Өлеңіндегі эпикалық кеңдік, теңеу, эпитет, метафора, градация, эпифора, анафора байлығы
оның поэзиясындағы негізгі белгілері десек, одан халықтық, фольклорлық леп ескендей
сезіледі. Олай болуы заңды да. Халқымыздың құт-берекесі дарыған, көне заманнан
даналық пен ақындық мекені болған Жетісу жерінің перзенті
Ілияс бала күннен бастап өлең мен жырдың қойнауында туып, сонда өсіп-
өркендеген. Нәтижесінде, нағыз халықтық пафоста, танымдық-білімдік тұрғыдан берері
мол, этнографиялық ғылым саласына жақын жазылған өлеңді оқып тамашалайсыз.
Ақ үйге алты қанат келсем кіріп,
Босаға, маңдайша мен табалдырық,
Кереге алты жапсар, алпыс уық,
Шаңырақ, күлдіреуіш оған жуық.
Құр, таңғыш, басқұр, арқан, екі аяқ бау,
Төрт ірге, есік жабық, ши туырлық,
Он бес бау ішкі-сыртқы белдеу, желбау,
Тұскиіз көрпе, көпшік, шай шымылдық
Текемет, жастық, шапан, кілем, сырмақ,
Алаша, бешпет, көйлек, сәлі бөрік,
Самаурын, үстел кесе, шәйнек, шәугім,
Дөдеге, сандық, кебеже, ақ түндік...
Бұрын-соңды мұндай өлең жазылмаған.
Бұл қазақ поэзиясындағы жаңа серпін, жаңа үрдіс. Бұл өлең үлгісін Ілияс жас
шағында жазған. Қазірде ұмытыла бастаған үй- жабдығын өлеңмен өріп, атауын атап, түсін
түстеп беру Ілияс шығарамларын ерекше ажарландырады. Осы тұрғыда жазылған өлең
үлгілері Ілияс поэзиясында кейінгі кезеңдерде берік орын алған.
«Жетісу суреттері» өлеңі Ілиястың ең айшықты шығармаларының бірі. Өз
тұрғысында М.Әуезов бұл шығарманы бағалап, былай деген еді: «Мен Ілиясты бұрын
білуші ем, өлеңдерін оқып жүретінмін. Бірақ оның шын мағынасында дарынды ақын
екенін мойындағаным сол «Жетісу суреттері» өлеңін оқығаннан кейін» дейді. «Жетісу
суретінде» ақын 52 тіршілік иелерін атап өтеді. Өлең жолдары былай келеді:
Мінеки. Алатауға біткен торғай:
Қара, боз, суық, бұқпас, сипті, шымшық,
Шапшақай, майлық, маубабұқа, шөже,
Тоқылдақ, сан–сапалақ атаулысы...
Ал аңдар атаулысы: сілеусін, ілбіс, аю, бұғы, бұлан, қасқыр шибөрі, қарсақ, сусар,
бұлғын, жанат таутеке, арқар, қарақұйрық, суыр, марал т.б. Жыртқыш құстар: тазқара,
балтажұмар, құмай жұртшы, су бүркіт, лашын, тұйған, тұнжыр, тынар, мықи, ителгі, бәрпі,
қырғи, тұрымтай, бидайық, бүркіт, тығанақ тағы басқа да құстар мен қазірде ұмыт
болған ағаш-шөптердің атаулары өлеңде ерекше жарасым тауып, табиғи түрде орын
тепкен.
Долана, ұшқат, шетен, ырғай, арша,
Ақ сасық, қызыл қайың, барша, шынар.
Шырғанақ, сөңке, терек, сөгет, емен,
Үйеңкі, сырғай, балғын, тораңғылар,
Сарыағаш, түйеқұйрық бауыр құрттар,
Қараған, бозқараған, шеңгел, шілік,
Сықылды ағаштардың талайы бар...» -деп, Жетісудың бай, шүйгін табиғатын жырға
қосады. Тегінде, «Жетісу суреттері», «Жалпы сын», «Тау суреті», «Жетсудағы су суреті»,
«Жетсу жәндігі», «Жер түгі»,тәрізді бес бөлімнен, 333 жолдан тұратын көлемді туынды.
Бұл шығарма асқан шебердің қолынан шыққан, құлпырып жайнаған, ерекше пафоспен
жазылған қазақ поэзиясындағы еш қаталанбас құнды поэзиялық мұра.
Қазақ әдебиетінің құнарлы саласының бірі - поэзия болса, Ілияс сол құнарлы салаға
бар
күш-қуатын
сарқа
жұмсаған
алпауыт
ақынның
бірі.
129
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»
материалы республиканской научно-практической конференции
7 декабря 2018
г.
В.Г.Белинский Пушкин мен Лермонтов поэзиясына орай «Бүкіл әлем, гүл, бояулар,
дыбыстар, бар жаратылыс, барлық өмір-поэзия дүниесі, осы құбылыстарды құпия қуат,
оларға тіршілік, ойнақы өмір беретін сырлар поэзияның жаны мен тетігі. Поэзия - әлемдік
өмірдің қан тамырының соғуы мен сол өмірдің қаны мен оты, жарығы мен күні»- десе, бұл
анықтама Ілиястың да поэзиясына қатысты айтылған сөз. Олай болатыны- жоғарыдағы атап
өткеніміздей, Ілияс поэзиясы бастан-аяқ қазақтың халық әдебиеті мен халық тілінен нәр
алып дамыған шығармашылық десек, оның тағы да бір қайнар бұлақ көзінің бірі-классикалық
орыс әдебиеті. Бұл бұлақтан өз тұсында әуелі ұлы Абай сусындаса, сол Абайдың сан-салалы
поэзиясынан Ілияс та үйреніп, өзіне тәлім алған.
Кейін жиырмасыншы жылдары Пушкин, Лермонтов, Крылов, Державин, Некрасов т.б.
ақындардың шығармаларымен көбірек шұғылдана отырып, олардың бірқатарын қазақ тіліне
аударады. Сонымен бірге әлем әдебиеті классиктері Гюго мен Гейне, Гете, татар ақыны
Ғ.Тоқайды, тәжік ақыны К. Лахутиді және басқа да дүние жүзі поэзиясының өкілдері
мұраларының қыр-сырына үңіліп, одан үнемі үйреніп, үлкен ізденіс жасағаны Ілияс
поэзиясының диапазонын кеңейтті.
Ілияс Жансүгіров поэзия әлеміне жастай келді десек, атап өткеніміздей, балғын,
талапкер шағында Абайдың поэзиясы оған ерекше әсер етті. Әйтпесе, Ілиястың жас
шағындағы «Құтырған күндеріндегі» өлеңдері әр-әр жерде айтылған жерінде қалып, көп
мұралы сақтаусыз шашылып қала берген. Сол өлеңдерінің алғашқыларының бірі
«Балдырған» атты жинақ дәптерінде енген Абайдың әсерімен жазған өлең нұсқасы
төмендегідей келеді.
Салды бұлақ енді әнге,
Құйқылжытқан келді әнге.
Тау мен тас мұңданып,
Арғы мен салды бергі әнге.
Ағаш, тоғай қуанып,
Әкетті ертіп жерді әнге.
Жан-жануар таңырқап,
Тамсандырды елді әнге.
Тоқсан толғап қайырып,
Тоқтады барып әреңге...»-деп жырлайды. Мұнда не ұйқас, не форма, не өлең
өлшемдері сақталмаған. Бұл Абайға дейінгі өлеңдері. Бұдан кейін, өзі айтқандай, «... Абай
артық әсер етті. Ойым ояна бастады. Қайта-қайта тоймай оқи беретін болдым. Өзімде біртүрлі
сергектік,сілкініс, жүрегімде жаңалық сездім. Жазуға талабым оянды, Келсе де келмесе
шұқылып, өмірді өлең қыла бастадым...» - дейді.
Ақын поэзия әлеміне 18 жаста келеді. Алматының Пушкин атындағы көпшілік
кітапханасының архив қорынан жуықта ғана табылған Ілияс Жансүгіровтің өз қолымен жазылған
екі өлең дәптері ақынның өлеңді 1915-1916 жылдардан бастап жазғанын дәлелдейді».
1986-1988 жылдар арасында баспа бетін көрген «Бес томдық шығармалар жинағында»
Ілияс Жансүгіровтің бұл томында ақын өлеңдерінің жазылу хронологиясына қарай жасалумен
байланысты, оның «Күзгі гүлге» өлеңімен ашылып отыр. Бұған дейін Ілияс Жансүгіров
творчествосы 1915-1916 жылдардан басталады делініп, келсе, ақынның Қазақ ССР
Мемлекеттік архивіндегі өз қорынан табылған (№37 папка, 127-бет) осы өлеңі ол пікірді
өзгертіп, оның творчествосының бұдан гөрі сәл ілгеріректен басталатынын дәлелдеп отыр».
Бұл ақынның өз қолымен жазған «Балдырған» және «Қызыл жалау» атты өлең дәптері. Яғни,
сол дәптерінде жоғарыдағы аталған «Күзгі гүлге» өлеңі 1912 жылы жазылған . Ал баспа бетін
тұңғыш рет 1917 жылы «Сарыарқа» газетінің 15-сі мен 22 тамызы күнгі «Тілек» және
«Сарыарқаға» деген атпен жарық көреді.
1921 жылы «Жас Алаш» газетінде 22 мартта шыққан «Жас замандастарға» деген бас
мақала менікі және сол нөмірде «Жалпы жасқа» деген өлеңім де басылды. Менің алғашқы
баспасөзге шыққан, бірінші шыққан мақалам осы»-дейді.
Ілияс –өз заманың көкейтесті кез келген әлеуметтік мәселелерге үн қосып, өз
130
«ЖАНСҮГІРОВ ТАҒЫЛЫМЫ»
республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары
7 желтоқсан 2018 ж
.
.
Достарыңызбен бөлісу: |