Зат есімдерден жасалған «ашу» психикалық күйіне қатысты сөздер: Ашу-сайтан – ашудың адамзатқа қарсы күш екенін көрсету. Бұлан-талқан – астан-кестен, быт-шыт, бұлан-талан.
Есітіп Батыраш боп бұлан-талқан, Көкжалды қысып кетті ашу- сайтан [5, 300]. Дау-дамай – талас-тартыс, айтыс-тартыс. «Дау-дамай ат келгенде айрылсын»-деп,
Төреші келер жолға қойды сайлап [5, 302].
Кек – ашу, ыза, қаһар, өшпенділік, қастық, өштік.
Ашу, кек, күңкіл басты елдің артын,
Ел шулап, қыр күйініп, қарғап қатын [5, 333].
Поэмада кездесетін зат есімдерден жасалған ашу, реніш психикалық күйін сипаттап
тұрған сөздердің барлығы дерлік заттық формада ұғымның негізі болып табылады. Автор
халықтың Батырашқа деген ашуын, күйінішін, Ақанның ренішін көрсетуде, мазмұнын аша
түсуде сіңіріп тұрған көркемдік қызметі қомақты.