берiлсе, оның тәрбиесi түгел болғаны. Бала берiк денелi болса, түзiк ойлайтын, дұрыс
шешетiн, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемi түрден ләззат алып, жан
толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиренiп, жақсылықты жаны тiлеп тұратын
құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы… Балам
адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиенi дұрыс орындасын…”– [2] деу арқылы
М.Жұмабаев тәрбие мақсатын айқындап бередi.
Педагогика пәнін М. Жұмабаев 5-ке бөледі:
1. Жалпы педагогика. Адамның дене һәм жан күштерін тәрбие қылу жолдарын
көрсетеді.
2. Дидактика. Оқытудың негізгі жолдарын көрсетеді.
3. Методика. Оқытудың негізгі жолдарына негіздеп, белгілі бір пәнді қалай оқыту
жолдарын көрстеді. Мысалы, мектепте қазақ тілі пәнін қалай оқыту керек екендігін үйрететін
пән қазақ тілінің методикасы деп аталады.
4. Мектепті басқару. Бұл пән мектеп қалай салынуға, қалай басқарылуға тиісті,
сынақтарға шәкірттерді қалай бөлу керек, оқу уақытын қалай белгілеу керек. Міне осылар
сықылды мектеп құрлысы жолдарын көрсетеді.
5. Педaгогика тарихы. Түрлі заманда түрлі тәрбиеге адамзат қалай қараған, қандай
жолдармен жүрген, тәрбие дүниесінде қандай білімпаздар өткен, олар қандай жаңа жолдар
тапқан. Педaгогика тарихы осыларды баяндайды [3, 187 б.].
Мағжан Жұмабаев еңбектері ұлт тәрбиесін қалыптастыруда бірден бір көмекші құрал
болары сөзсіз .
Автордың туған халқының тәлiм-тәрбиелiк бай мұрасын игеру жөнiндегi бағыт-
бағдары да құптарлық. “Ұлт тәрбиесi – деп жазды ол, – баяғыдан берi сыналып келе жатқан
тастақ жол болғандықтан, әрбiр тәрбиешi сөз жоқ, ұлт тәрбиесi мен таныс болуға тиiс. Сол
ұлт тәрбиесi мен тәрбие қылуға мiндеттi”[4] деген.
Мағжан қазақтың халық педагогикасын ғылыми тұрғыда зерделеп, болашақ ұрпақтың
тәлім-тәрбиесіне қажетті құнды дүниелер қалдырып кеткен.