«жансугуровские чтения»



Pdf көрінісі
бет47/208
Дата06.01.2022
өлшемі2,06 Mb.
#11587
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   208
Қабыкей  Ахмерұлы  1927  жылы  туған,  Моңғолия,  Баян-Өлгий  аймағы,  (Бұлғын 
өлкесі)  -  композитор,  музыка  зерттеушісі,  Моңғолияның  еңбек  сіңірген  артисі  (1976).  Сол 
өңірдегі  күйші  сыбызғышылардан  (Ахмер,  А.Қызыл,  А.Жұқа,  Н.Қытайбай,  М.Ыбырай) 
халық ән-күйлерін үйренген. Өнер жолын мәдениет клубынан бастаған. 1958  - 59 жылдары 
Алматыда  ұлт-аспаптар  оркестрінде  шеберлігін  шыңдаған  соң,  Баян-Олгий  қазақ  музыка 
драма театрында 30 жыл бойы ұлт-аспаптар оркестріне жетекшілік етті. 
Әр ел композиторларының 200-ге тарта шығармасын оркестрге түсірген. Қабыкей 25 
ән,  ондаған  би  музыкасы  және  30-ға  тарта  күй  авторы  (1965).  «Моңғолия  қазақтарының 
халық  әндері»  (1965),  «Ән  кітабы»  (1972),  «Баян-Өлгий  қазақтарының  домбыра  және 
сыбызғы  күйлері»  (1977),  «Моңғолия  қазақтарының  халық  әндері»  (1983)  жинақтарын 
дайындап,  бастырды.  Соңғы  жинағына  қазақ  халқының  250-дей  әнін  түрлі  нұсқаларымен, 
мәтіні мен және нотасымен жариялаған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет