«жансугуровские чтения»



Pdf көрінісі
бет20/208
Дата06.01.2022
өлшемі2,06 Mb.
#11587
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   208
Байланысты:
6-2018

«Күн шыққанда»  өлеңі – 1929 жылы  жазылған.  Өлеңде атынан көрініп тұрғандай,  
құдіретті күннің шығуы  мен табиғат  ананың құбылыстарын өзара үндестікте қарастыра- ды.  
Атап айтқанда: 
Желі желпіп желегін, 
Жердегі бәйшешегін, 
Күлдіре сұлу күн шықты. 
«Шыру, шыру. шіркін» - деп, 
Көмекейі бүлкілдеп, 
Тоғайдан «тұр- тұрлап», 
Жыр шықты, [1] - деп  өлеңмен әдемі сурет жасайды. 
«Бөбек бөлеу» өлеңі – 1929 жылы жазылған.  Өлеңнің ойы – терең, өрнегі – өзгеше.  
Ана  өз  бөбегін  халық  ұғымындағы  ең  жақсы  нәрселердің  бәріне  теңейді.    Ананың  сәбиіне 
деген ыстық сезімі, елжіреген жүрегі, шексіз махаббаты байқалады. 
Бөл - бөл бөбек, бөл бөбек. 
Бөріден бөстек қи бөбек. 
Ерінбей еңбек  ететін, 
Еліңе бол елгезек. 
Бөгелмей білім, біл, бөбек. 
Білмеген білім бекерсің, 
Бет алдыңа кетерсің. 
Елге есті ер керек. 
Ер жет, Есей ертерек.[1] 
Баласын  бесікке  бөлеген  ана  сәбиіне  қоятын    осындай  талабын  өлең  етіп,  онымен  
ерекше  ілтипатпен  тілдеседі.    Алдымен»  төрт  есікті  бедерлі  бесігіне  -  өз  отауына»  енуін 
өтінсе, сосын анасы баласының  саусақайын, салбыраған қос білегін тамашалайды, бөлегенге 
жөнге көнуін, тілалғыш болуын талап етеді. 
Баланың    «қос  жұлдызын»    жұмып,  жақсылап  демалуын,  ұйықтағаннан  кейін  ерте 
тұруға үйренудің де пайдасы зор екендігін ескертеді. Ақын ауыз әдебиетіндегі классикалық 
дәстүрді  ары  қарай  дамытады.    «Бөгелмей  білім,  біл  бөбек,  елге  есті  ер  керек»  -  деп  өз 
заманының бөбектеріне тіл қатады. 
І.Жансүгіровтың ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан  - ұрпаққа жарасымды жалғасып 
келе  жатқан  «Бесік  жыры»  негізінде  жазылған    бұл  өлеңінің  маңызы  зор.  Балаға  сәбилік 
шақтан сезімдік тәрбие беру міндеті көзделеді.  Баланы жан - жақты дамытудың тиімді жолы 
–айналасындағы  ортамен  таныстыру.    Әсіресе.  оған  табиғатты  таныстыру  -  бала  тілінің 
көркемдік жағының дамуына, эстетикалық сезімінің қалыптасуына ықпал етеді. 
Осы  мақсатта  1928  жылы  балалар  әдебиеті  жаппай  қолға  алына  бастаған  кезеңде  
І.Жансүгіров  «Жаңа  мектеп»  журналының  тоғызыншы  санына  жыл  мезгілдері  туралы 
«Жазғытұры»,  «Жазғы  шілде»,  «Күз»,  «Жауында»  деген  өлеңдерін  жариялайды.  Автор 
балаларды  табиғат  сырларымен  таныстырады.  Өлеңде  суреттелген  жылына  бастаған  күн, 


 
16 
  
 
 
 
 
 
 
 
     
«ЖАНСҮГІРОВ ТАҒЫЛЫМЫ» 
республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары
      
7 желтоқсан 2018 ж

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет