгі білім №1 қаңтар  2006 ж   3бет 
3.
 
Республикалық  педагогикалық  журнал  Бала  мен балабақша 
Ребенок  в детском саду. №3, 2014 ж  11 бет 
 
 
 

     
 
 
61 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2015     
 
УДК 378 
 
ОҚЫТУДЫҢ ҮШ ӨЛШЕМДІ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
ТЕХНОЛОГИЯСЫ 
 
Манджекова Г.М., әдіскер 
Білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің «№ 7 ясли-бақшасы»  
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, Талдықорған қ. 
 
Бұл  мақалада  балабақшада  оқытудың  үш  өлшемді  әдістемелік  жүйесі  мен 
педагогикалық технологиясы қарастырылған.   
В этой статье рассмотрена методическая система трехмерного обучения в 
детском саду. Это позволило воспитателям лучше оценивать знания детей. 
In  this  article  the  methodical  system  in  kindergarten  is  considered  of  three-
dimensional. It allowed tutors to estimate better knowledge of children. 
 
Кілт сөздер: Блум таксономиясы, ұстаз шеберлігі, дидактикалық құралдар 
 
 «Біз білім беруді жаңартуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз. 
Өмір бойы білім алу әрбір Қазақстандықтың кредосына айналуы тиіс». 
Н.Ә. Назарбаев 
.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бүгінгі  таңда  білім  беру  әлеуметтік  құрылымның  маңызды  элементтерінің 
біріне айналуда. Дүние жүзінде білімнің әлеуметтік рөлі артып, адамның болашағы 
оның алған білімінің спасының көлеміне, ойлау деңгейіне байланысты болады. Жаңа 
ХХI  ғасыр  табалдырығын  аттаған  Тәуелсіз  Қазақстан  Республикасының  білім  беру 
саласына  тың  көзқарас,  жаңа  үлгідегі  ізденіс  қажет.  Өскелең  ұрпақ,  болашағы  зор 
жас ұрпақты қоғам талаптары мен оның мақсат мүддесіне сай өмір сүруге бейімдей 
отырып, логикалық ой тұжырымдамалар жасау балабақшадан басталады. 
Тәрбиешінің  негізгі  мақсаты  -  сабақ  сапасын  көтеріп,  түрлерін  жетілдіре 
отырып  мектепке  дейінгі  балаға  терең  де,  тиянақты  білім  беру.  Осыған  орай  озық 
тәжрибе,  жаңа  технологиялардың  тиімді  әдістерін  таңдап  алып  оларды  үйлесімді, 
тиімді және шығармашылықпен қолдану - ұстаз шеберлігінің белгісі. Қазіргі уақытта 
инновациалық  педогогикалық  тенологиалар  саны  жеткілікті  әзірленген.  Алайда 
барлығы  мектепке  дейінгі  тәрбиеге  қолайлы  емес.  Ал  қолайлы  технологияларды 
атайтын  болсақ;  -  оқытудын  үш  өлшемді  әдістемелік  жүйе  (ОҮӘЖ)  педагогиалық 
технологиясы авторы профессор Жауымбай Амантұрлыұлы Қараев. Соңғы жылдары 
еліміздің  көптеген  оқу  орындары  өзінің  оқу  тәрбие  үрдісінде  пайдаланып,  тиімді 
нәтижелерге  жетіп  жүр.  Бұл  технологияларың  мазмұнын,  ерекшеліктерін  түсіну 
үшін, дәстүрлі оқытумен салыстырайық. Егер дәстүрлі оқытуда оқу-тәрбие үрдісінде 
басыңқы  рөл  тәрбиешіде  болса,  ал  қазір  белсенді  қызметті  бала  атқарады,  оны 
оқытпайды,  ол  өзі  оқуға  талпынады.  Дәстүрлі  оқытуда  тәрбиеші  балаға  дайын, 
дұрыс ақпаратты берген, бала тек  тыңдап, алған ақпаратты қабылдап отырған яғни 
сабақта  көбіне  репродуктивті  әдістер  қолданылған(түсіндіру  көрсету,сұрақ-жауап 
т.б.)  Ал  бұл  технология  бойынша  тәрбиеші  алғашқы  білімді  береді  ары  қарай  бала 
өзі  ізденіп,  өзі  талпынып,  өзі  үйренеді.  Оқу  тәрбие  барысында  проблемалық  оқыту 
іске  асырылады  (проблеманы  шешу,  балаға  ой  тастау  (миғашабуыл)  Тәрбиеші 
сабақта  басқарушылық  міндеттер  атқарады,  балаға  бағыт-бағдар  беріп  тұрады. 
Жұмыс  барысында  тәрбиеші    негізгі  көңілді  әрбір  баланың  жеке  мүмкіндіктерін, 
қабілеттерін, қызығушылықтарын анықтауға бөледі. 

     
 
 
62 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2015     
 
Баланың  қызметі  көптеген  тұлғалық  қасиеттеріне  қарай  бағаланады 
(интеллектуалды  дамуы,  тіл  мәдениеті,  дербестігі,  иннициативасы,  жауапкершілігі 
т.б).  Әрбір  баланың  дамуы  басқа  баланың  емес,  өз-өзімен  салыстырады.  Баланың 
өзін-өзі бағалауына мүмкіндік береді.  Бұл технологияда индивидуалды және топтық 
оқыту  формалары  негізгі  болып  табылады.Топтық  оқытудың  негізгі  мақсаты  – 
балаларды  шағын  топтағы  бірлескен  жұмысқа  тарту. Қиналған  жағдайды  балалар 
бір- бірінен көмек сұрай алады, ортақ міндеттерді шешеді т.б. Индивидуалды оқыту 
түрі  баланың  кейбір  тапсырмаларға  тереңінен  тоқталуына  мүмкіндік  береді,  өзінің 
де,  тәрбиешініңде    алдында  тапсырмаларды  орындау  нәтижесіне  жауапты  болуға 
үйретеді. Біздің  еліміздегі  білім  беру  жүйесіндегі  жаңартудың  жан–жақты 
ауқымдағы үдерісі жекелей әрекеттік оқытуды іске асыру жолымен сапалы нәтижеге 
жетугекепілдік беретін тиімді дидактикалық құралдарды білім беру үрдісіне енгізуді 
көздейді. 
Осындай дидактикалық  құралдардың бірі оқытудың үш өлшемді  әдістемелік 
жүйесінің  білім  беру  технологиясы  болып  табылады.  Жекелей  әрекеттік 
парадигмадан  шығатын  осы  технологияның  психологиялық-педагогикалық  негізі 
ретінде  біз  С.Л.Рубенштейнның  ойлау  үрдісіндегі  жаңа  байланыстарда  ойлай  білу 
обьектісін  енгізу,  ондағы  өнер  тапқыштық  пен  жаңалықтарға  әкелетін  жаңа 
ерекшеліктерді табу жөніндегі тұжырымдамасын анықтадық [1]. 
Сондай-ақ  технология  негізіне  Л.С.Выготскийдың  баланың  ақыл-ойын 
дамытудағы  оқыту  үрдісінде  «өзекті  даму»  аймағынан  «жақын  арадағы  даму» 
аймағына  қарай  көшу  туралы  теориясы  енгізілген,  ол  әрекет  ету  негізінде  іске 
асырылып ьтежелу деңгейінен өнімділікке қарай көшетін іс-қимыл болып табылады. 
Осы  ретте  В.П.Беспалько,  М.В.Кларинның  басқада  жетекші  ғалымдардың  бекіткен 
негіздемелеріне сүйенсек, бұрынғы кеңестік оқу тәрбие орындарында әлі күнгі дейін 
диагностикалық  мақсаттар  жүзеге  аспаған.  Осы  себептен  біздің  білім  беру 
парадигмасынана  таңдап  алынған  осы  мәнді  шығара  отырып,  пед  технологияны 
әзірлеудің  басқа  да  негізгі  талаптары  оқыту  үрдісінің  жобасы  болуға  тиіс  екендігі 
анықталдыБұл  баланың  оқу  танымдық  әрекетіндегі  құрылымымен  мазмұнын 
белгілеп  оның  ең  жоғарғы  субьектілік  рөлін  ескереді.  Пед  технологияны  
жасақтаудың  негізгі  талаптары  сондай-ақ  жоғарыда  аталған  психологиялық  – 
педагогикалық  негізін  қалаушы  тұжырымдамалар  баланың  іс-қимылының 
көрінуімен  сипатталады,  осылайша  нақты  тануға  және  өлшеуге  болады.  Осы 
мақсаттағы  неғұрлым  белгілі  жүйе,  өзіндік  ерекшелігі  бар  Б.Блум  таксономиясы 
болып  табылады.  Әлемде  бұл  жүйені  негізінен  оқытуда  жоспарлау  және  оның 
нәтижелерін  бағалау  кезінде  пайдаланады.  Ағылшынның  педагог  –  әдіскері 
Дж.Петти Блум таксономиясын жан-жақты қолдануға болады деп әділ бағасын бере 
білген  [2].  Мәселен,  таксономияның  алты  негізгі  сатысын  білумен  қабілеттіліктің 
ирархиясы  ретінде  қарауға  болады.  Бұл  сатыларды  балаларға  ұсынылатын 
тапсырмалардың  деңгейі  ретінде  қабылдау  керек.  «Тапсырма»  сөзі  бұл  арада  кең 
ауқымда қолданылады - ол педагогтың, сұрағы, жаттығуы, шығармасы, жобасы және 
т.б. болуы мүмкін. Осылайша оқыту мақсатының диагностикалық қойылымы дамып 
келе жатқан оқытуды ұйымдастыру мен өткізудегі, жекелей әрекеттік тәсіл негізінде 
оқушылардың функционалдық сауаттылығының қажетті шарттары болып табылады. 
Жоғарыда  айтылғандардан  қорытынды  шығара  отырып,  баланың  ізденіс 
зерттеушілік  қабілетін  дамыту  тапсырмалар  жүйесін  тігінен  қатарластыра,  яғни 
ұсынылып отырған білім беру мазмұнын иерархиялық тұрғыдан беруді талап етеді. 
Сол  себепті  бұл  технологияны  «оқытудың  үш  өлшемді  әдістемелік  жүйесі 
технологиясы» деп аталынды. «Үш өлшемділік» көп деңгейлілікті, ирархиялықтың, 
яғни  оның  әрбір  құрамдас  бөліктерінің:  мақсатының,  мазмұнының,  әдісінің, 
нысанымен  оқыту  құралының  тігінен  (жоғарыдан)  болуын  белгілейді.  Мұндай 

     
 
 
63 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2015     
 
ирархия  оқытудың  әдістемелік  жүйесінің  құрамдарын  ғана  құрып  қоймайды, 
сонымен  бірге  ынталандыруды,  белсенділікті,  білуді  ,білім  сапасын  игеру  үрдісін 
,сондай-ақ  өзінің  танымдық  әрекетін  қабылдауға  мүмкіндік  береді.  Оқу  тәрбие 
барысында  баланың  «деңгей  басапалдағы»    бойынша  біртіндеп  жоғары  көтеріліп, 
одан сайын биік деңгейді игеруге қол жеткізе беруге қарай ұйымдастырылуы керек. 
Қаралатын  технологияда  оқу  материалының  мазмұнын,  ең  бастысы  ретінде 
оқушылардың өз бетінше танымдық әрекетін дамытуды жүзеге асыруға арналған әр 
түрлі тапсырмалар түрінде құрылады. 
Олар мына негізде әзірленеді: 
1)
 
оқытудағы таксаномия мақсатының сипаттамасы; 
2)
 
тиісті  деңгейдегі  негізгі  білім  сапасының  барлық  сипаттамаларының 
мәндері; 
3)
 
В.П Беспальконың деңгейді игеру талаптары [3]. 
Балалармен жүргізілетін  иерархиялық  тапсырмалардың жүиесі әр сабаққа әр 
тақырып  бойынша  әзірленуі  тиіс.  Бұл  педагогтың  тиянақты,  шығармашылық 
жұмысын талап етеді. Балалардың оқу тәрбие барысында баланың төменгі деңгейлі 
тапсырмадан  келесі  деңгейдегі  тапсырмаларға  көшуі  дамып  келе  жатқан  оқытудың 
нақты жекелей бағдарлаушылығын іске асыруға мүмкіндік береді. 
Аталған бес компонент кез келген үрдіс барысында қолданылады. 
Жоспарды  тиімді  жүзеге  асыру  үшін;  тәрбиеші  баланы  қызықтырушы 
әрекеттер  қолданады.  Тәрбиешінің  басқарушы  функциялары  жүзеге  асырылады. 
Орындаушының  өз  бетімен  танымдық  қызметінің  әрекеттері  орындалады. 
Нәтижесінде  тәрбиеленуші  әр  істелген  жұмысына  жұлдызша  алып  отырса,  сабақ 
технологиялық амал ретінде орындалғаны болып табылады. 
ҮӘЖ  технологиясы  негізінде  тақырыпты  меңгеру  екі  бөлімнен  тұрады. 
Бірінші бөлім синектикалық бөлім деп аталынады және екі кезеңнен тұрады. 
І-кезеңде 
А) ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі. 
Б) өткенді қайталау. 
В) жаңа тақырыпқа көшу үшін проблемалық жағдаяттар анықталады. 
(«көпір» тапсырмаларын орындату арқылы) 
ІІ- кезең жаңа тақырып бойынша анықталған проблеманы шешуге арналады
Бұл  кезеңде  балалар  топтық  жұмыс  барысында  түрлі  интер  белсенді  әдіс 
тәсілдер немесе зерттеушілік әдіс арқылы тақырыпты меңгереді. 
Зерттеушілік әдіс қадамдарының орындалу реті Б.Блумның «Толық меңгерту 
теориясындағы» аралық мақсаттардың (1) білу 2) түсіну 3) қолдану 
4)  талдау  5)  жинақтау  6)  баға  беру  яғни  рефлексия  жасау)  ретімен  сәйкес 
келеді. Бірақ мұнда олардың реті ауыстырылып жүзеге асырылады. 
Тақырып меңгерудің екінші бөлімі-нәтижеге бағытталған бөлім немесе  
ІІІ-кезең кері байланыс, бағалау кезең деп аталынады. Бұл кезеңде жоғарыда 
меңгерілген  білім  және  біліктілік  тапсырмалары  күрделілік  дәрежесіне  сәйкес  үш 
деңгейге  іріктелініп  қайтадан  орындатылады.  Баланы  даму  басапалдағы  бойынша 
жоғары  қарай  көтеруге  ынталандыру-өте  күрделі  де  маңызды  міндет.  Бұл 
технологияда 
ынталандыруды 
қалыптастырудың 
тиімді 
құралы 
ретінде 
тәрбиеленушілердің  оқу  жетістіктеріне  жетуін  бағалау  тәсілі  анықталады. 
Нәтижесінде  мұндай  бағалау  оқытудың  сапасын  арттырудың  нағыз  тетігі  болып 
табылады.  Бұл  технологиямен  жұмыс  істеу  барысында  нәтижелі  жетістіктерге  қол 
жеткізуге болады. 
1) нәтижеге бағытталған сапалы білім алуға жағдай жасалынады . 
2)  білім  беру  жүйесінің  дамуын  болжауға  және  қадағалауға  (  мониторинг 
жүргізуге ) қолайлы жағдай туады. 

     
 
 
64 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2015     
 
3)  Білім  беру  жүйесінің  сапасын  әділ  бағалайтын  ұлттық  бағалау  жүйесі 
құрылады. 
Баланың  білімі  алған  білімі  сапасымен  ғана  емес,  әр  деңгейдің  нәтижесіне 
сәйкес,  баланың  білім  біліктілігі  және  оларды  күнделікті  өмірде  кездесетін 
проблемалық  жағдаяттарды шешуде қолдана білу деңгейі өлшенеді. 
«Үш  өлшемді  әдістемелік  жүйе»  негізінде  құрылған  оқыту  арқылы 
ғанаҚазақстанның  Ұлттық  тәрбиені  құруға  мүмкіндік  туатыны  ғылыми  тұрғыдан 
дәлелденген.  Бұл  технологияны  біз  балабақшадан  бастап  қолданатын  болсақ, 
бәсекелес  елдердің  қатарына  қосылатын  жас  ұрпақты  тәрбиелетініміз  сөзсіз.  «Үш 
өлшемді әдістемелік жүйе» - әлемдік білім беру стандартына жету жолы. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Қараев  Ж.,  Көбдікова  Ж.У.  Технологиялық  тәсіл  негізінде  педагогикалық 
жүйені жаңартудың өзекті проблемалары. Алматы.Жазушы 2005 \200-б\ 
2.
 
