169
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 /2012
5.
Құсайынов, Ж.Шоатнов, С. Балабатыров, Т. Жұмаханов. Электр техникасы және
электр энергетикасы терминдерінің орысша-қазақша сөздігі. – Алматы:
Республикалық баспа кабениеті, 1993.
6.
Гольдьерг А.С. Англо-русский энергетический словарь в 2.т. около 70000
терминов и 12000 сокращений. М.: РУССО, 2006.
7.
Goldberg A.S. English-Russian dictionary of energy and environmental protection. –
2001.
ӘОЖ 883.015.59:
ҰЛТТЫҚ ӘДЕБИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ ІЛИЯСТАНУ ІЛІМДЕРІ
Ш.Ә. Кыяхметова, ф.ғ.к., доцент
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ, Талдықорған қ-сы, Aset_Shara@mail.ru
Мақалада Ілияс шығармашылығының зерттелуі жайлы сөз болады.
В статье рассматривается проблемы исследование творчества И. Жансугурова.
The article is considered with the researching of the creation of I. Zhansugurov .
Тірек сөздер: Ілияс, ұлттық әдебиеттану, шығармашылық зерттеу.
ХХ ғасырдың елуiншi жылдардың аяғына қарай«жылымық» кезең келiп,
репрессия жылдарында атылғандарды ақтау мәселесі көтерiлдi. Жазушылар Одағында
құрылған комиссия репрессияға ұшырағандардың ісін қайта қарау туралы ұсыныс
жасады. Кеңестер Одағы Жоғары сотының Әскери коллегиясы1956 жылы 19 қазанда
істі қайта қарауды бастап, 1957 жылы 4 сәуірде жазықсыз жапа шеккендерді ақтау
жөніндегі шешiм қабылдайды. Осы шешімнен кейін 1957 жылы 26 сәуірде Қазақстан
Жазушылар Одағыны президиумы отырысы болып, С.Сейфуллин, І.Жансүгiров,
Б.Майлиннiң әдеби мұраларын қайта қарау туралы комиссиялар құру туралы қаулы
қабылданған. Iлияс Жансүгiровтiң әдеби мұралары бойынша комиссияға М. Әуезов
төраға болады.
1959 жылы Қазақ ССР Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет институты
ұйымдастырған
қазақ
әдебиеті
мәселелері
жайындағы
ғылыми-теориялық
конференцияда сөйлеген сөзінде академик М.Әуезов: «Жазушылар туралы монография
жазғанда С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіровтің мұраларын тереңдеп, сапалы түрде
саралап зерттеу шарт», - [1,167] деп айырықша атап көрсеткен.
Қысқа өмірінде қыруар еңбек қалдырған халқымыздың қалаулы перзентінің
әдеби мұрасын жинастыру, қарау, қайтадан жариялау мақсатында әдебиетші-
ғалымдарымыз тынбай жұмыстар жүргізді. Ілияс жайында документті фильм түсірілді,
пьеса жазылды, «Құлагер» поэмасының негізінде көркемсуретті фильм жасалды.
Ақынның жеке кітаптары, шығармалары, жинақтары баспаға дайындалып, оған
алғысөздер, рецензиялар, түсіндірмелер жазылды. Кандидаттық және докторлық
еңбектер дайындалып, қорғалды.
1957 жылдан бастап республикалық, облыстық басылымдарда Ілияс
шығармашылығы туралы мақалалар жариялана бастады. Шыққан мақалалардың
бірқатары Ілиястың шығармашылық өмірбаянын қамтыған таныстыру сипатында
болса, енді бірі шығармашылығы жөнінде тұжырымды, салиқалы пікір айтқан құнды
170
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 /2012
ғылыми мақалалар болды. М.Қаратаев 1958 жылы «Қазақ кеңес тарихының очеркіне»
арнап арнаулы монографиялық тарау жазып, оны өзінің «Туған әдебиет туралы ойлар»
атты кітабына енгізді. Орта мектептің 10-сыныбына арналған көмекші оқу құралына
айналдырып, жоғары мектепке арналған «Қазақ совет әдебиеті тарихына» қосты.
«Эпостан эпопеяға» деген зерттеу еңбегінде «Жаңа заман, жаңа әдебиет», «Халықтың
ежелгі жан серігі», «Ұлы ұстаз», «Асау тұлпар» тарауларында әдебиетіміздің өсу
белестерін сөз етіп, Ілияс Жансүгіровтің әдебиетке қосқан үлкен үлесін талдап берген.
Бұл зерттеулер жайлы академик Т.Сыдықов былай дейді: «Бұл пікірлер - бүгінгі
тәуелсіздік таңын бастан кешіп, егемендігімізді жаһан таныған, ешкімге жалтақтамай,
еркін тыныстап отырған заманда лайықсыз, көнерген уәж. Социалистік реализм талабы
ауызға сөз салып, желкеден қышқашпен қысқан заманның қисыны. Мұрағат ақтарған,
ақтармаса ақтарғандардың еңбегіне көзі қарақты қауым I. Жансүгіровтің классикалық
туындыларына кезінде кереғар сын тағып, кейін ақтап қалам тербеген академиктер М.
Қаратаев пен С. Қирабаевты да қараламайды, өйткені олар - «идеологиялық
құлдықтың» айдауына көнген өз уақытының перзенттері, өз уақытына қызмет еткен
жандар. Олардың қалыптасқан пікірден кемітіп, не асырып тұжырым жасауға жолы
жабық-ты». [2,88].
Қажым Жұмалиев «Стиль-творчестволық ерекшелік» атты мақаласында («Қазақ
әдебиеті» газеті, 17 қараша 1959 ж.) қазақ әдебиетінің негізін салған ақын-
жазушылардың шығармашылығымен қатар І.Жансүгіровтің шығармашылық стиль
ерекшеліктерін сөз етеді. Бұл ойларын «Ілиястың әдебиетіміздегі орны және өзіне тән
ерекшелігі», «Әр жазушының өзіне тән творчестволық ерекшеліктері жайлы», «Замана
жыршысы, күй жаршысы» деген еңбектерінде одан әрі дамытты.Рахманқұл
Бердібайдың «Ақын шабыты» («Лениншіл жас» газеті, 1958 жыл, 25 маусым), «Роман
және заман» («Жұлдыз» журналы, 1964 жыл, №9), «Отызыншы жылдардағы қазақ
романдары» («Жұлдыз» журналы 1965 жыл, № 6) сынды мақалаларында Ілиястың
«Жолдастар» романына талдау жасаған. Ғалым тұщымды пікірлер айта келіп,
романның кемшін тұстарына да тоқталады. Ілиястың поэмалары жайлы да әр түрлі
мақалалар жазылды: Әнуар Дербісалин мен Төлеген Баймұратовтың «Құлагер»
поэмасы туралы» («Социалистік жол» газеті, 5 қазан 1958 ж.), Сағынғали Сейітовтың
«Жансүгіров Ілиястың поэмалары» («Қазақ әдебиеті» газеті, 17 қаңтар 1958 ж.),
Бақытжан Хасановтың «І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы метафоралар» (ҚР
ҒА Хабарларының 1962 жылғы 3 нөмірі), Әнеш Дайырованың «Күйші» поэмасы»
(«Қазақстан мектебі» журналы, 1964 жылғы 5-6 нөмірі) мақаласы. Бұл мақалаларда
Ілиястың поэмалары мазмұндық-тақырыптық жағынан талданады. Халим Садықов мен
Бақытжан Хасановтың «Поэтикалық аударманың кейбір принциптері» мақаласында
(«Жұлдыз» журналы, 1963 ж., №10) Ілияс аудармалары жайлы сөз болады.
Т.Қожекеевтің Ілияс сатирасы, С.Ордалиев, Б.Құндақбаевтың ақын драмматургиясы
туралы сын-пікірлері жарық көрді. Қазақ әдебиеті тарихына арналған мектеп және
жоғары оқу орындары оқулықтарында монографиялық тараулар беріліп, міндетті оқу
жоспарына енді. І.Жансүгіров шығармалары негізінде кинофильм жасалды. Бірқатар
еңбектері орыс және өзге туысқан халықтар тілдерінде әлденеше рет басылып
шықты.
Басылым беттерінде Ілиястың әсіресе төрт поэмасы жайлы мақалалар үсті-үстіне
шықты. Ілиястың күй, өнер тақырыбын жеріне жеткізе жырлағандығын Саттар Ерубаев
былайша бағалайды: «Күйшінің» алға қойған міндеті адамның жоғары ұстайтын сезім
қорегінің бірі – күйді, музыканы сөзбен сипаттап, тілмен жеткізіп айтып беру. Үн
арқылы құлақпен естігенде ғана болмаса, басқаша көкейге қона қоймайтын музыканы
сөзбен сипаттап, күйдің өзінің беретін әсерін туғызу, сондықтан да ақынның бұл ретте
алдына қойған міндеті барынша ауыр, ақынның шын ақындығын сынайтын міндет еді.
Ақын алға қойған бұл міндетін орындап шыға алды. [3,76].Әбіш Кекілбаев Ілиястың
171
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 /2012
«Күйші» поэмасын көркемдіктің биік шыңына балап, былай дейді: «Қарашаштың
күйші жігітке деген махаббаты оның өзіне де, күйші жігітке де бұлтартпас бір
шындықты — тәуелділік жүрген жерде махаббат та, бақыт та жоғын ашып берді.
«Күйші» — қазақтың арғы-бергі әдебиетіндегі мәні мен маңызы, шеберлігі, әсерлігі
жағынан айрықша аспандап шыққан қол жетпес аса биік күмбездерінің бірі. Ол - біздің
халқымыздың поэтикалық қуатының ересен жеңісі.(Әбіш Кекілбаев Азат деген күй
тартып...(«Лениншіл жас»,1965 жыл, 29 мамыр) Сәбит Мұқанов пен Мырзабек
Дүйсенов «Өрен жүйрік ақынымыз» мақаласында:«Қазақ халқының рухани
мәдениетінің үлкен бір айғағы - музыкалық өнері. Ән мен күйге, әнші мен күйші
өнеріне І.Жансүгіров ерте кезден-ақ ерекше көңіл қойған ақын. Халық музыкасынан
эстетикалық ләззат алумен бірге, оның терең мазмұнын, әлеуметтік астарын көре, тани
білді»,-деп, асыра бағалаған. М.Әуезов: ««Дала», «Күйші», «Құлагер» поэмалары тұсында
қазақтың Абайдан кейінгі поэзиясы аса биік, ірі сапа табады. Бұлардағы дүниені көрер
көз, сезіну сыры, жалпы дүние тану қалпы ақындық сыр, өмірге қараған көзқарас,
барлығы да бұрынғы қазақ поэзиясы тудырмаған тың жаңалықты аңғартады. Осы
поэмаларда бейнелегіштік кенеулі тапқыр оймен ұдайы жақсы үйлесіп отырады.
Жансүгіров поэмалары сезім сырына да толы. Ал, өлең үлгісіндегі мәдениет те басқа.
«Күйші» мен «Құлагер» поэмалары әрі поэма, әрі өлеңмен жазылған роман » деп,
жоғары бағалап, поэмаларын Ілияс шығармашылығының биік шоқтығы санаған.
Т.Кәкішевше айтар болсақ: «Ілияс Жансүгіров қазақ әдебиетінің тұяғына шаң жұқпас
жүйрігі, жыр Құлагерінің поэзиямыздың бар саласына үлес қосып, поэма жанрын қол
жетпес биікке көтеріп, күні бүгінге дейін үлгі шашып, дәстүр жасаған қайраткер.
Ұлылардың бар жазғаны емес, кезеңдік туындысы ғана тарих бетінен жарқырап көрінеді
де, өз авторын Алатаудың асқар шыңдарының біріне айналдырады. Ілияс сондай
өнерпаз. Қазақ халқы бар заманда Ілиястың орны әрқашан биіктен көрінері хақ».
Кәдірбек Сегізбаевтың «Жыршы жыры – «Құлагер» («Коммунизм туы» газеті, 29
мамыр 1965 ж.), Т.Қабырғаталдың «Қазақ поэзиясының Құлагері» («Өмір нұры» газеті,
6,8 сәуір 1965 ж.), Ә.Зейілбековтің «Құлагерді» оқығанда» («Оңтүстік Қазақстан»
газеті, 29 мамыр 1965 ж.) Әзілхан Нұршайықовтың «Ақынның белгісіз поэмасы»
(«Социалистік Қазақстан» газеті, 16 мамыр 1965 ж.), Қапан Қамбаровтың «Шоқтығы
биік поэмалар» («Қазақстан мектебі» журналы, 1967 ж., №10), Тәкен Әлімқұловтың
«Құлагердің орысшасы» («Қазақ әдебиеті» газеті, 28 сәуір 1967 ж.), Сырбай
Мәуленовтің «Қазақ өлеңінің Құлагері» мақалалары І.Жансүгіровтің эпиктік қырын
таразылаған.
Ақын ақталғаннан кейін алғашқы естеліктер де басылым беттерінде жариялана
бастады. А. Сүлейменов «Ардақты ағаны еске алсақ...» деген естелігін «Советтік
Жетісу» газетінің 1958 жылғы 30 тамыздағы санына, Р. Рақымбеков «Горький мен
Ілиястың кездесуі» естелігін 1964 жылдың 4 қазандағы санына «Жетісу» газетінде
бастырды.
Ақынның 80 жылдық мерей тойы қарсаңында Ілиястың туысқан бауыры
Қуандық Шөкеновтің «Біздің Ілияс» (Алматы, 1973ж.) атты естелік кітабы. Ілиястың
90 жылдық мерей тойы қарсаңында зерттеуші-ғалым Сәрсенбі Дәуітовтің
құрастыруымен «Азамат ақын» (Алматы,1984ж.), Ілиястың 100 жылдық мерей тойы
қарсаңында ілистанушы ғалым Мұратбек Иманғазиновтың құрастыруымен «Жан
қайығын жарға ұрдым» (Алматы, 1994ж.) атты естеліктер мен мақалалар жинағы
жарық көрді. Осы жинақтарға енбей қалған естеліктерді қосып, бұрынғы
материалдарды бір желіге түсіріп, естелік иелерінің деректерін нақтылап, ғылыми
тұрғыда бағалап, орнын, ретін белгілеп, доцент Ш.Кыяхметова 2007 жылы «Аңызға
бергісіз ғұмыр» атты естеліктер жинағын (30 баспа табақ) құрастырып шығарды. Бұл
жинақта 1958 жылдардан бергі естеліктерге көбірек назар аударылып, кезінде
«большевиктік цензураға» жалтақтап, естелік-кітаптарда қысқартылып берілген
172
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 /2012
материалдар толықтырылып, түзетулер арқылы ұсынылған. Ақын өмірін кезең-кезең
бойынша таныстыру үшін жинақ екі бөлімге бөлінген. Бірінші бөлімге зайыбы,
балалары, туған-туыстары, бала кезде бірге өскен достары мен құрдастарының естелік-
лебіздері жеке топтастырылған. Бұл бөлімге топтастырылған еңбектерден ақынның
мінез-құлқы, адамгершілік қадір-қасиеті, отбасына деген ыстық ықыласы, кішіпейіл
қамқор көңілі, алғашқы ақындық адымдары жайлы мол мағлұматтар алуға болады.
Күнделікті қарапайым өмірі, отбасы, қызметтегі мінез-құлқы, болмысы, «халық жауы»
ретінде айыпталып, қан жұтқан қасіретті күндері жайлы естеліктер осы бөлімде біраз
нәрсенің байыбына жетелейді. Екінші бөлімде қазақ мәдениетінің бәйтеректері Сәбит
Мұқанов, Қажым Жұмалиев, Ахмет Жұбанов, Бейсенбай Кенжебаев, Есмағамбет
Ысмайлов, Мұхамеджан Қаратаев, Сапарғали Бегалин, Ғали Орманов, Әди Шәріпов,
Әбділда Тәжібаев және т.б. үзеңгілес замандастарының естеліктері берілген.
I.Жансүгiровтің 70 жылдық мерей тойы кешеуiлдеп, 1965жылы республика көлемінде
салтанатты түрде аталып өтті.ҚазССР-нің Жоғары Кеңесінің Указымен (5 маусым
1965ж.) Абакумовка поселкесінің атауы Жансүгіров поселкесі болып өзгертіледі.
Осы кезеңде жазылған мақалалар, еңбектер, естеліктер ілиястануды жан-жақты
өркендету мүмкіндігін молайтты, көлемді зерттеулердің арнасын ашты.Бұл салада
әдебиеттану ғылымы едәуір ізденістер жасап үлгерді. 1965 жылы шыққан профессор
Мырзабек Дүйсеновтің «Ілияс Жансүгіров» атты монографиясы
-
Iлияс
шығармашылығын жан-жақты қарастырған алғашқы зерттеу еңбек. Бұл монография
кейiнгi зерттеулерге бағыт – бағдар берді, ілиястану ілімін қалыптастырып, негізгі
арналарын айқындады, әрі қарай өркендетудің өнімді бағытын белгіледі. Қазақтың
көрнекті ғалымы, ақын Тұрсынхан Әбдiрахманова ақынның өлең жазу шеберлігін
зерттеп, «Ақын сыры» (Алматы, «Жазушы» баспасы, 1965ж.) атты кітабын шығарды.
Жансүгіров лирикаларының сырын Әбділда Тәжібаев та «Поэзия және өмір» атты
монографиясында айрықша білімдарлықпен талдаған. Фатима Ғабитова «Өртеңде өнген
гүл» (Алматы, «Атамұра» баспасы, 1998ж.) кітабын шығарды.
Ілиястанудың арнасы жыл өткен сайын кеңейіп, жаңа зерттеулермен
толықтырылды. М.Иманғазиновтың «І.Жансүгіров прозасындағы дәуір дидары» (1998ж.),
Ләззат
Әділбекованың
«Ілияс
Жансүгіров
прозасының
идеялық-көркемдік
ерекшеліктері» (1998ж.) зерттеулері.
Профессор М.Иманғазинов Ілияс Жансүгіровтің әдеби мұражайында қызмет
істеген кезеңнен бері (1991ж.) мұрағат құжаттарымен жұмыс жасап, Ілиястың
ғұмырнамасы, өлімі, ақталуы жайлы жаңа, құнды пікірлер білдіріп келеді. Талай жылғы
ізденістерінің нәтижесін «Ілияс Жансүгіров» [4] деген монографиясын шығару арқылы
халыққа жеткізді.
Мұрат Әбiлқақовтың «І.Жансүгіровтың драмалық шығармаларындағы тартыс
пен қаһарман» (2003ж.) еңбегінде драмалық шығармалары тұңғыш рет монографиялық
үлгіде талданып, поэтикалық тұрғыда қайта бағаланған. Қаламгердің драма жанрын
игеруге деген алғашқы қадамынан бастап, драматургия шарттылықтарына жауап
беретін толыққанды пьесасын дүниеге әкелгенге дейінгі жазушының үйрену, жетілу,
шеберлік шыңдауы тәрізді кезеңдері айқындалады. Қаһарман бейнесін сомдау мен
характерін жасау жолындағы автордың әдіс-тәсілдері бағаланады. Қарапайым
кейіпкерді тағдырдың талқысына салып шыңдау арқылы типтік деңгейдегі драмалық
кейіпкер жасау шеберлігін меңгеруі, драмалық тартысты туындатар шеберлігі әр қилы
сапада зерделенген.
Әбілхан Әбіласан І.Жансүгіровтің әлі ешкімнің көзіне түспей жатқан дүниелерін
мұрағат қойнауынан шығарып, Iлиястың өз қолымен жазылған қолжазбаны араб
графикасынан тiкелей зерттеп, қазiргi кириллицаға аударып, «Жетісу» (Алматы,
«Ценные бумаги» баспасы, 2001ж.) [5] жинағын шығарды. Еңбекте қазақтың өткен
өмірінің шынайы болмысы, Кенесары көтерiлiсi, Жетiсу, Балқаш, Жаркент өңiрiн орыс
173
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 /2012
елiнiң жаулап алуы, сол тұстағы ел өмiрi жайлы шынайы жазылған деректер кеңес
өкiметiнiң саясатына қиғаш келетiндiктен социалистiк цензураның кесiрiнен кезінде
жарық көре алмаған. Тек тәуелсiздiк алғаннан кейiн ғана бұл іске асырылды.
«Негiзiнен, Iлияс Жансүгiровтiң мұрағат материалының үштен бiр бөлiгi - қазiргi
кезеңге дейiн жарық көрген шығармаларының түп дерегi, жазылу жайының
күретамыры. 15–ке тарта қалың бумаларда (папкаларда) Iлиястың өз қолымен жазған
12 қойын кiтапшалары мен дәптерлерi жатыр. Оны оқып қараған адамға әлi де болса
талай тың жатқан деректiң ашылатыны сөзсiз»,-дейді ілиястанушы ғалым
М.Иманғазинов.
И. Боранбаева, Ә. Әбіласанұлы мен бірқатар жауапты адамдар «Құжаттар,
хаттар, күнделіктер, дала хикаялары» атты мұрағаттар материалдарының негізінде
жинақ (Алматы, «Үш қиян» баспасы, 2006ж.)құрастырып, шығарды[6]. Кітапқа 1920-
1964 жылдар аралығындағы Ілиясқа қатысты құжаттар жинақталған. Кітап екі бөлімнен
тұрады. ҚР Орталық мемлекетті мұрағатындағы ақын мұралары сақталған жеке
қордағы (ҚРОММ-1368-қор) деректер мен мәліметтер берілген. Кезінде кейбір
мәліметтер цензураға байланысты, ал бертінде араб әл іпбиіндегі қолжазбаларды
оқитын зерттеушілердің сиреуіне сәйкес қозғаусыз қалып келген. Бұл еңбек- сол олқы
тұстың орнын толтырар ғылыми маңызы зор жинақ.
Академик Т.Сыдықовтың «Ілияс Жансүгіров және дәстүр жалғастығы» (2011ж.)
атты монографиялық зерттеуі ілиястануға қосылған қомақты еңбек. Т.Сыдықов – өткен
ғасырдың жетпісінші жылдарынан бері қазіргі қазақ әдебиетінің көкейкесті мәселелері
бойынша іргелі еңбектер жазып жүрген үлкен ғалым. Жетісудан шыққан ақын-
жазушы, әдебиетші ғалымдардың шығармашылығын Ілияс Жансүгіров дәстүрімен
байланыстыра зерттеп жүрген білгір маман. Осы бағытта терең ғылыми білім беруге
негізделген «Ілияс Жансүгіров және дәстүр жалғастығы»монографиялық зерттеуінің
алғашқы тарауын Ілиястың поэзиялық туындыларын жаңаша көзқарас тұрғысынан
пайымдауға арнаған. «Жетісудың жүрегі немесе Ілияс жайлы сөз» бөлімінде
социалистік құрылыстың жыршысы деп бағасын асқақтата көтеруге тырысқан кешегі
сыншы, зерттеушілердің еңбегі еш болған тұста профессор Т.Сыдықов Ілияс та өз
заманының
перзенті,
жыршысы
екенін,
кемшілікке
санамайды.
Оның
шығармашылығын пәтуасыз идеологияның жеміне, құрбандығына шалмайды, осы
уақытқа дейін жеріне жеткізе айтылмай келген көркемдік шеберлік, эстетикалық
нысана іздеп, ақындық дарынның қуаты мен жалынын, поэтикасын бұрынғыдан да
биіктетіп, жаңаша қарастырған. «Мен жанбасам лапылдап, сен жанбасаң лапылдап...»
немесе І.Жансүгіров-жастықтың жыршысы» және «Ұлылыққа тағзым немесе Ілияс
лирикаларының көркемдік кестесі» бөлімінде Ілиястың өлеңдеріне сыншыл
көзқараспен қарап, әділ бағасын береді. Оқырманын қандай талантпен табысып
отырғанына шығармаларын талдау үстінде танытып, табыстырады.
«Қара қобыздың киесі немесе І.Жансүгіровтің «Күй» поэмасына жаңаша
көзқарас», «Хан Сарайынан күйшінің қара қосына дейін немесе «Күйші» поэмасына
жаңаша көзқарас», «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» немесе
І.Жансүгіровтің «Рүстем қырғыны» поэмасының ұлағаты» бөліміндерінде Т.Сыдықов
тек шығармашылық процестің ішіне еніп, тың ойлар, соны ғылыми тұжырымдар
жасауға тер төгеді. Қай-қайсысы жайлы сөз қозғаса да бимәлім тың пікірлер айтуға,
тосын ғылыми түйіндердің бүгілгенін жазып, бүркенгенін ашуға тырысады. Ғалым
еңбегінде осылардың әрқайсысы жайлы бұрын-соңды жазылған мақала, зерттеулерді
назарынан тыс қалдырмай оқып, қорытып, өз ғылыми толғамдарын алдыға тосады.
Зерттеу еңбек тың ойларға кенен, Ілияс жайлы мол мағлұмат, терең білім беретін
ғылыми сараптаулардан тұрады.
Ақынның мерейтойы қарсаңында Ілиястың әр түрлі қырларын зерделеген
мақалалар жалғасын тауып жатты. Ақталған кезінен бүгінгі күнге дейін баспасөз
174
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 /2012
беттерінде мыңдаған ғылыми-танымдық мақалалар шықты. Қазақ әдебиетін зерттеуші
ғалымдардың мақалаларында Ілиястың қазақ әдебитіне қосқан үлесі, әкелген
жаңалығы, шығармаларының көркемдік-идеялық тереңдігі жайлы айтылды. С.
Қирабаевтың «Ақын» («Қазақ әдебиеті» газеті, 1974 ж., 24 мамыр), Р.Бердібайдың
«Сегіз қырлы суреткер» («Социалистік Қазақстан» газеті, 1974 ж., 24 мамыр),
Әбділхамит Нарымбетовтың «Жансүгіровтің «Күйші» поэмасының көркемдік және
стильдік сыр-сипаты» («Стиль сыры»// Ред. басқарған М. Қаратаев. Алматы,1974.-26-
50б.), «Поэмадағы заман суреттері және жаңашылдық» (Қазақ совет поэмасы. Алматы,
1977.-33-51б. ), Х.Сүйіншәлиевтің «Ақын мұрасы» ( «Ізденіс іздері» 1975ж.),
С.Сейітовтың «Кішкентай кейіпкерлер» («Тоғысқан толқындар» 1975 ж.), Р.
Нұрғалиевтің «Халықтық тарихи драма жасаудағы творчестволық принцип» («Жалын»
журналы, 1978 ж.,№ 4), Сәйділ Талжановтың «Күйдің күші» (Өткен күндер сөйлейді.
Алматы 1978ж.), Қайым Мұхамедхановтың «Ардагер ақын» («Семей таңы» газеті, 26
мамыр 1979 ж.) мақалалары ілиястану ғылымын ілгерілеткен дүниелер болды.
Ғабиден Мұстафин «Ой әуендері» (Алматы, 1978ж.) зерттеу еңбегінде ақынға
«Ілияс ақын туралы бірер сөз» тарауын арнайды. «Өзі өлгенімен, сөзі өлмейтін ерлер
болатыны ежелден белгілі. Ілияс - сол ерлердің бірі. Ол алдымен ақын еді. Ақындардың
бәрі бірдей есте қала бермейді. Ақын, жазушы деген құрметті атаққа қол созушы көп,
жететіндер аз. Ілияс - сол аздың, бірегейдің бірі. Ол арамыздан ерте кетті, аларын түгел
ала алмай, берерін түгел бере алмай кетті. ...Әдебиет халқымыздың ең құнарлы рухани
азығына, адам жанының тәрбиешісіне айналды. Бұл майданда да шырқап алға кеттік.
Алайда, Ілиястарға алақтап қарай береміз»,-деп, Ілиястың құдіреттілігіне басын
иіп,тағзым етеді.
Рымғали Нұрғали «Арқау» атты монографиялық еңбегінің «Соғайын сөзіммен
бір сұлу сарай» деген тарауында Ілиястың өмір дерегінен бастап, оның әр жанрдағы
шығармашылығын кең қарастырып, ғылыми топшылау, талдау жасайды. «Өзінің күйлі,
сыршыл адуын шығармаларымен халқының көп ғасырлық өмірін, азаттық жолындағы
күресін реалистік қуат, зор шеберлікпен бейнелеп, артына өлмейтін әдеби мұра
қалдырған қанатты қаламгер І.Жансүгіров қазақ жұртының құлай сүйген ең сүйікті
перзенттерінің бірі, оның өр тұлғасы қайсар ақындықтың символы іспеттес»,-деп,
жазады.
Мұхамеджан Қаратаев, Темірғали Нұртазин, Серік Қирабаев «Ілияс Жансүгіров»
(Қазақ совет әдебиеті. Алматы, 1987. -249-282б.) атты ұжымдық зерттеулерінде
ақынның шығармашылық өміріне толықтай тоқтап, ақындық, жазушылық,
драматургтік, аудармашылық және тағы басқа қырларын қазақ әдебиетінің даму
белестерімен бірге алып қарастырып, оның өзіндік орнын белгілейді. Зәки Ахметов
«Өлеңнің өрен жүйрік Құлагері» мақаласында («Қазақ әдебиеті» газеті, 1994 ж.,№ 17)
«Ілиясқа тән ақындық шеберлік - өмір шындығын жан-жақты, терең ашып бейнелеп
беретін нағыз көркемдік шеберлік. Қазақтың күй өнерін, оның өмір танытарлық қуат-
күшін терең түсініп, әсерлі бейнелеуі жағынан Ілияспен тең түсе алатын ақынды табу
қиын»,-деп, үлкен құрметпен пайымдау жасайды.
1994 жылы Т. Рысқұлов, С. Сейфуллин, I. Жансүгiров, Б. Майлин, С.
Қожановтардың 100-ге келген салтанаты аталып өттi. «Егемен Қазақстан» газетiнiң
«Елiм деген ерлердiң еңбегi еш болмайды» деген (1994 ж., 13 желтоқсан) мақалада «Бұл
күнi өмiрлерiн ұлтты, халықты сақтауда, сүюге бағыштаған, ұлтжандылықпен ақыл-
ойдың ғажайып үлгiсiне, өнегесiне айналған Тұрар Рысқұлов, Сәкен Сейфуллин, Iлияс
Жансүгiров, Бейiмбет Майлин, Сұлтанбек Қожанов есiмдерi еркiн, азат елдiң аспанында
қатар аталады», – деп жазылып, тағы да аса бiр жылы сөздер айтылды.
Ғасырлар тоғысында І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасының ақиқаты жайлы
бірнеше мақала, атап айтсақ: Жанат Тұрғанбекұлының «Сағынай асы: айтылмаған
ақиқаттар» мақаласы «Сарыарқа самалы» газетінің 1996 жылғы 30 сәуірдегі санында,
175
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 /2012
Аманжан Жақыповтың «Сүлейменнің асы» мақаласы «Қазақ әдебиеті» газетінің 2001
жылғы 26 қазандағы санында, Серік Ақсұңқарұлының “Құлагердің түбіне жеткен -
Батыраш-Қотыраш емес, Барақбайдың жендеті Ізбасқан” атты Ілья Жақановпен
сұхбаты «Орталық Қазақстан» газетінің 2003 жылғы 9 тамыздағы санында, Естай
Мырзахметұлының «Құлагердің құлауы: аңызы қайсы, ақиқаты қандай» мақаласы
«Егемен Қазақстан» газетінің 2003 жылғы 29 қазандағы санында, Мұстай Ғалымның
«Құлагердің киесі» мақаласы «Жұлдыз» журналының 2004 жылғы №1 санында,
Серікбай Алпысұлының «Құлагер трагедиясы: қауесет пен қиянат» мақаласы «Қазақ
әдебиеті» газетінің 2004 жылғы 3 желтоқсандағы санында, Ықылас Олжайдың
«Құлагерді құлатқан кім?» мақаласы «Жаңа Сарыарқа» журналының 2008 жылғы №1
санында жарияланды. Бұл мақалалар «Кезінде шығарманың негізгі тақырыбына терең
үңіліп, оның көркемдік-эстетикалық мәнін жан-жақты ашудың орнына үстірт
социологиялық талдау жасаумен ғана шектеліп келген» (Әбен Дәуренбеков «Күйші» және
күй құдіреті) сын - зерттеулердің арнасын жаңа бағытқа бұрған, соны соқпақ
салғанбүгінгі заман үні болып отыр.
Ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы қазіргі таңға дейін үш
библиографиялық көрсеткіш құрастырылған:
1) Аяулы азаматтың ұрпағына қалдырған мұрасын іздеу, табу, жинастыру ісіне
мұрағат пен кітапхана қызметкерлері де белсене араласып, ақынның өмірі мен
шығармашылығын зерттеуге елеулі үлес қосты. 1973 жылы ақынның 80 жылдық
мерейтойы қарсаңында Қазақ ССР-нің А.С.Пушкин атындағы мемлекеттік
кітапхананың бастамасымен филология ғылымдарының кандидаты Ә.Дайырова,
библиографтар Т.Кененова, С.Қойшыманова, Ф.Эльконинаның құрастыруымен «Ілияс
Жансүгіров» атты библиографиялық көрсеткіш шықты. Көрсеткіште 1917-1970
жылдардағы материалдар қазақ-орыс тілінде хронологиялық тұрғыда жүйеленіп
берілген. Анықтама-көрсеткіш ғылыми қызметкерлерге, әдебиет мамандарына, жоғары
оқу орындарының студенттері мен оқытушыларына, аспиранттарға, мұғалімдер мен
оқушыларға, лекторларға, кітапханашыларға және жалпы көпшілікке арналған.
Анықтама қазақ және орыс тілінде дайындалған. Көрсеткішті құрастырушылар
Ілиястың әлі де жарияланбаған фельетондарына, әңгімелеріне, мақалаларына, сөйлеген
сөздеріне, жасаған баяндамаларына, хат-хабарларына, ел әдебиетінің үлгілерінен
құрастырған жинақтарына, оқулықтарына, одақтас республикаларда, шет елдерде
жарияланған шығармаларына көпшіліктің назарын айрықша аударған.
2) 1995 жылы «Қазақ әдебиетінің классиктері: Сәкен Сейфуллин, Ілияс
Жансүгіров, Бейімбет Майлин» атты библиографиялық көрсеткіш шыққан.
3) 2004 жылы І.Жансүгіровтің 110 жасқа толуына байланысты «Ілияс
Жансүгіров» атты библиографиялық көрсеткіш жарық көрді. Құрастырғандар:
К.Е.Аймұхамбетова, А.Н.Нұрсейітова. Көрсеткіш қазақ және орыс тілдерінде 1973-
2004 жылдар аралығында жарияланған материалдарды қамтиды. Құрастырушылар
Ілияс Жансүгіовтің өмірі мен шығармашылығына байланысты материалдарды,
шығармашылығы туралы пікір айтқан авторлардың алфавиттік көрсеткішін, ақынның
әдеби бейнесін жасаған шығармаларды, газеттер мен журналдардың түп-нұсқаларын
жеке-жеке тарауға топтастырған.
1960 жылдардан бері ұлттық әдебиеттанудағы ілиястану ілімінде маңызды
ғылыми қадамдар жасалып, әдебиетті зерттеу талаптарына орай жаңа ғылыми-
әдіснамалық бағыт-бағдар айқындалды.
Сөз соңында айтарымыз, Ілияс Жансүгіровтің әдеби мұрасын жан-жақты,
тереңдеп зерттеп, игеру - үнемі даму үстінде болатын құбылыс. Ұлттық әдебиеттану
ғылымының алдағы міндеттерінен түспейтін өзекті мәселе болып тұра бермек.
ӘДЕБИЕТТЕР
176
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 /2012
1. Әуезов М. Әдебиет жайлы ойлар. Алматы: - Ғылым, 1989ж.
2. Сыдықов Т. Ілияс Жансүгіров және дәстүр жалғастығы. Алматы: -Арыс, 2011ж.
3. Ерубаев С. Менің құрдастарым. Алматы: - Жазушы, 1998ж.
4. Имағазинов М. Ілияс Жансүгіров. Алматы: - «Қазақ университеті» баспасы, 2004ж.
5. Әбіласан Ә. Жетісу. Алматы: - «Ценные бумаги» баспасы, 2001ж.
6. Боранбаева И., Әбіласанұлы Ә. Құжаттар, хаттар, күнделіктер, дала хикаялары.
Алматы: - «Үш қиян», 2006ж.
ӘОЖ 88.015.39:
«ЖАНЫНЫҢ ЖАПЫРАҒЫН СІЛКІНДІРІП...»
(МАРФУҒА АЙТХОЖИНАНЫҢ ПЕЙЗАЖДЫҚ ЛИРИКАСЫ)
Ж. Молдабаева, магистрант
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ, Талдықорған қаласы
Мақалада М.Айтхожинның пейзаждық лирикасы көркемдік жағынан талданады.
Статья посвящина анализу художественных средств пейзажной лирики М.Айтхожиной.
The article is considered to analyze the art of lanscape lyrics of M.Aythozhin.
Тірек сөздер: ақын, лирика, пейзаж, көркемдік.
«Жыр жазу деген - азап ол, әйел боп туған болмысқа» ...- деп ақын Фариза
жырлағандай әйел затының ақын болуы - жаратылыстың ерекше сыйы. Әйел боп
туған болмысымен қанша азап пен оттың ортасында жүрсе де ақын қыздар еш
мойымай, ақындық пен азаматтықты абыроймен қатар алып келеді. Сондай ақынның
бірі:
Тәркі дүние!
Тартсаң да етегімнен,
Жүргем жоқ ырқыңа еріп,
Жетегіңмен.
Жалтарыссыз,
Бірбеткей мінезіммен,
Бір күні бұл пәниден өтемін мен,- [1,56]
деп, жыр жауһарын төккен - Марфуға Айтхожина.
Дүниеге шыр етіп сәбидің келгені - өлең, оның бесікке бөленіп, анасын емгені -
өлең, қаз-қаз тұрып, тәй-тәй басқаны - өлең, бозбала мен бойжеткен болып
сырласқаны, қырды асқаны - өлең, жігіт болып, қалыңдық болып қалжыңдасқаны -
өлең, аға не жеңеше болып есейгені - өлең, ақсақал не арда ана болып ақыл айтқаны -
өлең. Өмірге келген күннен оның өлең сапары- өмір сапары басталды. Бесікте жатқан
кезінде тыңдаған бесік жырының әуені көкірегіне ұя салды. Бұл туралы ақын Олжас:
«Әрбір ақынның өз әні бар. Марфуға Айтқожинаның да өз әуезі бар. Менің поэзия мен
әнді салғастыруым да кездейсоқ емес», - деуі тегін емес.
«Ақындықтың асқар шыңына шыққан, шашасына шаң жуытпас Марфуға
ақынның» (Әзілхан Нұршайықов) шығармашылық жолының тұсауы Жұмағали Саиннің
ақ батасымен «Қазақ әдебиеті» газетінде 1950 жылы жарияланған топтама өлеңдерімен
кесілді. Оның қазақ поэзиясына қосқан үлесі мен мәні жөнінде әр кезде баспасөз
Достарыңызбен бөлісу: |