«жансугуровские чтения»



Pdf көрінісі
бет7/208
Дата06.01.2022
өлшемі2,06 Mb.
#11587
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   208
Байланысты:
6-2018

Key  words:  public  administration,  government  program,  industrialization  map,  economic 
growth, export. 
 
Мемлекеттік  басқару  тиімділігін  арттыру  бұл  тек  мемлекеттік  мекемелердің 
құрылымы  мен  штатын  өзгерту  ғана  емес,  сонымен  қатар  мемлекеттік  органдардың 
өкілеттігін  қайта  қарау,  осы  өкiлеттiктерi  мен  қызметтерін  іске  асыру  тетіктерін  жетілдіру 
болып  табылады.  Бұл  үрдістерді  тиімді  жетілдіру  мемлекеттік  бағдарламаларды  ұтымды 
жоспарлау қажет. 
Мемлекеттік  бағдарлама –  ресурстар,  орындаушылар,  ғылыми-зерттеу,  өндірістік, 
әлеуметтік-экономикалық,  ұйымдық  және  басқа  шаралар.  Мемлекеттік  бағдарлама 
экономиканы  тікелей  реттеу  құралы  ретінде  мемлекетті  дамытудың  басым  міндеттерін 
шешуге бағытталады. "Мемлекеттік бағдарлама" ұғымының мағыналық ауқымы кең. 
Еліміздің  үдемелі  индустриялық-инновациялық  даму  бағдарламасында  өнімдерін 
экспортқа  шығарушы  отандық  инвесторларға  барынша  қолдау  көрсетілмек.  Бұл  маңызды 
міндетті  жүзеге  асыру  мақсатында  Елбасы  «Біздің  шикізаттық  емес  экспорттаушыларды 
қолдау   индустрияландырудың   шешуші   бағыты   болуға   тиіс»,   -   деп   атап көрсеткен 
болатын [1].  
Индустрияның экспортқа бағдарланған дәстүрлі секторлары кейінгі бөліністі өндірістерді 
дамыту  және  экономиканың  салалы  секторларына  оларды  дамытудың  мультипликативтік  кең 
ауқымды  әсерін  қамтамасыз  ету  есебінен  индустрияландырудың  локомотиві  рөлін  атқарады. 
Агроөнеркәсіп кешенін және жеңіл өнеркәсіпті инновациялар енгізу негізінде үдемелі дамыту, 
тұтыну  сұранысы  тауарларының  импортына  экономиканың  тәуелділігін  азайтады  және 
сыйымдылығы  170  млн.  адам  болатын    Кеден  одағының  нарығын  ескере  отырып,  олардың 
экспорттық әлеуетін кеңейтеді. 
«Индустрияландыру картасын» іс жүзіне асыру мақсатында экспортқа тауар шығаратын 
отандық  кәсіпорындарға  одан  әрі  қолдау  көрсетілетін  болады.  Бұл  ретте  тауар  экспорттаушы 
отандық  кәсіпорындардың  50  пайызға  дейінгі  белгіленген  шығындарына  кепілдік  беру 
шаралары  қарастырылған  [2].  «Индустрияландыру  картасы»  екі  бөлімнен  тұрады.  Біріншісі, 
өңірлік  карталар.  Онда  облыстарды  дамытуға  бірінші  кезекте  қажетті  нысандар 
шоғырландырылған.  Екіншісі,  республикалық  карта.  Мұнда  орталық  атқарушы  органдар  мен 


 

  
 
 
 
 
 
 
 
     
«ЖАНСҮГІРОВ ТАҒЫЛЫМЫ» 
республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары
      
7 желтоқсан 2018 ж

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет