«жансугуровские чтения»



Pdf көрінісі
бет54/208
Дата06.01.2022
өлшемі2,06 Mb.
#11587
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   208
 
 
 
 
түсінігінің өзін түсіндіруге және анықтауға қатысты теориялық мәселелерді және соның ішінде 
қылмыстарды  тергеуді  техникалық  криминалистикалық  қамтамасыз  ету  мәселелерін  де  атауға 
болады. 
Қылмыстық сот өндірісін криминалистикалық қамтамасыз етудің мәні қылмыстылықпен 
күресті кәсіби түрде жүргізетін құқыққорғау органдарының лауазымды тұлғаларына игеруі және 
пайдалануы  осындай  өнімді  тұтынушылардың  алдында  тұратын  міндеттерді  шешудің 
тиімділігін арттыруға жағдай жасайтын, криминалистика саласында жасалынып жатқан ғылыми 
өнімдерді ұсынудан көрініс табады. 
Криминалистикалық  қамтамасыз  етудің  біз  үшін  таныс  алғашқы  анықтамалардың  бірі 
ретінде  оң  қабылдай  отырып,  оның  жекелеген  ережелеріне  қатысты  кейбір  күмәндарымызды 
атап  өткіміз  келеді.  Шынында  да,  криминалистикалық  қамтамасыз  етуді  құқықғорқау 
органдарының лауазымды тұлғаларына криминалистика саласында жасалынып жатқан ғылыми 
өнімді ұсыну ретінде қарастыруға болады. Алайда, тәжірибеге тек криминалистикамен тікелей 
жасалып  жатқан  ғана  емес,  сонымен  қатар  криминалистикамен  жасалмаған,  бірақ 
қылмыстылықпен  күрестің  қажеттіктері  үшін  бейімделген,  білімнің  түрлі  салаларында 
бұрыннан бері белгілі құралдар, әдістер, технологиялар, тәсілдер де ұсынылады. 
Сонымен  қатар,  қамтамасыз  етуге  анықтама  беру  кезінде  автордың  «ұсыну»  терминін 
қолдануымен  де  келісу  қиын.  Мұндай  жағдайда  өнімді  жасаушылар  мен  тұтынушылар 
арасындағы белгілі бір алшақтық байқалады, ғылымның өз жетістіктерін одан әрі пайдалануға 
қызығушылығы жоқтығы туралы пікір-ой, тіпті теорияның тәжірибеден бөлектігі туындайды. 
«Енгізу» термині әлдеқайда нақтырақ болып табылады. Бұл термин тек криминалистика 
үшін  ғана  тән  емес,  бұрыннан  бері  пайдаланыста  және  өнімнің  тұтынушыларын 
ақпараттандырумен,  қажет  болған  жағдайда  оларды  оқытумен,  нақты  новеллаларды  тікелей 
қолдану  кезіндегі  белгілі  бір  ғылыми-әдістемелік  көмекпен  байланысты  жан-жақты  қызметті 
білдіреді [4, 28]. 
Ұсынған  анықтамада  криминалистикамен  жасалған  және  бейімделген  ғылыми-
техникалық  құралдардың  нақты  кімге  арналғанын  анықыталуы  да  артықтау  болған  сияқты. 
Криминалистиканың  жетістіктерін  қылмыстылықпен  күресті  кәсіби  түрде  жүргізетін 
құқыққорғау органдарының лауазымды тұлғалары ғана қолданбайтыны белгілі. Оларды білімнің 
әртүрлі 
салаларының 
мамандары 
да 
пайдаланады. 
Мысалы, 
криминалистикалық 
идентификациялау  әдісі  өнертану,  әдебиеттану,  археология  және  т.б.  қызмет  салаларында  да 
қолданылады.  Сондықтан,  біздің  ойымызша,  анықтамада  криминалистикалық  қамтамасыз 
етудің  нақты  тұлғаларға  қатысты  ұсынылатыны  дұрыс  емес,  өйткені  бұл  өзге  адресаттарды 
белгілі бір түрде шектеу ретінде түсінілуі мүмкін. 
Қорыта  келгенде,  орындалған  зерттеулер  компьютерлік  технологиялардың  тергеу 
әрекеттерін жүргізу барысында криминалистикалық маңызды ақпаратты бекіту үшін толығымен 
қол жетерліктей және мақсатқа сай екендігі туралы тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Оларды 
бұл  мақсатта  пайдалану  ақпаратты  бекіту  үрдісін  жоғары  сапалы  деңгейге  қойып,  оның 
жеделдігін  және  сенімділігін  жоғарылатады.  Оларды  криминалистикалық  маңызды  ақпаратты 
бекіту  үшін  қолданудың  мақсаттылығын  анықтайтын  ең  маңызды  фактор  болып  оған 
дәлелдемелік  мәртебесін  беру  үшін  вербалдық  әрі  графикалық  нысанда  бекіту  кезінде  іс 
жүргізушілік нысанды сақтау үшін жағдайлар жасау табылады.   
Жұмыста берілген криминалистикалық маңызды ақпаратты анықтаумен және бекітумен 
байланысты  ақпараттық  үрдістердің  қысқаша  сипаттамасы,  сонымен  қатар  оны  зерттеу 
барысында  түрлерге  жіктеу,  ақпаратты  енгізу  және  шығару  құралдары  арқылы  компьютермен 
өңдеудің  кезекті  үрдістері,  санаттық  аппараттың  мазмұнын  анықтау  жұмыста  қылмыстарды 
тергеу  және  тергеу  әрекеттерін  жүргізу  барысында  криминалистикалық  маңызды  ақпаратты 
бекіту  үшін  компьютерлік  технологияларды  пайдалану  мақсаттылығының  теориялық 
негізділігін  жасауға  мүмкіндік  берді.  Мұндай  қадамның  тергеуді  ақпараттандыру  үрдісі 
кезеңдерінің бірі болып табылатындығы атап өтілді. 
Тергеушінің қызметін оңтайландыру және оның жұмыс орнын ұйымдастыру тиімділігін 
артыру  дәлелдемелерді  жинаудың,  зерттеудің  және  бағалаудың  реттелген  тәртібінің  болуын 


 
39 
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»  
материалы республиканской  научно-практической  конференции  
7 декабря 2018
 
г. 
 
 
көздейді.  Жұмыста  алынған  әдістемелік  нәтижелер  төмендегідей  мәселелерді  шешуге 
бағытталған: 
– 
оқиға  болған  жерді  қарау  хаттамасына  олардың  көріністерінің  графикасын  енгізе 
отырып хаттаманы жасау әдістемесі; 
– 
оқиға  болған  жерді  қарау  хаттамасына  компьютерлік  технологияларды  пайдалана 
отырып, толықтыру ретіндегі сызбалар мен жоспаларды жасау әдістемесі; 
– 
бейнежазба  материалдарындағы  графикалық  көріністерді  оқиға  болған  жерді  қарау 
хаттамасына енгізу үшін алу және өңдеу әдістемесі; 
– 
«далалық жағдайда» криминалистикалық маңызды ақпаратты бекіту үшін мобильдік 
жиынтықтарға  қосу  қажет  ғылыми-техникалық  құралдардың  оңтайлы  санын  анықтау  және 
ұсыну [5, 218]. 
Осыған  орай  зерттеліп  тұрған  өзекті  мәселенің  құқықтық  негіздеріне  тиянақты 
қорытынды беру үшін келесі тұжырымдар мен ұсыныстарым бар:  
1. Орындалған  зерттеулер  компьютерлік  технологиялардың  тергеу  әрекеттерін  жүргізу 
барысында  криминалистикалық  маңызды  ақпаратты  бекіту  үшін  толығымен  қол  жетерліктей 
және  мақсатқа  сай  екендігі  туралы  тұжырым  жасауға  мүмкіндік  береді.  Оларды  бұл  мақсатта 
пайдалану  ақпаратты  бекіту  үрдісін  жоғары  сапалы  деңгейге  қойып,  оның  жеделдігін  және 
сенімділігін  жоғарылатады.  Оларды  криминалистикалық  маңызды  ақпаратты  бекіту  үшін 
қолданудың  мақсаттылығын  анықтайтын  ең  маңызды  фактор  болып  оған  дәлелдемелік 
мәртебесін  беру  үшін  вербалдық  әрі  графикалық  нысанда  бекіту  кезінде  іс  жүргізушілік 
нысанды сақтау үшін жағдайлар жасау табылады.   
2. Жұмыста  берілген  криминалистикалық  маңызды  ақпаратты  анықтаумен  және 
бекітумен  байланысты  ақпараттық  үрдістердің  қысқаша  сипаттамасы,  сонымен  қатар  оны 
зерттеу  барысында  түрлерге  жіктеу,  ақпаратты  енгізу  және  шығару  құралдары  арқылы 
компьютермен  өңдеудің  кезекті  үрдістері,  санаттық  аппараттың  мазмұнын  анықтау  жұмыста 
қылмыстарды тергеу және тергеу әрекеттерін жүргізу барысында криминалистикалық маңызды 
ақпаратты бекіту үшін компьютерлік технологияларды пайдалану мақсаттылығының теориялық 
негізділігін  жасауға  мүмкіндік  берді.  Мұндай  қадамның  тергеуді  ақпараттандыру  үрдісі 
кезеңдерінің бірі болып табылатындығы атап өтілді. 
3. Тергеушінің  қызметін  оңтайландыру  және  оның  жұмыс  орнын  ұйымдастыру 
тиімділігін артыру дәлелдемелерді жинаудың, зерттеудің және бағалаудың реттелген тәртібінің 
болуын  көздейді.  Жұмыста  алынған  әдістемелік  нәтижелер  төмендегідей  мәселелерді  шешуге 
бағытталған: 
– 
оқиға  болған  жерді  қарау  хаттамасына  олардың  көріністерінің  графикасын  енгізе 
отырып хаттаманы жасау әдістемесі; 
– 
оқиға  болған  жерді  қарау  хаттамасына  компьютерлік  технологияларды  пайдалана 
отырып, толықтыру ретіндегі сызбалар мен жоспаларды жасау әдістемесі; 
– 
бейнежазба  материалдарындағы  графикалық  көріністерді  оқиға  болған  жерді  қарау 
хаттамасына енгізу үшін алу және өңдеу әдістемесі; 
– 
«далалық  жағдайда»  криминалистикалық  маңызды  ақпаратты  бекіту  үшін  мобильдік 
жиынтықтарға қосу қажет ғылыми-техникалық құралдардың оңтайлы санын анықтау және ұсыну. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет