Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №4 /2012



Pdf көрінісі
бет6/22
Дата27.03.2017
өлшемі3,3 Mb.
#10487
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Үш  санындағы ұшқыр  ой 
 
№ 
Түрлері 
Атауы 
1.
 
 
Үш  жұрт.  
1. Ағайын жұрт.   2. Нағашы  жұрт    3. Қайын жұрт.  
2.
 
 
Үш  байлық. 
1. Денсаулық. 2. Ақ  жаулық. 3. Он саулық. 
3.
 
 
Үш  би. 
 
1. Үйсін −Төле би.  2. Арғын − Қаздауысты Қазыбек би.  
3. Алшын − Әйтеке би. 
4.
 
 
Үш  дана. 
1. Абай  2. Шоқан   3. Ыбырай. 
5.
 
 
Үш  қат. 
 
1. Жоғары қат − аспан.  2. Орта қат − жер үсті.  3. Төменгі қат − 
жер асты. 
6.
 
 
Үш  қуат. 
1. Ақыл қуат.  2. Жүрек қуат.  3. Тіл  қуат. 
7.
 
 
Үш  ғайып. 
1. Ажал ғайып. 2. Қонақ ғайып. 3. Несібе  ғайып. 
8.
 
 
Үш  арсыз. 
1.Ұйқы арсыз. 2.Тамақ  арсыз. 3. Күлкі  арсыз. 
9.
 
 
Үш  дауасыз. 
1. Мінез.   2. Кәрілік.   3. Ажал. 
10.
 
 
Үш  қадірлі. 
1. Ырыс.  2. Бақ.  3. Дәулет. 
11.
 
 
Үш  қадірсіз. 
 
Адам  жастық  шақтың,  денсаулықтың,  жақсы  жардың  қадірін 
білмейді. 
12.
 
 
Үш  жамандық. 
1.Нақақ  қан төгу. 2. Кісі  малын нақақ алу. 3. Ата-бабаның көзі 
– ескі  жұртты бұзу. 
13.
 
 
Үш  жақын. 
1. Жан тәтті.  2. Бала тәтті.   3. Жар тәтті.   
14.
 
 
Үш  ақиқат. 
Қымбат – шындық, арзан – өтірік,  дауасыз – кәрілік. 
15.
 
 
Үш  қуаныш. 
1. Алғыс алу.2. Өзіңді  көптің іздеуі.  3. Ісіңнің  өшпеуі. 
16.
 
 
Үш  биік.   
1. Билік.   2. Дәулет.  3. Даналық. 
17.
 
 
Үш  асыл. 
1. Көз.  2. Тіл   3. Көңіл. 
18.
 
 
Үш  артық. 
1. Адалдық. 2. Еңбексүйгіштік.  3. Өнерпаздық. 
19.
 
 
Үш  ынтық. 
1. Еркін  өмір.  2. Құрметке бөлену. 3. Пайдалы еңбек ету. 
20.
 
 
Үш  тұл. 
 
1. Қайратсыз ашу  тұл.  2. Тұрлаусыз  ғашық  тұл.   
3. Шәкіртсіз  ғалым тұл. 
21.
 
 
Үш  апат. 
 
1. Ғалымдар мен қарттарды сыйламау. 2. Үкіметті сыйламау. 3. 
Асты ысырап ету. 
22.
 
 
Үш  кедейлік. 
1. Кежірлік.   2. Еріншектік.   3. Ұйқы. 
23.
 
 
Үш  кемдік. 
1. Надандық.  2. Еріншектік.    3. Зұлымдық. 
24.
 
 
Үш  бақытсыздық. 
1.Жаман ат.  2. Жаман қатын.  3. Жаман көрші. 
25.
 
 
Үш  көз.  
1.  Су  анасы  –  бұлақ.  2.  Жол  анасы  –  тұяқ.    3.  Сөз  анасы  – 
құлақ. 
26.
 
 
Үш  тоқтам. 
1. Ақыл – арқан.   2. Ой – өріс. 3. Адам – қазық. 

     
 
 
43 
 
І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4 /2012     
 
27.
 
 
Үш  қасиет. 
1. Өліде – аруақ.  2. Малда – кие. 3. Аста – кепиет. 
28.
 
 
Үш  тағлым. 
 
1.Мейірім  сауап.    2. Жақсылықтан –  шарапат. 
3. Жамандықтан –  кесапат. 
 
№ 
Түрлері 
Талапқа сай түсінік 
1.
 
 
Он атаға дейінгі  туысқандық 
қатынас. 
Әке, бала, немере, шөбере,  шөпшек,  немене, туажат, 
жүрежат, кекжат,  жұрағат. 
2.
 
 
7 қазына.  
Ер жігіт.  Құмай тазы. Сұлу әйел. Қыран бүркіт.  Ілім, 
білім.   Берен мылтық. Арғымақ ат. 
3.
 
 
Жеті  жұт. 
Құрғақшылық,  мал жұт, оба, өрт, соғыс, жер сілкіну,  сел 
жүру. 
4.
 
 
Адамды әдепке тәрбиелейтін 
ырымдарды.  
Үйге жүгіріп  кірме,  босағаны керме, аяғынды 
(табанынды) тартпа, үйде ысқырма, жағыңды таянба, 
үлкеннің алдын кеспе, құмырсқаның илеуін баспа. 
 
Ақтайлақ  би  Қарауыл  Қанай  шешеннен:  Ер  басында  бақыт  нешеу,  кемдік  нешеу, 
құлазу  нешеу?  – деп сұрайды. Сонда шешен  былай деп жауап берген [7, 8]: 
-
 
Ер басында бақыт – бесеу,  құлазу  – төртеу, кемдік  – үшеу. 
Астыңдағы атың жүрдек болса – жалғанның пырағы. 
Алғаның жақсы болса – үйің мен қонағыңның тұрағы. 
Балаң жақсы болса – екі  көздің  шамшырағы. 
Әкең – асқар тау, шешең  – аққан бұлақ. 
Міне, бес бақыт осы. 
                                    *** 
 Жайлаған ел кетсе  – көл құлазиды, 
 Жайылған мал кетсе – бел құлазиды, 
 Нарқын танымаған – сөз құлазиды, 
 Қатарынан айырылған – шал  құлазиды. 
 Міне, төрт құлазу  – осы. 
 Атың шабан болса – дүниенің азабы, 
 Алғаның жаман болса – өміріңнің  тозағы, 
 Балаң жаман болса – көріңгеннің  мазағы. 
 Міне, үш  кемдік  осы. 
                              ***
 
«Кім  жау?»  деген сұраққа  Малайсары би былай жауап беріпті: 
Жаман болса – жақын жау, 
Шабан болса – атың жау, 
Шайпау болса – қатын жау, 
Кетеген болса – түйең жау, 
Тебеген болса – биең жау, 
Күнде келсе  – күйеу жау, 
Жымысқы болса – жиен жау, 
Тіл  алмаса – ұлың жау. 
                               *** 
Қаржас Шорман бидің баласы Мұса Қанжығалы Саққұлақ  шешенге: 
- Ағат  деген немене, 
Санат деген немене, 
Қанат деген немене, 
Жанат деген немене? – деп сұрақ қойыпты. 
Сонда: 

     
 
 
44 
 
І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4 /2012     
 
Екі  жаман ұрысса, 
Ағат емей немене!? 
Екі  жақсы сөйлессе, 
Санат емей немене!? 
Міңген атың қажытпай. 
Мәрелі  жерге жеткізсе, 
Қанат емей немене!? 
Тоқтымақтың  терісі 
Тондырмаса суықта 
Жанат емей немене!? 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық мәселелерi  және тарихы. – 
Алматы:  Бiлiм,  2004.  
2.
 
Қалиев С., Молдабеков Ж., Иманбекова Б. Этнопедагогика.  – Астана, 2005.  
3.
 
Қалиев С., Оразаев М., Смаилова М. Қазақ халқының салт-дәстүрлерi. – 
Алматы:  Рауан, 1995.  
4.
 
Қожахметова К.Ж. Халық педагогикасын зерттеудiң  кейбiр  ғылыми және 
теориялық мәселелерi.  – Алматы, 1993.  
5.
 
Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. – Алматы: Санат, 2001.  
6.
 
Ғаббасов С. Халық педагогикасының негіздері.  – Алматы, 1995.  
7.
 
Оразбекова К. Ұлттық психология мен халық  тәрбиесі болашақтың  бастауы 
хақында. – Алматы, 2005.  
8.
 
Өтешова Б. Ұлт ұрпағының дүниетанымын халық тағылымдары арқылы 
дамыту. – Алматы, 2007. – 168 б.  
9.
 
http://ustaz.kz/sait-bolimderi/file/348-bayan-salt-dastur 
 
 
       ӘОЖ 378.2 
 
ЖОҒАРЫ  ОҚУ ОРНЫ СТУДЕНТТЕРІНІҢ  ЛИДЕРЛІК  САПА  ҚАСИЕТТЕРІН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ  МАҢЫЗЫ 
 
С.Қ. Мамилина,  М.Д. Шынтемірова  
 І.Жансүгіров атындағы Жетісу  мемлекеттік университеті, Талдықорған қаласы 
mamilina 
samal@mail.ru

nor8.makpal@mail.ru
,  
 
Жоғары оқу орны студенттерінің  лидерлік сапа қасиеттерін қалыптастыру маңызы 
қарастырылады 
 
В  данной  статье  рассматривается сущность  формирования  лидерских  качеств студентов 
вуза. 
 
The cssense of leadership shills  formation at university  students is considered is this article.  
 
Тірек сөздер: лидер, лидерлік,  қасиет, үдеріс, қызмет, модель, компонент,  тәрбие, 
студент. 
 
Лидерлікті  зерделеу  мәселесі  бүгінгі  уақытта  саяси  үдерістерді  сараптаудағы 
өзекті  мәселелердің  бірі  болып  табылады.  Бүгінде  әрбір  адамға  қажетті  лидерлік 
қасиеттің  негізі  бала  күннен  басталады  және  алдымен  отбасы  мен  мектепте 
тәрбиеленеді  деп  саналады.  Бұл  институттар  жасөспірімнің  бойында  лидерлік 

     
 
 
45 
 
І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4 /2012     
 
қасиеттерді  дамытуға  мүдделі  болып  табылатын  болғандықтан  бала-лидер  тұлғасын 
қалыптастыру  ісінде  отбасы  мен  мектеп  жоғары  оқу  орны  потенциалын  зерттеу 
мәселесінің 
өзектілігін 
арттыра 
түседі.  
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың тұлғасына деген 
қызығушылық  зор және ол арта түсуде. Солай бола тұра, оның өмір жолына арналған 
түбегейлі қолданбалы зерттеулер жетіспейді. Н. Ә. Назарбаев тәжірибесінің құндылығы 
Қазақстанның  ұлттық  ерекшелігі  жағдайында  Ұлт  лидері  тұлғасы  қалыптасуының 
бірегей  әдістемесін  ұсынуында.  
 
Бұл  әдістеменің  мақсаты  тұлғаның  лидерлік  қасиеттерінің  қалыптасуындағы 
отбасының,  мектептің  және  басқа  әлеуметтік  институттардың  рөлін  анықтау  болып 
табылады. 
Егеменді  еліміздің  оқу  орындарында  студенттердің    лидерлік  қасиеттерін 
дамытуды  зерттеу  мәселесінің  көкейкестілігі  бүгінгі  күні  қоғам  өмірінің 
ауыспалылығымен  түсіндіріледі.  Қазіргі  қоғамға  мәселені  шешуде  оған  жаңаша  қарай 
білетін  азаматтар  қажет.  Осыған  байланысты  студенттердің  лидерлік  қасиеттерін 
қалыптастырудың  тиімділігін  зерттеу  маңызды  болып  табылады,  яғни  нағыз  осы  жас 
кезеңінде  ересектік  өмірде  ашылатын  лидерлік  потенциалдың  негізі  қалыптасады. 
Осыған байланысты лидерлерге байланысты қажеттілік  туындайды.  
Белгілі  ғалымдардың  анықтамасы  бойынша,  Лидер  –  формалды  емес  қарым  – 
қатынас  жүйесінде,  топқа  жетекші  әсер ететін  адам  (Р.Л.  Кричевский)  [1,  б. 214]. 
Лидерлік  –  қоғамның,  ұйымның,  топтың  мүшесі  (лидер)  нақты  мақсатқа 
жетуде  басқаларды  ұйымдастыратын  және  оларды  бағыттайтын,  әлеуметтік  – 
психологиялық  процесс  (А.А.  Ершов)  [2, б. 109]. 
Лидер 
– 
өз 
қажеттілігін 
қанағаттандыру 
мақсатында, 
қоғамдық 
қызығушылықты  жүзеге  асырушы  адам  (Л.И.  Уманский)  [3, б. 52]. 
Лидер  –  тұлғааралық  қарым  –  қатынаста  анықталатын  топ  құндылықтары 
жайында анағұрлым  көбірек  білетін  адам (Р.К. Бекмағанбетова)  [4]. 
Лидерлік  — бұл жеке адамдарға  немесе бір топтағы адамдарға  әсер ету қабілеті. 
Лидерлікті  қолданудың үш  тәсілі  бар: 
• жеке адамдардың қабілеті  мен көзқарасы  тұрғысынан қарағанда; 
• тәртіптілік; 
• жағдайлық. 
Жеке адамдардың қабілеті  мен көзқарасынан  қарағандағы тәсілдің  ерекшелігі 
мынадай: 
• интеллект пен білім  деңгейі
• әсерлі сыртқы келбет; 
• адалдық; 
• дұрыс бағыттағы ақыл; 
• экономикалық және әлеуметтік  ғылым; 
• өзіне деген сенім. 
 
Қызмет мазмұнына байланысты: 
 
а)  лидер-рухтандырушы,  әрекет  бағдарламасын 
ұсынушы; 
ә)лидер-орындаушы, 
берілген 
тапсыпманы 
орындауды ұйымдастырушы; 
б) біруақытта рухтандырушы  да орындаушы да 
болып табылатын лидер.   
 
Жетекшілік  ету стиліне байланысты: 
а) авторитарлы; 

     
 
 
46 
 
І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4 /2012     
 
 
ә) демократиялық; 
б) бойында осы екі  стильдің болуы. 
 
Қызметінің  сипатына байланысты: 
 
а)  әмбебап,  яғни    лидерлік  қасиетін  әркез 
көрсетеді. 
ә)  жағдайлық  лидер,  яғни  лидерлік  қасиеті 
белгілі  бір жағдайда көрінеді. 
 
 
Лидерлердің үш типін ашып көрсетуге  болады: 
1.  Басшы  –  топтағы  ең  беделді  яғни  адамды  сендіргіш,  көз  жеткізгіш  қасиетін 
иеленетіндер.  Америкалық  зерттеуші  Р.  Стогдилл  басшылардың  сапалық  белгілерін 
төмендегідей  ұсынады: 
- физикалық  сапасы – белсенді,  іскер,  дені  сау, мықты; 
- жеке тұлғалық  сапасы – мімкіншілігі  мол, беделді,  мақсатқа  талпына білетін; 
-  парасаттылық  сапасы  –  ақыл,  қажетті  шешімді  дер  кезінде  шығара  алатын, 
түйсік,  шығармашылық  бастамасы бар; 
-  мүмкіншілігі  –  байланысшыл,  көпшілікпен  тез  тіл  табысатын,  әдепті, 
дипломатиялық қатынасты жүргізе  алады. 
2.  Лидер  (тар  мағынада)  Басшыдан  да  беделді.  Ол  сендіру,  көз  жеткізу  арқылы 
ұдайы өзін мақтап, үлгі тұту арқылы (мен секілді жаса!) Оның жасағаны арнайы ереже 
сияқты формалды топтың арасына таратылады. 
3.  Жағдаятты  лидер  жеке  сапасын  тек  нақты  жағдайларда  іске  асыруда  иеленеді. 
Мысалы: ұжымдағы салтанаттарда, спорттық  шаралар мен туристік саяхаттарда т.б  [5, 
б. 416]. 
Қоғам тез өзгеруде, сондықтан кешегі жетістік  формулалары бүгінгі күнге сәйкес 
келмейді. Нәтижесінде, егер бүгін кешегі немесе одан сәл жақсы әдістермен әрекет етсе 
–  бұл  жетістікке  әкелмейді.  Оқу  орындарының  алдында  өте  ауыр  міндет  тұр  – 
өзгерістердің  ықпалына  төзе  алып,  мына  өзгермелі  заманда  өздерінің  бәсекелестікке 
қабілеттіліктерін  сақтай  алу.  Үлкен  өзгерістер  болып  жатса,  тиімді  лидерге  деген 
қажеттілік  көбейе  түседі.  Сондықтан  соңғы  он  жылдықта  лидерлік  қасиеттерді 
дамытуға  ықпалын тигізетін  корпоративтік  мәдениет жасау қажеттілігін  түсінді.   
Жетістікке  жетудегі  лидерлік  дағдылардың  өсіп  бара  жатқан  маңыздылығына 
қарамастан,  негізінде  адамдардың  өмір  барысында  алатын  тәжірибелері  оларда 
лидерлік  қасиеттердің  дамуына  кедергі  келтіреді.  Жас  маманға  лидер  рөлінде  өзін 
сынап  көруге,  өз  тәжірибесінде  тәуекелге  барып  және  жеңістің  қуанышын  немесе 
жеңілістің  ащы  дәмін  татуға  мүмкіндік  беріледі.  Тәжірибенің  осындай  түрі  - 
қызметкерде  лидерлік  дағдыларды  дамытуға  алғы  шарт  болып  табылады.  Осындай 
сынақ  лидер  рөлінің  қиындығын  өз  басында  сезіне  отырып,  өзгерістерді  жүзеге  асыру 
жағынан көптеген мүмкіндіктердің  бар екенін  біледі.   
 
Кесте 1 - Жоғары оқу орны студенттерінің лидерлік сапа қасиеттерін қалыптастырудың 
құрылымдық моделі 
 
Компоненттері 
Өлшемдері 
Көрсеткіштері 
1. Мотивациялық  Жасөспірімдердің 
лидерлік  қасиеттері 
қалыптасуындағы 
қарым - қатынас  
- лидер болуға  тұрақты ниет білдіру
- өзіндегі  сенімділікті  арттыру; 
- шешім  қабылдауға  дайын болу және өзіне 
жауапкершілікті  алу;   
- ортақ мақсаттарды жүзеге  асыруда 

     
 
 
47 
 
І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4 /2012     
 
табандылық таныту, оларды іске  асыруда 
өзінің  мүмкіндігін  ұғыну. 
2. Мазмұндық 
Лидерлік 
қасиеттерінің 
жүйелілігі 
- кәсіби  міндетін  жете білушілік; 
- парасаттылық (мұнсыз беделге ие болу өте 
қиын); 
- дамыған жеке тұлға (өзекті  мәселенің 
жайын тез арада түсінетін,  ақылдылыққа 
бейімделгіш,  алды – артын ойлағыш,  жоспар 
және алға мақсат қоя алатын қасиеті  бар). 
 
3. Процессуалды 
Лидерлік  дағды, 
іскерліктері, 
белсенділіктері   
- ойды түсінікті  және нақты жеткізе  алу, 
қызметкерлерді  тыңдай білу,  ескерту  жасау, 
кеңес беру;  
- ықыластылық, басқа адамдардың 
адамгершілігін  құрметтей білу,  оларды түсіне 
білу,  олардың қамқорлықтары  мен 
проблемаларын түсіне  алу;  
- оларға демеу  жасау.  
 
Бұл  модель  лидерлікті  дамыту  –  мақсатқа  бағытталып  қалыптасқан  және 
жетекшілердің  лидерлік  мінез  –  құлықтарының  дағдылары  мен  соған  сай  сапаларын 
тереңдету.  Одан  бұрын,  бұл  жақындық  лидерлікті  дамытудың  оқыту  және  өзін  -  өзі 
оқыту  жолымен және қалыптасуымен тікелей  байланысты. 
Берілген зерттеу мүмкіндіктерін іске асыруда балалардың қоғамдық ұйымдарында 
жасөспірімдердің  лидерлік  қасиеттерін  қалыптастырудың  құрылымдық  моделі  негізге 
алынды.  Оның  басты  компоненттері  болып  мотивациялық,  мазмұндық  және 
процессуалдық саналды (Кесте 12). 
Мотивацияляқ компонент балалардың қоғамдық ұйымдарында жасөспірімдердің 
лидерлік қасиеттерді қалыптастыруға деген саналы қарым – қатынасымен сипатталады. 
Аталған 
компоненттің 
өлшемдері 
жасөспірімдердің 
лидерлікке 
деген 
қызығушылықтарымен  қажеттіліктері  болып  табылады,  олардың  қалыптасуының 
дәрежесін  өлшеуде  мынадай көрсеткіштерді  қолдануға  болады: 
- лидер болуға  тұрақты ниет білдіру; 
- өзіндегі  сенімділікті  арттыру; 
- шешім  қабылдауға  дайын болу және өзіне  жауапкершілікті  алу;   
-  ортақ  мақсаттарды  жүзеге  асыруда  табандылық  таныту,  оларды  іске  асыруда 
өзінің  мүмкіндігін  ұғыну. 
Мазмұндық  компонент  жасөспірімдердің  жеке  интелектуалды  және  өнегелік 
лидерлік  қасиеттері  жиынтығымен  сипатталады  және  келесі  өлшемдерде  көрініс 
табады: 
- кәсіби  міндетін  жете білушілік; 
- парасаттылық (мұнсыз беделге ие болу өте қиын); 
-  дамыған  жеке  тұлға  (өзекті  мәселенің  жайын  тез  арада  түсінетін,  ақылдылыққа 
бейімделгіш,  алды – артын ойлағыш,  жоспар және алға мақсат қоя  алатын қасиеті  бар). 
Процессуалды  компонент  балалардың  қоғамдық  ұйымдарында  жасөспірімдердің 
лидерлік қасиеттерін дамытуда лидерлік іс - әрекеттерін жүзеге асыра білу біліктерінде 
байқалады. 
Бұл 
компоненттің 
өлшемдеріне 
лидерлік 
дағды, 
іскерліктері, 
белсенділіктері  жатады және мынадай көрсеткіштермен  анықталады: 
-  ойды  түсінікті  және  нақты  жеткізе  алу,  қызметкерлерді  тыңдай  білу,  ескерту 
жасау, кеңес беру;   

     
 
 
48 
 
І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4 /2012     
 
- ықыластылық, басқа адамдардың адамгершілігін құрметтей білу, оларды түсіне 
білу,  олардың қамқорлықтары  мен проблемаларын түсіне алу;   
- оларға демеу  жасау (Кесте - 1). 
Лидер болып туылады,  дегенмен кез келген адам өзінде негізгі, базалық лидерлік 
қасиеттерді  дамыта  да  алады.  Олар  қандай  қасиерттер?  Заманауй  лидерлердік  басты 
қасиеттері  ретінде  психолог-ғалымдар  12  лидерлік  қасиеттерді  анықтады.  Осы 
қасиеттерді  үш  дағдыларға бөлуге  болады.  
Лидерлердің  мінез  бітістері  туралы  қазіргі  кезде  көп  айтылып  жүр.  1940  жылы 
американ психологы К.Бэрд көптеген лидерлерде «лидерлік қасиеттер деп есептелінген 
79  мінез  бітістер  тізімін  жасаған.  Осыдан  кейінгі  жұмыстар  бұл  тізімге  жаңа 
қасиеттерді  қосты.  Бірақ  кейбір  қасиеттер  көптеген  еңбектерде  қайталанады  және 
тізімде  салыстырмалы  орнықты  орын  алады.  Олардың  әрқайсысының  жұмыс  істеуі 
нақты  орынға,  уақытқа,  жағдайға  және  тұлғалық  ерекшеліктерге  тікелей  байланысты. 
Қазіргі  кезде  жиі  қолданылатын  лидерге  қажетті  тізімді  атап  өтейік:  потенциалды 
мүмкіндіктерді  көре білу,  болашақтың жалпы көрінісін жасай алу, болашақтың жалпы 
көрінісін  нақты  нәтижелерге  айландыра  алу;  өзін  қоршаған  адамдарда  дамыта  алу, 
қызсметкерлердің  қабілеттерін  аша  алу;  өзгерістерді  қолдау,  ақылға  сыйымды, 
есептелінген  тәуекелге  баруға  дайын  болуы;  өз-өзіне  сенімділік,  компетенцияның 
жоғары  дәрежесі,  әрдайым  үйренеді,  оқиды,  білімін  практикада  қолдануға  тырысады; 
жағымды ойлайды және сөйлейді; ұжымдық басқаруға дайындық көрсетеді, партнерлік 
сезімді  дамытады;  қоғам,  ұжым  мүдделеріне,  құндылықтарына  сай  әрекет  етеді; 
кемшіліктерді  ашық  мойындайды,  қиындық  және  жеңіліс  жағдайында  қозғалыс 
энергиясын  соңына  дейін  сақтайды.  Сонымен  бірге,  жынысы,  салмағы,  бойы, 
экстроверсиясы,  тартымдылығы  және  дауыс  тембірінің  ешқандай  маңыздылығы  жоқ. 
Әрине,  барлық  қасиеттер  бір  уақытта  қажет  болмайды.  Тек  қазір,  дәл  осы  уақытта 
қажет  бірнеше  жақсы  дәрежеде  дамыған  қасиетке  ие  болған  немесе  дамытқан 
маңыздырақ.  
        Лидерді тәрбиелеу және оның өзін-өзі тәрбиелеуі әрдайым жүретін процесс. Лидер 
болу  үшін,  сәйкесінше  мәдениет,  білім,  өмірілік  тәжірибеге  және  кәсібилікке  қол 
жеткізу  қажет.  Әрине,  лидер  өз-өзін  тәрбиелейді  және  дамытады.  Бірақ  кез  келген 
компанияның  персонал  қызметінің  және  басшылығының  міндеті  –  лидерлік 
нышандары  бар  қызметкерлерді  анықтап,  сіздің  ұйымыңызда  қабілеттерін  дамытуға 
көмектесіп  және  күшін  сынауға  орын  тауып  беру  болып  табылады.  Керісінше 
жағдайда,  лидерлік  нышандары  бар  қызметкерлер  пісіп  жетіліп,  өзін  көрсететін 
мүмкіндіктер көрмей, компаниядан кетіп қалады. Ол өзімен бірге сіздің компанияңызда 
алған  тәжірибені,  білімді,  ал  кейде  басқа  да  қызметкерлерді  алып  кетеді.  Сондықтан 
лидерлерді  тәрбиелеу,  дамыту  және  оларға  өз  күштерін  жұмыста,  тәжірибеде  байқап 
көруге  мүмкіндік  беру өте маңызды.
 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.  Кричевский Р.Л. Психология руководства  и лидерства.  М.:  МГУ, 1985. - С.214. 
2. Ершов  А.А. Психология  коллектива. М., 1997. - С.109. 
3.Уманский Л.И. Психология организаторской деятельности школьников.  М., 1990. - 
С.94. 
4. www.  wikipedia.  com – Лидерство, качества лидера. 
5. Водачек  Л, Водачкова О. Стратегия управления инновациями на предприятии.: - М.: 
Экономика. –1999. 
6. Герчикова И.Н.  Менеджмент: учебник для вузов. М.:  ЮНИТИ  "Банки  и биржи", 
1994. – С. 68-69. 
7. Горбунов Г.Д. Психопедагогика  спорта. - М.: ФиС, 1986. - 208 с.  

     
 
 
49 
 
І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4 /2012     
 
8. Деркач А.А., А.А. Исаев. Творчество тренера. - М.:  ФиС, 1982.  
9. Джон Ф. Берджес, Дэн Штайнхофф.  Основы управления малым бизнесом. Москва 
1997. – С. 26-27. 
10. Друкер  П. Эффективное  управление. – Пер. с англ. – М.:  ФАИР-ПРЕСС, 1998. 
11. Зуб А.Т,  Смирнов С. Лидерство в менеджменте // Воскресенье. ЗАО "Принт  – 
Ателье".  М, 1999. 
12. Конти Т. Самооценка в организациях.  – Пер. с англ. – М.:  РИА "Стандарты и 
качество",  2000. 
13. Льюис. Менеджер – наставник. Стратегия раскрытия таланта и распространения 
знаний. – Пер. с англ. – Минск: Амалфея,  1998. 
14. Любинова Н.Г. Менеджмент - путь к успеху.  М.:  ВО Агропромиздат, 1992. – С. 65-
66. 
15. Менегетти А. Психология  лидера. - Пер. с итальянского. – М.:  Славянская 
Ассоциация Онтопсихологии, 1999. 
 
 
      ӘОЖ 378.2 
 
ТҰЛҒАНЫҢ  ӘЛЕУМЕТТІК – ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН  АНЫҚТАУ ЖОЛЫ 
 
М.Д. Шынтемірова, С.Қ. Мамилина  
І.Жансүгіров атындағы Жетісу  мемлекеттік  университеті, Талдықорған 
қаласы 
nor8.makpal@mail.ru
mamilina 
samal@mail.ru
 
 
             Тұлғаның әлеуметтік – психологиялық  ерекшеліктерін  анықтау жолы 
 
 В  данной  статье  рассматриваются  пути  выявления  социально-психологических 
особенностей личности. 
 
 
Detection ways of social  – psychological  features at the personality  is coincident  is this article  
 
Тірек сөздер: тәрбие, әлеуметтік, психология,  тұлға. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет