Сборник трудов международной научно-практической конференции «Современные экономические проблемы в области финансов, учета, управления и туризма»



Pdf көрінісі
бет1/75
Дата31.01.2017
өлшемі7,15 Mb.
#3070
түріСборник
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75
3070

1

 

 



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

MINISTRY OF EDUCATION AND SCIENCE OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN 

 

Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 



L.N. GUMILYOV EURASIAN NATIONAL UNIVERSITY 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен экономикалық 

факультеттің 20-жылдығына орай ұйымдаcтырылған 



«Қаржы, есеп, басқару және туризм салаларындағы заманауи 

экономикалық мәселелер»   

атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының 



ЕҢБЕКТЕР ЖИНАҒЫ  

 

7 сәуір 2016ж. 



 

СБОРНИК ТРУДОВ  

международной  научно-практической конференции 



«Современные экономические проблемы в области финансов, учета, 

управления и туризма», 

посвященной 20-летию Евразийского национального университета имени 

Л.Н. Гумилева и экономического факультета 

7 апреля 2016г. 



 

PROCEEDINGS 

of the international scientific-practical conference  



“Modern economic problems in the field of finance, accounting, 

management and tourism” 

dedicated to the 20-th anniversary of the L.N. Gumilyov Eurasian National 

University and the Economic Faculty  

7 April,  2016 

 

 

Астана, Қазақстан  



Astana, Kazakhstan 

2

 

 



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

MINISTRY OF EDUCATION AND SCIENCE OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN 

 

Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 



L.N. GUMILYOV EURASIAN NATIONAL UNIVERSITY 

 

 



 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен экономикалық 

факультеттің 20-жылдығына орай ұйымдаcтырылған 

 «Қаржы, есеп, басқару және туризм салаларындағы заманауи 

экономикалық мәселелер»   

атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының 



ЕҢБЕКТЕР ЖИНАҒЫ  

 

7 сәуір 2016ж. 



 

СБОРНИК ТРУДОВ  

международной  научно-практической конференции 



«Современные экономические проблемы в области финансов, учета, 

управления и туризма», 

посвященной 20-летию Евразийского национального университета имени 

Л.Н. Гумилева и экономического факультета 

7 апреля 2016г. 



 

PROCEEDINGS 

of the international scientific-practical conference  



“Modern economic problems in the field of finance, accounting, 

management and tourism” 

dedicated to the 20-th anniversary of the L.N. Gumilyov Eurasian National 

University and the Economic Faculty  

7 April,  2016 

 

 

 



 

 

 



Астана, Қазақстан  

Astana, Kazakhstan 



3

 

 



УДК 336: 338.48 (063) 

ББК 65.261 

Қ 41 

 

Редакционная коллегия: 

 

Декан экономического факультета, д.э.н., профессор Макыш С.Б., 

Заместитель декана по научной работе, к.э.н., и.о. доцента Бакирбекова А.М. 

Профессор кафедры «Туризм»,  д.э.н. Сыздыкбаева Б.У.  

Заведующий кафедрой «Туризм», к.э.н., доцент Дуйсембаев А.А. 

Заведующий кафедрой «Менеджмент», д.э.н., профессор Толысбаев Б.С. 

Заведующий кафедрой «Учет, аудит и анализ», к.э.н., доцент Алибекова Б.А. 

Заведующий кафедрой «Финансы», д.э.н., профессор Садвокасова К.Ж. 

Заведующий кафедрой «Экономика», к.э.н., асс. профессор Рахметулина Ж.Б. 

Заведующий  кафедрой  «Экономическая  теория  и  антимонопольное  регулирование»,  к.э.н., 

доцент Бабланов Т.К. 

 

 



Қ41 Қаржы, есеп, басқару және туризм салаларындағы заманауи экономикалық 

мәселелер:  Халық.  ғыл.-тәжіриб.  конф.  еңбектер  жинағы  _  Современные 

экономические проблемы в области финансов, учета, управления и туризма:  Сб. 

материалов межд. науч.-практ. конф. _ Proceedings of the international scientific-practical 

conference  “Modern  economic  problems  in  the  field  of  finance,  accounting, 

management  and  tourism”.  –  Астана:  Л.Н.  Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық 

университеті, 2016 _ Астана: Евразийский национальный 

 

университет им. Л.Н. Гумилева, 2016_ Astana, L.N. Gumilyov Eurasian National 



 

University, 2016.  

 

ISBN 978 – 601 -301 – 677 - 1 

Халықаралық  ғылыми-тәжірибелік  конференциясының  еңбек  жинағында  қаржы,  есеп, 

басқару және туризм салаларындағы заманауи экономикалық мәселелері қарастырылған. 

В  сборнике  материалов  международной  научно-практической  конференции 

рассмотрены экономические проблемы в области финансов, учета, управления и туризма.  

Economic issues in the fields of finance, accounting, management and tourism are covered in 

the international scientific-practical conference collection of materials. 

                                                                                                        

 

    УДК 336: 338.48 (063) 

                                                                                                     ББК 65.261 

 

ISBN 978 – 601 -301 – 677 – 1       

 

                  © Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық         

                   университеті, 2016  

 

      © Евразийский Национальный  



                  университет им. Л.Н. Гумилева, 2016 

 

      © L.N. Gumilyov Eurasian National  



                   University, 2016 

4

 

 



ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ 

МӘСЕЛЕЛЕРІ 

 

Кемел М. 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 

Астана қ., Қазақстан Республикасы 

E-mail: 


makekemel@mail.ru

 

 



 

Қазақстан  Республикасы  тәуелсіздігін  алғаннан  кейінгі  жылдар  ішінде 

жоспарлы  экономика  мен  тоталитарлық  жүйеден  нарықтық  экономика  мен 

демократиялық  қоғамға  өту  жолында  барлық  бағыттарда  күрделі  реформалар 

мен  қайта  құрылымдаулар  жүргізу  арқылы  бірқатар  жетістіктерге  жетті. 

Бірқатар  салаларда  нәтижелі  жүргізілген  реформалар  биліктің  ең  төменгі 

сатысындағы саяси-әкімшілік басқару  жүйесін құруға келгенде аса сәтті шыға 

қоймады.  Тәуелсіздіктен  кейінгі  онжылдықта  ауылдық  аумақтардың 

экономикалық  қиындықтарға  тап  болып,  инфрақұрылымның  нашарлауы  мен 

халықтың әлеуметтік жағдайының төмендеуіне ықпал еткен факторлардың бірі 

–  осы  деңгейдегі  басқару  жүйесінің  әлсіз  болуының  салдары  еді.  Осы 

кемшілікті түзетуге Қазақстанның саяси билігі 2000 жылдары ғана терең көңіл 

бөле  бастады.  Ауыл  экономикасы  мен  тұрғындарының  әлеуметтік  әл-ауқатын 

жақсартуға бағытталған кешенді шаралардың бір компоненті ретінде ауылдық 

деңгейде  жергілікті  мемлекеттік  және  өзін-өзі  басқару  жүйесін  жетілдіруге 

арналған  алғашқы  өзгерістер  жасалды.  Алайда  негізінен  2000-2010  жылдар 

аралығын қамтыған бұл шаралар күткен нәтижені бермеді.  

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  2012  жылғы 

«Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 

атты Қазақстан халқына Жолдауының «Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және 

қазақстандық  демократияны  дамыту»  тарауындағы  мемлекеттік  басқарудың 

жаңа  түрін  қалыптастыру  мақсатына  сәйкес  [1],  үкімет  ауылдық  деңгейде 

саяси-әкімшілік  басқару  жүйесін  жетілдіру  бойынша  2020  жылға  дейін  іске 

асырылуы  көзделген  кешенді  шаралардың  жоспарын  жасады.  Осы  шаралар 

аясында ауыл әкімдерін сайлау, сайланған әкімдердің құзіретін кеңейту және өз 

кірісін  қалыптастыруына  мүмкіндік  беру,  аппаратын  күшейту  сияқты  оң 

өзгерістер жүрді.  

Қоғам әр уақытта эволюцияланатын жүйе, оның дамуына сәйкес заманауи 

талаптар мен сын-қатерлердің мәні мен түрі ауысатындықтан, жергілікті билік 

институттарының  уақыт  талабына  бейімделуі,  оған  орай  трансформациялануы 

ылғи да өзекті. Сол себепті заманауи үдерістерді, халықтың талабын және өзге 

елдердің тәжірибелерін ескере отырып, мемлекет тарапынан жоспарлаған және 

орындалған 

реформаларды 

жетілдіру 

бойынша 


ұсыныстар 

жасап, 


кемшіліктерді дер кезінде анықтап, басқару субьектілерін заман талабына орай 

дамытып  отыру  пайдалы.  Сондықтан  «биліктің  ең  төменгі  иерархиялық 

сатысында  демократиялық  құндылықтарға  сай  тиімді  жұмыс  жасайтын  саяси-


5

 

 



әкімшілік  басқару  моделін  қалыптастыру  мәселесі  өзекті  тақырып  болып 

табылады» [1].  

Қазақстанның  аумақтық  құрылымында  биліктің  ең  төменгі  сатысында 

орналасқан  әкімшілік-аумақтық  бірліктерге  ауылдар,  ауылдық  округтер, 

кенттер,  аудандық  маңызы  бар  қалалар,  қаладағы  аудандар  жатады.  Бұл 

әкімшілік-аумақтық  бірліктердің  мәртебесі  әртүрлі  болғанымен,  «жергілікті 

басқару» аталатын құрамда саяси-әкімшілік басқару санатын құрайды.  

Мемлекет  үшін  маңыздылығы  анық  көрінетін  жергілікті  басқару,  ондағы 

саяси  институттың  қызметі  және  олардың  тиімді  жұмыс  жасауын  қамтамасыз 

ету  өзекті.  Өйкені  ауылдық  аумақ  пен  қалалық  аумақ  арасында  мемлекеттік 

қызметті  алу;  қоғамдық-саяси,  әлеуметтік-экономикалық  даму;  географиялық 

орналасу  т.б.  ерекшеліктер  тұрғысынан  үлкен  айырмашылықтар  бар.  Атап 

айтқанда:  қалалық  және  қалаға  жақын  аумақтармен  салыстырғанда  ауылдық 

аумақтарда  жол,  сумен  қамту,  телекоммуникация  және  басқа  да  мемлекет 

жеткізуі  тиіс  инфрақұрылымдар  нашар  дамыған,  ауылдық  аумақтар  тауар 

айырбасы  жасалынатын  нарық  орталықтарынан  және  саяси  шешімдер  – 

әкімшілік  саясат  пен  стратегиялық  даму  жоспарлары  қабылданатын 

мекендерден, саяси және экономикалық тұрғыдан оқшауланған [2, 2 б].  

Қазақстан  тәуелсіздігін  алғаннан  кейін,  өтпелі  кезеңде  жасалынған 

жергілікті  басқару  саласындағы  реформалардың  нәтижесінде  ауылдық  елді 

мекендерді  басқарудың  қазіргі  моделі  қалыптасты.  Ол  бойынша,  ауылдық 

деңгейде  жергілікті  мемлекеттік  басқару  тек  қана  атқарушы  органнан  тұрады, 

биліктің  ең  төменгі  сатысында  өкілді  орган  (мәслихат)  жоқ.  Ауылдық 

деңгейдегі  жергілікті  атқарушы  мемлекеттік  орган  қызметін  ауыл  әкімі  мен 

оның аппараты атқарады.  

Қазіргі таңда, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың  

және  ауылдық  округтардың  әкімдері  сайлау  жолымен  билікке  келуі 

жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылдың 24 сәуірдегі 

«Қазақстан  Республикасының  аудандық  маңызы  бар  қалалары,  ауылдық 

округтері,  ауылдық  округтің  құрамына  кірмейтін  кенттері  мен  ауылдары 

әкімдерінің  сайлауын  өткізудің  кейбір  мәселелері  туралы»  Жарлығына  [3] 

сәйкес,  аудан  әкімі  тиісті  әкімшілік-аумақтың  тұрғындарымен  кеңесу  арқылы 

ауыл  әкімі  лауазымына  үміткер  кемі  екі  кандидатты  белгілейді.  Тиісті 

кандидаттардың  ішінен  ауыл  әкіміне  лайықтысын  аудандық  мәслихат 

депутаттары 4 жылға сайлайды. Әкімдер корпусының ішіндегі сайлау жолымен 

билікке келетін тек осы деңгейдегі әкімдер ғана.  

Ауыл  әкімдерінің  функциялары  мен  міндеттері  көп.  Қазақстан 

Републикасының  түрлі  заңдары  бойынша  ауыл  әкімдеріне  67  міндеттер  мен 

функциялар  жүктеліп,  құқықтар  берілген.  Оларды  талдап  атар  болсақ, 

қолданыстағы  «Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік  басқару 

және  өзін-өзі  басқару  туралы»  Заңына  –  36,  Жер  кодексіне  –  3,  Білім  туралы 

Заңға  –  3,  «Агроөнеркәсіптік  кешенді  және  ауылдық  аумақтарды  дамытуды 

мемлекеттік  реттеу  туралы»  Заңға  –  7,  «Ветеринария  туралы»  заңға  –  17, 

«Байланыс туралы» Заңға – 1 тармақ арқылы нақтыланған. 



6

 

 



«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-

өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 

148  Заңының  [4]  35-бабы  бойынша  «Қаладағы  аудан,  аудандық  маңызы  бар 

қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмi өзiнiң құзіретiне жатқызылған мәселелер 

бойынша  өзiне  жүктелген  мiндеттердiң  iске  асырылуы  үшiн  жоғары  тұрған 

әкiмнiң, аудандық (облыстық маңызы бар қалалық), республикалық маңызы бар 

қала,  астана  мәслихатының  алдында  жауап  бередi».  Өз  функциясын  жүзеге 

асыру үшін ауыл әкіміне күшті аппарат керек, жоғарыдағы Заңның 38-бабына 

сәйкес:  «Қаладағы  аудан,  аудандық  маңызы  бар  қала,  кент,  ауыл,  ауылдық 

округ әкімінің аппаратын жоғарғы орган ретінде саналатын әкімдіктер құрады, 

таратады  және  қайта  ұйымдастырады»  және  «Әкiм  аппараты  жергiлiктi 

бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекеме болып табылады».  

Кенттер,  ауылдар,  ауылдық  округтер  әкімдер  аппараттарының  штат 

санының  лимитi  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2004  жылғы  15 

желтоқсандағы № 1324 қаулысымен [5] анықталады (кесте 1).  

Кестеден  байқалатыны,  ауыл  әкімдері  аппараттарының  штат  саны, 

әкімшілік-аумақтық  бірліктің  халық  санына  қарай  өзгереді.  Елдегі  бірқатар 

аудандардың  ресми  веб  сайттарында  қарастырылғандай,  қарамағындағы 

ауылдық  округ  әкімі  аппаратының  штатында  көбіне  мынадай  лауазымдардың 

болатындығын  байқауға  болады:  іс  қағазын  жүргізуші  маман,  есепші  маман, 

ветеринар  маман,  салық  жинаушы  маман.  Бұлардан  басқа  техникалық 

қызметкер  санатындағы  мамандар  бар,  олардың  да  саны  әкімшілік-аумақтың 

демографиясына  байланысты  өзгереді.  Заңға  сәйкес  ауыл  әкiмінің  аппараты 

жергiлiктi  бюджеттiң  есебiнен  ұсталатын  мемлекеттiк  мекеме  болғандықтан, 

ондағы  штат  саны  мен  лауазымдық  қызметтердің  түрі  облыстарға  қарай  да 

өзгеруі мүмкін.  

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-

өзі  басқару  туралы»  Заңының  2-1-бабы  бойынша:  «Облыстың,  ауданның, 

қаланың,  қаладағы  ауданның,  ауылдық  округтің  құрамына  кірмейтін  кент  пен 

ауылдың  әкімі  мемлекеттік  басқару  функцияларымен  қатар  жергілікті  өзін-өзі 

басқару  органдарының  функцияларын  да  жүзеге  асырады».  Сондықтан  ауыл 

әкімі  өзіне  қарасты  аумақта  жергілікті  өзін-өзі  басқару  органының  қызметіне 

басшылық жасауға да жауапты.  

Ауыл әкімдерінің қолында кіріс көздері нақтыланған дербес бюджеті жоқ, 

оларға  мемлекеттік  басқару  органы  ретінде  өз  функциялары  мен  міндеттерін 

іске  асыруына  қажетті  барлық  қаражат  жоғары  мемлекеттік  органдардан 

бөлінеді. Бұл – осы деңгейдегі басқару саласындағы проблемалық мәселелердің 

бірі.  


2013  жылғы  13  маусымда  «Қазақстан  Республикасының  кейбір 

заңнамалық  актілеріне  жергілікті  өзін-өзі  басқаруды  дамыту  мәселелері 

бойынша  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы»  Қазақстан 

Республикасының 

Заңы 

қабылданды 



[6]. 

Заңға 


сәйкес 

Қазақстан 

Республикасының  төмендегі  7  заңнамалық  актілеріне  өзгерістер  мен 

толықтырулар  енгізілді,  олар:  Қазақстан  Республикасының  2001  жылғы  30 

қаңтардағы  Әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  кодексі;  Қазақстан 


7

 

 



Республикасының  2008  жылғы  4  желтоқсандағы  Бюджет  кодексі;  Қазақстан 

Республикасының  2008  жылғы  10 желтоқсандағы  «Салық  және  бюджетке 

төленетін  басқа  да  міндетті  төлемдер  туралы  (Салық  кодексі)»;  «Мемлекеттік 

қызмет  туралы»  Қазақстан  Республикасының  1999  жылғы  23  шілдедегі  Заңы; 

«Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік  басқару  және  өзін-өзі 

басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы; 

«Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы 

Заңы;  «Мемлекеттік  мүлік  туралы»  Қазақстан  Республикасының  2011  жылғы 

1 наурыздағы Заңы. 

 

Кесте 1 - Ауыл әкімі аппаратының штат саны 



Әкімшілiк-аумақтық 

бiрлiк  халқының  саны 

(мың адам) 

Әкiмдер 


аппараттарының  штат 

саны (бiрлiк) 

Оның 

iшiнде 


әкiмдердiң 

орынбасарлары 

(бiрлiк) 

Кент,ауыл,ауылдық округ   

 

1,5-ға дейiн 



3-5 

 

1,5-нан 3-ке дейiн 



5-7 

 

3-тен 5-ке дейiн 



7-8  

 

5-тен 10-ға дейiн 



8-10  

10-нан 20-ға дейiн 



10-15  

20-дан 40-қа дейiн 



15-18  

40-тан астам 



18-20  

 



Енгізілген өзгерістерге сәйкес ауылдық округ әкімінің құзыретіне: 

-  басқаруына  берілген  аудандық  коммуналдық  мүлікті  жеке  тұлғаларға 

және  мемлекеттік  емес  заңды  тұлғаларға  кейіннен  сатып  алу  құқығынсыз 

мүліктік жалға (жалдауға) беру; 

-  берілген  коммуналдық  мемлекеттік  кәсіпорындар  қызметінің  басым 

бағыттарын 

және 


бюджеттен 

қаржыландырылатын 

жұмыстарының 

(көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындау; 

- берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз ету; 

-  берілген  аудандық  коммуналдық  заңды  тұлғаларды  басқаруды  жүзеге 

асыру; 

-  жергілікті  атқарушы  органның  шешімімен  бекітілетін,  басқаруына 



берілген  аудандық  коммуналдық  мемлекеттік  кәсіпорынның  жылдық 

қаржылық есептілігін келісу; 

-  басқаруына  берілген  коммуналдық  қазыналық  кәсіпорындар  өндіретін 

және  өткізетін  тауарлардың  (жұмыстардың,  көрсетілетін  қызметтердің) 

бағаларын белгілеу; 

-  берілген  аудандық  коммуналдық  мемлекеттік  мекемелердің  жергілікті 

бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекіту; 

- кіріс көздерін қалыптастыру



8

 

 



-  бюджеттің  атқарылуы  жөніндегі  орталық  уәкілетті  органда  әкімдердің 

жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталатын ақшаны 

есепке  жатқызуға  арналған,  жергілікті  өзін-өзі  басқарудың  қолма-қол  ақшаны 

бақылау шотының ашылуын қамтамасыз ету; 

бюджет  қаражаттарын  үнемдеудің  және  (немесе)  Қазақстан 



Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы 

заңнамасында  көзделген  түсімдердің  есебінен  еңбек  шарты  бойынша 

қызметкерлер қабылдау; 

-  жергілікті  қоғамдастықтың  жиналысында  келісілгеннен  кейін  жергілікті 

өзін-өзі басқарудың ақша түсімдері мен шығыстары жоспарын бекіту; 

-  мемлекеттік  мекемелердің  өздерінің  иелігінде  қалатын  тауарларды 

(жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен 

шығыстарының  жиынтық  жоспарын  Қазақстан  Республикасының  бюджет 

заңнамасына сәйкес жасайды және бекіту жатады. 

Ауылдық  округ  әкімдерінің  жергілікті  өзін-өзі  басқарудың  кіріс  көздерін 

қалыптастыру құқығы мен міндеттері былайша қалыптасады: 

- мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады; 

-  қоғамдық  жұмыстарды,  жастар  практикасын  және  әлеуметтік  жұмыс 

орындарын ұйымдастырады; 

-  дене  шынықтыру  және  спорт  жөніндегі  уәкiлеттi  органмен  және 

мүгедектердiң  қоғамдық  бiрлестiктерiмен  бiрлесiп,  мүгедектер  арасында 

сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады; 

-  мүгедектердiң  қоғамдық  бiрлестiктерiмен  бiрлесiп,  мәдени-бұқаралық 

және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады; 

-  мүгедектерге  қайырымдылық  және  әлеуметтiк  көмек  көрсетуді 

үйлестiредi; 

-  халықтың  әлеуметтiк  жағынан  әлсіз  топтарына  қайырымдылық  көмек 

көрсетуді үйлестіреді; 

-  ауылдық  денсаулық  сақтау  ұйымдарын  кадрлармен  қамтамасыз  етуге 

жәрдемдеседі; 

-  әкім  аппараты  әкімшісі  болып  табылатын  бюджеттік  бағдарламаны 

әзірлеу  кезінде  жергілікті  қоғамдастық  жиналысының  талқылауына  жергілікті 

маңызы  бар  мәселелерді  Қазақстан  Республикасының  бюджет  заңнамасына 

сәйкес  аудан  (облыстық  маңызы  бар  қала)  бюджетінің  құрамында  көзделген 

бағыттар бойынша қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығарады. 

Жергілікті өзін-өзі басқару институтының қызметінің экономикалық және 

қаржылық  негізін  қамтамасыз  ету  үшін  2013  жылдан  бері  жүргізілген 

реформалардың  нәтижесінде,  жергілікті  өзін-өзі  басқарудың  кіріс  көздері 

мынадай түсімдерден қалыптастырылады: 

-  аудандық  маңызы  бар  қала,  ауыл,  кент,  ауылдық  округ  әкімдерінің 

басқаруындағы мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға (жалдауға) беруден түсетін 

кірістер; 

- жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрдегі алымдары; 

-  сыртқы  (көрнекі)  жарнаманы  аудандық  маңызы  бар  қалалар,  ауылдар, 

кенттер, ауылдық округтер аумақтары арқылы өтетін республикалық, облыстық 


9

 

 



және  аудандық  маңызы  бар  жалпыға  ортақ  пайдаланылатын  автомобиль 

жолдарының  бөлiнген  белдеуiндегі  жарнаманы  тұрақты  орналастыру 

объектілері  мен  өз  өңірлеріндегі  үй-жайлардың  шегінен  тыс  ашық  кеңістікте 

орналастыруға  және  ауданда  тіркелген  көлік  құралдарында  орналастырғаны 

үшін төлемақы алынтын алым; 

-  аудандық  маңызы  бар  қала,  ауыл,  кент,  ауылдық  округ  әкімдері 

Қазақстан  Республикасының  Әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  кодексінің 

165  (белгіленбеген  жерлерде  саудалау),  300  (жасыл  көшеттерді  күту  және 

қорғау қағидаларын бұзу), 311 (иттер мен мысықтарды ұстау қағидаларын бұзу) 

және  387  (қала  және  елді  мекендер  аумағын  абаттандыру  қағидаларын  бұзу, 

сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін бұзу, қала және елді мекендердің жасыл 

көшеттерін  жою  және  зақымдау)  баптарында  көзделген  әкімшілік  құқық 

бұзушылықтар үшін алатын айыппұлдар; 

-  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  тыйым  салынбаған  өзге  де 

көздер. 

Әрине,  бұл  түсімдер  ауылдық  аумақтарда  үлкен  кіріс  алып  келмейді, 

сондықтан  ауыл  әкімінің  дербес  бюджетін  қалыптастыруға  жеткіліксіз. 

Дегенмен  жасалынған  өзгерістерді  жергілікті  өзін-өзі  басқару  органы  ретінде 

ауыл  әкіміне  өз  кірісін  қалыптастыру  және  түскен  қаражатты  жұмсау 

тәжірибесін  беретін  оң  өзгеріс  ретінде  бағалауға  болады.  Қазіргі  таңда,  осы 

салаға  жауапты  орталық  уәкілетті  мемлекеттік  орган  ҚР  Ұлттық  экономика 

министрлігі  тарапынан  жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдарының  қаржылық 

дербестігін  әрі  қарай  кеңейту  мәселесі  қарастырылып  келеді  [7],  осы  орган 

таратқан  мәліметтер  бойынша,  ауылдық  деңгейдегі  жергілікті өзін-өзі басқару 

институтының бюджет мәселесі 2020 жылға қарай шешіледі деп күтілуде [8].  

Жергілікті  өзін-өзі  басқару  органының  кіріс  көздеріне  арналған  есепшот 

ашу,  бөлінген  бюджет  қаражатын  бақылау  және  мониторинг  жүргізудің 

ережелері  мен  тетіктері  «Жергілікті  маңызы  бар  мәселелерді  шешуге  және 

жергілікті  өзін-өзі  басқарудың  кіріс  көздеріне  бөлінген  бюджет  қаражатын 

пайдалануға  мониторинг  жүргізу  әдістемесін  бекіту  туралы»  Қазақстан 

Республикасы  Қаржы  министрінің  2013  жылғы  26  тамыздағы  №  405 

бұйрығында  [9]  көрсетілген.  Бұл  құжаттарда  жергілікті  қоғамдастыққа 

қаржының  жоспарын  ауыл  әкімімен  бірге  талқылау  және  оның  жұмсалуын 

бақылау  мүмкіндігі  берілген.  Оған  сәйкес,  ауыл  әкімі  жергілікті 

қоғамдастықпен  келісе  отырып,  түскен  қаржының  қандай  мақсатта 

жұмсалатыны  туралы  жоспар  жасайды.  Қаражат  жоспарға  сәйкес  жұмсалады 

және жергілікті қоғамдастыққа жұмсалынған қаражаттың есебі беріледі. 

2016  жылдың  6  қаңтарында  республикалық  «Егемен  Қазақстан»  және 

«Казахстанская  правда»  газеттерінде  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 

«Ұлт  жоспары  –  қазақстандық  арманға  бастайтын  жол»  атты  мақаласы  [10] 

жарияланды. Онда жақын онжылдықта жергілікті өзін-өзі басқару органдарына 

үш  деңгейлі  (2016-2017,  2018-2020,  2020  жылдан  әрі  қарай)  қосымша 

өкілеттіктер берілетіні айтылды. 

2016-2017 жылдары: 



10

 

 



-  аудан  әкімінің  өзінен  төменгі  әкімдіктер  әкімі  лауазымына  ұсынатын 

кандидатурасы аудан мәслихатына және сайлау өткізуге енгізу үшін келісілетін 

болады; 

- әкімді босату туралы мәселеге бастамашы бола алады; 

- аудан әкімі ұсынған қолма-қол ақшаның бақылау шоты есебінен алынған 

мүлікті иеліктен шығару мәселесін қарайды; 

- өз аумағындағы жер телімдерінің пайдаланылуын бақылайды; 

-  жергілікті  жердегі  мемлекеттік  мекемелердің  басшыларын  тағайындау 

бойынша ұсыныстар енгізе алады; 

-  жергілікті  өзін-өзі  басқарудың  салықтық  әлеуетін,  көлік  және  заңды 

тұлғалардан жер салығын алу құқын алу жолымен күшейтетін болады. 

2018-2020жылдары: 

- жергілікті өзін-өзі басқару бюджетін аудан мәслихатына бекіткен соң оны 

өзбетінше сатылап қалыптастырады; 

-  әкімнің  аудандық  мәслихатқа  бекіту  үшін  енгізген  жергілікті 

қоғамдастық  бюджетінің  жобасын  Жиналыстың  келісуі  және  олардың 

орындалуы туралы есепті мәслихатқа ұсыну үшін қолдайды; 

-  жергілікті  қоғамдастықтың  коммуналдық  меншікті  басқару  мәселелерін 

қарастырады; 

-  тұрғындары  2  мың  адамнан  асатын  әкімшілік-аумақтық  бірлік  үшін 

бюджетті аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсынады; 

-  «Жергілікті  өзін-өзі  басқару  коммуналдық  меншігі»  институтын 

енгізіледі; 

-  әлеуетін  ұлғайту  мақсатында  селолық  округтер  деңгейінде  әкімшілік-

аумақтық бірлікті нығайту мәселесін қарайды. 

2020 жылдан бастап: 

- жергілікті өзін өзі басқарудың өкілді органын құрылады; 

- халқының саны 2 мың адамнан кем емес елді мекендерде жергілікті өзін-

өзі басқарудың дербес бюджеті енгізіледі; 

-  қоғамдық  маңызды  мәселелерді  қамтитын  жергілікті  бюджеттердің 

жобалары  бойынша  азаматтардың  ұсыныстары  жергілікті  өзін-өзі  басқару 

органы дербес қарай алады. 

Қорыта  келгенде  айтарымыз,  жергілікті  өзін-өзі  басқару  жүйесін  дамыту 

экономикалық өркендеудің, әлеуметтік әл-ауқаттың және азаматтық қоғамның 

қалыптастырудың міндетті шарттарының бірі болып табылады. 

Биліктің  осы  деңгейі  халыққа  барынша  жақын,  негізінен  оны  халық 

қалыптастырады,  оның  бақылауында  болады  және  халықтың  негізгі  өмірлік 

қажеттілігін  қамтамасыз  ету  мәселесін  шешеді.  Жергілікті  өзін-өзі  басқару 

ұтымды құрылса, халықтың билікке деген сенімі артады. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет