изоляторының жұмысын талқылауға арналған республикалық кеңес өтті» (Заң газеті)
дәрменсіздік мағынасында «Тумыстағы мінезді ешкім жеңбес, адамды әділ қылу қолдан
келмес»(С.Торайғыров «Алаш ұраны»),
адамның болмысы мен қасиетін «Мұнда көп жұрттың
әділетсіз патшаға наразылық білдіріп көтерілуі орынды-ақ » (М.Дулатов «Ант»),
орын алған жағдайды немесе келісімді «Үкіметтеріне ақшалай немесе заттай соғыс айыбының зорлық
төлемсіз әділетті демократиялық бітім жасауды ұсынды» (Қазақ мектебі), уақыт кеңістігін «Әділ заман тұсында Қабағым ашық жарықпын. Қырға шығып қызықпен, Сексеннен асып
қалыпппын» (К.Әзірбаев Таңдаулы), тұрақты қалыптасқан тіркесті «Әділет туын көтеріп
бар әлемге, өркендеумен өткенбіз өрт-жалыннан » (С.Мәуленов, Магниттау); «Халықтар өмірді
қорғайды, әділет ұранын қолдайды. Шырқаңдар, кел достар, әр елде, бейбіт күн жасасын
әлемде» (Қазақ әндері); «Енді мына сіз де, әділет жолына бет бұрып, шын ерлікке қадам
бастыңыз. Бұл бақыт!» ( Х.Есенжанов, «Тар кезең»); «Адамның адамдығын анықтайтын әділ таразы- ішкі жан-дүниесі» (С.Байжанов, «Жастық») адамды сипаттайтын ауыспалы мағынада «Арқа сүйерім, көңілге демеу қыларым өзімнің адалдығым мен Нұрекеңнің әділ адамшылық жүрегі» (Ж.Саин «Жол үсті») білдіретін
мағыналық ауқымы кең сөзге айналды. Тарихи тұрғыда
даму жағдайында болған сөз алғашында тек ақиқат не растықты білдіретін болса, өркендеу
жағдайында болу себебінен алуан жағдайда қолданылып, түрлі мағынаны меңзей алатын сөзге
айналды. Бұл сөздің тек бір мағыналық ауқымда ғана емес сонымен бірге жаңа әрі сан-алуан
бейнеде қолданылуына себепкер болды. Символдық және саналық мағынаға да ие болған сөздің
барлық мағыналық қырларын түгендеп оны бас-аяғына дейін сипаттау ғылыми негізгі талап
етеді. Сөздің халықтың санасы мен көзқарасында дүниетанымы мен болмысын да алар орны да
айшықты сөз тек қана көрсетілген не болмаса тізбектелмеген мағыналары мен ұғымдарын
білдірумен шектелмейді, оның өзіндік халық танымында алар орны мен философиялық
ерекшелігі бар. Халықтың жадында, жанында үстемдік пен сипаттауға сөз жетпес ұлық
низамды, үстемдік етуші заңды, жалпы тұрақтылық пен теңдік ұстап тұрушы белгіленбеген
және тіркелмеген заңи және қағиданы аңғартады. Тіптен де азаматтардың өміріндегі барлық
жағдайлардың рет, тәртібін айқындаушы, сонымен қатар, әлемдік теңгерімді де сақтаушы және
шындықты қалыптастырып оның жойылуына жол бермейтін күшті білдіреді, адамдар мен
әртүрлі таптық және әлеуметтік қоғам өкілдерін болашаққа жетелеп оларға алуан жағдайда
келешекке деген үміт беріп, азаматтардың шындыққа және теңдікке деген сенімін де
қалыптастыратын қасиетті және баламасы жоқ ұғым. Күрделі мағыналық ауқымға ие сөздер
тікелей халық мәдениеті мен әдебиеті, жалпы руханиятының арқасында қалыптасатыны белгілі,
талданып отырған әділет сөзі де қазақ халқының ақиық ақындары мен кемеңгер
жазушыларының шығармалары мен туындыларында барынша кең әрі мол қолданылды, соның
арқасында қалыптасқан мағыналардан тыс бұл сөздің көркем әдебиет ықпалымен жаңа
мағыналары да қалыптасты. Сөзді әсіресе өзінің мағыналы шығармаларында барынша молынан
қолданған алаштың біртуар ардақты азаматы, хакім Абай. Өз заманының әлеуметтік, саяси
тақырыптарын туындыларына өзек еткен тұлғаның төл еңбектерін талдау арқылы сөздің жаңа
мазмұндық қырларын ашу мүмкіндігі бар, ол өз кезегінде сөздің қазақ әдебиетінің көрнекті
мүшелерінің арасындағы қолданысы мен даму деңгейін ашып, айқындауға мүмкіндік береді.
Мысалы, бесінші қарасөзінде: «Мағлұм болды: қазақ тыныштық үшін, ғылым үшін, білім
үшін, әділет үшін қам жемейді екен, мал үшін қам жейді екен...» деп басталатын сөйлем бар.
Хакім Абайдың бұл қара сөзінен сөйлемді мысал етудегі басты себеп бұл контекстегі Абайдың
әділет сөзін қолдануы және сөзді өзіндік бағалауы. Абай әділетті халық уайым етуі тиіс ең
жоғарғы құнылықтарының сапына жатқызады, сонымен қатар оның ел өміріндегі ең басты,
қасиетті әрі бағалы ұғымға айналуы тиіс екенін ұқтырады, оған қоса Абай әділеттің жай сөз емес
екенін айғақтап тұрғандай. «Ауруды жаратқан - Құдай, ауыртқан Құдай емес, байлықты,
кедейлікті жаратқан – Құдай, бай қылған, кедей қылған Құдай емес деп, нанып ұқсаң болар,
әйтпесе жоқ» (Жиырма сегізінші сөз) дейді Абай. Бұл жерде данышпан, осы айтқанының өзімен-
ақ әділет ұғымына толықтай анықтама беріп тұр. Жағдай атаулының барлығы жаратқан ісімен
жүретінін және оның әділет екенін нұсқайды, алайда кез-келген адам өз өмірінде орын алған
дүниенің әділетті не әділетсіз екенін ұқпақ үшін талпынуы керек екенін онсыз тіршіліктің
11
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»
материалы республиканской научно-практической конференции
7 декабря 2018