 Дж. Петти Заманауй оқыту – М.Ломоносов, 2010 ж. 624-бет 
3.
 
Кобдикова  Ж.У.  Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту 
және  даму  деңгейін  критериалды  бағалау  жүйесі  арқылы  өлшеуіш  тапсырмалар 
жинағы. Алматы, 2013ж. 
 
 
УДК: 378 (075.8) 
 
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ ҰЛТТЫҚ 
 ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУ 
 
Майлыбаева Г.С. - магистр, аға оқытушы 
Кұлан Күлән –  педагогика және психология факультетінің 4 курс студенті 
Утегулов Д.Е. – педагогика және психология факультетінің 2 курс магистранты  
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ.-сы 
 
Халқымыздың  тарихи-мәдени  мұраларының  түрлері  сан  алуан.  Солардың  қай-
қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған.    
Елбасы  Н.Ә.  Назарбаевтың  халыққа  жолдауында  «Жаңа  Қазақстандық 
патриотизм дегеніміздің өзі  – Мәңгілік  Ел!  Ол  – барша Қазақстан  қоғамының осындай 
ұлы  құндылығы.  Өткен  тарихымызға  тағзым  да,  бүгінгі  бақытымызға  мақтаныш  та, 
гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. Отанды 
сүю – бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, 
өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз»,  - деп 
ұлттық мұраларымыздың құндылығы зор екендігін көрсетеді [1]. 
Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі  - ұлттық ойындар. Бүгінде ойынды 
халық  педагогикасының  бір  бөлігі  деп  тегін  айтпаса  керек,  адам  баласы  жасаған  жеті 
кереметтің қатарына сегізінші етіп осы ойынның аталып жүруі жайдан жай емес. Қазақ 
халқы – материалдық мұраларға қоса мәдени қазыналарға да аса бай халықтардың бірі. 
Сондай қомақты дүниелер қатарына ұлт ойындары жатады. 
  Педагогикалық теорияда ойындар түрлері, оның ішінде ұлттық ойындар  баланың 
ақыл-ойының  және  денесінің  дамуына  қажетті  негізгі  қызмет  түрі  ретінде 
қарастырылады.  Ойын  балаға  қажетті  қозғалыс  пен  эмоциялық  серпілісті 
қанағаттандыратын  іс-әрекеттер  туындатып,  бала  психикасының  дамуына  себепші 
болады.  Ойын  дегеніміз  –  адамның  ақыл-ойын  дамытатын,  қызықтыра  отырып  ойдан-
ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе. 
Ойынға  зер  салып,  ой  жүгіртіп  қарар  болсақ,  содан  үлкен  де  мәнді,  мағыналы  істер 

     
 
 
65 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2015     
 
туындап өрбитінін байқаймыз, өйткені ең алдымен не  болса да жол бастар қайнар көзі 
болатыны белгілі. Ұлттық ойындар өзінің табиғатында, жаратылысында ұлттық өнегені 
бойына сіңіріп, бүкіл ұлтқа тән қасиеттерді жинақтайды, толығып, жетілу арқылы, өзінің 
жан-жақты тәрбиелік қасиетін шыңдай түседі. Сондықтан ол тәрбие жүйесінің міндеттері 
мен  түрлерін  толықтырып  қана  қоймай,  оқу-тәрбие  жүйесінің  мазмұны  мен  әдіс-
тәсілдерін байытуға, оны жетілдіре түсуге де өз үлесін қосады, барынша белсенді әрекет 
жасайды. 
Халқымыздың  ұлы  перзенттерінің  бірі,  аса  көрнекті  жазушы  М.Әуезов:  «Біздің 
халқымыздың  өмір  кешкен  ұзақ  жылдарында  өздері  қызықтаған  алуан  өнері  бар  ғой. 
Ойын деген менің түсінуімше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру 
ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған», - деп тегіннен тегін айтпаса 
керек [2]. 
Халық  өзінің  қоршаған  дүниенің  қыры  мен  сырын  егжей  –  тегжейлі  білуді 
баланың  санасына  ойын  арқылы  жастайынан  сіңіре  білуді  көздеген.  Ойын  бала 
табиғатымен  егіз.  Өйткені  бала  ойынсыз  өспек  емес.  Бала  отбасы  тәрбиесі  және  өзін 
қоршаған ортамен тығыз араласа отырып ана тілін үйренеді. Осы ретте, Ә.Диваев: «Как 
киргизы  развлекают  детей»  деген  мақаласында:  «бала  бас  бармағын  көтеріп  оған 
пайғамбарымыз не дейді  деп көк аспанға қарап, құдай тәңірінен рұқсат сұраған», - дей 
келіп,  «Бес  саусақ»  ойыны  мен  саусақ  атауларын  алға  тартады  және  аталған  мақалада 
саусақ  пен  қимыл-қозғалыс  жасау  әрекеті  негізінде  баланы  тәрбиелеп,  шынықтырудың 
үлкен даналық философиялық мағынасы жатқандығы сөз етіледі [3]. 
Мектеп  табалдырығын  алғаш  аттаған  балаларға  ана  тілін  оқытудың  тиімді 
әдістеріне  ерекше  мән  беріледі.  Баланың  сөздік  қорын  молайтып,  сөзді  еркін,  өз 
мағынасында  қолдануға,  тез  жылдам  сөйлеуге  жаттықтыруға  ойын  бірден  –  бір 
таптырмайтын  құрал.  Мысалы:  Бірінші  сыныпта  балаларды  қимылдату  мақсаты  мен 
халық ойыны «Қуыр, қуыр, қуырмашты» ойнату пайдалы. Оның шарты: Бірінші бала бас 
бармақтан  бастап  шынашаққа  дейін  бір  рет  саусақтардың  атын  түгел  айтып  береді. 
Сөйтіп, бар саусағын жұмып тұрып, екінші бала кез – келген саусағының атын атайды. 
Бұл ойын балалардың тілін жаттықтырып, есте сақтау қабілетін жетілдіре түседі. 
Жұмбақ  шешу  ойынын  жарыс  түрінде  өткізуге  болады.  Жұмбақ  ойыны 
балалардың  өздігінен  ойлауына  мүмкіндік  береді.  Оларды  дерексіз  ойлаудан  нақтылы 
ойлауға  жетелей  түседі.  Бірінші  сыныпқа  келген  балалардың  кейбір  әріптерге 
барлығының бірдей тілі келе бермейді. Бұл кезеңде нағыз көмекші халық ойыны болып 
табылады. Бұл мақсатта ежелгі халық ойыны жаңылтпашты ұтымды пайдалануға болады. 
Жаңылтпаштардың тіл дамытуда, сөзді таза сөйлеп, ширақ айтуда пайдасы көп. 
Қазақ тілі сабағында «Буын» тақырыбында «Өз атыңды буынға бөле білесің бе?» 
Сыныптағы заттарды ата ойындарын ойнатуға болады. 
Сабақта  ойын  түрлерін  күрделендіріп  «ойлан  тап»  ойынын  ойнатуға  болады.  Мысалы: 
Мұғалім  ішінен  «Алма»  деген  сөз  ойлап  тұрып  «ал»  буынынан  басталатын  бірінші 
буынды  айтады.  Балалар  әр  түрлі  «ал»  буынынан  басталатын  бірнеше  сөздер  айтады. 
(алау, алма, алға). «Сан есім» тақырыбында «сен білесің бе?» ойынын ойнатуға болады. 
Мұнда  бір  әңгіме  оқылып,  оқушыларға  ондағы  сан  есімдерді  атап  айту  ескеріледі. 
Балалар топқа бөлініп мұқият тыңдаулары шарт. Қай топ әңгімедегі сан есімді көп жазса 
сол топ озады. Бұл ойында оқушылардың алары көп. Дара, күрделі сан есімдерді жазуға 
үйреніп  дағдыланады,  сауатты  жазып  үйренеді.  Қазақ  тілі  сабағында  халық  ойынын 
пайдалану – оқушылардың еркін сөйлеуін, тіл байлығын сөздің дәл мағынасын бағдарлай 
білу қасиеттерін жетілдіре түседі. 
Халық  ойындарын  математика  сабағында  пайдалану  оқушының  алған  білімін 
күнделікті  өмірмен  берік  ұштастыруға  қолайлы.  Математика  сабағында  халық 
ойындарын  қолданудың  түрлі  жолдары  бар.  Мысалы:  ойын  сабақтың  басында,  не 
ортасында,  не  соңында  қолданылуы  мүмкін.Ойынды  сабақтың  басында  қолдану  үй 

     
 
 
66 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2015     
 
тапсырмасын тексеруге  оқушылардың түгел қатысуына  мүмкіндік  туғызады.Ортасында 
оқушылардың шаршағанын басып, сергіту жаттығуы мақсатында қолданылады.Сабақтың 
соңында сабақты бекіту немесе сол сабақтан алған білімді жинақтау. 
Математика  сабағында  «аз»,  «көп»  ұғымдарын  баланың  зердесіне  ұялату  оңай 
нәрсе емес. Ал оны қарапайым халық ойынының негізінде түсіндіре бастасаң, ол онша 
қиындық  келтірмейді.  Бірінші  сыныпта  математиканы  оқып  үйрене  бастағанда 
оқушылардың  түсінігін  жеңілдету  үшін  «санамақ»  ойынын  ойнату  тиімді.  Ұлттық 
ойындарды  үнемі  пайдалану  арқылы  оқушылардың  ауызша  есептерге  жаттығуына 
логикалық  ой  жүйелерін  жетілдіре  түсуіне  толық  мүмкіншілік  бар.  Олардың  қатарына 
халықтың  байырғы  ауызша  есептерін,  халық  ойындарын  жатқызуға  болады.  Атап 
айтқанда:  «Қай  қолымда»,  «Сөз  мәнісін  байқаңыз»,  «Өзім  де  құр  қалмаймын»  т.  б. 
Мысалы: «өзім де құр қалмайын» ойыны. Жексенбі күні еді. Атамның үйіне немерелері 
келді. Атасы  олардың алдына  бір табақ  алма қойды.  Немерелері  атасына  алманы бөліп 
беруді  өтінді.  Алманы  бір  –  бірден  берсе  біреуі  ауысып  қалады,  екі  –  екіден  берсе 
жетпейді. Сонда неше алма, неше немере болған? 
Жауабы: 3 немере, 4 алма. 
Бастауыш сыныпта ойынды пайдалану арқылы есептер шығарумен қатар текстті 
есептеп  шығару  барысында  құрғақ  шығарумен  шектелмей  оның  тәрбиелік  мәнін  ашып 
түсіндіруді  қажет  етеді.    Сонымен  қатар,  Тәулік  жыл  ғасыр  тақырыбын  өткенде  біраз 
тәрбиелік мәні бар әңгіме жүргізуге болады. 
Мысалы, жылдың қазақша атауы бар екенін ескеріп былайша үйретеміз: 
Тышқан жылы – тыныштық. 
Сиыр жылы – сыйлық. 
Қоян жылы – қашбалы. 
Жылан жылы – жайлы. 
Ұлу жылы – үлгілі. 
Қой жылы – құтты. 
Мешін жылы – мейірлі. 
Тауық жылы – табысты. 
Ит жылы – игілік. 
Доңыз жылы – дүниелі. 
Одан  кейін  есепті  шығаруға  кіріссек  сабақтың  тәрбиелік  мақсаты  ашыла  түсер  еді.  Өзі 
көрген  жағдайларды  отбасылық  тұрмыс  пен  қызмет  түрлерін  жаңғыртады.  Мәселен, 
қазақтың  ұлттық  ойындары:  «Бәйге»,  «Көкпар»,  «Алтын  сақа»,  «Хан  талапай»,  «Қыз 
қуу»,  «Тоғызқұмалақ» т.б. балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін 
арттырады. 
Ұлы педагог В.И.Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз, 
фантазиясыз  толық  мәніндегі  ақыл-ой  тәрбиесі  болмайды»,  -  дейді.  Демек,  шәкірттің 
ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы баии түседі. Оқу үрдісінде ұлттық 
ойын элементтерін пайдалану сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай алынады. Сонда 
ғана  оның  танымдық,  тәрбиелік  маңызы  арта  түседі.  Оқушыларды  әсіресе,  «Сиқырлы 
қоржын», «Көкпар», «Асық» секілді  ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді екеніне көз 
жеткізу  қиын  емес.  Бұл  ойындарды  жаңа  материалды  бекіту  немесе  қайталау  кезінде 
қолдану  керек  деген  пікір  бар.  Оқушы  ойынның  үстінде  не  соңында  өзінің  қатысу 
белсенділігіне  қарай  түрлі  баға  алуы  мүмкін.  Мұғалім  әр  оқушының  еңбегін  бағалап, 
ынталандырып отыруы тиіс. Ойынның тәрбиелік маңызы мынада: ол баланы зеректікке, 
білгірлікке баулиды. 
Бабаларымыздың асыл қазыналарына деген көзқарасын құрметтеуге сөз әсемдігін 
сезінуге  үйретеді.  Батылдыққа,  өжеттікке  тәрбиелейді.  Ендеше  еңбекке  баулу  сабағын 
ұлттық  ойындар  арқылы  сабақтастырып  түсіндіру  пән  тақырыптарын  тез,  жылдам 
меңгеруге ықпал етеді. Оқушының сөздік қорын байыта түседі. 

     
 
 
67 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 1  / 2015     
 
Көңіл  аударарлық    ойынның  бір  түрі  –  асық  ойыны.  Ол  өте  қарапайым 
көрінгенімен, мұнда адам денесін шыңдап, сомдайтын қасиеттер, бала тәрбиесінде, оны 
өзара әрекетке жетелейтін қимыл түрлері қаншама. Ең бастысы, ол – баланы жастайынан 
салауатты  өмір  салтына  жетелейді.  Адамның  ойлау  жүйелерінің  жетілуінен  бастап, 
бұлшық  еттерінің  жетілуіне,  тыныс  мүшелерінің  реттелуіне,  өз  дене  мүшелерін 
меңгеруіне, соның нәтижесінде қырағылық мен мергендікке баулиды. 
Ойын  мағынасымен  жеке  оқушының  мақсаттары  бір-бірінен  алшақ  кетпейді, 
қайта  бір-біріне  қабысып,  ұштасып  жатады.  Олай  болатыны,  ойын  мақсаты  -  өзінің 
қарсыласын  ұту,  одан  басым  түсіп,  жеңіске  жету.  Ұлттық  ойындардың  жасаушысы  – 
халық, бұл – халықтық шеберлік. Осы күнде сол халық жасаған туындыларға күдікпен 
қарайтындар әлі де кездеседі.  
Ұлттық ойындардың ел арасында кең тарауына байланысты бір ойынның әр жерде 
әртүрлі тәртіппен ойналуы және олардың атауларының әртүрлі болып келуі жиі кездеседі. 
Осы жағдайды ескере келіп ойындарды жүйелеу, топтау және атау беру мәселесі шығады. 
Топталып, жүйеленбеген ойындарды тәжірибелік тұрғыдан қолдану, ережесін айқындау 
мүмкін болмайды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1 сурет –  Қазақтың ұлттық ойындарын жүйелеу, топтау. 
 
Ойындарды  жүйелеу  арқылы  оларды  қолдану  кезінде  ойнаушыларды 
жынысына, жасына қарай бөлу, олардың дене-күш даму  ерекшелігін, мінез-құлқын 
ескеру  арқылы  ойнаушыларды  топқа  бөлу,  оқу-жаттығу  ұзақтығын  анықтау,  жыл 
мезгіліне бөлу сияқты қажетті шараларды іске асыруға мүмкіндік туады. 
Ойындарды  жүйелеу,  топтау,  барлық  ойындар  туралы  алынған  ақпаратты  бір 
жерге  жинақтауға  және  осы  ақпаратты  ғылыми  және  тәжірибелік  тұрғыдан 
пайдалануға мүмкіндік береді.  
Қорыта келгенде, ұлттық ойындардың бастауыш мектеп оқу-тәрбие үрдісінде 
пайдалануды  зерттей  келе  біз  ойындардың  адамдарды  дене  дамуына,  шынығуына, 
еңбек  етуіне  бейімдеу  мақсаттарында  қажеттіліктен  туғандығын  көруге  болады, 
сондықтан  ұлттық  ойындар  жалпы  дене  мәдениетін  дамытудың  негізі  болып 
саналады деген тұжырым жасаймыз.   

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет