жинақтады, объективтік шындықты анықтау кезінде олардың көмегімен белгілі бір
нәтижелерге қол жеткізді [1, 88].
Сонымен қатар ақпаратпен жұмыс істеудің жаңа деңгейіне ауысу тәжірибелік
жобаларды терең ғылыми зерттеуді, тергеу барысында бұл технологияларды қолданудың
әлдеқайда жетік, ғылыми негізделген әдістемелерін дайындауды, сонымен қатар компьютерлік
техниканы пайдалану арқылы бекітілген және өңделген ақпараттың дәлелдемелік мәнімен
байланысты бірқатар мәселелерді реттеуді қажет етеді.
Қылмысты жасаған әрбір тұлға жауаптылыққа тартылып, бірде бір кінәсіз тұлғаны
жазаламау мақсатында қылмыстық сот өндірісінің міндеттерін шешу үшін, яғни оған
қатысатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау,
қылмыстарды жылдам және толық ашу, кінәлілерді тауып, заңдардың дұрыс
қолданылуын қамтамасыз ету үшін тергеуді жүргізетін тұлғалар тек қылмыстық және
қылмыстық іс жүргізушілік құқық саласындағы білімдерді ғана емес, сонымен қатар
криминалистикалық маңызды ақпаратпен жұмыс істеу дағдысын да игеруі тиіс. Басқаша
айтар болсақ, тергеудің субъектісі белгілі бір дәлелдеуші ақпаратты заң шеңберінде,
уақтылы және толық анықтауға, алуға, зерттеуге, бағалауға және пайдалануға мүмкіндік
беретін «еңбек құралдарын» иеленуі тиіс.
Ал дәлелдеуші ақпаратпен жұмыс істеудің әдістерін, құралдарын, ұсыныстарын
және технологияларын өзінің теориясы мен әдістемесіне негізделе отырып,
криминалистика ғылымы жасайды.
Біздің ойымызша, тергеу процесінің құқықтық және ғылыми мәліметтермен тығыз
байланыста болуы мұндай қызметтің күрделілігін және өзіне тән ерекшеліктері бар
екендігін көрсетеді. Мұны ескеріп отырған себебіміз, қылмыстарды тергеу
қылмыстылықпен күресудің тиімділігін арттыру мақсатында бұл процесті тұрақты түрде
және жан-жақты жетілдіруді талап етеді.
Қылмыстарды тергеудегі жағдайларды жақсартуға жедел қажеттіліктің аса дәлелдеуді
талап етпейтіні белгілі. Өйткені, қылмыстылықтың деңгейінің өсуі, әсіресе, оның ұйымдасқан
нысанының кең таралуы, ашылмаған қылмыстардың саны туралы мәліметтер көпшілікке аян.
Бұған дәлел ретінде статистиканы айтуға болады, бұл туралы мемлекеттік қайраткерлер, тиісті
органдардың басшылары айтуда.
Қандай да бір қызметтегі оң өзгерістер оны тиісті қамтамасыз еткен жағдайда ғана
орын алуы мүмкін. Бұл ретте атап өтерлік жайт, қызмет қаншалықты ауыр болған сайын, оны
қамтамасыз ету соншалық толығырақ болуы тиіс. Қылмыстарды тергеу күрделі және
көпжақты қызмет түріне жататындықтан, оны қолайлы қамтамасыз етудің қажеттігі туралы сөз
қозғау артық болмас.
Қылмыстарды тергеуді қамтамасыз ету мәселесі криминалистердің назарынан тыс
қалмауда. Тіпті, қылмыстарды тергеуді, тергеу тәжірибесін қамтамасыз ету мәселелерін
зерттеу соңғы жылдары белсенді түрде жүргізілуде. Қылмыстарды тергеуді қамтамасыз ету
және оларды зерттеу жиілігі мәселелерінің қиындықтарын криминалистикада осы мәселелерді
зерттеуге қатысты түрлі тәсілдердің қалыптасқандығынан байқауға болады. Әсіресе, бұл
жекелеген ғылыми мектептердің, соның ішінде Қазақстан Республикасы мен Ресейдің ғылыми
зерттеулерінің бағыттарынан көрініс табады [2, 108].
Қазақстан Республикасында тергеу және сараптамалық тәжірибесін қамтамасыз ету
негізінен ақпараттық, ғылыми және ғылыми-әдістемелік көзқарастар тұрғысынан
қарастырылады. Ресейде, ақпараттық қамтамасыз ету мәселелерімен қатар, қылмыстылықпен
күресті криминалистикалық қамтамасыз ету мәселелерін зерттеу де кең таралған.
Сонымен қатар, тергеуді ақпараттық қамтамасыз ету мәселелерін қарастыру кезінде
көптеген жағдайларда авторлар тергеуді ақпараттық қамтамасыз ету қылмыстық әрекеттер
арқылы қалыптасқан ақпаратты іздеу және пайдалану деген көзқарасты ұстанады. Алайда, біз
атап өткендей, қылмыстарды тергеу дәл осы ақпаратты алудың және зерттеудің сенімді
құралдарысыз мүмкін емес. Яғни, тергеуді қызметтің белгілі бір құралдарымен қамтамасыз ету
қажет. Сонымен, қылмыстарды тергеудің ақпараттық жағы тек қылмыстың нәтижесінде пайда
37
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»
материалы республиканской научно-практической конференции
7 декабря 2018
г.
болған ақпаратты анықтаумен, бекітумен, алумен, зерттеумен, бағалаумен және пайдаланумен
ғана байланысты емес.
Яғни, тергеу тәжірибесін одан әрі жетілдіру қажеттігі криминалистерді қызметті
қамтамасыз етудің тағы да бір бағытына – қылмыстарды тергеуді ғылыми-әдістемелік
қамтамасыз ету мәселесіне жүгінуіне итермеледі.
Ғалымдардың қылмыстарды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді түсінуге қатысты
көзқарастарын талдау ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету – бұл тәжірибеге ғылым мен техниканың
жетістіктерін енгізу үшін жағдай жасауды білдіреді, бұл, өз кезегінде, жағдайларды сынақтан өткізіп
көруден, нақтылаудан және әдістемелік ұсыныстарды немесе нұсқауларды жасау, қолдану
тәртібінен, қолданушыларды дайындаудан және т.б. тұрады деп айтуға негіз болады.
Дәлелдемелермен жұмыс істеудің құралдарын, әдістерін, тәсілдерін криминалистика
қалыптастыратындықтан, қылмыстарды тергеуді криминалистикалық қамтамасыз ету туралы
айтуға болады. Бұл ретте қылмыстарды ашудың, тергеудің және олардың алдын алудың тиісті
құралдарын тәжірибеге қолайлы түрде енгізумен байланысты көптеген факторларды, мән-
жайларды ескеруден тұратын кешенді қызмет туралы сөз қозғалып отыр. Біздің ойымызша,
криминалистика ғылымы қылмыстарды тергеудің техникасы, тактикасы және әдістемесі үшін
жалпы тәсілдерді, қағидаларды, жалпылама кестелерді жасайтындықтан және тергеушілерге
қажетті тәжірибелік құралдарды ұсынатындықтан, мұндай қамтамасыз еуді жай ғана ақпараттық
деп емес, криминалистикалық қамтамасыз ету деп қарастырған жөн.
Айтылғандарды ескере отырып, қылмыстарды криминалистикалық қамтамасыз етуді
дербес, ерекше қызмет ретінде қарастыруды жөн көрдік. Осыған орай, ақпараттық, ғылыми және
ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді қылмыстарды тергеуді криминалистикалық қамтамасыз
етудің құрамдас бөлігі ретінде қарастыру дұрыс болар. Бұл мәселе төменде жан-жақты
қарастырылады.
Алайда, тергеуді криминалистикалық қамтамсыз ету криминалистика үшін жаңа болып
табылады деп санау дұрыс емес болар еді.
Криминалистикалық мәселелерді зерттеушілердің басым көпшілігі тәжірибені
криминалистикалық қамтамасыз етумен белгілі бір дәрежеде айналысты. Өйткені,
қылмыстылықпен күресуде криминалистикалық білімдерді пайдалануға байланысты
мәселелердің басым көпшілігін зерттеу қарастырылып отырған тақырыппен тығыз байланысты
болып келеді. Мысалы, бұл қылмыстарды тергеуде адамның функционалдық белгілерін
пайдалану мүмкіндігіне немесе тергеу барысында алдыңғы жетістіктерді қолдануға, тергеу
тәжірибесінің қажеттіктерін анықтауға, тергеудеге аяқ астылық қағидасының рөлін анықтауға,
тергеу тактикасын ғылыми криминалистикалық қамтамасыз етудің ерекшеліктерін айқындап
көрсетуге, немесе сот-сараптамалық қызметтің қылмыстылықпен күресу тәжірибесін ғылыми
негізделген, тексерілген, тиімді техникалық криминалистикалық тәсілдермен, құралдармен және
әдістермен қамтамасыз етуге бағытталған мәселелерін зерттеуді ұйымдастырудың және
жүргізудің ерекшеліктеріне қатысты [3, 37].
Ғылыми зерттеулерді талдау көрсеткендей, криминалистер өздерінің ізденістері
барысында тәжірибені криминалистикалық қамтамасыз етудің маңызды жақтарына тоқталып
өткен, алайда осымен байланысты мәселелерді диссертацияларды, монографияларды,
оқулықтарды және мақалаларды дайындау барысында әрбір ғалымның алдына қойылған нақты
міндеттерді ескере отырып шешкен.
Сол себепті де, соңғы кезге дейін тергеу тәжірибесін криминалистикалық қамтамасыз ету
мәселелері кешенді деп танылмаған және тиісінше ғылыми түрде зерттелмеген. Бұл
қылмыстарды ашу мен тергеуді криминалистикалық қамтамасыз ету мәселесенің кешенділігі
ғана аса көкейкесті мәселелердің бірі болып табылады және теориялық және тәжірибелік
тұрғыдан өзіндік зерттеуді қажет етеді деп айтуға негіз болады.
Сонымен қатар, криминалистиканың түрлі бөлімдерін қарастырып отырған аспектіден
зерттеу де аса қажет. Яғни, біздің ойымызша, қылмыстарды тергеуді криминалистикалық
қамтамасыз етудің барлық емес, аса маңызды аспектілерін зерттеу ұмтылысы дұрыс болып
табылады. Олардың қатарынан жалпылап алғанда «криминалистикалық қамтамасыз ету»
38
«ЖАНСҮГІРОВ ТАҒЫЛЫМЫ»
республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары
7 желтоқсан 2018 ж
.
.
Достарыңызбен бөлісу: |