«жансугуровские чтения»



Pdf көрінісі
бет24/208
Дата06.01.2022
өлшемі2,06 Mb.
#11587
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   208
 
 
 
 
қоғамын  лайлап  жатқан  пиғыл  әрекеттер  мен  жағымсыз  істерді  суреттеуге  дисфемизмдерді 
ұтымды  қолдана  білген.    «Дисфемизмдер  көркем  шығармаларда  кейіпкерлердің  тілінде 
қолданылып, әртүрлі жағымсыз эмоциялық мән тудырады. Олар белгілі бір стильдік мақсатпен 
сөздерді дөрекі, тұрпайы етіп қолдану тәсілдерін құрайтын қарапайым сөйлеу тілінің құрамына 
енеді. Кейіпкер тілінде қолданылған қарапайым сөздер кейіпкердің  бір сәттік бейнесін жасауға, 
көркем  бейнесін  беруге  қызмет  етеді.  Кейіпкер  аузынан  шыққан  қарапайым  сөздер  оның 
шыққан ортасын, алған тәлім-тәрбиесін, мінез-құлқын, көңіл-күйін, ішкі сезімін көрсете алады» 
[4, 17]. Көбінесе дисфемизмдер тілдік агрессия құралы ретінде көрініс табады: 
Асыл ер, арманда жар опық жеген
Албасты әлсіз жанды тұншықтырған [5, 280]. 
«Албасты»    сөзі  жын-шайтан,  оңбаған  деген мағынаны  білдіреді  [6,102].  Автор  осы 
сөзді қолдана отырып, сол кезеңдегі байлар мен үстем тап өкілдерін шенеп көрсеткен.  
Ет асып, пышақ қайрап, малды қырған
Кедейге сонда ырза емес бай антұрған [5, 284]. 
Антұрған – жексұрын, оңбаған. І.Жансүгіров суреттеп  отырған жайтты көз алдымызға 
елестете  отырып,  сол  уақыттағы  байлардың  өз  мансабын,  дүние-мүлкін  бас  пайдасына 
пайдаланып,  кедейлердің  ақысы  мен  еңбегін  жеп,  құлша  пайдаланатынын  байқаймыз.  Автор 
дисфемизмдерді қолдана отырып,  сол қоғамға деген ренішін, ызасын көрсеткен. 
Бір үйде тұздықтаған тәтті табақ, 
Бір үйде ет тартылмай қаққан жалақ. 
Бір үйде табақ теуіп етке өкпелеп, 
Боқтасып бір үй жатыр жерді сабап [5, 286]. 
Боқтау – былапыт сөзбен тілдеу.  Бұл жерде байайтынымыз, ақын сипаттап отырған ел 
сыйлаған ақсақалдар, қазыналы қарттар емес. Асқа ішу мен жеуді, бергенін артығымен қайырып 
алуды көздеп отырған байлықпен барлық пейілін бұзған шалдардың жиылғанын меңзеп отыр. 
Әңгүдік, әкірең қаққан, албыт сөзді, 
Көтіндей көк ешкінің жыртық көзді, 
Алтайдың кәр жынындай бақылдаған, 
Көк сақал, азбансыған, бұл кім өзі? [5, 298] 
Әңгүдік  сөзі    даңғой,  есерсоқ,  әуелкі  мағынасында  қолданылып  тұр.  Бұл  жерде 
шығарма кейіпкері Ақанның Батырашқа деген ашу-ызасын байқауымызға болады. Батыраш 
пен Ақанның арасындағы егес барысында екі жақ тарапынан ыза, реніш тұрпайы сөздермен 
бейнеленген. 
Поэмада «Қызыл көз, саба құрсақ, семіздер; Жуан ит сүйек бермесжалмауызы; көк 
ешкінің  жыртық  көзі;  көк  сақал,  азбансыған...»  секілді  тілдік  агрессияны  суреттейтін 
дисфемизмдерді көруімізге болады. 
Ақын  қолданысындағы  дөрекі  сөздердің  кейбірі  жағымсыз  іс-әрекет  иелеріне  қарсы 
айтылған.  Автор  поэма  кейіпкері  Батырашты  және  оның  жасаған  қиянатына  халық 
наразылығын мынадай сөздермен сипаттаған: 
Осы астың біз айтпай-ақ өзі айтады 
Болғанын әлдеқандай сұмырайдың [5, 279]. 
 
Арғынның Алтайынан болса-дағы, 
Жауызды ел қорғамады, қоршамады [5, 331]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет