Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №2-3 / 2015



Pdf көрінісі
бет2/31
Дата06.03.2017
өлшемі3,91 Mb.
#8051
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

7.  Арнайы  прораммалық  жабдық.  Бұл  бағыт  көлемінде  есептелмейтін 
процестерді  шешуге  арналған  арнайы тілдер  (LISP, PROLOG,  SMALLTALK, 
PEФАЛ  т.б.)  жасалады.  Бұл  тілдер  мәліметтерді  символдық  өңдеуге 
бағытталған. Сонымен қатар, интеллектуалды жүйелерді өндірістік жобалауға 
бағытталған программалар пакеті жасалуда, мысалы, КЕЕ, ARTS. Сол сияқты, 
әртүрлі  жүйелерді  құруда  білімдер  қоры  толтырылатын  бос  эксперттік 
жүйелер құрылуда (EXSYS, M1 т.б.)[3]. 
Оқыту  және  өзін  -  өзі  оқыту.  Жасанды  интеллектінің  жылдам 
дамудағы  саласы.  Мәліметтерді  талдау  және  жалпылау  негізінде  білімдерді 
автоматты  түрде  жинақтауға  бағытталған  моделдерді,  әдістер  мен 
алгоритмдерді толықтырады.  
Интелектуалды  жүйелердің  негізгі  ерекшелігі:  олар  білімдерге 
негізделеді.  Сонда  білім  деген  не,  оның  компьютерде  өңделіп  жүрген 
мәліметтерден қандай өзгешелігі бар. Салыстырып көрейік. 
Мәліметтер  –  қарастырылу  аймағында  объектінің,  процестің, 
құбылыстың жеке фактілері мен қасиеттері. 
Компьютерде өңделетін маліметтерді жинақтау-сақтау жолдары: 

     
 
 
13 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 
- өлшеулер мен байқаулардың нәтижесі; 
-  табиғи  тасымалдаушылардағы  мәліметтер  (кестелер,  хаттамалар, 
анықтамалар); 
-  диаграммалар,  графиктер,  функциялар  түрлеріндегі  мәліметтердің 
моделдері; 
- мәліметтерді сипаттау тілдеріндегі компьютердегі мәліметтер; 
- деректер қорлары. 
Біліммен байланысты мәліметтер де осыларға сүйенеді, бір-ақ  адамның 
ой-жүйесінің жұмысының  нәтижесі болып табылады. Адамның қандай да бір 
іс-әрекеттерінің  барысында  алған  тәжірибелерін  жалпылайды.  Олар 
эмперикалық жолмен алынады. 
Білім  -  қарастырылу  аймағының,  осы  аймақтың  мәселелерін(есептерін) 
шешуге  жарамды,    сұрыпталып  қорытылған  заңдылықтары  (принциптері, 
байланыстары, заңдары). 
Компьютерде өңделетін білімдер де мәліметтер тәрізді жинақталады: 
- адамның жадындағы білім (ой жүйесінің нәтижесі); 
- білімдерді тасымалдаушылар (оқулықтар, әдістемелік құралдар); 
-  білім  өрістері  -  қарастырылу  аймағы  негізгі  объектілерінің  сипатталу 
шарттары, олардың атрибуттары мен байланыс заңдылықтары; 
-  білімдерді  кескіндеу  тілдерінде  сипатталған  білімдер  (продукциялық 
тілдер, семантикалық торлар, фреймдер); 
 - білімдер базасы. 
Көбіне білімнің мына анықтамалары қолданылады: 
білім    -  жақсы  жүйеленген  мәліметтер  немесе  мәліметтер  жайлы 
мәліметтер немесе метамәліметтер. 
Білімдерді келесі категориялар бойынша жіктеуге болады: 
-  жазықтықтық  -  қарастырылу  аймағының  жеке  оқиғалары  мен 
фактыларының арасындағы көрнекті байланыстар жайлы білім; 
-  тереңдік  -  қарастырылу  аймағының  құрылымы  мен  процестерін 
сипаттайтын абстракциялар, аналогтар, схемалар. 
Бұл  күнгі  интеллектуалды  жүйелер  негізінен  жазықтықтық  білімдермен 
жұмыс істейді. Сонымен қатар білімдерді процедуралық және декларативтік 
деп бөлуге болады. 
Алғашқыда процедуралық білімдер қолданылды, олар алгоритмдермен 
басқарылды. Өзгерту қажет болған жағдайда программа өзгертілетін болды. 
ЖИ дамуына байланысты білім жүйелі мәліметтерге негізделді, яғни 
декларативті білімдердің ролі артты. 
Бұл күнде білім таза  декларативті түрге енді, яғни білім болып табиғи 
тілге  жақындатылған  білімдерді  кескіндеу  тілдерінде  жазылған  сөйлемдер 
есептеледі.  
Әр  түрлі  қарастырылу  аймақтары  үшін  ондаған  білімдерді  кескіндеу 
моделдері  бар.  Олардың  көпшілігін  келесі  кластарға  келтірілуге  болады: 
продукциялық,  семантикалық,  торлар,  фреймдар,  формалды  логикалық 
моделдер. 
Жалпы,  комьютерлік    әдеттегі  программалар  мен  жасанды  жүйелер 
программаларының айырмашылығы жеткілікті.  
Біріншіден, әдеттегі программалар есепті шешуде дайын операцияларды 
орындайды.  Ал,  эксперттік  жүйелер  (ЭЖ)  әр  жаңа  мақсатты  орындау  үшін 

     
 
 
14 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 
шамамен  болсада  шешімдер  ағашын  құрып,кеңістікке  кез  келген  символдық 
өрнектерді  өңдеумен  айналысады.  Әдеттегі  программалардың  мақсаты-
оқиғалар ағымы және байқалған оқиғаның болжанған беталысы жөнінде кеңес 
беру. 
Екіншіден, әдеттегі программалар барлық жағдайда белгілі фактілермен 
жұмыс  істейді,ал  ЭЖ  тәжрибеге  негізделген  түрлі  түсініктер  мен  оқиғаларды 
сипаттайтын  байланыстарды  (түсініктер  мен  оқиғалар  –нақты  облыста 
Эксперттік адамдар жинастырған білімдер). 
Үшіншіден,  әдеттегі  порграммалар  нақты  математикалық  ережелерге 
сүйеніп  құрылады,  ал  ЭЖ-нің  жұмысы  шындықты  анықтау  үшін  логикалық 
және  т.б.  тәсілдері  пайдаланып,  символдық  өрнектерді  өңдеуден  тұрады. 
Онда  пайдаланатын  кейбір  фактілер  мен  шындықты  толық  түрде  көрсетпеуі 
де мүмкін. 
Жасанды интеллект жүйелерін зерттеушілер жүйеге әдеттегі программда 
жоқ  мәліметтерді  де    қосу    қажеттігіне  көз  жеткізді:  Жасанды  интеллект 
пграммалары  кейде  бір  ақпаратты  өзі  жинай  алу  тиіс  екенін  анықтайды.  Ал 
әдеттегі  программалау  тілдері  орындалатын  тапсырмалар  мен  нұсқауларды 
ғана орындай алады. 
Білімгерлерді  сапалы  оқыту  үшін  жаңа  деңгейдегі  оқыту  жүйелерін  құруға 
жүйелі  түрде  қарау  –  заманғы  оқыту  жүйелерінің  барлық  компоненттерін  бітіруші 
түлектерге  деген  әлеуметтік  тааптармен  тығыз  байланысты  қарастыруға  мүмкіндік 
береді.  Оқу  процесін  модельдеуге  ұмтылу.  Оған  күрделі  динамикалық  процесс 
ретінде  қарауға  көмектеседі  және  оқытудың  компьютерлік  құралдарын  қолдануға 
алып келетін мүмкіндіктерді ескертеді. Оқу процесін зерттеуде модель көрнекі түрде 
ұсынудың маңызды құралы ретінде жүреді.Осыған орай, оқу процесін ұйымдастыру 
және  ғылыми  зерттеу  үшін  моделдеу  қажетті  болып  отыр.  Үнемі  өзгертіліп 
отыратын  модель  жасанды  интеллект  элементтері  бар  оқыту    жүйелерін  құру  үшін 
алғашқы кезең және қызметті жағдай болуы керек [4]. 
Модельдер  қойылған  мақсатқа  сай  оқыту  процесінің  тиімді  құрылымын 
табуға мүмкіндік береді.  
Оқытуды  тиімді  ету  құралдары:    пәнді  зерттеу  кезіндегі  оқытудың  мазмұны 
мен  жүйелілігі,  пәнаралық  байланыстар  мен    оқыту  түрлері.  Байланыс  неғұрлым 
тығыз болса, білімгерлердің ғылыми, кәсіби дайынығы соғұрлым жоғары болмақ.  
Осы бағыттағы зерттеулер мен ғылыми әдебиеттердің талдауы заманауи оқу 
процесіндегі  келесідей қарама-қайшылықтарды анықтайды:  
1.
 
Қоғамның қажеттілігі мен  білімгерлерді дайындау сапасы арасында; 
2.
 
Жоғарғы  оқу  орнының  оқыту  процесі  ақпараттық  оқыту  жүйесіне 
негізделуі  тиіс,  оларды  құру  үшін  оқытушылар  тарапынан  электрондық  оқыту 
ресурстарын  құрудағы  белседілігі  қажет.  Сонымен  қатар,  жаңа  буын  талаптарын 
сәйкес  оқу-әдістемелік мәліметтер жеткілікті деңгейде өңделмеген. 
3.
 
Оқыту  сапасының  стандарттарына    білімгерлердің  дайындық 
деңгейінің  сәйкестігі  және  оқыту  процесіндегі  білімгерлердің  дайындығындағы 
кемшіліктері арасындағы; 
4.
 
 Қалыптасқан дәстүрлі оқыту жүйесі мен дара оқыту арасындағы
5.
 
Мемелекеттік  стандарттарға  сәйкес  жоғарғы  оқу  орындарының 
білімгерлерінің дайынық деңгейі мен білімгерлер мен оқу орнының функционалдық 
мүмкіндіктері арасындағы қарама-қайшылық. 
Осыған сәйкес, оқыту мазмұны мен құрылымы  заманауи талаптарға сәйкес, 
білім  сапасын  арттыру  мен  әлеуметтік  тапсырыстарға  сай  білімгерлер  дайындау  

     
 
 
15 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 
мақсатында,  жасанды  интеллект  элементтері  оқыту  жүйесін  оқу  орындарында 
қолдану мәселесі туындап отырғанын өте орынды деп есептейміз.    
 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1.
 
Вербицкий А.А. Активное обучение в высшей школе. - М: Велби, 2007. 
2.
 
А. Ерболатов Жаңа ақпараттық технология - мектепте // «Информатика 
негіздері». – 2010. – №2. – Б.22 
3.
 
Нильсон Н. Искусственный интеллект.– М., Мир, 1985. 
4.
 
Беляев,  М.И.  Теоретические  основы  создания  образовательных 
интеллектуальных систем – Томск: Изд-во Томск. гос. ун-та, 2002 
 
 
ӘОЖ 371.315.7:004.4:512 
 
ИНТЕРНЕТ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ҚОЛДАНУ АЯСЫ 
 
А.О. Алдабергенова, п.ғ.к., доцент 
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қаласы 
aigul_ao@mail.ru
 
 Қайырбек Гулжанат Ерікқызы, Информатика мамандығының магистранты 
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ. 
Gul92janat@mail.ru
 
 
Қазіргі әлемдік даму кезеңінде ғаламдық ақпараттық интернет желісі бүкіл 
әлемдік  ақпараттық  кеңістіктің  ең  көлемді  және  жаппай  жайылған  сұранысы 
болып  табылады.  Сол  себепті  де  интернет  технологисының  және  елімізде 
интернет көзіне қосылу шараларының барлығы қазіргі  таңда еліміздің  жаһандану 
барысына оң әсерін тигізбек. 
Бұл  мақалада  интернет  технологияларына  жалпы  түсінік  берілген  және 
қазақстандықтардың осы интернет технологиясын қолдануы бойынша талдаулар 
баяндалған. 
Развитие  современного  мира,  глобальная  сеть  новости  в  мировом 
информационном  пространстве  интернета  развернута  в  массовом  масштабе  и 
спроса.  По  этой  причине,  интернет  технологий  и  доступ  к  интернету  в  стране 
будет иметь положительное влияние на процесс глобализации . 
В  статье,  изложены  общие  сведение  про  интернет-технологий  и  сделан 
анализ использования интернет- технологий казахстанцев. 
The  development  of  the  modern  world,  the  global  news  network  in  the  world 
information space of the Internet is deployed on a massive scale, and in demand. For this 
reason, Internet technologies and Internet access in the country will have a positive impact 
on the process of globalization. 
The  article  sets  out  general  information  about  Internet  technology  and  made  an 
analysis of the use of Internet technologies in Kazakhstan. 
Кілт  сөз:  технология,  домен,  интернет,  ғаламдық  ақпараттық  интернет 
желісі, интерактивті бейнеқызмет 
 
Жалпы  жаңа  ақпараттық  қоғамның  негізін  қалаушыларының  бірі  оның 
ғаламдық  сипаты  екені  рас.  Жаңа  ақпараттық  қоғамды  қалыптастыру  үдерісінде 
біртіндеп  ақпарат  тарату  және  алмасу  тәсілдері  мен  әдістері  жаңартылады,  уақыт 
үнемделеді,  ұлттық  шекаралар  мен  кедергілер  бұзылады,  әлемдік  ақпараттық 
кеңістігінің,  экономика,  сауда,  қаржы,  адамзат  өмірінің  басқа  салаларының 

     
 
 
16 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 
құрылымы 
түбірімен 
өзгереді, 
адамдардың 
көзқарасы 
мен 
адамзат 
құндылықтарының қарқындылығы, мәдениет пен мәдени моделдердің әмбебаптығы 
байқалынады, динамизмі жылдамдатылады, бәсекелестік күшейе түседі.  
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының барлық жерінде компьютерлендiру 
жұмысы  аяқталды.  Осы  жұмыстардың  нәтижесiнде  Қазақстан  Республикасының 
азаматтары республиканың кез-келген нүктесінде тұруына қарамай  жаңадан келген 
жаңалықтармен  таныс  болып  отыр.  Тәжірибеден  білетініміздей  уақтылы  алынған 
ақпарат  -  бұл  өлшенбейтін  байлыққа  тең.  Осылардан  келiп  шығатыны  ақпараттық 
технологияның  дамыған  ғасырында  компьютерлік  техниканы  қолданбай  жұмыс 
істейтін мемлекеттік және коммерциялық мекемелер, жоғары оқу орындары және т. 
б. көптеген салалар кемде-кем деп айтсақ та болады. Бұның барлығы білім сапасына 
деген  талаптарды  барынша  күшейтеді,  себебі  нарықтық  қоғамда  тек  әлемдік 
стандарттарға  сай  жоғары  деңгейлі  дайындыққа  ие  мамандар  ғана  қажет  екендігі 
бірден түсінікті. Соңғы кездердегі ҚР-ның білім жүйесіндегі реформаларын осымен 
түсіндіруге болады. Оған қоса, қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы аса қуатты 
интеграциялық  процестер  жоғары  білім  жүйесінен  сәйкес  жауапкершілікті, 
мамандар  дайындауды  ұйымдастырудағы  халықаралық  компоненттерді  күшейтуді 
талап етеді, білім мен ғылымды интернационализациялауды қажет етеді. 
Қазіргі  әлемдік  даму  кезеңінде  ғаламдық  ақпараттық  интернет  желісі  бүкіл 
әлемдік  ақпараттық  кеңістігінің  ең  көлемді  және  жаппай  жайылған сегменті  болып 
табылады. Сонымен бірге, уақыт өте, интернет желісі ақпарат алу және алмасудың, 
сондай-ақ  жаппай  пайдаланушылардың  байланысы  үшін  ең  қол  жетерлік  құрал 
болғаны  айдан  анық.  Қазіргі  уақытта  ақпараттық  кеңістіктің  жұмыс  істеуіне  сай 
келетін халықаралық ұйымдарға мыналар жатады: 
1)  The  Internet  Corporation  for  Assigned  Names  and  Numbers  (ICANN)  -  IP-
адрестерін,  хаттамалардың  параметрлерін  бөлу,  домендік  атаулардың  жүйесін 
әкімшілеу (Domain Name System, DNS), түбірлік серверлер (Root Server System) деп 
аталатын  жүйенің  жұмыс  істеуін  әкімшілеу  және  қолдау  үшін  құрылған 
коммерциялық емес ұйым
2) Интернет желісінде нөмірлеуді бөлу жөніндегі уәкілетті ұйым (бұдан әрі  - 
IANA, The Internet Assigned Numbers Authority); 
3) Еуропалық желілік үйлестіру орталығы (RIPE NCC) - тіркеушілер үшін ІР-
адрестерді  бөлуді  және  тіркеуді  қамтамасыз  етеді.  RIPE  NCC  тіркеушілер  үшін  ІР-
адрестерді  бөлу  мен  тіркеуді  қамтамасыз  етеді.  RIPE  NCC  қызмет  көрсету 
аймағында  Интернеттің  ғаламдық  ресурстарын  әділетті  бөлуге  кепілдеме  бере 
отырып,  Еуропа,  Таяу  Шығыс,  Солтүстік  Африка  және  Азия  бөлігінің 
тіркеушілеріне қызмет көрсетеді; 
4) The Internet Engineering Task Force (IETF) - Интернет сәулетін дамыту және 
қолданыстағы  инфрақұрылымның  үздіксіз  қызмет  етуінің  біріктірілген  міндеттерін 
дамытуға 
жұмыс 
жасайтын 
желілік 
хаттамаларды 
дайындаушылардың, 
операторлардың,  өндірушілер  және  зерттеушілердің  халықаралық  ашық  бірлестігі 
болып табылады; 
5) Дүниежүзілік зияткерлік жеке меншік ұйым (ДЗЖҰ). Жоғарғы деңгейдегі 
домендер  (TLD,  Top  Level  Domain)  екі  үлкен  бөлікке  бөлінеді:  Біріншісі  -  жалпы 
пайдаланатын домендер (generic TLD немесе gTLD) және екіншісі - ұлттық екі әріпті 
домендер (country code TLD немесе ccTLD). Жалпы пайдаланатын домендерге COM, 
NET, ORG, INFO, BIZ, MUSEUM, NAME, AERO, COOP, PRO, INT, GOV және басқа 
да домендер жатады [1]. 
Интернет  қолданушылар  жағынан  Қазақстан  әлемде  144  мемлекеттің  ішінде 
58  орын  алады.  ТМД  елдері  арасында  Ресей  Федерациясынан  кейін  екінші  орында 
тұрмыз. Мұның өзі Қазақстан үшін зор жетістік. Себебі, әлемнің көптеген елдерінде 

     
 
 
17 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 
интернет  жылдамдығы  өте  төмен  көрсеткіште.  NetIndex.com  сайты  жүргізген 
мониторинг нәтижесінде, 2015 жылы Қазақстанда интернеттің орташа жылдамдығы 
17 Мбит/с құраған. Ал, әлемдегі ең жоғары жылдамдық Сингапурда тіркелген. Онда 
интернет  жылдамдығы  104  Мбит/с  көрсеткен.  Ал,  Гонконгтағы  интернеттер  96 
Мбит/с жылдамдықпен жұмыс істейтіні анықталған. Енді былай алып қарасақ, 2005 
жылы  «Қазақтелеком»  АҚ  интернет  жылдамдығын  сәл  көбейткені  сол  еді  2005 
жылы  Қазақстанда  10  мың  сайт  ашылған.  Кейіннен  жылдан  жылға  интернет 
жылдамдығын  кішкене  де  болса  көбейтудің  арқасында  бізде  сайт  ашушыларың  да 
қатары  көбейді.  Мысалы,  биыл  125  мыңға  жуық  домен  сатып  алынған.  Енді 
болашақта Қазақстанда интернет жылдамдығы көбейген сайын жаңа сайттардың да 
көптеп  ашылуы  мүмкін  деп  болжам  жасай  аламыз.  Қазіргі  кезде  интернет 
жылдамдығы  тек  қалалық  жерлерде  ғана  белсенді  жұмыс  жасайды.  Мүмкін, 
Қазақстандағы  интернет  контентінде  орыс  тілінің  басым  болуының  бір  себебін 
осыдан  іздеген  де  жөн  шығар.  Болашақта  қандай  да  бір  провайдерлер  ауылдық 
жерлердегі  интернет  жылдамдығын  арттырса,  ол  жақта  да  жаңа  сайттар  ашылып, 
қазақ  тілді  контенттің көбеюі  мүмкін.  Инвестиция  және  даму  вице-министрі  Асқар 
Жұмағалиевтың  ресми  мәлімдеуінше  қазіргі  кезде  Қазақстандықтардың  70% 
интернет  пайдаланады.  Яғни,  бұл  Қазақстандағы  12  млн.  адамның  интернет 
қолдануға  мүмкіндігі  бар  деген  сөз.  Қазіргі  таңда  республика  аумағының  97-98 
пайызға жуығы телефон желісімен қамтылған деп есептесек, онда алдағы жылдары 
ұялы телефон арқылы интернетке кірушілердің қатары көбейері анық [2].  
 
Кесте 1. 
 
2005  2006  2007  2008  2009  2010  2011  2012  2013  2014 
6-74  жас  аралығында 
Интернет 
желісін 
пайдаланушылардың 
үлесі 

8,3 
13,7 
15,1 
18,2 
31,6 
50,6 
61,9 
63,3 
63,9 
6-15 жас 
аралығында Интернет 
желісін 
пайдаланушылардың 
үлесі 
 - 
 - 
 - 
 - 
 - 
 - 
55,8 
32,0 
42,5 
43,6 
16-74 жас 
аралығында Интернет 
желісін 
пайдаланушылардың 
үлесі 

8,3 
13,7 
15,1 
18,2 
31,6 
49,5 
67,9 
67,6 
68,1 
Кесте 1. Интернет желісін пайдаланушылардың үлесі (пайызбен) 
 
Кесте 2.  
 
2011 
2012 
2013 
2014 
Қазақстан 
Республикасы 
55,8 
32,0 
42,5 
43,6 
Ақмола облысы 
65,1 
36,5 
49,0 
50,3 
Ақтөбе облысы 
56,8 
40,5 
39,7 
37,4 
Алматы облысы 
42,3 
34,1 
36,0 
42,3 
Атырау облысы 
47,3 
27,6 
37,7 
39,7 
Батыс-Қазақстан 
облысы 
62,8 
44,9 
46,9 
41,1 
Жамбыл облысы 
57,0 
25,7 
39,4 
41,4 
Қарағанды облысы 
71,5 
32,1 
48,0 
52,6 

     
 
 
18 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 
Қостанай облысы 
72,9 
37,7 
52,1 
55,5 
Қызықорда облысы 
49,7 
31,1 
30,5 
32,0 
Маңғыстау облысы 
47,4 
31,6 
40,2 
41,9 
Оңтүстік-Қазақстан 
облысы 
45,6 
27,7 
38,4 
36,2 
Павлодарская 
78,7 
37,4 
56,4 
60,3 
Солтүстік-Қазақстан 
облысы 
61,1 
29,7 
55,0 
53,0 
Шығыс-Қазақстан 
облысы 
54,3 
33,8 
42,1 
41,6 
Астана қ. 
69,1 
40,7 
41,3 
49,8 
Алматы қ. 
66,5 
42,3 
55,7 
53,5 
Кесте 2. Облыстар бөлінісінде 6-15 жас аралығы бойынша Интернет  желісін 
пайдаланушылардың үлесі 
 
Кесте 3.  
 
2008 
2009 
2010 
2011 
2012 
2013 
2014 
Қазақстан 
Республикасы 
15,1 
18,2 
31,6 
49,5 
67,9 
67,6 
68,1 
Ақмола облысы 
20,3 
21,2 
29,0 
50,8 
76,4 
75,4 
76,0 
Ақтөбе облысы 
18,5 
19,1 
39,2 
59,3 
81,3 
79,8 
80,1 
Алматы облысы 
7,3 
11,5 
26,4 
48,7 
57,8 
56,0 
57,3 
Атырау облысы 
18,7 
25,0 
28,0 
66,0 
85,0 
82,8 
82,9 
Батыс-Қазақстан 
облысы 
16,6 
13,8 
35,2 
59,4 
72,2 
70,8 
71,0 
Жамбыл облысы 
12,3 
12,3 
23,8 
28,2 
59,4 
57,6 
57,8 
Қарағанды 
облысы 
17,7 
23,1 
35,9 
53,6 
68,4 
68,1 
68,4 
Қостанай 
облысы 
14,1 
26,1 
26,9 
45,2 
81,9 
80,4 
80,5 
Қызықорда 
облысы 
12,8 
11,6 
21,6 
32,7 
72,1 
76,6 
76,7 
Маңғыстау 
облысы 
27,7 
20,9 
37,4 
51,6 
61,9 
77,7 
77,9 
Оңтүстік-
Қазақстан 
облысы 
7,5 
16,4 
23,0 
43,5 
54,8 
51,8 
52,5 
Павлодарская 
25,1 
19,8 
30,3 
58,0 
68,3 
70,5 
70,8 
Солтүстік-
Қазақстан 
облысы 
17,5 
16,3 
36,0 
49,1 
74,8 
73,1 
73,3 
Шығыс-
Қазақстан 
облысы 
16,3 
21,2 
31,4 
43,4 
71,7 
71,0 
71,4 
Астана қ. 
11,6 
12,3 
41,0 
52,2 
68,5 
68,1 
68,9 
Алматы қ. 
23,0 
23,7 
49,0 
63,3 
71,6 
73,1 
73,6 
Кесте 3. Облыстар бөлінісінде 16-74 жас аралығы бойынша  Интернет желісін 
пайдаланушылардың үлесі (пайызбен) [3]. 
 
Қазіргі  уақытта  Қазақстан  Республикасында  4G  технологиясы  енгізілуде, 
Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділік (бұдан әрі  - КЖҚ) жүйесін дамыту 
ADSL,  CDMA/EVDO,  3G,  FTTH  сияқты  технологияларды  пайдалану  арқылы 
жүзеге асырылады. 

     
 
 
19 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 
ADSL  технологиясы  (Asymmetric  Digital  Subscriber  Line)  -  асимметриялық 
цифрлық  абоненттік  желі  -  интерактивті  бейнеқызметтерге  (сұраныс  бойынша 
бейне,  бейнеойындар  және  т.б.)  және  деректерді  жылдам  жіберуге  жоғары 
жылдамдықты  қолжетімділікті  қамтамасыз  ету  үшін  (Интернетке  қол  жеткізу, 
жоғары  вольтты  байланыс  желілерімен  басқа  желілерге  қашықтан  қол  жеткізу) 
үшін  әзірленген.  ADSL  технологиясы  Интернет  желісіне  қол  жеткізу 
жылдамдығына  жоғары  талап  қоймайтын  абоненттерге  КЖҚ  қызметтерін 
көрсетудің неғұрлым бұқаралық және арзан тәсілі болып табылады. Қол жеткізудің 
мыс  желісі  пайдаланылатын  байланыс  желісінің  кез  келген  дерлік  учаскесінде 
ADSL технологиясы бойынша КЖҚ желісін ерістетуге болады. 
Абонентке  қарай ақпарат беру жылдамдығы 7 Мбит/с дейін (ADSL2+ үшін 
24  Мбит/с  дейін)  құрайды,  ал  абоненттен  -  1  Мбит/с  дейін.  Қол  жеткізу 
жылдамдығы  тарату  желісінің  мыс  кәбілінің  жағдайына,  АТС-тан  абонентке 
дейінгі қашықтыққа, кәбілдегі абоненттер санына және т.б. тәуелді. 
Бүгінгі  күні  ADSL  технологиясын  пайдаланатын  абоненттер  саны  бір 
миллионнан аса адамды құрайды. 
FTTH  (Fiber  To  The  Home)  -  үйге  (жеке/жеке  меншік  үй,  пәтер  деп 
түсініледі) орнатылатын оптикалық-талшықты кәбіл. Жоғары жылдамдықты КЖҚ 
қызметтеріне  деген  ұлғайып  келе  жатқан  сұранысты  қанағаттандыру  және 
көрсетілетін  қызметтер  спектрін  кеңейту  мақсатында  2011  жылы  (FTTH)  Fiber  to 
the Home әмбебап талшықты-оптикалық қол жеткізу желісінің құрылысы басталды. 
Жоба  Астана,  Алматы  қалаларындағы  және  Қазақстан  Республикасының  барлық 
облыстық  орталықтарындағы  көппәтерлі  үйлерді  және  коттедждік  құрылыстарды 
100 % қамтуды көздейді. 
CDMA/EVDO  (Evolution  Data  Optimized)  -  CDMA  стандартындағы  ұтқыр 
байланыс  желілерінде  пайдаланылатын  деректерді  жоғары  жылдамдықпен  беру 
технологиясы.  Бүгінгі  күні  перспективалы  және  электр  энергиясымен  қамтамасыз 
етілген ауылдық елді мекендердің бірі жеке және ұжымдық қолжетімділік арқылы 
100  %  телефондандырылған.  2011  жылдан  бастап  CDMA  450  стандартындағы 
ауылдық  байланыс  CDMA  450  технологиясының  EVDO  платаларымен  жете 
жабдықталуы  арқылы  EVDO  технологиясы  пайдаланыла  отырып  дамуда,  бұл 
Қазақстан  Республикасының  ауыл  тұрғындарына  Интернет  жүйесіне  КЖҚ 
қызметтерін  көрсетуге  мүмкіндік  береді.  CDMA  450/EVDO  технологиясы 
абоненттердің орналасқан жеріне қарамастан, желінің әрекет ету шегінде, сондай-
ақ қозғалыс кезінде деректерді жоғары жылдамдықта пакетпен беру қызметтеріне 
қол  жеткізуін  қамтамасыз  етеді.  Ауылдық  жерде  CDMA  450/EVDO  технологиясы 
бойынша  деректерді  берудің  жоғары  жылдамдығына  цифрлық  деректерді 
тығыздаудың  жаңа  алгоритмін  қолдану  есебінен  қол  жеткізіледі,  бұл  CDMA  450 
желісі  қамтитын  аймақтың  кез  келген  нүктесінде  Интернетке  жоғары 
жылдамдықты  қолжетімділікті  қамтамасыз  етеді.  Қазіргі  уақытта  еліміздің 
көптеген  облыстарының  ауылдық  елді  мекендері  тұрғындарының  Интернет 
желісіне сымсыз КЖҚ алу мүмкіндігі бар. 
3G  технологиясы  -  бұл  үшінші  буынның  ұтқыр  байланысы.  Оның  басты 
артықшылығы  -  деректерді  берудің,  Интернетке  қол  жеткізудің  жоғары 
жылдамдығы.  3G  үшінші  буынының  желілері  бейнетелефондық  байланысты 
ұйымдастыруға,  ұтқыр  телефонда  ағынды  бейнені  көруге  және  т.б.  мүмкіндік 
береді. 
LTE  технологиясы  екінші  және  үшінші  буындағы  ұялы  байланыс  желісінің 
негізгі эволюциялық бағыты болып табылады. LTE технологиясы базалық стансадан 
қолданушыға 326,4 Мбит/с дейін жылдамдықпен және кері бағытта 172,8 Мбит/сек 

     
 
 
20 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 
жылдамдықпен  мәліметтерді  жолдаудың  теориялық  жылдамдығын  қамтамасыз 
етеді*. 
Байланыс  операторының  пікірі  бойынша  LTE  технологиясы  қондырғының 
өндіріс қуатын, таралу аймағын және клиенттерге қызмет көрсету жылдамдығын ең 
жоғары  деңгейге  дейін  арттыруға  мүмкіндік  береді.  Бұдан  бөлек,  LTE 
технологиясының  жаңа  мүмкіндіктерінің  арқасында  операторлар  радиожиілік 
ресурстарын  пайдалана  отырып  контент  жолдай  алады,  сондай-ақ  ТВ,  радио  және 
басқа да медиа құралдарымен бәсекелесе алады [4]. 
4G  (LTE)  технологиясы  (Long  Term  Evolution)  -  деректерді  300  Мбит/с 
дейінгі  жылдамдықпен  (базалық  станциядан  пайдаланушыға)  және  75  Мбит/с 
дейінгі  жылдамдықпен  (пайдаланушыдан  базалық  станцияға)  пакеттік  беру  үшін 
оңтайландырылған,  жоғары  жылдамдықты  ұтқыр  байланыс  жүйелерін  құру 
мүмкіндігін қамтамасыз ететін, деректер берудің ұтқыр хаттамасы [5].  
2G және 3G желілерінің қоданушылары жаңа буындағы байланыс қызметіне 
ауыса отырып, жоғары жылдамдықтағы  сымсыз Интернетке қосылып  қана қоймай, 
мультимедиялық  қосымшалардың,  дербес  медиа-қызметтердің,  т.с.с  әпсәттік 
ашылуы мен үздіксіз жұмысына баға бере алады. 
Интернет қызметтеріне «Қазақтелеком» АҚ тарифтерін төмендету көзделген. 
«Қазақтелеком»  АҚ  Интернет  желісіне  коммутирланған  қол  жеткізу  қызметтерінің 
және  Интернет  желісінің  кеңжолақты  қол  жетімділігі  қызметтерінің  (бір  жалғы 
телемдерді  қоспағанда)  тарифтерді  төмендету  жөнінде  біршама  іс-шаралар 
жүргізілді.  Ағымдағы  жылға  ресурстардың  хостингі  қызметтеріне  тарифтерді 
төмендету,  сондай-ақ  «Қазақтелеком»  АҚ  ұсынатын  тарифтік  жоспарлардың 
құрылымын, яғни Қазнетті дамытуға және танымал етуге ықпал ететін қызметтерді 
кеңейту  және  қайта  қарау  жоспарланған.  Осыған  орай  «Nursat»  АҚ  Интернет 
желісінің  ресурстарына  сапалы  қолжеткізуді  қамтамасыз  ету  үшін  Европа  және 
Мәскеуге  жоғарғы  жылдамдықты  спутник  арналарын  пайдаланады.  Жетекші 
ресейлік  сервис-провайдерлері  мен  өзара  алмасу  трафигінің  нүктесіне  қосылу 
интернет  желісіндегі  ресейлік  ресурстарға  тез  жетуге  мүмкіндік  береді. 
Коммутацияланатын қолжетімдіге электрондық  почта, түнде және демалыс күндері 
шексіз  қолжетімділік,  қол  жеткізудің  жылдамдығы  56  кбит/с  (протокол  V.90), 
Қазақстан бойынша роуминг кіреді. 
«Kazakhstan-Online» 
деректерін 
берудің 
ұлттық 
желісі 
Қазақстан 
Республикасының көптеген елді мекенін және тораптарды қамтиды. Желінің жалпы 
өткізу қабілеттігі  - секундына 698 мбит.  «Kazakhstan-Online» желісіне кең жолақты 
АТМ  -  желісі  болып  табылады  және  АТМ  -  форумының  әлемдік  стандарттарына 
сәйкес.  1999  жылы  қыркүйекте  «Kazakhstan-Online»  желісі  базасында  «Интернет  - 
аймағы» жобасы коммерциялық пайдалануға берілді. Бұл қызмет түрі Қазақстанның, 
барлық аумағында Интернетке коммутациялық қолжетім мүмкіндігін ұсынады және 
ұтқыр 
және 
үйде 
пайдаланушыларға, 
сондай-ақ 
ұйымдардағы 
жеке 
пайдаланушыларға  арналған.  Интернет  желісіне  қол  жеткізу  қалалық  телефон 
желісінің  арналары  бойынша  «Kazakhstan-Online»  торабына  «нүкте-нүкте»  қосуын 
орнату арқылы жүзеге асырылады. «Интернет-аймағы» жобасымен бірге 2000 жылы 
маусымда жалпы білім беру оқу орындарына  бағытталған жаңа жоба енгізілді.  Бұл 
жоба  «Қазақстандық  интернет»  деп  аталады  және  Қазақстандық  интернет-
ресурстарына  коммутациялық  қол  жеткізу  мүмкіндігін  береді.  Қазіргі  уақытта 
Интернеттің  ғаламдық  ақпараттық  желісінде  Қазнеттің  саны  жағынан  да 
(операторлар  мен  пайдаланушылар  саны)  сапасы  жағынан  да  (көрсетілетін 
қызметтер  спектрінің  кеңеюі)  белсенді  өсуі  байқалады.  Интернет  саласындағы 
қазақстандық заңнама өз дамуының бастапқы кезеңінде тұр [6]. 

     
 
 
21 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3  / 2015     
 
Жоғарыда атап көрсетілген интернет технологисының және елімізде интернет 
көзіне қосылу шараларының барлығы қазіргі таңда еліміздің жаһандану барысына оң 
әсерін тигізбек. Интернет технологиясының көмегімен көптеген шетелдердің жоғары 
оқу  орындарынан  қазақстандық  азаматар  қашықтықтан  оқыту  бағдарламасы 
көмегімен  білім  алуда.  Сол  секілді  күнделікті  өмірімізде  қай  сала  болсада  өз 
уақытымызды үнемдеп, тиімді пайдалануға үлкен мүмкіндік жасалынған. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1.
 
http://www.uniface.kz/index.php?post=article§ion=3&id=5
 
2.
 
19.09.2015  Қазнет  желісін  пайдаланушыларға  талдау  жүргізу  http://til-
audit.kz/posts/15
  
3.
 
Қазақстан  Республикасы  Статистика  агенттігінің  2012  жылғы  2 
тоқсандағы жедел деректеріне сәйкес. 
4.
 
https://www.beeline.kz/kz/info_pages/info_page1 
    
5.
 
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U1300000464 
6.
 
http://medialaw.asia/document/-1010  
    
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет