І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ректоры, география ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі Қ.М. Баймырзаевтың АЛҒЫ СӨЗІ Құрметті әріптестер, жыл сайынғы дәстүрлі түрде өткізілетін республикалық ғылыми- практикалық «Жансүгіров тағылымы» атты конференцияға қатысушы қонақтар! Бүгін міне І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде
республикалық «Жансүгіров тағылымы» атты конференция өткізілуде.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Жастар – біздің болашағымыз» деп үнемі
еске салып отырса, оларға сапалы білім беру біздің негізі мақсатымыз болмақ.
Яғни, биылғы жылы 5 қазандағы Қазақстан халқына арнайы Жолдауында:
«Қаржыландыруды халыққа қызмет көрсету сапасын елеулі түрде арттыруды қамтамасыз
ететін тиісті реформаларды жүзеге асыру үшін бағыттау керек» десе, білім саласына да
арнайы тоқталды.
Әрине, өздеріңіз жақсы білесіздер өндірістің, экономиканың, әлеуметтің қай
саласында болмасын инновациялық негізде ізденіп қызмет етпесе, елімізде ілгері даму
болмайды.
Мектеп болашақтың негізі есебінде мемлекеттің дамуына аса зор үлесін қосса,
мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту керек екендігі айдан анық. Ойлау
негіздері, ақыл-ой мен шығармашылық қабілеттер, жаңа дағдылар сонау бала кезден
қалыптасады. Білім
беру
ісінде
4К
моделіне:
креативтілікті,
сыни
ойлауды,
коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей білуге басты назар аударылуда.
Бұл салада біліктілік талаптарын, оқыту әдісін, тәрбиешілердің және балабақшадағы басқа да
қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жүйесін қайта қарау қажеттігі басты назарда болу
керек. Ол үшін Білім және ғылым министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, биыл тиісті «Жол
картасын» әзірлеуі керектігіне көңіл қойды.
Қазіргі күні жиі айтылып жүрген жайт, білім сапасын бағалау жүйесі халықаралық
стандарттарға негізделуге тиіс болса, орта мектептердің өзінде балаларды мейлінше
сұранысқа ие мамандықтарға бейімдеп, кәсіби диагностика жүргізу маңызды. Бұл
оқытудың жеке бағдарын жасауға және оқушы мен мұғалімнің оқу жүктемесін азайтуға
мүмкіндік береді.
Балалар қауіпсіздігінің маңыздылығын ескеріп, бүкіл мектептер мен балабақшаларды
бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етуді, мектеп психологтарының жұмысын күшейтуді
және басқа да дәйекті шараларды жүзеге асыруды тапсырды.
Білім алудың қолжетімділігін арттыру мақсатымен оқушыларға орын жетіспейтіні,
мектептердің үш ауысымда оқыту және апат жағдайында болу проблемалары мейлінше
сезіліп отырған өңірлер үшін Үкіметке 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттен қосымша
50 миллиард теңге қарастыруды тапсырды.
Тағы маңызды мәселенің бірі – келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды
әзірлеп, қабылдау қажеттігін баса айтты.
Яғни, бұл құжат мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері үшін
барлық игілікті қарастырып, жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс
функциялардан арашалауға тиіс екендігін назарға алды.
Ал, жоғары білім беру ісінде оқу орындарының маман дайындау сапасына қатысты
талаптар күшейтілетіндігін де айтты. Өйткені, гранттардың саны көбейтілсе, енді
жауапкершіліктің кезеңі де келді.
4
«ЖАНСҮГІРОВ ТАҒЫЛЫМЫ»
республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары