Ключевые слова: концепт, концепт справедливости, активные слова, концептуальный смысл и понятие. The article discusses the meaning of the word "justice", the conceptual nature of the word, the meaning of the word, the scope of application. Key words: concept, justice concept, active words, conceptual meaning and concept.
Қазақ тілінде танымдық мағынасы кең, қолданыс аясы ауқымды сөздер өте көп, солардың
бірі – әділет ұғымы. Мағыналы сөз ана тілімізге тарихи процесстердің нәтижиесінде кірме сөз
ретінде араб тілінен енген болатын. Дегенмен, бұл ұғым тілімізге енгенге дейін мағынасы
жағынан онымен пара-пар болған сөздер болды. Сөз орнына көбінесе ақиқат, шындық мәндес
сөздер қолданылып келді.
«Әділет» сөзін араб тілінен тәржімалағанда ақиқат мағынасын білдіреді. Сөз қазақ тілінің
тілдік қолданысындағы актив қабаттағы сөздер тобына енгеннен кейін, тұрақты түрде
қолданыла бастады. Тіліміздегі тазалық, дұрыстық, растық, шындық секілді сөздердің
мағыналық мазмұнын жеткізетін, әрі осындай сөздердің баламасына, синониміне айналды. Сөз
қазақ тілінің қолданысынан шығып қалмады, керісінше халқымыздың таным-түсінігіндегі
дәрежесі артып, мағыналық ауқымы арта түсті. Мағыналық түрде дамыған сөз, мағына мен ұғым
жағынан өзіне жақын келетін бірсыпыра түбірлес әрі жақын сөздер мен сөз тіркестерінің
қалыптасуына себеп болады.
Тілімізде сөздің қолданылу аясы кеңейген сайын, оның мағыналық ауқымы да артумен
болды. Сондықтан әділет сөзімен мағыналас: әділ, әділеттілік, әділетсіздік, әділеттік, әділетсіз, әділдеу, әділірек, әділетті, әділқазы, әділетші, әділетшілік, әділшілік, сынды сөздер
қалыптасты. Бұл сөздердің мағынасында айырмашылық бар болғанымен, ол айырмашылық
болмашы ғана рөл ойнайды, өйткені аталған сөздердің барлығының беретін түпкі мазмұны
бірдей. Сөз халық өмірінің барлық саласында қолданылып келеді. Замана дамып, өркениет көші
өрлеген шақта әділет сөзі заңды, заңға қызмет ететін құқықтық органдардың қызметін
айқындайтын тілдік бірлікке де айналды. Қазіргі де, сөздің мазмұнына тереңірек үңілер болсақ,
адам болмысын, белгілі бір жағдайды, істі, қоғам мен әлеуметті, заман мен дәуірді сипаттап
кескіндейтін мағыналы сөзге айналды. Бұл сөздің атқаратын мағыналық қызметтерінің тек бір
арнасы ғана. Осылайша, сөздің мағыналық ауқымы кеңейіп, мәнінің салмағы арту арқылы
ұғымдық жағынан тұжырымдала түседі де, концептіге айналады.