«жансугуровские чтения»



Pdf көрінісі
бет152/208
Дата06.01.2022
өлшемі2,06 Mb.
#11587
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   208
Байланысты:
6-2018

Key words: lyric, technology, method, approach, pedagogy, text, analysis, poetry. 
    
Әдебиетті,  сөз  өнерін,  оны  жасаушылардың  еңбегін  оқытатын,  оның  әсемдік  әлемі, 
көркемдік  құпиясы  туралы  терең  зерделенетінін,  әдебиет  тарихындағы  үлес-салмағы 
нарықталатындығы  себепті  пәнді  оқыту,  игерту  барысында  үнемі  жадымызда  ұстайтын 
мәселе-мәтін,  мәтінтану  жайлы  болып  қала  бермек.  Сондықтан  да,    оқушылардың  білімін 
арттыру  үшін  әдебиет  пәнін  оқытуда  жаңа  технологияларды  қолдануда  мәтінге  терең 
баруды, мәтінді талдауды бірінші кезекте ұстау керек. Әр заман бедерінде оқытудың әрқилы 
заманауи  әдіс-тәсілдері  дүниеге  келіп  жатады.  Ол  дегеніміз  соның  бәрін  қойыртпақтап 
қалайда  өз  ісіңе  асыру  керек  дегенді  білдірмейді.  Мәтінді  талдауда,  оқушыларды  толық 
қамтып,  сабаққа  ынтасын  арттыру  мен  атсалысуында  және  ең  бастысы  сабақты  оқушы 
жадына  берік  нығайтуда  көмекке  келетін  түрін  таңдап  ала  білу  мұғалімнің  ең  басты 
қағидасына айналуы тиіс. 
Осы  кезекте  сөз  қозғап  отырған  мәселеміз  ақын  Мағжан  Жұмабаев 
шығармашылығының  мектепте  оқытылу  жайы.  Мағжан  поэзиясының  тіл  кестесі, 
лирикасындағы  нәзік  сезім  мен  терең  ой  тоғысы  ерекше  ілтипатқа  бөленген  ақын.  Мағжан 
поэзиясы  –  одан  рухани  азық  алып,  жандүниеңді  байытып,  өмір  құбылыстарына  деген 
көзқарасыңды кеңейтіп, қоршаған ортаның қыр-сырын түсінуге көмектесетін көркем дүние. 
Мағжан – сыршыл да өршіл маржан жырларының құдіреті арқылы өзінің бүкіл болмысы мен 
поэзиясының ерекшелігін танытып кеткен ұлы ақын. Құбылмалы өмір күйінен өз әуезін таба 
білген  ақын  қашанда  тек  ұлтының  керегін  іздеп,  мұңы  мен  зарын  жоқтауға,  қуанышын 
көркейтуге,  жаманын  жасырмай,  жақсысын  асырмай  жырлауға  берік  бекінген.  Мағжанның 
алғаш  жарық  көрген  өлеңінің  өзінен-ақ  ақынның  кейінгі  ұлы  мақсаттары  көзге  шалынды. 
Тұтасымен алғанда Мағжан өлеңдері  қазақтың сөз өнері  үшін жаңа дүние. Ақын өлеңдерін 
оқи  отырып,  оның  түйсіну,  қабылдау  қабілетінің  айрықша  мол,  әрқилы  екенін  аңғарасың, 


 
125 
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»  
материалы республиканской  научно-практической  конференции  
7 декабря 2018
 
г. 
 
 
терең эстетикалық талғамды сезінесің. Біз Мағжанды сыршыл ақын дегенімізде, көбіне оның 
махаббат, сүйіспеншілік тақырыбына жазылған өлеңдері төңірегінде ой қозғап келеміз. Бірақ 
азамат  ақын  бұл  тақырыптағы  өлеңдерінде  де  азаматтық  жүкті  алға  қояды.  Біршама 
өлеңдерінде ол махаббат, сезіміне тән азығы емес, жан азығы ретінде қарайды. Ұлы күрестер 
жолында бойға қуат күш берер рухани азық деп біледі. Мағжан шығармашылығын оқытуда 
жалпы,  әдеби  шығармаларды  оқытуда  «Сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту»  технологиясы 
өзінің өміршеңдігін көрсетеді. Сын тұрғысынан ойлау сабақтарының құрылымы (оқушының 
қызығушылығын  ояту,  мағынаны  ажырату,  ой  толғаныс).Осы  жобамен  жұмыс  жасау 
барысында  мұғалім  оқушының  өзін  ізденуге  жетелейді,  ойлануға  үйретеді.  Педагогикалық 
технология  оқушылардың  жеке  басын  дамыту  мен  білім  беру  мақсатына  жету  жолындағы 
педагогикалық  қызметтің,  іс-  әрекеттің  жүйелі  дамып  отыратын  жобасы  ретінде  оқушы 
белсенділігін арттыруды көздейді. Ал, оқушы белсенділігінің артуы  оны шығармашылыққа 
жетелейді.Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға, жаңалық 
ашуға,  жаңа  тәсілдер  табуға  ұмтылуы,ізденуі.  Шығармашылық  қабілет  әр  баланың 
табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан 
мүмкіндіктерін ашып көрсету.  
Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау,арнаулы бір тақырыпқа пікірталас тудыру /ой 
қозғау, «инсерт» кестесі/ 
Берілген  тапсырманы  түрлендіру  бағыттағы  жұмыс  /  эссе,шығарма,  сауаттылықты 
ашатын хаттар т.б стратегиялар/ 
Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу,мәтіндегі ұқсастық пен 
айырмашылықты табуға /Венн диаграммасы, аялдамамен оқу стратегиясы/ 
 Қиялдау арқылы сурет салғызу /сурет салу стратегиясы/ 
 Кейіпкерге  мінездеме  беру  өз  ойын  жазғызу  /авторға,  кейіпкерге  хат  жазу 
стратегиясы 
Шығармада  екі  кейіпкердің  қарама  –  қарсы  элементтерін  сипаттау  /қарама-қайшы 
элементтер стратегиясы/ 
Өлең шумақтарын құрастыру / 5 жолды өлең/ 
«Сын  тұрғысынан  ойлау»  бағдарламасының  модулдерін    ұтымды  пайдалану 
оқушылардың  шығармашылық  қасиетін  анықтауда,  күшейтуде,  оқытудың  тиімділігін, 
сапасын арттыруда ерекше маңызды. 
Мағжан өлеңдерінің рухани дүниеңді байытатындығын және бала тәрбиесінде алатын 
орнын бағамдағанда оның «Педагогика» атты оқулығын айналып өтіп кету мүмкін емес. 
М.Жұмабаев  орыс,  батыс  педагог-психолог  ғалымдар  еңбектерiн  оқи  отырып,  сонымен 
бiрге  тәрбиенiң  ұлттық  ерекшелiктерiн  ескере  өзiнiң  “Педагогика”  атты  оқулығын  жазудағы 
ұстанымын  былайша  сипаттайды:  “Тәрбие  ғалымдарының  пiкiрлерiн  таңдап  алуға  ұмтылдым. 
Шамам келгенше қазақ жанына қабыстыруға тырыстым… Бiзде бұрын пән тiлi болмағандықтан 
түрлi  терминдерге  тап  басқанда  қазақша  сөз  табу  көп  күшке  тидi.  Қалайда  курстарда  оқыған 
мұғалiмдердiң  жәрдемiмен  таза  орыс  сөздерi  қазақшаға  айналдырылды.  Ал  ендi  жиһан  тілі 
болып кеткен сөздерi қазақшаға аударам деп азаптануды тиiс таппадым”[1 , 149]. 
Шынында  да  ол  кезде  қазақша  педагогикалық  терминдар  жоқтың  қасы  едi. 
М.Жұмабаев  жүздеген  педагогикалық  жаңа  терминдердi  ойлап  тауып,  тiлiмiзге  енгiзген. 
Мағжан  Жұмабаевтың  педагогикасының  мақсаты:  1.Ақыл  тәрбиесі,  2.  Құлық  тәрбиесі,  3. 
Сұлулық тәрбиесі, 4. Дене тәрбиесі. 
Ақыл тәрбиесі – түзу ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл табатын болса. Құлық тәрбиесі – 
жамандықтан  жаны  жиреніп,  жақсылықты  жаны  тілеп  тұратын  болса.  Сұлулық  тәрбиесі  – 
сұлу  сөз,  сиқырлы  үн,  әдемі  түрден  лаззат  алып,  жан  толқытатын  болса.  Дене  тәрбиесі  – 
ыстық-суық,  аштық-жалаңаштық,  тұрмыста  жиі  ұшырайтын.  Тәрбиенiң  бұдан  басқа  да 
бiрнеше  түрлерi  бар.  Автордың  төрт  тәрбиеге  баса  көңiл  бөлуi  сол  заманның  талабынан 
туған  көзқараспен  астасып  жатыр.  Бүгiнгiдей  экономикалық,  экологиялық  және  құқықтық 
тәрбие ол жылдарды (1930) онша актуальды мәселе болмаса керек. Автор осы тәрбиенiң төрт 
түрiн тәптiштеп түсiндiре келiп, былай дейдi: “Егер де адам баласына осы төрт тәрбие тегiс 


 
126 
  
 
 
 
 
 
 
 
     
«ЖАНСҮГІРОВ ТАҒЫЛЫМЫ» 
республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары
      
7 желтоқсан 2018 ж

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет