Кілт сөздер:тергеу, компьютерлік технология, криминалистика В данной научной статье рассмотрены правовые основы применения новых компьютерных технологий для расследования преступлений используя методы расследования преступлений криминалистики. Ключевые слова: следствие, компьютерные технологии, криминалистика.
Қазақстанда құқықтық мемлекеттің қалыптасуы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың
өзгерістерімен қатар жүргізіліп отыр. Осындай түбегейлі өзгерістер әлеуметтік шиеліністермен,
қылмыстылықтың өсуімен қатар жүретінін тарих көрсетіп отыр.
Мұндай жағдайларда заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуда заң ғылымының, соның
ішінде, басты мақсаттарының бірі табылатын қазіргі заманғы ғылым мен техниканың жаңа
жетістіктерін пайдалана отырып қылмыстарды ашу әдістемесін одан әрі жетілдіру, оларды
қолданудың заңдылығын негіздеуге байланысты негізделген ұсыныстарды әзірлеу және ғылыми
тұрғыдан талдау болып табылатын криминалистиканың рөлі арта түседі.
Сонымен қатар, атап өтерлік жайт, ғылыми-техникалық құралдарды қолдануды
құқықтық реттеудің қолданыстағы жүйесі қылмыстарды ашу мен тергеудегі ғылыми-
техникалық прогресті ынталандырудың орнына, оны тежеп отыр. Қылмыстық істер жүргізу
кодексінің жаңа жобаларында сонау 1960 жылғы ҚІЖК ұсынған қылмыстарды ашудың ғылыми-
техникалық құралдарды пайдалану жүйесінің сақталғандығы да сақтықты қажет етеді.
Қылмыстылықтың ұйымдасқандығы мен қатігезділігінің өсуі, оның тергеуге қарсы әрекет етуі
жағдайында қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың «жеке көрсетулері» қылмыстық әсер
етудің аса тұрақсыз объектісіне айналады, ал бұл, өз кезегінде, олардың бұдан әрі өзгеруіне, яғни
бастапқы дәлелдемелік мәнді іс жүзінде жоғалтуға жағдай жасайды. Бұл мәселені шешу көбіне
қылмыстарды ашуда ғылыми-техникалық прогрестің қазіргі заманғы жетістіктерін кеңінен
пайдаланудың және тиісті құқықтық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етудің негізінде
дәлелдеудің объективтенуімен байланысты.
Соңғы жылдарда ғылыми-техникалық прогрестің әсерінен ғылыми-техникалық
құралдардың сапалық құрамының арта түсуі ақпараттармен жұмыс жүргізудің жаңа
мүмкіндіктерін ашты, криминалистиканың алдына ақпаратты өңдеудің ескі әдістемелерін
жетілдіре отырып, жаңа әдістерін әзірлеу міндетін қойды.
Компьютерлік технологияларды тергеу тәжірибесінде пайдаланудың жеткілікті
дәрежеде болашағы зор болып табылады. Олар күрделі зертханалық процестерді қолданбай-ақ,
ақпаратты қысқа мерзімде өңдеуге және бекітуге мүмкіндік береді. Сондықтан да, дәл осы
компьютерлік технологиялар ақпараттармен жұмыс жүргізуді жоғарғы деңгейге көтереді.
Олардың осы қасиеттерінің құқық қорғау органдарының тәжірибедегі мамандарынан
жоғары баға алуы кездейсоқ емес.
Тергеу тәжірибесі компьютерлік технологияларды криминалистикалық маңызды
ақпаратты өңдеуде және бекітуде пайдалануға қатысты белгілі бір оңды тәжірибелер
36
«ЖАНСҮГІРОВ ТАҒЫЛЫМЫ»
республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары