«жансугуровские чтения»



Pdf көрінісі
бет44/208
Дата06.01.2022
өлшемі2,06 Mb.
#11587
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   208
 
 
 
 
Баян-Өлгий  аймағы  –  халқымыздың  домбыра  аспабымен  қатар,  қазақтың  бір  кездері 
ұмтылуға айналып барып қайта жанданған сыбызғы аспабының да бірден-бір қаймағы бұзылмай 
сақталған  өңірі.  Күйлердің  кейбіреулері  домбыра  мен  сыбызғыда  да  қатар  орындала  береді. 
Қазақ  күйлерінің  бір  парасы  халық  күйлері  деген  атпен  сақталған.  Халық  күйлерінің 
мазмұнынан халықтың басынан өткен тарихи кезеңдерді, тарихи оқиғаларды көреміз. Халық 
күйлері  арқылы  біз  сол  дәуірдің  тыныс-тіршілігін,  салт-санасын,  арман-мұраттарын 
сезінеміз.  Күйді  шығарған  адамның  аты  ұмытылғанымен,  күйдің  халық  жадынан  өшпеуі 
осыны дәлелдейді.  
Моңғолияда  ең  алғашқы  мектептер  аймақ  орталығы  секiлдi  киiз  үйлерде 
ұйымдастырылыпты.  Менiң  әкем  Әлпеш  Емелбек,    Баян-Өлгий  аймағының  Баяннуур 
ауылындағы  мектептiң  2  киiз  үймен  ашылғандығы  жайында  айтып  берді.  Алғашқы 
ұстаздары  Қазақстаннан  арнайы  жiберiлген  маман  Тiлеубердi  Сауранбаев  деген  кiсi 
болыпты. Баян-Өлгийде 36 қазақ мектебi бар екенін айтқан еді. Осы мектептерде жыл сайын 
30  мыңнан  астам  оқушы  бiлiм  алыпты.  Сол  жылдары  бүкiл  Баян-Өлгийде  моңғол  тiлiнде 
бiлiм беретiн бiр ғана мектеп бар едi. Кейбiр ауылдарда мектептер аралас тiлде бiлiм берген 
екен. 
Сахналық  өнер  1940  жылы  ұлттық  Баян-Өлгий  аймағы  орнаған  кезден  аймақтық 
клубтың  ірге  тасы  қаланып,  осы  клубтың  алғашқы  менгерушісі  Ақтан  Бабиұлы 
тағайындалған. Одан 1956 жылы Баян-Өлгий аймағында Музыкалы Драма Театры құрылады. 
Қазақтың ұлт аспаптар оркестірі құрылуы ұлттық өнеріміздің биікке самғауына күшті ықпал 
көрсетті.  Содан  бері,  ұлттық  әнші,  күйші,  сыбызғышы,  биші,  маманды  актерлар, 
музыканттардың бірнеше легі өсіп жетіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет