71
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 2-3 / 2015
1 Диаграмма
Зерттеу барысында үш деңгей есепке алынды.
Олар: жоғары, орта, төмен:
жоғары деңгей – халық тағылымдарын қызығушылықпен қабылдап, оның
әлеуметік түрлерін іс жүзінде пайдалану дағдылары біршама қалыптасқан және оның
тәрбиелік мүмкіндіктерін түсініп, бағалай алуы;
орта деңгей – халық тағылымдарының танымдық, тәрбиелік мәнін түсінуге
құлшынысы бар, бірақ тұрмыс-тіршілікте пайдалануы әлі де жүйелі қалыптаспаған;
төмен деңгей – халық тағылымдарының танымдық мәніне көңіл бөлмейді,
тұрмыс-тіршілікте пайдалану дағдылары қалыптаспаған.
Аталған деңгейлердің нәтижесін шығаруда 8-ші сынып оқушыларының арасында
сауалнама жүргізілген болатын.
Сауалнама
1.Әр халықтың сәлемдесу мәнерін қалай түсіндірер едің?
2. Отбасы туралы түсінігің?
3. Әке мен анаға байланысты туыстық атауларды ата?
4. Тыйым сөздер не үшін қажет?
5. Ырымдарға сенесің бе, неліктен?
6. Бата түрлерін ата, бата алу неге қажет?
7. Отбасыдағы перзенттің орнын ескерудің мәні неде?
8. Қара шаңырақ, отау шығару ұғымдарын қалай түсінесің?
9. Ұлттық қол өнер түрлерін ата?
10. Санаға байланысты халықтың ұғымдарынан не білесің?
11. Халықтың қарапайымдылық, көмектерін атап бер?
12. Маусымдық мерекелерді ата?
13. Бір мүшел (13 жас) жасқа байланысты рәсім, жоралғыларды білесің бе?
14. Той түрлерін ата?
15. Наурыз мейрамының ерекше белгілерін атап бер?
Сауалнама мақсаты – оқушылардың дүниетанымын анықтау бағытында таратылды.
Оған 83 оқушы қатынастырылды. Соның ішінде 8 В сыныпта 26 оқушы тапсырған болатын,
нәтижесі 2 диаграммада көрсетілді.
Нәтижесінде
оқушылар
дүниетанымын
халық
тағылымдары
негізінде
қалыптастырудың мынадай олқылықтары байқалды: қоғамда, отбасындағы тіршілікте
баладан сұраныс болмауы, әрі тұтынуға деген қажеттіліктің туындамауы.
72
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 2-3 / 2015
2 Диаграмма
Халықтың салт-дәстүр, әдеп-ғұрыпын, ырымдар мен тыйымдарды атап беруде,
танымдық тәрбиелік мәндерін ашуда өзіндік пайымдаулары төмен көрінді. 26 оқушының 5
озаты ғана жауап берді. Нәтижесі сапа көрсеткішпен көрсетсек, 26 оқушыдан 19% пайыз
болды.
Халық педагогикасы материалдарын пайдалану эксперимент барысында байқалған
ерекшелік оқушылардың сабақта да, үй тапсырмасын орындауда да шығармаларды, ауыз
әдебиетін, аңыздарды білуге ынталанғаны анықталды. Егер оқушылардың алғашқы
қызығушылығы 11 пайыз болса, эксперименттің нәтижесінде ол 52 пайыз болды, сонда өсу
көрсеткіші 41 пайызды құрады.
Сөйтіп, халықтық педагогика материалдары оқытудың тиімді түріне айналып,
оқушылардың биологияға қызығу деңгейін және білу ынтасын, оның сапасын тиянақтап,
сабақ үлгерімін арттырады.
Тәрбие сағаттарының тақырыптары келесі болуы мүмкін: «Жан сұлулығы – тән
сұлулығы», «Қызы бардың қызығы бар, ұлы бардың ұлығы бар», «Салт – дәстүрді білесің
бе?» т.б.
Мақсат-міндеттері: Білімділік мәні: Оқушылардың бойына халқымыздың рухани
байлығын сіңіру, ұлтымыздың басты құндылығы – дәстүрлерінен үлгі ету. Олардың киген
ұлттық киімдері жайлы білімдерін толықтыру. Оқушыларды дастарқан басында сақталатын
рәсімдермен, ырым-тыйымдармен таныстыру. Ұлттық тағамдарымыздың қасиетімен және
ұлттық ыдыс-аяқтармен таныстыру. Оқушыларды қазақ жігіті мен қызының бойына тән
өнерлік, тәлімдік қасиеттермен қалыптастыру.
Тәрбиелік мәні: Оқушыларды ұлтжанды, ұлттық салт-дәстүр үлгісінде тәрбиелеу.
Қыз бала мен ұл бал тәрбиесі қашанда халық назарында екенін естен шығармауға,
мейірімділік, қарапайымдылыққа тәрбиелеу. Оқушыларды дәстүрді сақтауға, нанды, басқа
да тағамдарды қастерлеуге, ас ішу тәртібін әркез есте сақтауға тәрбиелеу.
Дамытушылық мәні: Оқушылардың ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптармен
байланыстырып тілдерін, сөздік қорларын байыту, қазақ жігіттері мен қыздарының
дағдыларын дамыту
Көрнекіліктер: 1. Нақыл, қанатты сөздер, мақалдар жазылған плакаттар.
2. Қазақтың ұлттық қолөнерлері.
3. Тұрмысқа қажетті заттар.
4. Буклеттер, альбомдар, сөзжұмбақтар, сөзөрімдер, ыдыс-аяқ суреттері, суреттер
көрмесі.
«Тамақты тарта жесең, санаңды ашар, көптен жесең ұйқы басар», «Таспен атқанды,
аспен ат», «Дүниедегі байлықтың түрі көп, солардың ішіндегі ең негізгісі де осы нан
байлығы».
Тәрбие сағаттарының соңында «Сыр сандық» ойыны ойнауға болады. Оқушылар
салт-дәстүр, ұлттық салт, музыкалық фольклор, қол тума т.б. ұлттық таным бойынша
сайысқа түседі. Осы сайыстарға қажетті материалдар төменде келтіріледі [9].
Халықтық педагогика элементтерін пайдалану, оқушылардың өзіндік жұмыстарында
биологиялық өлеңдер, жұмбақтар жазу арқылы оқушының биология пәніне ізденушілік
қабілетін арттыруға әсерін тигізеді. Пәнді түсіну қабілетін өсіріп, түсінуге қиын сабақтарды
оңай меңгеруге және есте жақсы сақтауға дағдыландырады.
0%
50%
100%
1
2
3
73
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 2-3 / 2015
Ата-бабаларымыз табиғат әсемдігінен бойына қуат, жүрегіне шуақ алып, оның
құдіретіне бас иіп, табиғат заңдылығын тамаша сараптай білген. «Жер ананың суын
құрғатпасаң сүтін ішесің, балаусасын баспасаң, балын жұтасың, киігін қорғасаң, кемдік
көрмейсің, құсын аяласаң, қызығына кенелесің»,− деген мақал-мәтелдердің қазақ халқының
экологиялық заңдылықтарды терең түсіне білгендігін аңғартады. Осының негізінде
биология сабақтарында халықтық педагогиканы пайдалану арқылы оқушыларда ғылыми
ұғым қалыптасуын, дүниеге біртұтастық көзқарастың, тіл байлығының дамуын, ойлау
қабілеттерінің, адамгершілік, ұлтжандылық, ұлттық мәдениетті дәріптеу дағдыларының
жетілуін қамтамасыз ету мүмкіндігі туады.
Қазақстан Республикасының білім туралы заңында оқушылардың шығармашылық
қабілетін дамыту, әлемдік мәдениет пен білім саласындағы құндылықтарды оқыту үрдісінде
пайдалану керектігі, ол үшін оқытудың тәсілдері мен әдістерін, білім беру формаларын
жетілдіре түсудің қажеттілігін атап көрсетілген.
Осыған орай, биологияны оқытудың жаңа әдістемелік жүйесін, орта мектепте пәнді
оқытып үйретудің тиімді, белсенді әдістерін таңдап алу қажеттілігі көзделіп отыр.
Биология пәнін оқыту барысында оқушылардың белсенділігі мен танымдық
әрекеттерін шығармашылық қарымдарын дамыту үшін оқу үрдісіне көркем әдебиетті және
поэзияны оқыту ойындарын пайдаланудың мәні зор (2 кесте).
2 Кесте
Кіріктірілген сабақтардың тақырыптары
№ Сабақтың тақырыбы
Поэзия
Аты
Авторы
1.
Құстар классы.
Құс келгенде.
Марфуға Айтқожа
2.
Құстарды топқа бөлу.
Қыран бүркіт не алмайды,
салса баптап.
Абай Құнанбаев
Бұлбұл.
Оразақын Асқар
Аққулар ұйықтағанда.
М.Мақатаев
3.
Сүтқоректілер классы.
Темір мүйіз.
Омарғазы Айтанұлы
Еңлік.
Оразақын Асқар
4.
Қазақстанда
мекендейтін
сүтқоректілер.
Барысы, жортып жүрген кең
даламның.
Марфуға Айтқожа
Халықтық педагогикалық ойларды бүгінгі тәрбие мен білім беру барысында жүзеге
асыруға бағытталған біршама тәжірибе жинақталған. Сол мәселелерді қамтитын «Поэзия
сағатын» өткізуге болады. Бір мысал ретінде Құрсабаев Мұхамедрахим Қыдырбайұлының
толғауларын пайдалануға болады.
Осындай іс-шаралар өткізу арқылы оқушылардың белсенділігі мен танымдық
әрекеттерінің қалыптасуын шығармашылығынан да байқауға болады. Мысалы, Дарина
Есенқызының өлеңдерін келтіруге болады.
Қазақстан
Қазақстан – туған жерім,
Жайнай бер саяңа ап.
Ертең ер жетіп өсемін мен,
Туыңды ұстап жайраңдап!
Биік-биік тауларың,
Терең-терең көлдерің.
Осы тауға, осы көлге мен қарап,
Қызығыңды еркін көріп келемін.
74
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 2-3 / 2015
Туған жер
О, туған жер, менің туған анамсың!
О, туған жер, менің сонау бабамсың!
Адалдықты берген ақ жүректі ағамсың!
Ақындықты берген маған қасиетті даламсың!
О, туған жер, менің өшпес жарығым,
Қадір тұтар қасиетті алыбым.
Арнадым саған осы өлең шұмағын,
Қабыл ал деп өлеңімді арнадым.
Дарқан далам
Табиғаты керемет дарқан далам!
Сенде туып, өсірген ата-анам.
Бұлағыңның суын мен бір ұрттасам,
Бақтағы жемістерді бір татсам,
Жылы леп, самалыңа салқындасам,
Көлдеріңде шомылып, рахаттансам,
Шіркін-ай, сайраңдап, сергіп қалам!
Табиғаты керемет дарқан далам!
Мен де осы өмірдегі сенің балаң.
Туып-өстім өзіңнің құшағында,
Құшағында туып өскен ата-бабам.
Табиғаты керемет дарқан далам!
Гүлдепті раушан менен адыраспан.
Құстар көк аспанда самғап ұшқан,
Қыран құс бүркітпенен қиқылдасқан.
Лашын, суықторғай, бозторғайлар,
Балапанға жем іздеп шиқылдасқан.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.
Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық мәселелерi және
тарихы. – Алматы: Бiлiм, 2004.
2.
Қалиев С., Молдабеков Ж., Иманбекова Б. Этнопедагогика. – Астана,
2005.
3.
Қалиев С., Оразаев М., Смаилова М. Қазақ халқының салт-дәстүрлерi. –
Алматы: Рауан, 1995.
4.
Қожахметова К.Ж. Халық педагогикасын зерттеудiң кейбiр ғылыми және
теориялық мәселелерi. – Алматы, 1993.
5.
Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. – Алматы: Санат, 2001.
6.
Ғаббасов С. Халық педагогикасының негіздері. – Алматы, 1995.
7.
Оразбекова К. Ұлттық психология мен халық тәрбиесі болашақтың
бастауы хақында. – Алматы, 2005.
8.
Өтешова Б. Ұлт ұрпағының дүниетанымын халық тағылымдары арқылы
дамыту. – Алматы, 2007. – 168 б.
9.
http://ustaz.kz/sait-bolimderi/file/348-bayan-salt-dastur.
75
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 2-3 / 2015
ӘОЖ 502/504 (574,51)
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ
ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
Қ.Е. Байеділов, экономика ғылымдарының кандидаты
Алматы облысы бойынша экология департаментінің басшысы, Талдықорған қ.,
a.kenzhebekov@yandex.ru
Алматы облысы бойынша экология Департаменті экологиялық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету мақсатында 2014 жылы 48 ауыл әкімдіктеріне 214 тексеріс
жүргізіп, тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыруда экологиялық
талаптардың орындалмағаны үшін 14 млн. теңгеге 275 айыппұл салып, олар
өндірілді. Облысымыздағы өз шешімін таппаған келесі мәселелер: Алматы
қаласының сарқынды сулары жиналатын «Сорбұлақ» су жинағышының жағдайы;
Панфилов уран кен орнының радиоактивті үйінділерінің кері әсерін жою;
Райымбек ауданындағы «Ойқарағай» кен орнының өнімдерін пайдалану олардың
қоршаған ортаға әсерін анықтау; облыс деңгейіндегі мал қорымдарының
(скотомогильниктердің) жағдайы.
С целью обеспечения экологической безопасности Алматинской области
Департаментом экологии по Алматинской области в 2014 году проведен по 48
сельским округам 214 проверок, и наложен 275 штрафов на сумму 14 млн. тенге.
Следует особо обратить внимание на следующие экологические проблемы области:
накопитель сточной воды г. Алматы «Сорбулак»; отрицательное влияние
радиоактивных
отходов
Панфиловского
месторождения
урановых
руд;
экологическая оценка влияния на окружающую среду «Ойкарагайского»
месторождения в Райымбекском районе; инвентаризация скотомогильников на
территории области.
In order to ensure the environmental safety of Almaty region Department of Ecology in
Almaty region in 2014, held on 48 rural districts of 214 checks, 275 and imposed penalties in the
amount of 14 million tenge. It should be particularly aware of the following environmental
problems areas: storage of waste water Almaty "Sorbulak"; reduce the negative impact of
radioactive waste Panfilov deposits of uranium ores; the environmental impact of devaluation on
the environment to "Oykaragay" field in Raiymbek area; inventory of burial grounds in the region.
Кілт сөздер: экологиялық қауіпсіздік, қатты тұрмыстық қалдықтар,
сарқынды сулар, радиоактивті қалдықтар, мал қорымдары.
2015 жылдың 28 қазанында облыс әкімдігінің үлкен мәжіліс залында облыс
әкімі А.Ғ. Баталовтың басшылығымен 260 адам қатысқан және облыстың
экологиялық мәселелеріне және оларды шешуге арналған жиналыс өтті. Жиналысқа
Алматы облысы аудандарының әкімдері мен орынбасарлары, Алматы облысы
бойынша экология департаментінің аудандардағы, қалалардағы мамандары, газет,
журнал, теледидар журналисттері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Жер жаннаты - Жетісудың таңдай қақтыратын тамаша табиғатымен қатар,
әттеген-ай дегізетін экологиялық проблемалары да жоқ емес.
Солардың бірі, өте күрделі экологиялық өзекті мәселе - тұрмыстық қатты
қалдықтар проблемасы.
Өздеріңізге белгілі облыс аумағына жылына Алматы қаласынан 450 мың
тоннадан аса тұрмыстық қатты қалдықтар, ал облысымыздың қала, аудан және
елді мекендерінен 350 мың тоннаға жуық, барлығы жылына 800 мың тоннадан
76
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 2-3 / 2015
аса коммуналдық қалдықтар орналастырылады. Бүгінгі күнгі статистикалық
мәліметтер бойынша Алматы облысында 8,7 млн. тоннадан артық қалдықтар
жинақталған. Қауіпті қалдықтар жылдан-жылға өсуде, өйткені Алматы облысы
аумағында бірде – бір тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдейтін зауыт жоқ.
Алматы облысы бойынша экология департаменті экологиялық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету мақсатында 2014 жылы 48 ауыл әкімдіктеріне 214 тексеріс
жүргізіп, тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыруда экологиялық талаптардың
орындалмағаны үшін 14 млн. теңгеге 275 айыппұл салынып, олар өндірілді,
сонымен қатар, ТҚҚ – дың қоршаған ортаға тигізген кері әсері бағаланып, ол 121
млн. теңгені құрады.
Ал, 2015 жылы өндірістік және тұрмыстық қалдықтарға 156 тексеріс
жүргізіліп, 190 заңбұзушылық анықталды. Нәтижесінде 12 млн. теңгеге 149
айыппұл салынып, қоршаған ортаға келтірілген залал 225 млн. теңгені құрады және
оны өндіруге 47 нұсқама берілді.
2004-2011 жылдар аралығында облыс бойынша аудан орталықтарында
барлығы 11 Тұрмыстық қатты қалдықтар полигондары салынып, 10-ы пайдалануға
берілген, бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 1,0 млрд. теңгеден астам қаражат
жұмсалған. Бүгінгі күнге, осылардың ішінде 8 полигонға ғана толық экологиялық
құжаттар берілген.
Ағымдағы жылдың мамыр-маусым, қыркүйек-қазан айларында Алматы
облысының қала, аудан, ауыл маңдарында орналасқан барлығы 24 полигондар мен
қоймаларға мониторинг жүргізілді,
Нәтижесінде көпшілік аудандарда және елді мекендерде экологиялық талаптардың
орындалмауы және заңбұзушылық фактілері анықталды.
Нақтырақ тоқталатын болсақ:
Панфилов ауданы Жаркент қаласының полигоны шектен шығып толып
кеткен, қалдықтар жолдың бойына, полигонның сыртына орналастырылуда.
Полигон жанында бейіт - мүрде орналасқан және қалдықтар бейіт жанына тақалып
төгілуде. Полигонда кірме жол, қоршау, жарықтандыру, сумен жабдықтау
мәселелері қарастырылмаған. Қоқыстардың өздігінен бықсып жанып, күні-түні
өртенуі орын алуда.
2011 жылы бастау алған жаңа полигонның құрылысы 97 млн. теңге қаражат
жұсалғанымен әлі күнге аяқталмаған. Салынып біткен нысандары тоналған. Қазіргі
таңда жаңа полигонға баратын жолдың бойында да қалдықтар үйінділері
орналастырылған.
Балқаш ауданындағы Бақанас ауылының полигонында да жоғарыда аталған
кемшіліктер орын алған. Қоқыстарды орналастыру, қабылдау кезінде санитарлық –
эпидемиологиялық, экологиялық талаптар сақталмайды. Полигонға 30 млн. теңге
қаражат жұмсалып, құрылысы аяқталғанымен қоршауы жоқ, өртке қарсы шаралар
орындалмаған, полигонға тиесілі алғашқы сұрыптауға арналған қондырғылар
тоналған, ұрланған.
Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылының полигонына 117 млн. теңге қаражат
жұмсалғанымен таразы және басқа да өлшеу құралдарымен қамтамасыз етілмеген,
тасымалдау көліктеріне зарарсыздандыру мүлдем жүргізілмейді, себебі сумен
қамтамасыз етілмеген. Қоқыстарды қабылдауда және оларды реттеп жинауда
санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптар орындалмайды.
Қарғалы ауылының қалдықтар қоймасы ешқандай талаптарға сәйкес
келмейді, заңсыз қызмет атқаруда, тау бөктерін, әдемі табиғатты, жақын орналасқан
елді мекендерді көк түтінмен уландыруда.
Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласының полигоны да шектен шығып толып
кеткен, қаланың тура ортасында, бейттің жанында орналасқан. Полигон құрылысына
77
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 2-3 / 2015
26 млн. теңге жұмсалсғанымен қалдықтарды орналастыру технологиясы
санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай емес және толық қоршалмаған.
Қалдықтардың есебі мен мониторингі жүргізілмеген. Электр тоғын беретін
подстанция болғанымен, жарық беру ұйымдастырылмаған. Нақты, заң жүзінде,
полигон иесі анықталмаған. Полигонның ортасынан кішігірім өзен ағып өтеді, бұл
су қорғау аймақтарының талаптарын өрескел бұзған болып есептеледі.
Осы, Еңбекшіқазақ аудандағы Шелек ауылының полигоны да қалдықтармен
толып кеткен, иесі жоқ, қараусыз, қалдықтардың есебі мен мониторингі
жүгізілмейді. Полигонға баратын жол қалдықпен толып бітелген, қоршауы жоқ. Су,
электр жарығы мүлдем қарастырылмаған.
Алакөл ауданы Достық стансасының «Достық» полигоны таудың етегіндегі
жырада, Достық ауылы - бекетінен 15 км қашықтықта, айдалада орналасқан.
Полигон құрылысына 89 млн. теңге жұмсалып құрылысы аяқталғанымен әлі күнге
дейін, қоршауы жоқ, ешқандай өлшеу құралдарымен қамтамасыз етілмеген, су және
электр торабы жүргізілмеген, үйінділер полигонды бойлап жыраның шетіне
бейберекет орналастырылған.
Осы ауданның Үшарал қаласында орналасқан полигон да қоршаусыз, су
электр торабы жүргізілмеген, өлшеу құралдары жоқ, қалдықтардың есебі
жүргізілмейді, иесіз, қараусыз.
Қапшағай қаласының полигоны толық қоршалмаған, қоқыстарды көму
ережелері дұрыс жолға қойылмаған. Санитарлық қорғау аумағында талаптар
орындалмаған. Полигон иелігіне таласу, жан-жалдасу орын алуда.
Іле ауданының орталық полигоны құрылысына 72 млн. теңге жұмсалғанымен
қоршалмаған, экологиялық, санитарлық – эпидемиологиялық талаптар, ережелер
орындалмаған, сонымен қатар орталық полигон жанында көршілес екі қожа
шаруашылығының жер аумақтарына заңсыз түрде қалдықтар қоймалары
орналастырылған және олар рұқсатсыз қызмет атқаруда.
2012 жылы сот органдарының арнайы шешімімен жабылған Іле ауданына
қарасты «Первомайка» ауылының қоқыс-қалдықтар қоймасы заңсыз жасырын түрде
жұмысын жалғастыруда, қоршаған ортаны ластауда.
Ұйғыр ауданының полигоны толып кеткен, полигонның қақпасына 1,5 (бір
жарым) километр жетпейтін қашықтықта тұрмыстық қатты қалдықтар үйінділері
жолды бітеген, жолдың екі шеті шашыранды түрде қоқыстармен толтырылған, шеті
Шонжы ауылының тұрғын үйлеріне дейін жеткен. Қоқыстардың арасында мал
терілері, қой сирақтары үйме-үйме болып орналастырылған, және қоқыстардың
өздігінен жанып бықсуы, өртенуі орын алған. Жел ұшырған салафан пакеттер мен
қапшықтар жер бетін аппақ түрге бояған.
Жоғарыда аталған аудандардың полигондарындағы кемшіліктер негізінен Ақсу,
Сарқан, Райымбек ауданындарындағы және Текелі қалаларының полигодарында да
орын алған. Қоқыс, қалдықтар үйінділерін мониторингтеу есепке алу мүлдем
жүргізілмейді және оларды қабылдау бойынша тиісті рәсім, бақылау жүйелері
талапқа сәйкес жолға қойылмаған.
Қарасай ауданының Жайпақ ауылының жанынан заңсыз түрде ешқандай
рұқсаты жоқ – жабайы - тұрмысты қатты қалдықтар қоймасы бой көтерген.
Кербұлақ ауданы Сарыөзек кентінің полигоынына 29,1 млн. теңге , Ескелді
ауданы Қарабұлақ кентінің полигонына 29,1 млн. теңге, Көксу ауданы Балпық би
кентінің полигонына 89 млн. теңге, Қаратал ауданы Үштөбе қаласының полигонына
107,0 млн. теңге бюджет қаражаты жұмсалып, салынғандарымен атап өтілген
кемшіліктер жоғарыда аталған аудандарда да орын алған. Есеп, мониторинг және
қалдықтарды жою жұмыстары жүргізілмейді.
78
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 2-3 / 2015
Айта кететін жағдай, Қарасай ауданының Әйтей аулындағы, Талғар
ауданының, Талдықорған қаласының (полигон құрылысына 489 млн тенге
жұмсалған) полигондары мен қоймалары басқа қала және аудандардың
полигондарына қарағанда салыстырмалы түрде санитарлық-эпидемиологиялық
және экологиялық талаптарға біршама сай келеді. Меншік иелері анықталған.
Сонымен қатар, тұрмыстық қатты қалдықтарды алғашқы сұрыптаудан өткізу қолға
алынып, электр қуатымен, сумен және арнайы көліктермен, өлшеуіш құралдарымен
қамтамасыз етілген. Талдықорған қаласындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды
басқару жүйесінде жүріп жатқан жаңғырту жұмыстары, оның ішінде жаңа үлгідегі
контейнерлермен қамтамасыз етіу, қоқыстарды жинау және бөлек жинау
әдістемелерінің қолға алынуы қуантарлық жағдай.
Жалпы, облыс аумағының елді мекендерінде 370-тен астам заңсыз қоқыс
үйінділерін орналастыру орындары анықталған. Олардың алып жатқан алаңы 1 мың
гектардан астам жерді құрайды.
Облысымызда қауіпті улы қалдықтарды орналастыратын және көметін полигон
жоқ. Іле ауданының Ақши ауылында және Көксу ауданының Мұқры ауылында
орналасқан полигондар тек қана улы химикаттар мен пестицидтердің ыдыстарын
сақтайды, бірақ, жойып, көмумен айналыспайды.
Сонымен қатар, салық заңнамаларының талаптары да орындалмайды, яғни
қалдықтарды орналастыру үшін міндетті төлемдерді төлемеу әсерінен жергілікті
бюджетке жыл сайын орта есеппен 140 млн. теңге жуық қаражат түспей
отырғанын атап өткен жөн.
Қалдықтарды қабылдаудың бастапқы есептік жүйесінің жоқтығынан және
көпшілік жағдайда полигондардың нақты иелерінің болмағандығынан
қалдықтардың орналасуы жөнінде Алматы облысы бойынша Мемлекеттік
қалдықтар кадастрын даярлау мүмкін болмай отыр.
Облыс бойынша қалдықтарды жинау және бөлек жинау жүйесі, оларды
алдын-ала өңдеу және кәдеге жарату мүлде дамымаған. Қолданыстағы полигондар
мен қоймаларға геологиялық, гидрогеологиялық және басқа да зерттеу жұмыстары
жүргізілмей пайдалануға берілген.
Қалдықтарды сұрыптау, өңдеу үлесінің жоқтығы және филтрат пен үйінді
газдарын (метанды қоса алғанда) жинауға арналған жүйенің болмауы, бұл ретте
«жасыл» энергия өндіруге мүмкіндік тудырмайды.
Облыс көлеміндегі тұрмыстық қатты қалдықтар полигондары мен
қоймаларында, (жоқ дегенде жылына бір рет), қоқыстарды нығыздау, олардың бетін
топырақ балшық қабаттарымен жабу, бөліктерді жоспарлы түрде дұрыс пайдалану
технологияларының сақталуын, қоқыстардың бей-берекет шашылып, айналаны
ластап, ауаны, жерді, суды бүлдіруін қадағалап отыру қажет. Жалпы алғанда,
Алматы облысының климатының өзгеруіне тұрмыстық қатты қалдықтар
полигондары мен қоймалары көптеп әсерін тигізуде, бұл қауіпті жағдай, уақыт өте
келе әлеуметтік-экономикалық дағдарысқа әкеп соғуы ғажап емес.
Облыс әкімінің тұрмыстық қатты қалдықтарға қатысты тапсырмасын
орындау мақсатында экология Департаментінің бастамасымен және басшылығымен
3 рет дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып өткізілді, нәтижелері тиісті
хаттамалармен расталды және тиісті мекемелерге таратылып, нақты ақпараттар
жинақталды, бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрді. Осы аталған іс-
шаралардың нәтижелерінің, қорытындысы, осы – бүгінгі басқосу.
Облысымыздағы келесі проблема Алматы қаласының сарқынды сулары
топталатын «Сорбұлақ» сужинағышының жағдайы.
Елбасының «Сорбұлақ» сужинағышына тиісті 2010 жылдың 9 ақпанындағы
тапсырмасына сәйкес, министрлік тарапынан «Пайда болған қолайсыз
79
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 2-3 / 2015
экологиялық жағдайды азайту және су жинағыштың қабырғасының бұзылып кету
қаупін болдырмау мақсатында «Сорбұлақ» көліндегі сарқынды сулар
сужинағышының қазіргі жағдайын кешенді зерттеу» мәтінінде ғылыми-зерттеу
жұмыстары жүргізілгені баршаңызға мәлім.
Аталған проблеманы шешудің келесідей жолдары ұсынылған болатын:
1) Алматы қаласының субұру жүйесін қайта қарау, сарқынды сулардың
«Сорбұлақ» сужинағышына бұруды толықтай тоқтатып, одан әрі оның бұзып кету
қаупін жою.
2) Алматы қаласының ақаба суларын нормативтік көрсеткіштерге дейін
тазалап, қолданыстағы су бұру жүйесін жаңарту жолымен Іле өзеніне бағыттау
арқылы, Іле-Балқаш бассейнінде су баланысын реттеп отыру көзделген. Алайда,
белгіленген іс-шаралар әлі күнге дейін орындалмады, шешімін таппады. Жергілікті
атқару органдары бұл мәселені аудан көлемінде қайта қарап, облыс деңгейінде
шешілуін талап етулері қажет.
Облысымыздың келесі проблемасы бұл Панфилов уран кен орнының
радиоактивті үйінділерінің кері әсерін жою:
Алматы облысының Панфилов ауданы аумағында бұрынғы Кеңес одағының
заманындағы «Волковгеология» барлау партиясына қарасты болған, гамма-
сәулеленуі жоғары деңгейдегі уран кен орнының үйінділері бар.
Кен орындарына геологиялық барлау жұмыстары 1962 жылы аяқталып,
анықталған уран нысандарына консервация жасалған, алайда, толық қалпына
келтіру жұмыстары жүргізілмеген.
Сол себепті, Жоңғар Алатауы бөктеріндегі қайта қалпына келтірілмей
қалған штольнялардың немесе уран ұңғымаларының жоғары радиоактивтілігі
қоршаған ортаға және адам денсаулығына кері әсерін тигізуде.
Тастанды уран ұңғымаларының қоршаған ортаға әсерін қайта бағалау
қажет деп санаймыз және уран кен орындарының кері әсерін жою үшін
облыстың табиғат қорғау шаралары жоспарына уран кен орындары аймағына
арнаулы радиологиялық зерттеулер жүргізуді енгізу қажет деп санаймыз.
Райымбек ауданындағы «Ойқарағай» кен орнының өнімдерін
пайдаланудағы олардың қоршаған ортаға әсерін анықтау, ғылыми зерттеу
жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туып отыр.
Өте шұғыл, кешіктіруге болмайтын, Кербұлақ ауданының орталығы
«Сарыөзек» аулындағы экологиялық апатты жағдайға аса көңіл бөліп ретке
келтіру керек.. Бүкіл ауылдың жуындылары, сарқынды су төгінділері, кәріздің ішкі
дүниесі ауыл арқылы өтетін екі өзенге ешқандай бөгетсіз, сүзгісіз тікелей құйылып
қосылуда, бұған қоса ауылда орналасқан әскери бөлімдердің, мекемелердің,
тұрғындардың, асханалардың, моншалардың сарқын су төгінділері айтылған екі
өзен арқылы Быжы өзеніне, одан кейін Көксу өзені арқылы, Балқаш көліне қосылып,
жол бойы елді мекендер мен мал жайылымдарын ластауда. Сондықтан, Сарыөзек
ауылының кәріз, сарқынды сулар жүйесін күрделі жөндеуден өткізу талап етіледі.
Әсем, көк майса, 3 өзен бастау алатын Текелі қаласында зәулім-зәулім, тау
болып кеуіп - құрғап қалған қорғасын – мырыш қалдықтары ұнтақтарының
желмен ауаға таралуы қоршаған ортаға және адамзат өміріне кері әсерін тигізуде.
Үйінділер маңында ешқандай қауіпсіздік шаралары, оның ішінде арнайы қоршау,
ылғалдандыру, сумен жабу, түнгі жарықтандыру жұмыстары жүргізілмеген.
Сондықтан, Текелі қаласының экологиялық жадайын жақсарту мақсатында
бұрынғы Текелі қорғасын – мырыш комбинатының өндірістен қалған қалдықтар
қоймасын (хвостохранилище) рекультивациялау іс-жоспарларын құрып, бекітіп
оларды іске асыру қажет.
80
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 2-3 / 2015
Алматы облысында 2010 жылдан бастап, бүгінгі күнге дейін 351
(скотомогильниктер) мал қорымдары салынып, (жұмсалған қаражат 535 млн. теңге)
қолданысқа берілген. Алайда, олардың көпшілігі санитарлық-эпидемиологиялық
және экологиялық талаптарға сәйкес келмейді, құжаттармен заңдастырылмаған.
Қазіргі таңда атмосфералық ауаны ластаушы негізгі көздердің бірі болып табылады.
Проблеманы шешу жолы: заңдастыру, экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық
талаптарға сәйкестендіріп, бір жүйеге келтіру, оларды басқаруды жандандырып
қолға алу.
Тағы бір өзекті мәселе жердің тозып, құлазып, азғындануына (деградация)
бұрынғы кеңес заманында ауыл шаруашылығына арналған улы химикаттар мен
пестицидтер қоймалары мен үйінділері, табиғат пайдаланушылармен жер
қойнауын, әсіресе карьерлерді пайдаланудағы экологиялық талаптардың
сақталмауы, жер қойнауын заңсыз пайдалану фактілерінің көбейуі, егістік жерлердің
түрлі, сан-алуан химиялық препараттармен улануы жердің құнарсыздануы,
рұқсатсыз (стихиялы түрде) тұрмыстық қатты қоқыс - қалдықтарының бей-берекет
кез келген жерге орналастырылуы, ағаштардың шамадан тыс мөлшерде кесіліп
жойылуы, кіші өзендердегі сулардың тартылуы, жоғалуы, өзендер арнасының кебуі
қатты әсерін тигізуде.
Соңғы кездері трансшекаралық Іле өзеніндегі су қорының азайып кетуі, су
сапасының төмендігі, ластануы біршама әлеуметтік-экономикалық зардаптарға
итермелеуде, оның ішінде балық және ауыл шаруашылығына, өндірістік
кәсіпорындарға экологиялық сипаттағы табиғи тепе-теңдіктің және табиғи су
теңгерілімінің бұзылуына әсерін тигізді және тигізуде, нәтижесінде Қапшағай және
Балқаш көлдерінің экожүйесінде өзгерістер байқалуда.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы №577 Қазақстан
Республикасының «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдамасының [1],
сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 маусымдағы
«Тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жүйесін жаңғыртудың 2014-2050
жылдарға арналған бағдарламасы» [2] негізінде және Алматы облысы әкімі Баталов
Амандық Ғаббасұлының тікелей берген тапсырмаларының, өткізілген арнайы
жиналыстар, кездесулер мен дөңгелек үстелдердің қорытындыларының аясында
талқыланған ұсыныстарды іс жүзіне асыру үшін төмендегідей іс-шараларды
орындау қажет деп санаймын:
- облыс аумағында орналасқан елді мекендердегі тұрмыстық қатты
қалдықтар полигондары мен қоймаларына түгендеу (инвентаризация) жүргізу;
- полигондар мен қоймалар орналасқан жерлердің ауасының, суының,
топырағының ластану деңгейіне арналған ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп,
экологиялық төлқұжаттарын дайындау [3, 4, 5];
- тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, қопсыту, тасымалдау, кәдеге жарату,
өңдеу және көму жөнінде көрсетілген қызметтер кешенінің тиімділігін, сенімділігін
экологиялық және әлеуметтік қолайлылығын жоғарылату;
- тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу үлесін ұлғайту, сондай-ақ
қалдықтарды қауіпсіз көмуді қамтамасыз ету;
- әлемдік стандарттарға сәйкес келетін қауіпті және қауіпсіз тұрмыстық қатты
қалдықтар полигондарын және оларды сұрыптайтын, өңдейтін зауыттар салу;
- тұрмыстық қатты қалдықтар секторын жаңғырту бойынша инвестициялық
жобаларды қалыптастыру;
- Алматы облысының маслихатының 2013 жылғы 9 тамыздағы №21-136
шешімімен бекітілген Алматы облысы аумағын көркейту Ережесінің орындалуын
қамтамасыз ету.
81
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 2-3 / 2015
- орын алып отырған Іле, Панфилов, Райымбек, Кербұлақ, Текелі аудандары
мен қалаларындағы, жалпы облыстағы скотомогильниктер, жердің тозуы жөніндегі
экологиялық проблемалар зерделеніп, анықталуы және осы іс-шараларды жүргізіге
қажетті қаржы көздері жоспарлануы қажет.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы №577 Қазақстан
Республикасының «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдамасы.
2.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 маусымдағы
«Тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жүйесін жаңғыртудың 2014-2050
жылдарға арналған бағдарламасы».
3.
Грановский Э.И., Неменко Б.А. Современные методы определения
тяжелых металлов и их применение для биологического мониторинга. – Алма-ата:
КазНИИНТИ, 1990.–97с.
4.
Андасбаев Е.С., Кенжебеков А.К., Канагатов Ж.Ж. Экологическое
состояние компонентов биосферы Алматинской области: Учебное пособие. –
Издательства «Алтын баспа», 2014. – 226 с.
5.
Андасбаев Е.С., Кенжебеков А.К., Умирбекова Ж.Т., Джанкулдукова
А.Ж. Физико-химические методы анализа компонентов природной среды. Учебно-
методическое пособие. – Талдыкорган: Издательский отдел «Жетісу университеті»
Жетысуского государственоого университета им. И.Жансугурова, 2013.-220с.
Достарыңызбен бөлісу: |