Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №4 / 2014



Pdf көрінісі
Дата23.02.2017
өлшемі2,65 Mb.
#4712

     

 

 



107 

 

 



І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4  / 2014     

 

3.



 

Шыңғыс ханның «Ясса» жарғысы; 

4.

 

Әмір Темірдің  билік  құрлымы; 



5.

 

«Қасым ханның қасқа жолы»; 



6.

 

«Есім  ханның ескі  жолы»; 



7.

 

Тәукенің  «Жеті  жарғысы»; 



8.

 

Патша  империясы тұсындағы заң құжаттары; 



9.

 

Кеңес үкіметі  тұсындағы Заң актілері; 



10.

 

Тәуелсіз  Қазақстан  Республикасының  заң  актілері  соңғы  жиырма  жылдық 



еліміздің  тарихынан сыр шертетін  бірден-бір  ақпарат көзі  болып қалатыны күмәнсіз. 

   Тәуелсіз  Қазақстанның  Заңдары-деп  те  кезең  –  кезеңге  бөлуге  болады.  Бұл 

әрине  шартты  түрде  ғана.  Негізінен  заң  актілеріне  сыни  тұрғыда  қарастырып, 

сыныптап, талдап, деректану ғылымының жаңа беттерін ашу әлі де тарихшы мамандар 

үшін  үлкен  жұмыстың  тұрғандығын  көрсетеді.  Тәуелсіздік  алған  жас  дербес  еліміз 

үшін  Отан  тарихының  қазіргі таңдағы тарихи оқиғаларын шынайы тұрғыда жазу тарих 

ғылымы  саласында  жүрген  әр  бір  маманның  адамгершілік  міндеті  болып  қаларына 

сенемін.  Жалғандыққа  бой  алдырмай  Қазақстан  Республикасы  заң  актілерінің 

қабылдануының  астарында  қандай  оқиғаның  жатқандығына  мән  бере отырып, бұқара 

халыққа  жеткізе  білсе  жас  ұрпақ  алдында  азаматтық  борышымыз  ақталарына  сеніміміз 

мол.  Бұл  өз  кезегінде  өскелең  жас  ұрпақ  еліміздің  тәуелсіздігінің  алғашқы 

жылдарындағы оқиғалар туралы нақты ақпарат алатынына зор мүмкіндік  болар еді.   

Демек  осындай тұжырыммен заң актілерінің тарихи дерек ретіндегі маңызы мен 

ерекшеліктерін  көруге  болады.  Себебі,  қазіргі  таңдағы  болып  жатқан  оқиғаларды 

нақты  шындықпен  кітап  бетіне  түспейтінін  білеміз.  Өйткені  көптеген  жағдайда тарихи 

оқиғалардың  бұрмаланып  саясат  шырмауынан  шыға  алмай саяси мүдделерге бағынып 

кетіп  жатады.  Болашақта  заң  актілері  де,  жазбаша  дерек  көзі  ретінде  мол    ақпарат 

беретін маңызды тарихи қайнар көздерге  айналатыны сөзсіз. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



1.

 

Миронова  И.А.  Законодательные  памятники  пореформенного  периода  (1861-



1900). М.:  - 1960.-31 с. 

2.

 



Атабаев  Қ.  Деректану.  Оқу  құралы.  Толықтырылып  ІІ  басылуы.  –  Алматы:  Қазақ 

тарихы, 2007 . -18 б. 

3.

 

Толамисов  А.Ғ.  Заңдар  –  Қазақстан  Республикасы  тарихының  дерек  көзі.  – 



Алматы:  2010. 3-5 бб. 

4.

 



Зиманов С.З. Конституциясы и Парламент Республики Казахстан. – Алматы: Жеті 

жарғы, 1966. 

5.

 

ҚР мемлекеті  мен құқығының негіздері:  оқулық.  – Алматы. 2003. 692 б. 



6.

 

Атабаев  Қ.  Деректану.  Оқу  құралы.  Толықтырылып  ІІ  басылуы.  –  Алматы:  Қазақ 



тарихы, 2007 . 

7.

 



Толамисов  А.Ғ.  Заңдар  –  Қазақстан  Республикасы  тарихының  дерек  көзі.  – 

Алматы:  2010. 13-15 бб. 

 

 

ӘОЖ 94 (574) 



Н. НҰРМАҚОВ  – ҚАЗАҚ АКСР  ХАЛЫҚ КОМИССАРЛАР 

 КЕҢЕСІНІҢ  ТӨРАҒАСЫ 

 

Ықыласбаев Д.Ә., «Тарих»  мамандығының 2 курс магистранты 

     

 

 



108 

 

 



І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4  / 2014     

 

Ғылыми жетекші: Берлібаев Б.Т., т.ғ.д., профессор 



І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ. 

 

Аталмыш  мақала  саяси-қоғам  қайраткері  Нығмет  Нұрмақовтың  1924-

1929жж.Қазақ 

Автономиялық 

Кеңестік  Социалистік  Республикасы  Халық 

Комиссарлар Кеңесінің төрағасы қызметін атқарған кезеңге арналған. 

Данная  статья  посвящена общественно-политическому деятелью Н.Нурмакова 

исполнявшему  в  1924-1929  годах  должность  председателя  Совета  Народных 

Комиссаров в Кахахской Автономной Советской Социалистической Республике. 

The  aricle  focuses  on  politcan  Nygmet  Nurmakov  executed  in  1924-1929  years  as 

chairman of the Council of  the Kazakh Autonomous Soviet Socialist Republic. 

Кілт сөздер: Автономия, Халық Комиссарлар Кеңесі, үкімет, тәркілеу, Түрксіб. 

 

Қазақ  Автономиялық  Кеңестік  Социалистік  Республикасы  өзінің  даму 



тарихында  екі  Конституцияны  қабылданған  еді.  Біріншісі  1918  жылы  өткен 

Кеңестердің  V  Бүкілресейлік  сиезінде  10  шілдеде  қабылданған  Ресей  Социалистік 

Федеративтік  Кеңестік  Республикасы  Конституциясы  негізіндегі  «ҚКСР  еңбекшілері 

құқығының  декларациясы»  болса,  екіншісі  1918  жылғы  РСФКР  Конституциясы 

негізінде  1920-1923  жылдары  дайындалып,  1924  жылдың  4-10  қаңтары  күндері  өткен 

Қырғыз  (Қазақ)  Автономиялық  Кеңестік  Социалистік  Республикасы  Кеңестерінің 

төртінші  сиезінде  қабылданған  ҚАКСР  Конституциясының  жобасы  еді.  Атаулы  заңды 

күші  бар  екі  құжатқа  байланысты  қазақ  даласында  кеңестік  негіздегі  саяси  басқару 

органдары  құрыла  бастады.  1920  жылы  12  қазанда  «Қазақ  АКСР-де  Кеңестік  өкіметті 

ұйымдастыру  туралы  ережені»  бекітсе,  1926  жылы  27  наурызда  «Қазақ  Автономиялық 

Республикасының  Халық  комиссарлар  Кеңесі  туралы  ережені»  бекітті.  Қазақ 

Автономиялық  Кеңестік  Социалистік  Республикасының  басқару  органдары  Ресей 

Социалистік  Федеративтік  Кеңестік  Республикасы  басқару  органдарының  көшірмесі 

ретінде құрылды. Сиезде Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының  

Орталық  Атқару  Комитеті(бұдан  ары  –  Қазақ  атқару  комитеті)  және  Халық 

Комиссарлар  Кеңесі  (бұдан  әрі  –  Қазақ  халық  комиссариаты)  сайланды.  Қазақ 

Автономиялық  Кеңестік  Социалистік  Республикасы  аумағындағы  ең  жоғарғы  өкілетті 

мемлекеттік  билік  Кеңестердің  бүкілқазақтық  сиезі  болды,  ал  Қазақ  атқару  комитеті 

Кеңестердің  жалпықазақтық  сиезі  аралығында  жоғарғы  заң  шығарушы,  басқарушы 

және  бақылаушы  органдары  болды.  Қазақ  Автономиялық  Кеңестік  Социалистік 

Республикасы  Халық  Комиссарлар  Кеңесі  (үкімет)  Қазақ  атқару  комитеті  өзіне  берген 

құқықтары  шегінде  заң  шығарушы,  атқарушы  және  басқарушы  орган  болып  табылды. 

Қазақ  халық  комиссариаты  негізінен  Қазақ  Автономиялық    Кеңестік  Социалистік 

Республикасындағы  салалық  істерді  жалпы  басқарумен  айналысты,  өз  ісінде  Қазақ 

атқару  комитетінің  алдында  жауапты  болды  және  Кеңестердің  бүкілқазақтық  сиезіне 

есеп  берді.  Қазақ  халық  комиссариаты  мемлекеттік  және  жергілікті  бюджетті  бекітті; 

жұмыс істеп тұрған заңдардың негізінде Кеңестер сиезі мен Қазақ атқару комитеті және 

оның  Төралқасының  өкілеттілігінен  тыс  республиканы  басқару  ісіне  қатысты  барлық 

мәселелер  бойынша  қаулылар  мен  бұйрықтар шығарды; аудандық және қалалық атқару 

комитеттерінің  заңға  қайшы  қаулыларын  тоқтатты;  халық  комиссариаттарының 

штатын  тағайындады  және  бекітті.  Қазақ  халық  комиссарлар  төрағасы  үкімет 

қаулыларының  дер  кезінде  орындалуы  мен  жүзеге  асырылуын  бақылап  отырды  және 

Халық  Комиссарлар  Кеңесінің  қызметі  туралы  Кеңестердің  бүкілқазақ  сиезі  мен  Қазақ 

атқару  комитеті  алдында  есеп  берді.  Қазақ  Автономиялық  Кеңестік  Социалистік 



     

 

 



109 

 

 



І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4  / 2014     

 

Республикасы  Халық  Комиссариатының  төрағасы  қызметін  1920-1938  жылдар 



аралығында төмендегі  тұлғалар атқарды: 

1. Виктор Радус-Зенькович (1877-1967) – 12.10.1920 – 10.10.1921. 

2. Мұхамедхафи  Мырзағалиев (1887-1938) – 10.10.1921 – 13.10.1922. 

3. Сәкен (Сәдуақас)  Сейфуллин (1894-1938) – 13.10.1922 – 30.09.1924. 

4. Нығмет Нұрмақов (1896-1937) – 30.09.1924 - 15.05.1929. 

5. Ораз Исаев (1899-1938) – 15.04.1929 – 26.05.1938 [1, 76-87бб]. 

1924  жылы  Автономиялық  Кеңестік  Социалистік  Республикасының  Халық 

Комиссарлар  кеңесінің  төрағалығына  тағайындалған  Нығмет  Нұрмақов  Осы  қызметте 

1929  жылға  дейін  отырады.  1924  жылы  Қазақ  Автономиялық  Кеңестік  Республикасы 

Халық  Комиссарлар  төрағасы  болып  Нығмет  Нұрмақов  бекітілген  кезде  Қазақстан 

өкіметі  мынандай  құрамда  жасақталған  еді.  Н.Нұрмақов  –  Қазақ  халық  комиссарлар 

төрағасы,  С.Сәдуақасов  –  Ағарту  халық  комиссары,  И.Маймин  –  Қаржы  халық 

комиссары;  А.Кенжин  –  Ішкі  сауда  халық  комиссары;  Ә.Әлібеков  –  Жер-су  халық 

комиссары;  Ұ.Құлымбетов  –  ХШОК  төрағасы;  С.Мәмбеев  –  Әділет  халық  комиссары; 

С.Есқараев  –  Ішкі  істер  халық  комиссары;  Д.Хангереев  –  Әлеуметтік  қамсыздандыру 

халық  комиссары;  М.Тәтімов  –  еңбек  халық  комиссары;  И  .Крутилин  –  ОСБ  бастығы, 

М.Шамов  –  Денсаулық сақтау халық комиссары; М.Атаниязов – Жоғарғы Сот төрағасы 

[2, 47б]. 

Аталмыш уақыт аралығында орын алған тарихи маңызы бар құжаттарда Нығмет 

Нұрмақовтың  қолы  бар  десек  қателеспейміз.  1924  жылдың  желтоқсанында  Нығмет 

Нұрмақов  Қазақ  Автономиялық  Кеңестік  Социалистік  Республикасының  Халық 

Комисарлар  Кеңесінің  төрағасы  қызметін  атқарған  кезде  Нығмет  Нұрмақовтың  ірі 

ұйымдастырушы, 

білікті 


басшы 

ретіндегі 

таланты 

айқын 


танылады. 

Ол 


индустрияландыру,  ауыл  шаруашылығын  социалистік  негізде  қайта  құру,  мәдени 

революцияны  жүзеге  асыру  тәрізді  аса  ірі,  тарихи  міндеттерді  шешуге  атсалысты.  1926 

жылы  Кеңес  Социалистік  Республикалар  Одағынының  Еңбек  және  қорғаныс  кеңесі 

Түркістан-Сібір  теміржолын  салу  туралы  шешім  қабылдаған  кезде,  оның  құрылысына 

жәрдемдесу  мақсатында  құрылған  арнаулы  үкіметтік  комиссияға  басшылық  еткен 

республиканың  Халық  комиссарлар  кеңесінің  төрағасы  Нығмет  Нұрмақов  болатын 

[3,77-79 б.]. 

1925  жылы  7  сәуірлегі  төралқа  мәжілісінде  Қазақ  Автономиялық  Кеңестік 

Социалистік  Республикасы  үкіметінің  Н.Нұрмақов  бастаған  жаңа  құрамы  бекітілгенде 

оның  құрамында  халық  ағарту  халық  комиссарының  төрағасы  ретінде  С.Сәдуақасов 

тұрды.  С.Сәдуақасовтың  білек  сыбана  кіріскен  еңбегінің  нәтижесінде  1925-

1927жылдары  аралығында  республика  бойынша  147  мектепке  жөндеу  жұмыстары 

жүргізілді  және  жаңадан  153  мектеп  салынды.  Республикамызда  1920  жылдары  ғана 

қолға  алынған  мектепке  дейінгі  білім  беру  мекемелерінің  саны  1925-26  жылдары  14-ке 

жетсе,  1926-1927  жылдары  балабақшалардың  саны  42-ге  жетіп,  онда  2440  бала 

тәрбиеленді  [4,  13-14бб].Сонымен  қатар  Н.Нұрмақов  басқарған  республика  Халық 

Комиссарлар  кеңесі  Ж.Мыңбаев  басқарған  Орталық  Атқару  Комитеті,  С.Сәдуақасов 

басқарған  халық  ағарту  комиссариаттары  халық  ағарту  саласында  қалыптасқан 

кемшіліктерді  түзетуге  күш  салды.  Архитекторлар  Өлкелік  партия  Комитетіне 

әрқайсысы  шамамен  70  000  сомға  түсетін  лайықты  ауыл  мектептерін  салу  туралы 

ұсыныстар  жасады.  «Мұндай  мектептер  керек,  бірақ  қазір  емес»,  -  деп  мұндай 

жобалардан  ат  тонын  ала  қашқан  Ф.Голощекин  қажетті  қаражат  пен  құрылыс 

материалдарын  сұратудың  орнына  ұсыныс  жасаушылардың  соңына  шам  алып  түсті. 

Сондықтан  да  білім  берудің  алғашқы  сатысы  болып  табылатын  «ауыл  мектептері 



     

 

 



110 

 

 



І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4  / 2014     

 

түгелдей  жалғыз  ғана  ішінара  екі  сықсиған  терезелері  бар  бір  бөлмелі  жер  кепелерде 



орналасты» [5, 31б].  

Н.Нұрмақов  1924  жылдың  қыркүйегінен  1929  жылдың  сәуіріне  дейін  Қазақ 

Автономиялық  Кеңестік  Социалистік  Республикасы  Халық  комиссарлар  кеңесінің 

төрағалығы  қызметін  атқарып  жүргенде  шығыс  халықтарының  алфавитін  құруға 

қатысып, 

Шығыс 


халықтарының 

алфавитін  құруға  арналған  Бүкілодақтық 

комиссияның  мүшесі  әрі  қазақ  алфавитін  құрастыру  комитетінің  төрағасы  болды.  Бұл 

комитет  құрамында  Қ.Тоқтабаев,  О.Жандосов,  Ә.Байділдин,  Ә.Ермеков,  Ғ.Тоғжанов, 

Т.Шонанов,  Орманбаев,  Б.Малдыбаевтар  болған.  Комитет  қазақ алфавитінің қажеттілігі 

турасында  пікірталас  өткізіп,  оның  қорытындыларын  5  баспа  табақтық  қазақ  тіліндегі 

екі  кітапта  жариялайды.  Н.Нұрмақов  2  айлық  жаңа  алфавиттің  әрбір  терушілер  курсын 

ашуға  және  бұл  курстың  үздіксіз  адамдарды  қабылдауын  қадағалады.  Сондай-ақ 

Ақтөбе,  Орал-Бөкей  губернияларында  жаңа  алфавиттің  маңыздылығын насихаттайтын 

губерниялық  комитет  құруға  және  барлық  істерді  қазақ  тілінде  жүргізілуіне  ұйтқы 

болады  [6,  12б].Осылайша  Нығмет  Нұрмақов  1924  жылы  қазақ  даласында  жүргізілген 

«сауатсыздық  жою» шарасын ұйымдастыру мен тікелей  қадағалаушы  болды. 

Қазақ  жерінде  Кеңес  өкіметі  орнаған  соң  өлкені  дамытудың  бірнеше  жоспары 

әзірленді.  Республиканың  болашақ  астанасы  ретінде  Ақтөбе,  Шымкент,  Әулиеата, 

Қызылорда  қалалары  аталды.  1925  жылғы  26  қаңтарда  РК(б)П  ОК-і  Қазақстанды 

аудандастыру  жөніндегі  комиссия  ұсынған  жобаны  қарады  және  мәселені  одан  әрі 

зерделеу  үшін,  Бүкіл  Одақтық  Атқару  Комитетінің  орталық  әкімшілік  комиссиясына 

тапсырды.  Қазақ  (Қырғыз)  Автономиялық  Кеңестік  Социалистік  Республикасының 

астанасын  Қызылордаға  көшіру  туралы  шешім  қабылдайды.  1925  жылдың  бірінші 

жартысында  республиканың  негізгі  мемлекеттік  мекемлері  Қызылордаға  көшірілді. 

1925  жылғы  15-19  сәуірде  республиканың жаңа астанасында Кеңестік Қазақстанның V 

съезі  өтті.  Съезд  байырғы  халықтың  –  қазақтардың  тарихи  атауын  қалпына  келтірді. 

Қырғыз  Автономиялық  Кеңестік  Социалистік  Республикасының  атауы  Қазақ 

Автономиялық  Кеңес  Республикасы  деп  өзгертілді.  Съезд  сонымен  бірге 

республиканың  жаңа  астанасының  атауын  өзгертті:  Перовск  қаласы  Қызылорда  деп 

аталатын  болды.  Қазақ  Автономиялық  Кеңестік  Социалистік  Республикасының  Халық 

Комиссарлар  Кеңесінің  төрағасы  Нығмет  Нұрмақов  Қазақстанның  астанасын 

Орынбордан  Қызылордаға  көшіруде  қыруар  жұмыстар  жүргізді.  Ол  Қазақстанның 

астанасын  Қызылордаға  көшірудің  маңыздылығын  V  өлкелік  конференциясында 

жасаған  баяндамасында  айқындап  берді.  Бәріне  мәлім,  Қазақстан  республикасы 

түзілгеннен  бермен  қарай  Орынбор  орталыққа  қолайсыз  болы.  Бұған  бірінші  себеп, 

біздің  республикамыздың  дені  Орынбордан  қашық  жерде  орналасқанығы  болса, 

екіншісі  –  Орынбордың  өзін  алсақ  та,  бүкіл  губерниясын  алсақ  та,  халқының  көпшілігі, 

басым жағы европалықтар болды. Солай бола тұрса да, өкіметтің жаңа құрылып жатқан 

қарсаңында  орталықты  Орынбордан  көшіріп,  Қазақстанның  басқа  жерінен  сайлауға 

жөні  де,  реті  де  келмеді.  Ол  кезде  қайта  астана  Орынборда  болсын  деп  жүрдік. 

Орталықты  көшіру  әңгімесі  1922  жылдан  басталды.  Қазақстан  Орталық  Атқару 

Комитетінің  1922  жылғы  шығарған  тиісті  қаулысы  да  бар.  Қаулыда  орталық  астана 

Ақмешітке  (қазір  Қызылорда  аталып  отыр)  көшсін  делінгенмен,  Ақмешіт  қаласының 

басқа  республикасының  қармағында  болушылығынан  және  Ақмешіттен  басқа 

Қазақстанда  лайық  қала  болмағандықтан,  бұл  мәселе  сол  күйімен  ашық  қалды.  1925 

жылдың  басында  бұрынғы  Түркістан  республикасының  екі  қазақ  губерниялары  бізге 

қосылып,  Қарақалпақ  автономиялық  облысының  Қазақстан  өкіметіне  кірушілігімен 

астана  кеңесі  қайтадан  қозғалды.  Тартыс  соңында  Қызылордаға  көшіруге  тоқталады. 

Бұл  таңдау  Қызылорда  Қазақстанның  орталығы  немесе  ірі  өндірістік  орталығы 


     

 

 



111 

 

 



І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4  / 2014     

 

болғандықтан  емес,  темір  жол  үстінде  орналасуына  байланысты  өзге  губерниялармен 



қарым-қатынас  жасауға  тиімді  болғандықтан,  әрі  қазағы  көп  өлке  болғандықтан 

жасалды-деді [6,188-189бб]. 

Түркістан-Сібір  темір  жолының  құрылысын  бастау  жөніндегі  шешім  республика 

астанасын  Алматығаға  көшірілуді  айқындаушы  шешуші  фактор  болды  1927  жылы 

ақпанда  Алматы  қаласын Ф.Голощекин, А.Исаев,Г.Рябобонь, Ж.Мыңбаев, Н.Нұрмақов, 

С.Сәдуақасов,  Н.Тәтімов,И.Құрамысовтар  қатысуымен  БК(Б)П  Қазақ  өлкелік  комитеті 

бюросының жиналысы өтті. Қаралған басты мәселе – Республика астанасы Қызылорда 

қаласында  басталған  құрылысты  аяқтау,оған  жетерлік  қаржыны  қалдыру  және  Алматы 

қаласының  болашақ  құрылысы  туралы  комиссия  құру.  Құрылған  комиссия Астананың 

Алматы  қаласына  көшірілуіне  орай  жаңа  ғимараттар  салу,фабрикалар  мен  зауыттар 

салу,қоғамдық  және  тұрғын  үй  қатарын  көбейту,көшелерге  тас  төсеу,су  құбыры  мен 

канализация  жүйелерін  анықтау,  қала  көшелерін  жарықпен  қамтамасыз  ету  сынды 

мәселелерді  қарастырды.1927  жылдың  3  сәуірінде  Қазақ  АКСР-і  ОАК  мен  ХКК 

қаулысын  кеңестердің  бүкілқазақтық  6-съезі  бекітті:Алматы  қаласы  Қазақстанның 

астанасы  болып  жарияланды.Қазақ  АКСР-і  ХКК-і  1927  жылдың  4  сәуіріндегі 

қабылдаған  қаулысына  сай  астана  Қызылордадан  Алматыға  1928 жылдың күзіне дейін 

көшіп  келуі  тиіс  болды  [7,64-65бб].  Алматы  қаласына  Қызылордадан  Қазақ  ұлттық 

театры  көшіп  келді,Қазақ  Педагогикалық  Институтының  құрылысы  басталды.  Нығмет 

Нұрмақов  үкімет  басшысы  болған  шақта  Қазақстан  астанасын  ауыстыру  мен 

орнықтыру  бойынша  құрылған  комиссияның  мүшесі  болды.  Үкімет  төрағасы  ретінде 

Нығмет  Нұрмақов  астана  ретінде  жарияланған  қалалардың  астаналық  мәртебеге  сай 

болуына ерекше  мән берді. 

1924  жылы  5-11  қаңтарында  өткен  Бүкілқазақстандық  Кеңестерді  IV  съезіне 

қатысып,  Жетісу  мен  Сырдария  облыстарын  облыстарын  қосу  яғни  Орта  Азияның 

ұлттық  территориялық  межелеу  мәселесіне  қатысты  сол  жылы  сәуір  айында  өткізілген 

БК(б)П  Орталық  Комитетінің  Ортаазиялық  бюросы  мен  Түркістан  Компартиясы 

Орталық  Комитетінің  біріккен  мәжілісіне  қатысып,  Орта  Азияны  межелеу  ісіне 

араласты.  1925  жылы  осы  мәселеге  байланысты  Қазақстан  коммунистерінің  V  өлкелік 

конференциясында  «Орта  Азия  республикаларының  мемлекеттік-ұлттық  бөлінуі  және 

Қазақстанның даму перспективасы» атты баяндама жасап, өз ұсыныстарын айтады. Бұл 

кезде  ол  БКП(б)  қырғыз  (қазақ)  облыстық  комитетінің  бөлім  меңгерушісі  қызметін 

атқарып  жүрген  еді.  Голощекин  мен  Қожанов  арасындағы  қайшылық  бюро  отырысы 

мәжілісінде  қарастырылған  жылы  Бүкілресейлік  Орталық  Атқару  Комитетінде  Ақтөбе 

губерниясының  Елек  ауданын  Орынбор  губерниясына  беру  туралы  туралы  шешім 

қабылдаңған.  Осы  шешімге  Бюрода  талқылау  барысында  Нұрмақов,  Мыңбаев, 

Мендешев  сияқты  қайраткерлер  Орталықтың  Елек  ауданын,  тұрғындарының  басым 

бөлігі  орыстар,  сондықтан  да  оны  Орынбор  губерниясына  беру  керек дейтін сынаржақ 

шешіміне  қарсы  тұрды.  Сол  жылы  Қазақ  Автономиялық  Кеңестік  Социалистік 

Республикасының  Халық  комиссариаты  төрағасының  міндетін  атқарып  жүрген 

Н.Нұрмақов егер орталық жеке аудандардың тағдырын оның ұлттық құрамына қарай өз 

еркінше  шеше  беретін  болса,  онда  болашақта  Қазақстанның  республика  ретінде 

сақталып қалуы  мүмкін  емес деп ашық пікірін  айтқан еді.   

Қазақ  жерінде  жүргізілген  отаршылдық  кезеңде  қазақ  халқынан  тартып  алған 

жерлерді  қайта  қайтарып  беруге негізделген жер-су реформасының нәтижесін талқылау 

барысында  өлкеде  қалыптасқан  «енжар»  және  «белсенді»  топтардың  арақатынасынан 

шиеленісіп  кетейін-деп  тұрған  ұлтаралық  қатынастың  қақтығысқа  өршіп  кетпеуіне 

Нығмет  Нұрмақовтың  да  атқарған  ролі  баршылық.  Жер-су  реформасы  кезінде  – 

отаршылдық  қысым  көріп  жасқанып  қалған  тұрғылықты  халық  қазақтардың  талап-



     

 

 



112 

 

 



І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4  / 2014     

 

тілегі  толықтай  ескерілмей,  саяси  белсенділігін  танытып  үйреніп  қалған  европалық 



халықтардың  өзінің  жерге  деген  артықшылығын  сақтап  қалу  әрекетіне Кеңес үкіметінің 

тікелей  болмаса  да  жанама  көмектесіп,  қаруландыруы  ұлтаралық  қақтығыстарға  алып 

келе  жаздағаны  тарихтан  мәлім.  Бұл  жайында  Нығмет  Нұрмақов  Жер-су  реформасын 

жүргізу  комиссиясы  төрағасынан  кейбір  аудандардағы  переселен  шаруаларға  винтовка 

берілуін  сұрады.  Бұған  жауапты  Бүкіл  Одақтық  Атқару  Комитетінің  Түркістанда  жер 

дауын  шешу  мақсатында  құрылған  Ерекше  комиссияның  төрағасы  Серафимов: «Мұнда 

Бүкілодақтық  староста  Калинин  жолдастың  қателігі  болды.  Қазақстан  үстінен  өткен 

оған  қырғыздар  малымызды  тартып  алды,  ал  біз  орыстар  қаруды  өткізгенбіз  деген 

шағым  айтылды.  Ол  шағым  жасаушыларға  винтовка  бергізген»,  –  деп  қателіктің 

жіберілгенін  мойындаған  еді  [8].  Осылайша  Нығмет  Нұрмақов  қазақ  даласын мекендеп 

отырған  европалық  халықтардың  қаруланып  алуын  қауіпті  санап,  күн  тәртібіне  қоя 

білді. 


1927  жылы  Ф.И.Голощекин  Қазақстанға  ішкі  Ресей  аумағынан  жерге  мұқтаж 

шаруаларды 

қоныстандыруға 

қолдау 


таппақ  болып  қазақ  коммунистерінің 

талқылауына  салды.  Онда  Ф.Голощекин  Қазақстанда  бос  жатқан  үлкен-үлкен 

егіншілікке  жарамды  алқаптар  бар  екендігін айта келіп, сол жерлерге ондаған мың орыс 

шаруашылықтарын  қоныстандыруды  ұсынды.  Н.Нұрмақов,  Сұлтанбеков,  Кенжин, 

Қаратілеуов,  О.Жандосов  тәрізді  қайраткерлер  Ф.Голощекиннің  бұл  әрекетіне  қарсы 

шыққан  еді.  Бірақ  өлкелік  партия  комитеті  көпшілік  дауыспен  Ф.Голощекинді 

мақұлдады. Н.Нұрмақовтың бұған наразы болғаны сондай, ол тіптен осы қарарға түзету 

енгізу  және  оны  нақтылай  түсу  үшін  құрылған  комиссияға  кіруден  үзілді-кесілді  бас 

тартты.  Ал  Сұлтанбеков  болса  бұл  қарарды отаршылдық шешім ретінде сипаттап, «бұл 

–  переселен  чиновниктерінің  пікірі»,  –  деп  Ф.Голощекинге  ашық  қарсылық  білдірді. 

Өзіне  қарсы  бас  көтерген  қазақ  коммунистеріне  ызаланған  Ф.Голощекин,  арада  бір 

айдан  кейін  болған  VI  бүкілқазақтық  партия  конференциясында  «каратлеуовщина» 

және  «султанбековщина»  деген  өзі  ойлап  тапқан  ағымдарды аянбай сынады. Дегенмен 

де  жоғарыдағы  3  айтыстан  кейін  Н.Нұрмақов  өзінің  пікірлестерімен  бірге  Мәскеудегі 

Орталық  партия комитетінің ұйымдастыру бюросына барып, өз көзқарастарын қорғады 

[9,  21б].  Бірақ  құрамында  Молотов,  Андреев  тәрізді  «интернационалистер»  бар 

партиялық  орган  қазақ  коммунистеріне  жылы  қабақ  таныта  қоймады.  Қазақстанда 

жерге  орналасу  мен  орналастыру  мәселесі  өте  қиын  түрде  жүзеге  асты.  Кеңес  үкіметі 

бастапқыда  қазақ  даласындағы  Ресей  империясы  кезінде  орныққан  кемсітушілікті 

жойғандай  болып,  алғашқы  жылдарында  тұрғылықты  халық  қазақтарды бірінші кезекте 

жер  орналастыра  бастағанмен  уақыт  өте  бұл  ойынынан  айнып  қоныстанушыларға 

қолдау  көрсетті.  1925  жылы  14  қыркүйекте  Бүкіл  Одақтық  Атқару  Комитеті  Қазақстан 

аумағына  өз  бетімен  қоныстануға  тиым  салатын  қаулы  қабылдады.  1926  жылы  23 

қаңтарда  Бүкіл  Одақтық  Атқару  Комитеті  Комиссиясының  Қазақ  Автономиялық 

Кеңестік  Социалистік  Республикасы  және  Қырғыз  автономиялық  облысында  жерге 

орналастыру  және  жерді пайдалану мәселелерін талқылау жөнінде отырыста да көрінді. 

Отырыста  қоныс  аудару  әрекеттеріне  байланысты  мәселе  қарастырылып,  тиісті  қаулы 

қабылданады. Қаулы мазмұны мынадай болды: 

1.  Қазақ  Автономиялық  Кеңестік  Социалистік  Республикасы  және  Қырғыз 

автономиялық  облысы  жеріне  Бүкіл  Одақтық  Атқару  Комитеті  ерекше  нұсқауына 

шейін  қоныс аударуды  жабу  мәселесі  мақұлдансын; 

2.  Қазақ  Автономиялық  Кеңестік  Социалистік  Республикасы  және  Қырғыз 

автономиялық  облысына  өз  бетімен  қоныс  аударуды  тоқтату  мақсатында  Бүкіл 

Одақтық  Атқару  Комитеті  Президиумының  1925  жыл  14-қыркүйегіндегі  қаулысына 

сәйкес  Кеңестік  Социалистік  Республика  Одағының  басылым  беттерінде  жоғарыда 


     

 

 



113 

 

 



І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4  / 2014     

 

көрсетілген  автономиялық  республика  мен  автономиялық  облыс  террриториясына 



қоныс аударуға  тиым салынғаны жайындағы нұсқауы кеңінен жариялансын,... 

3.  Қазақ  Автономиялық  Кеңестік  Социалистік  Республикасы  және  Қырғыз 

автономиялық  облысының  жергілікті  жердегі  билік  орындарына  өз  бетімен  келуші 

келімсектерді  әкімшілік  тәртіппен кейін қайтару  құқығы  берілсін  делінді. 

1927  жылы  28  ақпанында  Бүкіл  Одақтық  Атқару  Комитеті  Президиумы 

төмендегі  мазмұнды  қаулы  шығарады:  «ҚазАКСР  көшпелі  және  жартылай  көшпелі 

аудандарындағы  мемлекеттік  жаппай  жерге  орналастыру  жыл  сайын  мемлекеттік 

бюджеттен  сол  жоспарды  жүзеге  асыруға  қаржы  бөліп  отыруды  көрсететін 

Мемлекеттік 

Жоспарлау 

мекемесінің 

1925 


жыл 

шілдедегі 



жоспарына 

ыңғайластырылып жүргізілуі  керек». 

Ресей  Кеңестік  Федеративтік  Социалистік  Республикасы  Халық  Комиссарлар 

Кеңесінің  1928  жыл  27  сәуірдегі қаулысына сәйкес сырттан қоныстандыруға артық жер 

анықтау  бағытында  Қазақ  Автономиялық  Кеңестік  Социалистік  Республикасы  жер 

қорларын  зерттеу  жұмысын  ұйымдастыру  жоғарыда  атап  көрсетілген  Бүкіл  Одақтық 

Атқару  Комитеті  мен  Ресей  Кеңестік  Федеративтік  Социалистік  Республикасы  Халық 

Комиссарлар Кеңесі қаулыларына қайшы келеді  [10, 96-97бб]. 

Осы  орайда  біз  қазақ  жеріне  келімсектерді  орналасуына  қарсы  шыққан 

Н.Нұрмақов  басқарған  Қазақстан  үкіметінің  Мәскеу  қаласында  орналасқан  партия 

комитетінде  өз дәлелдемелерін  ұсынуын батырлықпен теңегеніміз  жөн. 

Қазақстандағы  жерге  орналасу  мен  орналастыру  және  жерді  пайдалануды 

жеңілдету  үшін  Орталық  билік  өңірге  түрлі  тексерулерді  қаптатып,  ұлтшылдықпен 

күресу  бастады.  Жермен  қамтамасыз  етуде  етуде  кезектілік  орнату  қазақтардың 

мүддесін  қолдау  мақсатында  туылғанмен  қазақ  қайраткерлерін  айыптауға  негіз  болды. 

Жерді  қазақ  байлары  алып қойды, орыс, украин шаруалары жерсіз қалуда деп байбалам 

салынды.  1926  жылы  30  тамызда  Ресей  Кеңестік  Федеративтік  Социалистік 

Республикасы  Бүкіл  Одақтық  Атқару  Комитеті  «Автономиялы  Қазақ  КСР-ғы  орыс 

және  байырғы  халық  арасындағы  қатынастарды  реттеу  туралы»  мәселе  қарады. 

Қазақстандағы  ұлтаралық  және  жерге  орналастыру  мәселесін  одан  әрі  зерттеу  үшін, 

Ресей  Кеңестік  Федеративтік  Социалистік  Республикасы  Бүкіл  Одақтық  Атқару 

Комитеті  1927  жылы  29  тамызда  арнайы  комиссия  құрды.  Ол  комиссия  жергілікті 

жерде  арнайы  шаралар  қабылдауға  құқық  берді.  Бұл  комиссия  1927  жылы  3  қарашада 

Қазақ  Орталық  Атқару  Комитеті  төралқасында  талқыланды.  Қазақ  Орталық  Атқару 

Комитеті  өз  қаулысында  «жерге  орналастыру  мәселесіне  таптық  тұрғыдан  келу 

күшейтілсін»  деген  норма  бекітілді.  Жоғарыда  айтылған  комиссия  1927  жылы 

желтоқсанында  Бүкіл  Одақтық  Атқару  Комитеті  төралқасында  есеп  берді.  Бүкіл 

Одақтық  Атқару  Комитетінің  өз  қаулысында  тағы  да жер мәселесіне таптық принципті 

күшейту  туралы  нұсқау  берді.  Бірақ  Бүкіл  Одақтық  Атқару  Комитеті  жер  мәселесінде 

Қазақстанда әлі де таптық принциптен ұлттық принцип басым тұр деген желеумен 1928 

жылы  29  наурызда  Қазақстандағы  жер  мәселесі туралы қаулы қабылдады. Онда «Қазақ 

АКСР-нда  жерге  орналастыру  барлық  халықты қамтысын, жерге орналастыруда кейбір 

ұлттарға,  халықтар  тобына  кезекке  қою  жойылсын»  деп,  ұлттық  мүдденің  орнына 

таптық  мүддені  ұсынып,  байлар  мен  кулактарға  қарсы  барлық  ұлттардың  кедей-

орташаларын  жұмылдыру  туралы  нұсқау  берілді.  Бұл  нұсқау  VI жалпықазақтық партия 

конференциясының  қаулысымен  бекітілген  еді.  Бұл  қаулыда  былай  делінді:  «VI 

Жалпықазақтық  жария  конференциясы  жерге  орналастыру  саясатында  байырғы  халық 

және  жергілікті  орналастыру  саясатында  байырғы  халық  және  жергілікті 

европалық,басқа  да  шығыс  ұлттарының  еңбекші  бұқарасының  күшін  кулактар  ме 

байларға  қарсы  күреске  жұмылдыруы  тиіс  деп  атап  өтеді.  Осы  негізде  5-ші 



     

 

 



114 

 

 



І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4  / 2014     

 

конференциясының  кезектілік  туралы  қаулысы  алынып  тасталсын.  Бұдан  бұлай 



Қазақстанды  мекендейтін  барлық  халықтарды  жаппай  селоаралық  жерге  орналастыру 

қажет»  [11,50-51б].  Заңды  күші  осындай  құжаттар  қазақ  даласындағы  жерге 

орналастырудың  табиғи  заңдылықтарына  сүйенген  –  жерді  кезектілікпен  иемдену 

қаулысын  жоя  отырып  өлкедегі  ұлттар  арасалмағын  өзгертіп,  демографиялық  ахуалға 

әсер  еткен  болатын.  Бұл  шара  өз  кезегінде  Ресей  Империясы  құлағаннан  кейінгі  кезде 

қайта  жалғасын  тапқан  қазақ  даласын  аграрлық  отарлау  еді.  Бұл  отарлауға  сол  кездегі 

Қазақстанды  басқарып  отырған  Нығмет  Нұрмақов  үкіметі  қанша  қарсылық 

білдіргенімен,  Кеңес  үкіметінің  бетпердесін  жамылған  шовинистік  топтарға  қарсы  тұра 

алмады. 

ӘДЕБИЕТТЕР 

1.  Шілдебай.С  Кеңестік  қазақ  автономиясындағы  мемлекеттік  билік  жүйесі  // 

Отан тарихы, №2, 2007 ж. 

2.  Шілдебай.С  «Қожанов-Сәдуақасов  блогы  Мендешевті  қалай  ығыстырды?»  // 

Қазақ тарихы, №5-6, 2008 ж. 

3.  Жағыпаров.Н  «Халыққа  қалтықсыз  қызмет  етті»  //  Қазақстан  коммунисі,  №4, 

1985 ж. 


4.  Салқынбек.Д  «Халық  ағарту  комиссары»  //  Қазақ  тарихы,  №6  (105),  қараша-

желтоқсан, 2010 ж. 

5.  Омарбеков.Т  «Сауатсыздықты  жою:  Науқаншылдық  және  оның  салдары    // 

Ақиқат,  №6, 1996 ж. 

6. Нұрмақов.Н  «Шығармалар  жинағы». – Алматы, «Алаш»,  2005 ж. 188-189бб. 

7.  Асымова.Д  Алматы қаласының ХХғ.30-шы жылдарындағы астана болуы қала 

тұрғындарының  күнделікті  өміріне  әсері  //  ҚазҰУ  хабаршысы.  Тарих  сериясы,  №1(60). 

2011ж 


8.  Қойгелдиев.М,Омарбеков.Т  Тарих  тағылымы  не  дейді.  –  Алматы,  «Ана  тілі», 

1993. 


9.  Омарбеков.Т  «Кеңес  өкіметі  қазақ  жерін  қалай  отарлады»  //  Ақиқат, №4, 1996 

ж. 


10.  Исмағұлов.Ұ.Ш  «Кеңестік  қоныстандыру  және  ұлттық  мүдде  мәселесі»  // 

ҚазҰУ хабаршысы.  Тарих  сериясы, №2(57), 2010 ж. 

11.  Қарибаев.С.Ө  «Кеңестік  қоныстандыру  саясатының  қазақ  халқының 

әлеуметтік  жағдайына әсері»  // ҚазҰУ хабаршысы.Тарих  сериясы, 1(44), 2007. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет