«жансугуровские чтения»



Pdf көрінісі
бет4/208
Дата06.01.2022
өлшемі2,06 Mb.
#11587
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   208
 
 
 
 
Жоғары  оқу  орнының  табыстылығын  бағалаудың  басты  критерийі  –  оқу  бітірген 
студенттердің  жұмыспен  қамтылуы,  жалақысы  жоғары  жұмысқа  орналасуы  да  маңызды 
фактор. 
Жоғары  оқу  орындарын  ірілендіру  саясатын  жүргізу  қажеттігі  де  назарда  болды. 
Нарықта  жоғары  сапалы  білім  беруді  қамтамасыз  ететіндері  ғана  қалуға  тиіс.  Назарбаев 
Университетінің  тәжірибесіне  сүйеніп,  үздік  шетелдік  топ-менеджерлерді  жұмысқа  тарту 
арқылы  әлемнің  жетекші  университеттерімен  әріптестік  орнату  маңызды.  Қазіргі  білім 
инфрақұрылымының  базасында  Назарбаев  Университетінің  үлгісімен  өңірлік  жаңа  жоғары 
оқу орнын құру қажеттігін де шегелеп айтты.  
Бүгінгі  күні  конференция  өткізіп,  қазақ  әдебиетінде  көркемдік  дәстүрді 
қалыптастырған  қаламгердің  бірі  –  Ілияс  Жансүгіров  болса,  ол  игі  дәстүрді  жастардың 
бойына  дарыту  мақсатын  көздеп,  әр  факультетте  «Ілиястану»  пәнін  міндетті  түрде  өткізу 
мақсатын іске асырудамыз.  
Жалпы,  қаламгердің  әр  туындылары  жөнінде  айта  кетсек,  көптеген  туындылары 
қарасөзбен  де,  өлеңмен  де  жазылған.  Онда  белгілі  бір  кездегі  өмір  шындығы  мен  адам 
тіршілігінің  алуан  сәттері,  қоғам  өміріндегі  елеулі  оқиғалар  суреттеледі.  Яғни,  Жетісудың 
саңлақ қаламгерінің еліне қалдырған әдеби рухани еңбегі мәңгілік болары сөзсіз. 
Алдағы  жылы  даңқты  қаламгердің  125  жылдық  мерейтойын  республика  көлемінде 
лайықты  өткізу  үшін  дайындықты  бастап  та  кеттік.  20  тарта  оқулық  пен  оқу  құралын, 
монография  мен  зерттеулерді  шығарып,  оны  насихаттау  үшін  жан-жақты  жұмыстарды 
жүргізудеміз.   
Елбасымыздың Қазақстан ғылымы мен білімінің әлемдік беделін арттыру жолындағы 
қамқорлығы қазіргі таңда өз нәтижесін беруде.  «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты 
халыққа Жолдауында индустрияландыру бағдарламалары негізінде жоғары білімді мамандар 
даярлауға  көңіл  бөліп,  жоғары  оқу  орындарының  алдына  үлкен  мақсат-міндеттер  қойып 
отыр.  
Оның  бірі  –  бүгінгі  күні  өзіміз  конференцияда  көтеріп  отырған  басты  мәселе  оқу, 
білім  мен  ғылым  мәселесі  және  оны  шешудегі  түйіткіл  жайттар  болса,  Республикалық 
ғылыми-тәжірибелік  конферецияның  берері,  айтар  жаңалығы,  үйретер  тәсілі,  жинақтар 
тәжірибесі мол болады деп сенемін.      


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет